Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Сондықтан өзіңізді басынан бастап өзгертіңіз



Pdf көрінісі
бет24/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

Сондықтан өзіңізді басынан бастап өзгертіңіз. 
Қайырымдылығыңыз күштілігіңізден туында-
сын. Кейін, сіз көп затқа қол жеткізгенде, бұл 
жақсы істеріңізден көрінуі тиіс. 
Сыртқы энергияның 2, 3 және 4 түрлерін біз сіздермен «Мен және ақша» кітабының 
екінші бөлімінде қарастырамыз. 


43
жетістіКтің 
5 тҮрлі деңГейі
А. қолғА АлынғАн 
істер
В. теХнИКА
с. МойындАу
д. ҰпАй
е. өз-өзіңді
жАңАдАн тАну
Әлденені білудің жалғыз 
мүмкіндігі – бір нәрсе істеу.
Б.Шоу
ҚОЛғА АЛыНАТыН ІСТЕР
Сіз өз өміріңізде белгілі істерді қолға алған-
дығыңызбен келісесіз. Сіздің іс-әрекеттеріңіз дің 
нәтижесі – ол сіздің жеткен жетістігіңіз. Сіздің 
бүгінгі өмір сүру деңгейіңіз – бұл сіздің кешегі 
ойларыңыз, кешегі армандарыңыз. 
Егер сіз өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, сізге 
кешегі жасағаныңыздан кешегіден көбірек зат 
жасауыңыз қажет. Алайда сіз: «Мен көп іс істедім, 
бірақ ештеңе өзгерген жоқ» деуіңіз мүмкін. Бұл 
олай емес. 
Құмырсқаны қараңыз, ол ешқашан тоқтамайды, 
оны кедергіге толы жолдар тоқтатпайды, ол ылғи да 
шешім іздейді және табады. Оның табандылығы, 
мақсаттылығы және еңбекқорлығына қызыға 


44
Мен және Ақша
қарауға болады. Ол үшін өтілмейтін қамал мен жете 
алмайтын мақсат жоқ. 
Кейбір адамдар өз армандарынан бірнеше 
қадам ғана қалғанда бас тартады, себебі, оларда 
табандылық, қажырлылық, ерік пен өзіне деген 
сенімділік жетіспейді. 
ПіЛ ТуРАЛЫ НАҚЫЛ
Бір бала циркке баруды өте жақсы көрді. Оған 
көркем де көңілді қойылымдар ұнады. Бір күні, 
олардың қаласына аңдар бар цирк келді, ол әкесін 
циркке апаруды өтінді.
Балаға ең қатты ұнағаны – піл. Ол керемет 
заттар істеді: ауыр заттарды көтерді, жонгерлік 
етті, артқы аяқтарымен жүрді. Қойылымнан кейін, 
бала пілді жақыннан көргісі келіп, әкесін жануар-
лар тұрған торлардың 
қасына алып баруын 
сұрады. Онда ол пілдің 
бір аяғынан байланғанын 
және қазықтың жерге 
қағылғанын көрді. Мұндай 
алып пілге қазықты суы-
рып шығып кету түкке 
тұрмайтын шаруа еді. 
– Әке, піл неге 
орманға, еркіндікке кет-
пейді, мұны жасау оған 
түкке тұрмайды ғой? Деп 
сұрады бала әкесінен. Оның күші көп қой. 
– Себебі ол үйренген және мұндай жағдайға 
дағдыланып кеткен. Сонымен бірге, оны кішкентай 
кезінде ұстап алған және шынымен де шынжырмен 
қатты байлап қойған. Кішкентай кезінде ол күнде 
бостандыққа шыққысы келіп, шынжырдан босануға 
бар күшін салған, екінші аяғымен теуіп шықпақ болған, 
ақырында күші бітіп шаршайтын болған. Соңында, 


45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет