2) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Қалада оқитын шəкірт мектебіне келе жатты. Біраз жүрген
соң, арбалы алты адамды қуып жетті. Қараса, сабақтастары
екен. Қанша шəкірт қалаға барды?
КӨМЕКТЕСТІК
Мұғалім сабақ сұрағанда Мұрат білмеді.
– Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
– Қолым тимеді, ағатай!
– Не істедің?
– Үй шаруасына айналыстым.
– Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
– Əкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр.
Мұғалім айағандай болды.
– Отыра ғой, шырағым! – деді.
Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды.
Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Мұрат отын
тасып жүр екен. Əбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып
отынын тасып бердік. Малдарының астын күреп бердік. Атта-
рына, сиырларына шөпсалыстық.
3) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
3 шырпыны былай қойыңдар: | | | осыған 2 шырпы қосып, 10
болдыратын кім бар?
74
ЖАЛПЫ ЖИЫЛЫС
Сабақ басталарда кейде бор жоқ болып қалады, кейде
сүрткіш шүберек жоқ болып қалады. Тақтай бетішимай-шимай
болып тұрады. Немесе орындықтар орнында дұрыс тұрмайды.
«Бұл жарамайды. Тəртіп жасау керек», –деді Нұрмаш.
«Тəртіпболу үшін тəртіпші сайлау керек», – дедіДəмеш.
Бəріміз тəртіпші сайлауға жиылдық. Əбішті жиынағасы
қылдық.
Жиынды ашқаннан кейін тəртіпшінің міндеті не болмақ деп,
Əбіш көпке салды.
Тұрашайтты: «Тəртіпшінің міндеті бор мен шүберекті дай-
арлап қойу, тақтайды сабақ алдында сүртіп қойу болсын»,–
деп.
Менайттым: «Əр сабақтан кейін бой жазысқа шыққанда
əуетартарды ашып қойатын, орындықтардың орнындатұруын
қарайтын да тəртіпші болсын», –деп.
Бəкен: «Келмеген балаларды мəлімдейтін де тəртіпші бол-
сын»,–деп қосты.
Тəртіпшіге Нұрмашты сайладық.
ТАЗАЛЫҚ ТƏРТІБІ
Бүгінмектеп тазалығы туралы жиылыс болды, кеңескеннен
кейін тазалық болуға керек істерге қаулыжасадық.
Əуелі, тазалыққа керек істер қандай? Солар құлақ қаттүрінде
оқу бөлмелерінің қабырғасына қағылсын.
Екінші, оқу бөлмесі басына бір тазалықшы сайлансын. Таза-
лықшының міндеті тазалыққа керек істердің істелуін бақылау
болсын.
Үшінші, тазалықшы мен тəртіпшілердің қызмет атқаруларын
бақылайтын камитетші болсын дедік.
Ертеңіне тазалық құлақ қатын жасап оқу бөлмелеріне
қақтық.
75
Құлақ қат
Тазалық – саулық сақтаушы
1. Үй ауасын жиі жаңарту.
2. Шаңды су шүберекпен сүрту.
3. Айақты сырттан сүртіп кіру.
4. Үйде түкіргішке түкіру.
5. Шаңды шүберек пен борлы шүберекті үйде сілікпеу.
6. Киімді үйде қақпау.
7. Үйлерінен жуынып, таза келу.
4) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа,
бір қарындасы бар.
Төлептің барлық баласы нешеу болғаны?
76
САЛАҚТЫҚТЫҢ КЕСІРІ
Бүгінгі сайлауда Жұмаштың сайланғысы келіп-ақ еді, болма-
ды. Балалардың бəрі де оның сайлануына қарсы болды. Қарсы
болатыны – мінезі жаман. Балалардың бірімен тəуір емес.
Толған бойы келемеж, сықақ. Келемеждеймін деп, əркіммен
дəйім жанжалдасып жүргені. Жана
3
балаларға жала жауып,
мұғалімге жамандап, жарамсақтанатын мінезі де бар.
Оған мінезің түзелгенше қызметке сені сайламаймыз дедік.
Мені де атаушылар болып еді, бірсыпыралары салақтығы
бар. Қызметке ұқыпты, құнтақты адам сайлау керек десті.
Сүйтіп, тəртіпші Нұрмаш, тазалықшы Дəмеш болды.
5) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Тайға мінген балалар жарысып келеді екен.
Бір бала екі баланың алдында келе жатыр.
Бір бала екі баланың ортасында келе жатыр.
Бір бала екі баланың артында келе жатыр.
Неше бала жарысып келеді екен? Санаңдаршы!
«ҚОЖАЛАҚ»
Менің Мырзаш деген сабақтасым салақ-ақ. Кірсіз келгенін
көргенім жоқ. Ылғи беті салтақ, қолдары кір-кір, тырнақтары
қап-қара болып келеді.
Күнде сабаққа келген сайын, мұғалім бой басына қадала
қарап қойады.
Бір күні шыдамады білем, Мырзашқа саған су бұйырмай
ма, Мырзаш? Немесе келерде түйеше күлге аунап келесің бе?
Дəйім қожалақ-қожалақ болып келесің деді. Бəріміз ду күлдік,
Мырзаш жаман ұйалды.
Балалар атын «Қожалақ» қойып, күле беретін болған соң,
беті-қолдарын жуып, тырнақтарын алып, таза келетін болды.
3
Жəне деген мағынады.
77
3) Жұмбақ жолдас
Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі! Қайда
барсам, қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды.
Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді, жүгірсем жүгіреді, жатсам жа-
тады, жазсам жазады. Бірақ үндемейді.
Ертеңгілік, кешкілік үлкейіп, өсіп кетеді. Түсте тырбиып,
ергежейлі болады.
Жарықта жанымнан қалмайтын жолдасым қараңғыболса,
қайып болады да кетеді.
Сендерде ондай жолдас бар ма?
ДƏРІГЕР БІЗГЕ НЕ АЙТТЫ?
Кеше мектепке дəрігер келді. Бəрімізді шешіндіріп қарады.
Кейбіреулердің шешінгенде тəндері де, іш киімдері де кір бо-
лып шықты. Дəрігер басын шайқап ұнатпаған секілді болды.
Бүгін, дəрігер бір шыны əкеліп қолымыздың үстіне қойып,
əрқайсымызға қаратты. Қарасақ, теріміз шұрқ-шұрқ тесік.
Дəрігер айтты: Тер осы шұрқ-шұрқ тесіктен шығады.
Тер шыққанда, термен бірге тəнімізден зианды нəрселер де
шығады.
Тəн кір болса, осы тесіктердің бəрі бітеледі, тер шықпайтын
болады. Тер шықпаған соң, тəніміздегі зианды нəрселер
шықпайды, іште қалады. Тəнді аздырып, аурулы қылады деді.
Тəн тазалығы неге керек екенін сонда білдік.
Мақал:
Денсаулық –зор байлық.
Ішің ауырса, аузың тый.
Көзің ауырса, қолың тый.
ОҚУ БӨЛМЕМІЗ
(Көптесіп жазғанымыз)
Мен І-нші бөлімде оқимын. Біздің оқу бөлмеміз үлкен. Үш
терезесі бар. Ұзыны 10 метр; ені сегіз метр; биігі 4 метр.
Оқу бөлмемізде 10 үстел бар. Үстел басы 3 баладан оты-
рамыз. Бір бұрышта пеш бар, бір бұрышта кітапсалған ышкап
тұрады. Бір қабырғасында үп-үлкен Ленин сүгіреті ілулі тұр.
78
Біздің салған сүгіреттеріміз, жасаған құлақ қаттарымыз да
үйдің қабырғаларына қағулы тұрады. Ат-есімдеріміздің тізімі
де сонда тұрады.
Сабақ 9 сағаттан басталып, 2-де бітеді. Сабақ біткеннен
кейін, тəртіпші оқу бөлмесін жиыстырып кетеді.
6) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Əр мысықтың ал-
дында үш мысықтан отыр. Неше мысық отыр?
79
Түгендеуші
№№
Ата аты,
өз аты
Сембі
Жек-
сембі
Д ү й -
сембі
Сейсем-
бі
С ə р -
сембі
Сейсембі
1.
Асан ұлы
Тұраш
АұТ.
Тұраш
А.ұ.Т.
Тұраш
А. ұ. Т.
Тұраш
2.
Бейсен ұлы
Нұраш
Нұраш
Б. ұ. Н.
Нұраш
Б. ұ. Н.
Нұраш
Б. ұ. Н.
3.
Тұрман
ұлы Мықан
Тұрман Т. ұ. М.
Тұрман
Мықан
Т. ұ. М.
Мықан
4.
Жантай ұлы
Əбіш
Ж..ұ.Ə.
Əбіш
Жантай
Жантай
Ж..ұ. Ə.
–
5.
Досан ұлы
Тұрабек
Д.ұ.Т.
Тұрабек
Д.ұ.Т.
Тұрабек
Досан
Тұрабек
6.
Сауытбай
қызы Дəмет
С.қ.Д.
Дəмет
С.қ.Д.
Дəмет
С. қ. Д.
С. қ. Д.
7.
Шоқан ұлы
Бекмырза
Ш.ұ.Б.
Ш о қ а н
ұ.
Ш.ұ. Б.
Б е к -
мырза
Б е к -
мырза
Бекмырза
8.
Қалабай
қызы
Қарақас
Қ.қ.Қ.
Қарақас
Қ а л а -
бай қ.
Қ. қ. Қ.
Қарақас
Қ а л а б а й
қ.
9.
Омар ұлы
Мырзаш
О.ұ.М.
Мырзаш
Омар ұ.
М ы р -
заш
О. ұ. М.
Мырзаш
10.
Бекбай
қызы Бəкен
–
–
–
–
–
–
Бөлмеміздің қабырғасына қағып қойған «Түгендеуіш» бар.
Түгендеуішке ата аттарымыз бен өз аттарымыз жана де күн ат-
тары жазылған. Ата есімдеріміз əліб-бій ретімен тізілген. Оқуға
келгенде əркім түгендеуіштегі өз атының тұсына атын жазады
немесе ата аттарын жазады не болмаса тізімдегі атауларының
бас əріптерін қойады.
Келмегеннің атының тұсына тəртіпші сызықша қойады.
Бекбай қызы Бəкен науқастанып бір жеті сабаққа келген жоқ.
Оның атының тұсында ылғи сызықша тұр.
Жантайұлы Əбіш бейсенбі күні оқуға келген жоқ. Оның-
тұсында бір сызықша тұр.
80
ШАҢҒА ҚЫЛҒАН ШАРАМЫЗ
Бір күні қатты жаңбыр жауды. Жер былжырап кетті. Далаға
шыққанымыздың айағына бес батпан балшық жабысатын бол-
ды. Балалар со бойымен үйге кіре берді. Кепкен соң балшық
үгіліп еденге түсті. Балалар алысып-жұлысып ойнамай
жүрмейді. Ойнаған кезде топырақкөтеріліп тозаң болды. Үйдің
ішін шаң қаптап кетті.
Шаң кіріп мұрнымызды жыбыршытып түшкіртті.Тама-
ғымызды жыбыршытып жөткіртті.
Бұған амал таппасақ жарамайтын болды. Қорадағы шөп-
шалам болсын, жаман-жұман жөке, киіз, кенеп болсын, əкеліп
есік алдына салдық. Балалар үйге кірерде айақтарын сүртіп
кіретін қылдық. Шаңнан құтылдық.
Caғaт
Оқу бөлмесінің қабырғасына қағып қойған үлкен сағатбар.
Сағаттың беті дөңгелек, ақ нəрседен істелген. Бетінеайналды-
ра 1-ден бастап 12-ге дейін сипырлар жазылған.12 сипыр 12
сағатты көрсетеді. Сипырлардыңаралары сызықшалармен бес-
ке бөлінген. Сағаттың бетінайналып жүретін екі тілі бар. Оның
біреуі қысқа. Ұзыныминутты, қысқасы сағаттыкөрсетеді. Неше
сағат болғанын қысқасына қарап білеміз.
Күн 12 сағат, түн 12 сағат. Күн мен түн «күн тəулігі» депай-
тылады. Оны бүгін мұғалім айтқанда ғана білдім.
Күн тəулігінен басқа жыл тəулігі бар екен. Жыл тəулігі 12
ай болады дейді.
81
4) Жұмбақ
1) Айналар күннің көзін бір диірмен,
Жасалған оң жағынан күн көрінген
Ішінде қылдан нəзік бір жібі бар.
Ол жіпті, қолы сыңғыр кім иірген.
2) Жеті ағайынды бала – жасы бірдей, аты ала.
МЕКТЕПТЕГІ МЕРЕКЕ
Октебір мейрамы болады деп балалар дайарланып жүрді.
Мектептің үлкен бөлмесін ойын жасаймыз деп əсемдеп қойды.
Қабырғаларына сүгіреттер, құлақ қаттар қағылды. Ленин
сүгіреті əсемделіп қарсы алдымыздағы қабырғаға қойылды.
Түрлі түсті қағаздардан жасалған жалауларды жайнатып
іліп қойдық.
Мейрам күні келді. Мектеп маңайындағы елдерден келген
кісілер көп болды.
Жиылыс тəртіпті болу үшін жиын ағасы сайланды. Октебір
өзгерісінің күнін мейрам етудің мəнісі сөйленді.
Онан соң ойын басталды. Ойыннан кейін өлеңдер айтылды.
Көп балалар қосылып 2-3 рет айтты. Екі рет Əбіш пен Нұраш
қосылып əн салды. Тұраш домбырамен əн салды. Бірнеше рет
шығып ақындар сөзін безендіріп айтушылар болды.
Мақал. Бəрің бірдей қойшы болма:
Құл боларсың.
Бəрің бірдей тойшы болма:
Қу боларсың.
МЕНІҢ МІНДЕТІМ
Мені бүгін камитетші сайлады. Мен қандай қуанғанымды
білсең!
Жиылыста біздің міндетімізді ұқтырды. Міндетім қандай
екен деп, үйге барғанда ойласам, мыналар екен:
1. Оқу бөлмесіне, ас үйге дұжырнай қойып жүру.
2. Сабаққа келмеген балалар дұрыс көрсетілуін қарау.
3. Тəртіпші мен тазалықшы міндетін дұрыс атқаруын қарау.
82
4. Оларға қызметін ескертіп тұру.
5. Кезегінде жиылыс жасауға мұрындық болу.
Мақал. Жігіттің ерінгені – көрімнің көрінгені.
7) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Бір үйдің, 4 аты бар еді.
Еркек жаны 2 əке, 2 ұл еді.
Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде, бір ат артық болып
шықты. Бұ қалай?
КҮЗ БЕЛГІСІ
Күзге көз салғаннан байқағанымыз:
1. Түн ұзарып, күн қысқаруы.
2. Күн салқындап, əсіресе күн суытып, үйге от жағылуы.
3. Ашық күндер азайып, бүркеу күндер көбейуі.
4. Бүркеу күндер көбінесе ұшпа бүлтты, қатты желді, қара
суықты болуы.
5. Мал желдеуді қойып, ыққа қарай жайылуы.
6. Су ішкеннен кейін жылқының ойнақтауы, жарысуы.
7. Ашық түндерде жерге қырау түсіп қалуы.
8. Ағаш жапырақтары, құрақтар сарғайа бастады.
9. Құрт-құмырсқа жоғалуы.
10. Жыл құстары қайтуы.
Күз. Көңілсіз түз.
Қыс. Қысады тыс.
Жаз. Бəрі шат, мəз
Шілде. Жақпайды кімге?
83
КҮЗ
(Көптесіп жазғанымыз)
Күн күзге айналды. Түн салқын тарта бастады. Малдар
ауылдан ұзап жайылатын болды.
Ағаш жапырақтарының кейі қызғыл, кейі сарғыл тартты.
Жыл құстары лек-лек болып қайтып жатыр. Құрт-құмырсқа
көзге түспейтін болды.
Ел күземдерін алып, қора-қопсыларын түзеп жатыр.
Қатындар тон тігіп, қыздар күпі қабып, қыс киім дайарлауда.
Егіншілер артылған астықтарын қалаға сатып, қысқа керек-
жарағын əкеліп жүр. Киімі жыртық балалар жақ түгі үрпиіп,
беттері көгеріп, еркін ойнай алмай жүр.
* * *
Мінекей шілде айағы күзге айналды,
Ауылдан малдар ұзап түзге айналды.
Байланбай жабағы-тай қосақталып,
Далаға енесімен бірге айдалды.
Құр ат та құтырғандай ойнақтаса,
Құнысып, бүріседі, жаз жайланды.
Жайғасып, жайлауында жатқан елдің
Қыстауға қайтпағына күн ой салды.
Қой қырқып, киіз басып, күзем алып,
Ықшамдап буып-таңды жүк-сайманды.
Жығып ап үлкен үйді күрке тігіп,
Жайлаудан ел қайтуға ыңғайланды.
* * *
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
84
Жасыл шөп, бəйшешек жоқ бұрынғыдай.
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал, кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық, қайда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Тышқан аулап, үйде ит жоқ қайда көрсең.
МЕКТЕПТІ ҚАЛАЙ КҮТЕМІЗ
Күнсалқын бола бастады. Бір күні қара суық жел болды.
Мектептің ашық-тесік жерлерінен жел гулеп, үйдін ішіазынап,
суып кетті. Қолымыз қатып қалды. Қалам, қарындаш ұстауға
илікпеді. Айағымыз да тоңды. Жаурап бүрісіп отырдық.
Мұғалім келді. Бор мен кендір май əкелді. Біз борды түйдік.
Оған кендір май құйдық та иледік. Илеген нансиақты қамыр
болды.
Қамырмен терезенің ашық-тесіктерінің бəрін сылап бітедік.
Жел азынауын қойды. 3-4 бала отын əкеліп отжақты. Бəріміз
пештің аузына үймелеп жылынып алдық.
8) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Мынау қобдишаның ішінде 4 қаламбас бар. Осыны4 балаға
үлестіріп беріңдер.
Төрт бала бір-бірден алсын; бірақ бір қаламбас қобдишаның
ішінде қалсын.
ЖЕТІМ
Бізбен бірге Омар дейтін бала оқып жүрді, түлеген тайлақ
сиақты үсті жалба-жалба болып жүретін.
Киімінен қорынса керек, ешкіммен сөйлеспейді, жақындас-
пайды. Мен бір күні қасына келіп: «Атың кім?» – деп
сұрадым.
85
– Атым Омар, – деді.
– Əке-шешең бар ма? – деп едім.
– Жоқ, – деп көздері жыпылықтап төмен қарады. Мен айап
кеттім де, басқа сөз сұрағаным жоқ. Байғұстың кітабы жоқ
екен, оқуға кітабымды бердім. Қызыл қарандашымның жар-
тысын кесіп бердім. Өте ырзаболып, сонан бұлай екеуміз үйір
болып кеттік.
«Омарға тимейік, болысып жүрейік», – деп жолдастарыма-
да айтып қойдым. Олар да «жарайды» десті.
Киімі жыртық-жыртық бір жас бала
Жол жүріп келе жатты ептеп қана,
Шұбырып маңдайынан тері ағып,
Тас жырған айақтары жара-жара.
Жап-жалғыз кеше анасын қойды көрге,
Қорған боп неше жылдан тұрған бірге.
Дорба алып, əр есікке телмірмесе,
Басқадан жоқ жəрдемі күн көрерге.
ҚАБЫРҒА КАЗІЙТ (газет)
Біздің мектепте қабырға казит бар. Мектепте болған, ба-
лалар басында болған оқиғалар соған жазылады. Ұнамды іс-
терді қостаған түрде жазады. Ұнамсыз істерді мысқылдап,
мазақтаған түрде жазады.
2-інші бөлімде оқитын Ысқақ деген жолдасымыз бар.
Ысқақ жақ істеп алып, ойнап əр нəрсені атып жүріп, Бекіштің
баласының көзін шығарып ала жаздаған.
Ертеңіне мектепке келсек, қабырға казитте мынадай сөз
тұр:
Біздің Ысқақ Далаға атып,
Ой, мерген-ақ Балаға тигізеді?
Торғайға атып, Балаға атып,
Шырғайға тигізеді. Далаға тигізеді
Қарғаға атып,
Арбаға тигізеді.
86
ТҮС КӨРГЕНІМ
(Мақаш айтқанынан)
Түнде жатарда бапам айтты: «Күн бұлттанып тұр екен, жа-
уатын шығар».
Жұмаш деген кішкентай ініммен екеуміз пештің жанында
жататынбыз. Үйде қонақ көп болған соң, екеуміз де отауға ба-
рып жаттық. Жатысымен кешікпей-ақұйықтап қалдық. Сонан
таңертең бір-ақ ойандым. Ойанғанда қызық болып ойандым.
Түсімде айағыма жаңа етік киіп мектепке барған екенмін. Есік
алдында Жарас күзетші тұр екен. «Айағың қар, етігіңці шеш»
деп, етігімді тартып шеше бергенде «Тиме!» деп, айқайлап ойа-
нып кеттім. Көзімді ашсам, жеңешем айағымнан қозғап, «Тұр,
ортаншым! Таң атты», – деп, ойатып тұр екен.
Түрекеліп терезеге қарасам, қар жауып қалған екен. Ағызбақ
ойнауға жақсы болды деп, қуанғаным-ай.
ҚҰЛАҚ ҚАТТАР
Бүгін бөлмемізге камитетші əкеліп, бір құлақ қат қақты.
Тазалықшы əкеліп бір құлақ қат қақты. Екеуініңде басына,
айналасына əшекейлеп, өрнек салған. Біреуінің басына үлкен
əріптермен «Пионер заңы» депжазған.
Ондағысы мынау:
Пионер өтірік айтпайды. Пионер насыбай атпайды.
Пионер ұрлық қылмайды.Пионер ыластап сөкпейді.
Пионер шылым тартпайды.Пионер қийанат етпейді.
Екінші құлақ қаттың басына «Саулық заңы» деп жазылған
Ондағысы мынау:
Істеу: Істемеу:
Түзу отыру.
Бүгіліп отырмау.
Үстін таза ұстау.
Кірлеп жүрмеу.
Ac ішерде қол жуу.
Аузына қолын салмау.
Қайнатылған су ішу.
Қайнатпаған су ішпеу.
Таза ауада болу.
Ауыр ауада көп болмау.
87
СЫЗЫҚ ШАМА
4
11 жастағы. 10 жастағы. 9 жастағы. 8 жастағы. қ. б.
2-інші бөлімнің бөлмесінде қабырғаға қаққан сызықты,
бойаулы қағаздар тұр. Оның немене екенін көпке дейін білмей
жүрдім.
Бір күні бұ немене деп Қабыштан сұрадым. Қабыш 2-іншінің
балаларының санын, жасын көрсететін қағаз. Мұны «сызық
шама» деп айтады деді. Қалай көрсететінін, қалай істелетінін
де айтып берді.
Мен де сондай сызық шама істейінші деген ой со жерде-ақ
келе қалды.
Келдім де өзіміздің бөлмедегі ұл балаларды өз алдына, қыз
балаларды өз алдына санадым. Əрқайсысының жастарын сұрап
алдым. Ұл балалар – 12, қыз балалар – 9 екен. 8 жастағысы
– 10, 9 жастағысы – 6, 10 жастағысы – 3,11 жастағысы – 3 бо-
лып шықты.
Кереге сызықты қағазды алдым. Əр көзін бір адамғабалап
сыздым. Ұл балаларды көкшіл бойаумен, қыз балаларды
қызғылт бойаумен көрсеттім.
ҰЙАТ-АЙ!
Шəкен ылғи алысып-жұлысып жүргені. Үсті-басы таза да,
бүтін де болмайды. Киімінің бір жері жыртылып, бір жері
сөгіліп тұрғаны. Тыс киімінен іш киімдері көрініп жүреді.
Онысын ұнатпаған адамға «Жарайды! Кім сынайды?» – дей
салады.
Бір күні мектепке келсем, балалар ду-ду күліп жатыр. Неме-
не екен деп қастарына келсем, біреу Шəкеннің сүгіретін салып
қойыпты. Жанына қойдың, ешкінің, шошқаның сүгіреттерін
салыпты. Əрқайсысының астына айтып тұрған сөздерін жазып
қойыпты.
Шəкеннің үстінде қара күрте. Онысы бор-бор болып тұр.
Жыртылған жерлерінен көйлегі, ыстаны көрініп тұр. Ешкі
жыртылған жеріне қарап:
«Апырай, Шəкен! Мұның ұйат екен», – деп тұр.
4
Түпнұсқада кесте берілген (Құрастырушы).
88
Қой бор жұққан жеріне қарап:
«Шырағым Шəкен, үстіңді қақсаң екен», –деп тұр. Шəкен
оларға əдетінше: «Жарайды! Кім сынайды?» – деп тұр. Шошқа
аналарға қарап: «Маған осы қалпы ұнайды», – деп тұр.
КҮН-БАҚПАМЫЗ
Декабір айы келді. Күн-бақпамызды жаңадан істеу керек
болды. Қағаз алып, өткен айдікіндей қылып кереге көздеп
сыздық. Басына ірі қылып «Декабір күн-|бақпасы» деп жаздық.
Шетіне қыс туралы білетін өлеңдерімізді жаздық.
Күн белгілерін сызық астында көрсетіп қойдық, ашық, күнге
арнаған белгіміз дөңгелек – күн сүгіреті.
Қарға – жұлдызша қойамыз. Бүркеу күн болса, кереге көздің
бетін ирек сызықпен бүркеп қойамыз. Ала бұлттау күн бол-
са, немесе айнымал күн болса, кереге көздің жартысын ирек
сызықпен жауып қойамыз.
Сонда декабір күн-бақпасы мынадай болып шықты.
Күн қақпаның сүгіреті
89
БҰ ҚАЙ КЕЗДЕ БОЛАДЫ?
* * *
Күн ұзарып,
Жауып жаңбыр,
Қар еріп,
Жер сабыр,
Су сайларға толады.
Шөп, жапырақ солады.
Бұқай кезде болады?
Бұ қай кезде болады?
* * *
Күндер ысып, Суда мұз бар,
Шөп пісіп,
Жерде қар.
Ел пішенін орады.
Боран борап соғады.
Бұ қай кезде болады?
Бұ қай кезде болады?
ҚЫС ҚАМЫ
(Жұмаш айтқанынан)
Түн суып, жылы көрпе жамылып жатамыз. Таңертең суық-
тан қорынып, төсектен тұрғың келмейді. Апам да ертеңгілік
тұрғанда, бүрісіңкіреп тұрады. Даладан келгенде суықтан
шіміркеніп келеді. От жағып, алақанын отқа қақтап: «Қылышын
сүйретіп қыс келеді. Балалардың жылы киімі, етігі жоқ», – деп
айта береді.
От ала келген қатындар да соны айтады.
«Етік болмаса, күпі мен шапан сиақты нəрселердің жарасы
жеңіл ғой. Бір-екі рет қыздарды жиып жіберсе, бітіп қалады
ғой», – деп жүрді.
Бір күні Дəметтің апасы мен Мақаштың апасын жəне
жанымыздағы ауылдың бір қызын əкеліп, апам қабу қабытты.
Бауырсақ пісірді, самаурын қойды. Қыздарға апам шай берді.
Бір аздан соң қыздар мені шақырып алып, Бəтіш жеңешеме
апарып бер деп, бір сабақ жіп берді. Апарып беріп едім, бір
айақ құрт-май салып берді. Əкеліп қыздармен бірге жедік.
Кешке таман қыздар күпіні бітіріп, үйлеріне қайтты. Апам
бəріне алғыс айтып: «Айақ-қолдарыңа ауырмалдық бермесін»,
– деді.
90
Мақал. Бақ-бақ еткен текені қыс келгенде көрерміз.
Батырсынған жігітті іс келгенде көрерміз.
Достарыңызбен бөлісу: |