Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


«Көзілдірікті» болу дегеніміз – мына өмірге өз



Pdf көрінісі
бет26/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

«Көзілдірікті» болу дегеніміз – мына өмірге өз 
көзқарасыңмен қарау, көптеген екінші саптағы 
заттардың 
маңыз-
дылығын көре білу. 
Мысалы біз әйелі-
мізге қарап мынадай 
ойға келеміз: «Сәл ғана 
тілалғыш болса ғой». 
Мейірімді адам өзін кіна лай-
ды, мүсәпір адам өзгелерді 
кіналайды.
Конфуций
АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ


47
Муравьи живут в гармонии с природой
Немесе күйеуімізге қарап: «Ол жақсы, бірақ сәл 
ғана ақылдырақ болса, одан күшті болар еді», деп 
ойлаймыз. Өз «көзілдірігіміз» арқылы қарағанда, 
біз көп затты ойымыздан шығарып аламыз, жиі 
шындықты көре бермейміз. 
Бізге дұрыс өмір сүру керек. Егер адамның 
«көзілдірігі жаман» болса, ол байлық дегеннің 
не екендігін, оның мағынасын түсінбейді. Ауқат-
тылықтың мағынасын түсінуге көмектесетін 
«дұрыс көзілдірік» қажет. 
Бай болған әлдеқайда жақсы, сіз кедей адамды 
тамақтандыра аласыз, жолаушыны қонақ ете аласыз, 
қарт адамдарға көмек бере аласыз, мүмкіндігі жоқ, 
бірақ жақсы оқитын студент үшін оқудың ақшасын 
төлеп бере аласыз, ауру балаларға көмектесе ала­
сыз. Әлемде 3 млрд. адам күніне 1 долларға өмір 
сүреді, 2 млрд адам оқып, жаза алмайды, 1 млрд. 
адамның қарны аш.
Олармен салыстырғанда, біздің тұрмысымыз 
әлдеқайда жақсы. Бірақ, есімізге алайық, қиналған 
шақта бізге қолдау көрсеткен адамдар болды. 
Сондықтан, біз айналамыздағы адамдарды қолдап, 
көмектесуге міндеттіміз. Әлемде мұқтаж адамдар 
өте көп, тіпті біздің жақындарымыздың арасынан 
да табылады. Сіз – менің көмегім не болады, олар 
тым көп деп ойлауыңыз мүмкін. Оған мен былай 
деп нақыл айту арқылы жауап беремін. 
Бір күні демалушы жағажайда демалып жүреді. Теңіз, 
ылғалды құм, жел, батып бара жатқан күн... Қандай 
сұлулық! Кенеттен, алыстан бір адамды көреді. Ол 
еңкейіп, қолына бір зат алып, суға лақтырды, содан соң 
қайта еңкейді. Ер адам жақындап барғанда, оның жағаға 
шайылып шығып қалған теңіз жұлдыздарын қайта теңізге 
лақтырып жатқандығын көреді. ол таңданып сұрайды:
– Қайырлы кеш! Немен айналысып отырсыз?


48
Мен және Ақша
– Мен теңіз жұлдыздарын тіршілік ету орта-
сына қайтарып жатырмын. Қазір судың көтерілуі 
тым баяу, сондықтан жұлдыздардың барлығы жағада 
қалып қойып жатыр. Егер оларды қайта теңізге 
лақтырмаса, олар өледі. 
– Мен түсініп тұрмын, алайда жағажайда ондай 
жұлдыздардың мыңдағаны бар ғой. Олардың барлығын 
қайтару мүмкін емес, олар тым көп! Жағадағы жүздеген 
жағажайда да осы жағдай емес пе. Сіз ештеңе өзгерте 
алмайтыныңызды түсінбейсіз бе?
Әлгі адам күліп, тағы да еңкейіп, тағы бір теңіз 
жұлдызын қолына алып, былай деп жауап береді:
– Мынау үшін бірдеңе өзгереді...
Бір күні, мен бір жігіттен қанша ақша табасың 
деп сұрадым. Ол: «300 доллар» деп жауап берді. 
Мен: «Неге 2000 доллар емес?»деп сұрадым. 
Ол ойланып тұрып, осы уақытқа дейін оған 
ешкім мұндай сұрақ қоймағандығын, ешкім бұл 
туралы сөйлеспегендігін айтты. Біреу оған оның 
мүмкіндіктері туралы айтуға, оның одан көп 
ақша таба алатындығы туралы айтуға, өз күшіне 
сенімділік беруге міндетті секілді. 
Ал, енді өзіңізден, неге қазіргі тауып отырған 
ақшаңыздан көп таба алмайтындығыңыз жөнінде 
сұрап көріңіз жауабын қысқартып жазыңыз. 
_______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________


49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет