Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Муравей никогда не сдается



Pdf көрінісі
бет23/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

 Муравей никогда не сдается
ТӨРТ СыРТҚы ЭНЕРГИЯ ТӨРТ ІШКІ 
ЭНЕРГИЯНы ТАРТАДы
1. Ақша
Сіз көп ақша тапқан сайын өзіңізді жақсы 
сезінесіз. Және өзіңізді қайырымды сезінесіз. Алай­
да, қайырымдылықты да түрі болады, әлсіздіктен 
туындаған қайырымдылық пен күштің негізінде 
пайда болған қайырымдылық. Адамдар байлықты 
әр түрлі қабылдайды. Біреулері ақша пайда болғанда 
тәкаппар және басқаша амандасатын, тіпті кейде
амандаспай да, басқа адамдарды елемей кетеді. Ол 
өзін маңызды сезініп, басқаларға жоғарыдан қарап, 
ылғи жұмысбастылыққа жүгініп, жиналыстар тура­
лы айтып, туыстарымен араласпай, тіпті маңызды іс 
шараларға шақырса да бармайтын болып кетеді. Ол 
қырсық, қазымы, мінегіш болып кетеді. Оған тіпті 
тамақ ұсынған ыдыс, немесе оған деген ықылас 
ұнамай отырады. Себебі, оның қайырымдылығы 
әлсіздігінен болып табылады. Егер ондай адамның 
ақшасы одан сайын көбейсе, ол өзін жоғалтып ала­
ды, шынайы өмірмен байланысын жоғалтады.
Әлсіздіктен 
туындаған 
қайырымдылық 
барлығынан көрініс табады. Сіз ақша жинайсыз 
ба? Біреулер былай деуі мүмкін: «Егер мен көп 
ақша тапсам, жинайтын едім». Алайда, бұл жалған. 
«Көп» деген ұғым сізді өзгерте алмайды. Егер сіздің 
қайырымдылығыңыз әлсіздіктен туындап отырса
ақша көбейген сайын, сіздің әлсіздігіңіз арта түседі. 
Егер сіз ішімдікке бейім болсаңыз, одан көп іше ба­
стайсыз. Егер сіз дүкенге баруды жақсы көрсеңіз, 
ертеден кешке дейін дүкен аралайтын боласыз. 
Егер саясатқа қызықсаңыз, билікке жету үшін ақша 
жұмсайсыз. Ақша – электр қуатын бөлетін генера­
тор тәрізді: үйді жарықтандыруға, үй жұмыстарын 


42
Я и Деньги
бітіруге, тамақ пісіруге мүмкіндік береді. Алайда, 
егер қауіпсіздік ережелерін білмесе, қарапайым 
заттардың өзі қауіпті болуы мүмкін.
Егер сіздің жұбайыңыз сізге түрлі жағдайларға 
байланысты, тіпті мардымсыз заттарға қатысты 
болсын жиі наразылық білдіріп, талап қоятын бол­
са, сіз оның еркіне көніп, мақұлдайсыз. Алайда, 
неге екені белгісіз, талап көбейе түседі. Немесе 
сіз, әрдайым ұрсып, ызыңдап отыратын адаммен 
жұмыс істеп отырсыз. Және сіз не істесеңіз де, 
қалай тырыссаңыз да, оның көңілінен шықпайсыз, 
ол ызыңдауын тоқтатпайды. Себебі, «көп» деген 
ұғым, әдетті өзгертпейді, мінезге ықпал ете ал­
майды. 
Ақша сізге пайдасын тигізіп, бақытқа бөлеу 
үшін сізге кей заттарды білу керек. Қайырымдылық 
күштіліктен туындауы тиіс. Күшті болғанына 
байланысты қайырымды адамдар бар. Олар бай 
болған сайын, бұдан да қайырымды бола түседі. 
Әдетте өз күшімен барлығына жеткен бай адам­
дар, шын мәнінде өте қайырымды болып табыла­
ды. Олар біреуге қолдау көрсетуді, біреуге шыны­
мен көмектесуді армандайды. Олар өз білімдерін 
үйрету үшін жақсы шәкірт тапқысы келеді. Себебі, 
олардың қайырымдылығы күштілігінен туындаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет