Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті


Осы күнгі соттың тəртібіндегі кемшіліктер



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата11.01.2017
өлшемі6,13 Mb.
#1618
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

Осы күнгі соттың тəртібіндегі кемшіліктер
Қазақтар  һəм  қазақ  ішіндегі  хакімдер  көбінесе,  билердің 
сайлауы  жайынан  зарлайды.  Степной  положение  шықпай 
тұрғанда қазақтың болыс һəм ауылдары туысқан жігіне қарай 
бөлінуші  еді.  Сөйткен  соң,  би  сайлау  жұмысында  халыққа 
келетін  зиян  болмаушы  еді.  Ру  басы  қадірлі  адамдары  өзара 
би  болатын  адамдарын  ұйғарушы  еді.  Сайлауда  сол  ұйғарған 
адамдарын сайлап шығарушы еді. Степной положение шығып, 
қазақтың  болыс  һəм  ауылдарын  туысқан  ретіне  қарамай, 
қоныс,  шаруа  ретіне  қарай  орналастыратын  болған  соң,  істің 
беті жүдə өзгерді. Болыс қол астындағы ел бір тұқымнан бол-
май,  түрлі  тұқымнан  болған  себепті,  əр  тұқымның  көздеген 
пайдалары басқа-басқа болған себепті, əр тұқым лауазым иесі 
адамдарды өз пайдасы үшін өз туысқанынан шығаруға тырыс-
ты. Сайлау сұмдығы, бүліншілігі осыннан шықты: сайлау үшін 
ақша төгу, кісі өлтіру – бəрі осыдан пайда болды. Неше түрлі 
жаманшылық  жолмен  жеңіп  тұрған  жағы  билердің  бəрін  өз 
жағынан  сайлап  шығарады.  Билер  сайланып  болғаннан  кейін 
қарсы жағынан өш алу үшін өтірік жала бойынша жазаны жа-
удырады.  Закон  шығарушылар  қазақ  сотын  сайлаулы  еткенде 
ойлаған:  шаруа  жөнімен  біріккен  түрлі  рудың  адамдары  сай-
лау жолында бірігіп, орталарынан жұртқа пайдалы адамдарын 
шығарады деп; ол ойдан жұрт шықпады, бұған тоқтау болған 
баяғы  қазақ  арасындағы  туысқандық  жолындағы  жақындық 
басқа жолдағы жақындықтан күштілігі. Өз билігін өзіне беріп, 
өзіңе керек кісіңді өзің сайла деген жол қазақтың ру арасындағы 
партиялығын зорайтып, пайдалы болып шықпады.
Қазақ  арасындағы  хакімдердің  айтуынша  кейде  үш  жыл 
толуына  жақындамай-ақ,  көбінесе  жаңа  сайлаудан  бір  жыл 
бұрын, сайлау əңгімесі қозғалып, ел тарту жұмысы басталады. 
Бейқам, бейбітшілікте жатқан ел қимылдап, қозғала бастайды. 
Ақырында  жұрт  дүрілдеп,  дүркіреп,  сайлау  ісіне  əбден  кірі-
седі. Партия басшылары кеңес құрып, күн бұрын кімді нендей 
лауазымға сайлау жайын сөйлесіп, еретін елді есептеп, жұртты 
қалай  тартуға  план  жасап,  елдің  аузын  аларлық  ақша  қамдай 
бастайды.  Ең  əуелі,  выборнойларды  сайлап  шығаратын  ауыл 

211
əлеуметінің ішінен өзіне адам тартады. Партия басшыларына 
əуелі ағайындары ереді, сонан соң руластары ереді, онан соң 
басқа  рулардан  ауылдар,  үйлер  тартылады.  Ел  тартуға  істел-
мейтін іс аз: ақша да беріледі, басқаша сый да етіледі, қорқыту 
да болады, тығыздық та қылынады, кей кезде зорлық та жүреді. 
Қай  ретпен  болса  да  бір  ауылдың  көбін  өзіне  қаратып  алып, 
екінші  ауылға  да  соны  істейді.  Қарсы  партияның  шамасынан 
асыруға  бар  күшін  сарып  етеді.  Егерде  қаратқан  ауылдардың 
бірінде  ауытқушылар  біліне  бастаса  һəм  олардың  ауғанынан 
сайлау салмағы да ауатын болса, таластың атайманы сонда бо-
лады.
Елдің  көбін  қаратқаннан  кейін  басқа  жаққа  аумасына  қам 
қылады.  Сайлау  болғанша  олардың  қас  пен  қабағына  қарап, 
көңілін табуға тырысады; қонақасысын беріп, сыйлайды, күтеді. 
Айылный сиездегі көп жағын ұстап отырып, выборнойларды, 
ауылныйларды өз жағына шығарып алады. Ауылный сиездер 
болып, выборнойлар сайланып шыққаннан кейін екі жағының 
да күші мəлім болады. Управитель мен народный судияларды 
сайлаушы  выборнойлар  болғандықтан,  таластың  нағыз  қызу 
мезгілі  сонда  келеді.  Партия  басылар  өз  жағының  да,  қарсы 
жағының да тасын есептейді: кем жағы асыруға тырысады. Во-
лостной  сиездің  выборнойларының  саны  үйі  көп  болыстарда 
30-36-дан аспайды. Олай болған соң, екі жақтың тасын есеп-
теп, қай жағының күйін білу қиын болмайды. Қиындық аз жағы 
көп жағынан тас аударып алуда. Кейде екі жағы да тең бола-
ды. Сондай орындарда тас тарту таласы өте күшті болады. Екі 
жағы да тасын арттыру үшін қолынан келгенін аяп қалмайды: 
өтірік кірлеу, подлог жасау, құты, кісі өлімдерінен тайынбайды. 
Тас  тартуға  оңай  жол – ақшамен  алу,  көбінесе,  қазақтар  осы 
жолды қолданады. Бұл жол оңай, оңай бола тұра, өте қымбат: 
тас  алу  талай  мыңға  түседі.  Тас  сату  партия  басыларының 
ерегісін  күшейтеді,  выборнойларды  байытады.  Кей  выбор-
нойлар  тасын  бір  жағынан  соң  екінші  жағына  сатып,  қиын 
қылады.  Тастан  айрылып  қаламын  деген  құппен,  тас  алудан 
ақша  аямай,  көбі  кедей  болып,  құрып  қалады.  Қай  жолменен 
де  болса  жеңіп  шыққанмен,  талас  тоқтамайды,  қарсы  партия 
сайланатын  адамдарды,  волостной  выборнойларды  қаралауға 

212
түседі, сөйтіп, сайлау бұзылуына себеп табу үшін өтірік жала, 
подлог  билік,  список  бұзу,  кісі  өлтіру – бəрі  де  істеледі.  Кісі 
өлтіргенде, қарсы партиядан емес, өз жағынан өлтіріп, жала-
сын жабу үшін.
11
 
Жеңілген  жағы,  ең  болмай  бара  жатса,  сайлау  бұзылуына 
тəсіл істеп, болысты сайлаусыз басқа болыстан қойдыру үшін 
бүлік  шығарады  (степной  положениенің 53-ші  статьясының 
қосымшасы һəм 70-ші статьясы). Жеңген жағы үш жылға ара-
нын жүргізеді. Болыс, ауылнай, би – бəрін өз жағына шығарып 
алып, қарсы партиядан өшін, кегін алады, шығарған шығынын 
өндірмек  түгіл,  асырады,  байиды.  Қарсы  партиясын  жерден 
қақпалайды, үй салық, əлеумет салықтардың көбін сол жағына 
баса салады, өтірік ақы, өтірік мал сұратады. Сайлауға жара-
мастай етіп, өтірік жаламен хүкім кестіріп, қаралайды.
Солай болған соң, народный соттың жұмысы ақтықты ашу 
болмайды,  партия  басылардың  айтқанымен  жүріп,  халықты 
қысып,  жəбірлеу  болады.  Жұрт  рəсімі  деген  белгісіз,  танық 
нəрсеге  сүйеніп,  народный  судиялар  ешбір  жұрттың  заңында 
жоқ жазаға бұйырады. Мəселен, Сырдария облысында Əулиеата 
уезінде бір народный сотта екі атшыға еһуди бауыздаған атты 
мұсылманға сатқаны үшін айлық абақты кескен. Екінші бір су-
дия  Құлмағамбет  дегенге  шіркеуге  демеурін  бергені  үшін  екі 
ай абақты кескен. Семей облысында Зайсан уезінде бір судия 
1903-ші жылы тамырына қонақасы бермегені үшін Базаровский 
болысының бір қазағына жаза салған. Осы айтылған хүкіметтерді 
һəм онан басқа неше түрлі хүкіметтердің бəрін де рəсім бойын-
ша деп салады, ол рəсімді жұрт жолсынбай, орыс хакімдерін, 
орыс сотын іздеп, əуре болады. Еш уақытта жазылмаған қазақ 
заңы басқа мəдени жұрттармен араласқандықтан быт-шыт бо-
лып  жоғалған.  Орыстың,  казак-орыстың,  ноғайдың,  сарттың, 
қытайдың заңдарымен қатысып, шатасып, азып-тозып болған. 
Оның үстіне қазақтардың көшпелі қалпы өзгеріле бастағанын 
һəм  қазақтың  жер  жалдау  оғайри  сондай  қағаздаған  міндет-
кер  болған  жұмыстары  турасындағы  істерін  қоссақ,  ондай 
істердің жөнін де тауып бітіру тура биге де оңай болмас. Жұрт 
11 
1890-шы  жылы  қазалы  уезінің  волостной  управителі  Панабекті  бата  қылып,  өз 
партиясы өлтірген, қарсы партияны қаралау үшін.

213
рəсімінен істі қарағанда табан тірерлік жол таба алмай, орыс 
законын  білмей,  народный  судия  ақылына  салынып  істі  тек-
сермей, партияласының ыңғайына қарап билік айтады. Сөйтіп, 
биліктің əбден қадірі кетіп болған. Тəуір адамдар би болудан 
қашады. Егерде ондай адамдар бола қалса, əріптестерінің істе-
ген істерін көріп жерініп, биліктен безіп құтылады. 
Қазақтың  тұрмысының  ыңғайына  қарай  істің  ағына  жету-
ге  патшалық  сотынан  народный  сот  артық  бола  тұра,  мұнша 
қадірі  кетіп  болғаны  іш  ауырарлық  іс.  Қазақ  арасындағы 
жазықты  қылмыстардың  шын  айғақтарын  табу,  ізін  сақтау, 
ижбат  жию  қиын  жұмыс.  Сондықтан  отырықшы  жұрттың 
қалыбындағы тексеру жүйелері қазақ істеріне жуыспайды һəм 
онан қанағаттанарлық еш нəрсе өнбейді де. Халық дағдысында 
айғақтың  сөздері  толық  ижбатқа  жарамайды.  Айғақ  сөзіне 
сүйеніп  айтылған  билік  мінсіз,  туралық  хүкімге  саналмай-
ды.  Екі  жағы  да  айғақтарын  тоғытып  сала  береді.  Олардың 
сөздері бытырап, бет-бетіне кетеді де, істің расына жету қиын 
болады.  Айғақтар  шеттен  болса,  аузын  майлап  қойған  бола-
ды;  жақынынан  болса,  ағайындығына  тартып,  дұрысын  ай-
тпайды. Қазақ ішінде болған һəм қазақ жайын жақсы білетін 
адамдардың  айтуына  қарағанда,  ағайыннан  болған  айғақтар 
қаншама  турасын  айтқысы  келгенмен,  оны  істей  алмайды. 
Өйткені  ағайындары  ондай  адамнан  безеді;  қысылған  жерде 
ондай адамға ағайыны қараспайды; өтірік жазғырады; нақақтан 
мал  тартқызады;  қатынын  тартып  алады  я  малын  ұстап  ала-
ды; сборды оған баса салады; ұрлық жаласын жабады; өтірік 
шағым  қылады;  басын  сотқа  байлайды;  оған  өтірік  айғақ  бо-
лады;  жер  жағына  да  қиянат  қылады.  Қазақ  антының  жайын 
білуге  қарастырып  жүрген  Аничковтың  сөзіне  қарағанда, 
ағайынына  қарсы  айғақ  болған  қазақтың  үстіне  жоғарыда 
айтылған  сияқты  түрлі  бəлелер  жаумақшы.  Айғақ  сөзіне 
инабат  жоқ  болғандықтан,  шын  айыпкер  адамдарды  табуға 
халық басқа жолды тұтынған. Көшпелі күйдегі жұмыссыздық 
қазақтың қыдыруына зор себепкер болып, қазақ даласында бір-
біріне қатынасу көп болады.
Қатынасу  көп  болған  соң,  ел  ішіндегі  хабарлар  естілмей 
қалмайды,  хабар  жинауда  қазақтың  хабарға  жай  əуестігінен 

214
басқа,  олжа  түсерлік  жағы  да  бар:  кей  хабарды  естіртуіне 
қазақтар сүйінші алады. Жаңа хабар жаюды кəсіп қылып алған 
адамдар  да  болады.  Ондай  адамдар  қазақ  даласы  түгіл,  шет 
жерлердің де хабарын тасиды. Сондай адамдар даланың теле-
графы, яки өз күйінше ұзық құлақ хабаршы – газетасы болып 
табылады. Ұзын құлақ газетаның арқасында, қаншама алыста 
болғанмен, болмыс оқиға естілмей қалмайды. Қазақтар қандай 
жазықты  қылмыс  істегенін  һəм  қылмысты  болған  кім  екенін 
білу түгіл, оқиғаның қалайша болғанын да түгел естіп біледі. 
Оны естіп отырып билік айтатын билер расын білмегендіктен 
лақпайды. Рас жазықты адам мен өтірік жаланы билер жақсы 
біледі. Жұртқа һəм елдің ақсақалдарына мəлім хабар бойынша 
билер нағыз айыпкерді біліп, хүкім салады.
Ұзын  құлақтан  еш  нəрсе  мəлім  болмаса,  күмəнға  сала-
ды.  Талапкер  жауапкер  жағының  бір  қадірлі  адамын  жанға 
ұстайды.  Күмəнші  жауапкерге  қас  адамнан  болса,  ондайда 
үшеу-төртеуіне дейін жауапкер қабыл етпеске ықтиярлы. Жан 
берушіні көрсетуге срок қойылады, жан беретін күні де кесіліп 
айтылады. Күмəнші жақын жерде болса, қалау срогы үш күн бо-
лады. Алыста болса – он күн, құты, жайлаудан қайтуына шейін. 
Жан беру срогы күмəнші қалау срогынан анағұрлым ұзағырақ 
болу керек. Өйткені жан берушіге əркімнен сұрастырып, істің 
əбден анығына қану керек. Күмəнші таңдауға сроктың керегі 
жердің алыс-жақындығы үшін ғана, жер алыс болып, қалаушы 
күмəншіге барып жолыға алмай қалар деген оймен. Екі сроктың 
бірін өткізіп алса да, істен ұтылады. Қаланған күмəншіге жан 
беретін орнын һəм билік кескен срогын естіртеді. 
Күмəншіге он атадан бергі ағайынынан таңдалады. Атасы-
ның алыс-жақыны күмəн істің түріне һəм жауапкердің сенімі-
не қарай. Жан беруден кейін істің ақтығына күмəн қалмайды. 
Онан əрі дау жүрмейді. Сондықтан көбінесе екі жағы да жан 
беруге  жібермей,  қарындас  болып  бітіседі.  Жан  берушіге  де 
жан  беру  оңай  емес.  Өйткені  істің  ақ-қарасын  ашпай,  ақтап 
шығасың  дейді.  Ақ-қарасы  жұртқа  анық  болмаса,  өтірік  жан 
берген сияқты болып, халыққа қадірін кетіріп алуы ықтимал. 
Сондықтан  кейде  жан  беруші  жан  садағасы  деп,  сұраған  ма-
лын өзі төлеп жіберетін жерлері де болады. Сөйтіп, көбінесе 

215
іс антқа бармай-ақ бітіп қалады. Екі жағы я өздері бітімге келі-
седі, я жан беруші аласын, шығынын көтеріп бітістіреді, я бол-
маса жан беруші жан беруге даярмын деп, билерге мəлім етсе, 
билер соған да қанағаттанып, істі тоқтатады. Осылайша етіл-
ген билік, партиялық кіріспесе, дұрыс һəм əділ-ақ. Партиялық 
кіріссе,  биліктен  де,  жан  берушіден  де  туралық,  дұрыстық 
жоғалады. Қазақта дұрыстық, əділдік дегендер ағайындықтан 
қымбат бола алмайды. Ондай орында өтірік ант ету қазаққа оп-
оңай. Қазақтың ағайын үшін малы да, жаны да ортаға салына-
ды.
Жеңген  жағынан  болған  биге  түсуден  қашып,  жеңілген 
жағы  народный  сотқа  жоламай,  басқа  сотқа  бой  ұрады.  Істі 
басқа  сотқа  шығару  үшін  жай  гражданский:  ақы  даулау,  мал 
сұрау  сияқты  істерін  уголовный  түрде  қозғап, «талады,  тона-
ды,  шапты»  деп  білдіреді.  Сондағы  мақсаты – істі  народный 
сотқа я тіпті түсірмеу, яки оқиға болған жерге, яғни өз биінің 
қарауына  келтіру.  Əсіресе  мұндай  істер  жесір  турасында  көп 
болады.  Қазақтың  халқын  бұзып,  малының  түбіне  жететін 
бəленің  ең  зорының  бірі – жесір  дауы.  Нағыз  шатақ  жұмыс 
қазақтың  тұтынған  дағдысы  бойынша  ұл  мен  қызды  жасы-
нан  аталары  атастырудан  шығады.  Бұл  шатақ  ерлі-байлы 
қосақталған  екеуінің  арасында  да,  олардың  əкелерінің  ара-
сында  да  болады.  Көңілі  сүйіп,  өз  еріктерімен  қосылған  соң, 
жасынан  айттырып  қойғаннан,  еріксіз  қосылған  еркек  пен 
əйелдің арасында сүйкімшілік болмай, көрген күндері опасыз 
болады. Сүйкімшілік жоқтығы өсіп, іс араздыққа жетеді, онан 
ұлғайып,  ұрысқа  айналады.  Күнде  ұрыспен  өмір  шегуге  бол-
майтын дəрежеге жетеді. Ойындағыдай болып шықпаған соң, 
байы ызасының бəрін қатынынан аламын деп, ұрады, қорлық 
береді, үйден қуып шығарады, неше түрлі азапқа салады. Егер-
де  байына  қатынның  көңілі  толықпаса,  сүймейтін  адамымен 
тұрғысы келмей, құтылу талабында болады. Я қашып əкесінің 
үйіне барады, я көңілі сүйген адамымен қашады. Сөйтіп, отба-
сынан ылаң шығып, ошағы бұзылады! Ол ошақты түзеу народ-
ный сотқа тапсырылған.
Тасталған бай болсын, қатын болсын, я өздері, яки туысқан 
жақындары  олар  атынан  дау  қозғайды.  Тасталған  қатынның 

216
туысқандары арын жоқтап, дау шығарады, тасталған еркектің 
өзі  я  жақындары  қалың  малын  даулайды.  Əлдеқашан  алып 
қойған малды өндіріп алу оңай емес. Би я қалың малды қайтар, 
я қатынды қайтар деп билік айтады. Қалың малды қайтара ал-
маса,  қашқан  қатын  қайтарылып,  байына  келмекші.  Ауызға 
оңай  болғанмен,  бастан  кешіру  мұндай  істі  оңай  емес.  Аяғы 
немен  тынарына  ешкімнің  көзі  жетпес.  Адамшылық  қасиеті 
аяққа басылады, зорлық, қорлық дегеннің шет-шегі болмайды. 
Мінез-құлық бұзылады.
Бұл жесір жұмысының бір жағы ғана. Мұнан да гөрі сорақы 
іс тағы бар. Өлген адамның қатынын ағасы я інісіне қосқаннан, 
жап-жас қызды өлмеші шал алғаннан, я жасы жеткен əйелдер 
жап-жас  балаға  тигеннен  артық  сорақы  іс  болар  ма?  Жесір 
ісінің  қиындығы  қазақты  түрлі  тəсілге  түсіреді.  Өз  биіне 
түсірсе,  ағайын  болған  соң,  қорғайды.  Закон  бойынша  жесір 
дауы сияқты гражданский істер жауапкердің тұрған жеріндегі 
биге  түспекші.  Өз  биіне  шығару  үшін  гражданский  іске  уго-
ловный зіл берерге керек. Қазақтар сондықтан қашқан қатын 
я қалыңдық турасынан іс қозғағанда, «пəленімді ұрлап кетті» 
деп, я «талап алып кетті, тартып алып кетті» деп, уголовный, 
гражданский  екеуін  қабаттастырып  береді.  Сол  тəсілмен  істі 
өз биіне шығарып алған соң, я бидің аузын майлап, я қадірлі 
адамдардың өтінішін жүргізіп, істі өз пайдасына айналдырады, 
я болмаса істі тіпті, орыс сотына шығарып жібереді. Түркістан 
положениесінің 23 һəм 231-нші  статьялары  бойынша  қай  іс 
те  болса,  əуелі  жеке  биге  түспекші.  Мұндай  бидің  хүкімінің 
жарамсыздығын 1908-нші жылы төрт облыста айтылған билік-
терден һəм оларға риза болмай берілген арыздардан көруге бо-
лады.
Ақмола облысында биге түскен арыздың саны 4088, оның 
қаралғаны 2248, билік  айтылмай  қалғаны 1840, билікке  риза 
болмай,  үстінен  арыз  жүргені 1962. Сөйтіп,  билерге  түсетін 
арыздың 45 проценті, яғни жүзден 45-сі тіпті, қаралмай қалған 
екен. 45 процентіне билік айтылған екен, айтқан биліктерінің 
80 процентіне риза болмай, арыз жүрген. 
Семей  облысында  биге  түскен  арыздың  саны 3535, оның 
қаралғаны 2129, қаралмай қалғаны 1406, үстінен арыз жүргені 

217
1376. Сөйтіп, 60 проценті тіпті, қаралмай қалады екен, айтылған 
биліктің 65 процентіне риза болмай, арыз жүреді екен.
Торғай  облысында  биге  түсетін  арыздың  саны 3681, оның 
қаралғаны 2345, қаралмай қалғаны 1336, үстінен арыз жүргені 
1548.  Сөйтіп, 64 проценті  қаралмаған, 36 проценті  қаралған, 
айтылған биліктің 70 процентіне риза болмай, арыз жүрген.
Орал  облысында  биге  түскен  арыздың  саны 2609, оның 
қаралғаны 1380, қаралмағаны 1229, үстінен арыз жүргені 1163.
Сөйтіп, 53 проценті қаралмаған, 47 проценті қаралған. Айтыл-
ған биліктің 86 процентіне риза болмай, арыз жүрген.
Мұнан көрінеді: биге түсетін арыздың жартысынан ғана ас-
тамы қаралатындығы, о да, қазақ арасындағы хакімдердің ай-
туына  қарағанда,  өз  партияласының  сұраған  малдары,  ақысы 
туралы  ғана  болғаннан  қаралмақшы.  Басқа  қаралмайтын 
жартысының  қаралмайтын  себебі  я  қарсы  партияның  арызы 
болған  соң  қарамайтындық,  я  партияласынан  ақы  сұраушы 
арыз болса, созбалап, кешіктірейін деген ниет. Екінші, мұнан 
көрінеді:  жеке  бидің  билігіне  риза  болмаушылардың  көптігі. 
Бəрін  шағып  есептегенде,  айтылған  биліктің 52 процентіне 
ғана риза болып, 75 процентіне жүгінушілер риза болмай, жеке 
бидің үстінен волостной сиезге арыз арыз болады екен.
Түркістан  положениесінің 238-нші  статьясы  бойынша  во-
лостағы билердің бəрінен құрылып, 2-нші дəрежелі соттың ісін 
атқаратын народный судиялардың волостной сиезінде де жеке 
билік  билігінен  артық  дерлік  еш  нəрсе  жоқ.  Мұнда  да  билер 
қиянатшыл, руына тартқыш, қастықтың, партиялықтың құлы. 
Жауапкерді (Түркістан положениесінің 232-нші статьясындағы) 
би шығарып тастауға ықтиярлы хұқы да құтқармайды. Бəрі бір, 
қайсысын қаласа да, баяғы партиясын қолдаушы билер. Онан 
басқа  табары  жоқ.  Сондықтан  жеке  бидің  билігіне  риза  бол-
май,  волостной  сиезге  берген  қарсы  партиядағы  адамдардың 
теңдікке қолы жету жоқ. Жеке бидің билігі партиялық жүзінде 
көздеген  ретіне  тура  келсе  ғана  бұзылады.  Əйтпесе  бұзылу 
жоқ. Бұл айтылған сөздің ыспаты алыста емес.
1908-нші  жылғы  болған  биліктердің  санағында  төрт  об-
лыста  жеке  бидің  билігіне  риза  болмай  берілген  арыз 4 мың 
960,  барша  арыздың 70 проценті  (жүзден  жетпісі).  Қаралған 

218
һəм бекілгендері 2 мың 994 билік, демек, 60 проценті қаралып, 
40  проценті  қараусыз  қалмақшы.  Бұл  қаралмай  қалатын 
арыздар, қазақ ішіндегі хүкімдердің айтуынша, көбінесе қарсы 
партияның  арыздары.  Жеке  би  мен  волостной  сиез  билерінің 
сотынан  басқа  жəне  билердің  чрезвычайный  сиезі  бар.  Чрез-
вычайный  сиез  екі  волост  я  екі  уезд  арасындағы  дау  үшін 
құрылады.  Түркістан  положениесінің 247-нші  статьясы  һəм 
степной положениенің 117-нші статьясы бойынша чрезвычай-
ный сиезге билер даугер мен жауапкер волосынан жиылмақшы. 
Əр волостан бір би; крестьянский начальниктер, билердің саны 
кем болса, өз бетінен толықтырып құруға ықтиярлы (Түркістан 
положениесінің 724-нші,  степной  положениенің 119-ншы 
статьясындағы қосымша).
Чрезвычайный  сиездің  құрылатын  орны,  мезгілі,  бір  об-
лысқа  қараған  адамдардың  арасындағы  дау  болса – губерна-
тор  ұйғаруы  бойынша,  екі  облыс  қазағының  арасындағы  дау 
болса – сиездің мезгілі мен орны екі губернатор ымырасымен 
ұйғарылады.  Чрезвычайный  (қалыптан  тысқары)  сиез  деген 
атына қарағанда, бұл сиез қалыптан тысқары істерге ғана жиыл-
са керек еді, олай болмай, чрезвычайный сиездер дəйімдік си-
езге айналды һəм бір ғана түрлі болмай, екі волост арасындағы 
бір уезд қол астындағы чрезвычайный сиез между волостной 
делініп, екі уезд арасындағы между уездный делініп, екі облыс 
арасындағы между областной делініп, түрлері көбейіп, баттас-
ты.
Сол сияқты баттасқан нəрсе туралы Түркістан положениесі 
мен степное положение статьяларында анық айтылмағандық-
тан,  народный  сотқа  түсетін  істің 214-нші  статьяда  айтылған 
жолымен  чрезвычайный  сиез  үйлеспей,  іс  жүзінде  зор  қиын-
шылыққа қалдыратын болды. Бір қиындығы сол, бұл чрезвы-
чайный сиездер жеке бидің жиылысынан болмақшы. Мұндай 
сиездер  көп  болған  соң,  билерді  өз  волосындағы  қалыпты 
жұмыстарынан айырмақшы. Сөйтіп, қалыпты істері жағына за-
рары тимекші. Екінші қиындық: Түркістан положениесінің 248-
нші статьясы бойынша сиез басында уездный (крестьянский) 
начальник  боларға  тиіс,  я  болмаса  губернатордың  шығарған 
чиновнигі болмақ. Бір уезге аз болса 20 волост қарайды екен; 

219
20 волоста жылда аз болғанда 20 сиез болмақшы; бұ да қоңсы 
уезде  болатын  сиездерді  қоспағанда.  Чрезвычайный  сиездің 
мұндай көптігі қазақ арасында жүріп тұруға жердің алыстығы 
һəм жолдың қиыншылығы, билер мезгілінде жиылмай, сиездің 
созылуы – бəрі  де  уездный  (крестьянский)  начальниктерді 
басқа хакімшілік істерінен айырып, əр тараптан кемшілік кел-
тіреді.
Осындай  қиыншылығы  болған  себепті  облыс  хакімдері 
чрезвычайный  сиезді  сиректетуді  мақұл  көріп  еді.  Чрезвы-
чайный  сиезге  бөтен  ауыл  я  волост  дахылы  бар  істерді  ғана, 
я партиялық тақырыбынан асқынған істерді ғана, жай сотпен 
тыныштық  таппастай  істерді  ғана  əбден  көбейіп,  жиылған 
кезінде  чрезвычайный  сиезге  салуға  қолайлаған  еді.  Солай 
тəртіп  жасауға  областной  хакімдердің  сүйенгені  Түркістан 
положениесінің 247-нші  статьясы  еді.  Бұл  статьяның  асыл 
мағынасында  екі  волост  я  екі  уезд  арасындағы  істерді  сөзсіз 
чрезвычайный сиезге беру керек деген еш нəрсе жоқ. Бұл си-
ездерді  шақыру-шақырмаудың  керек,  керек  емесі  губернатор 
қарауына берілген. Іс жүзінде жасалған мұндай тəртіп прави-
тельствующий сенаттың қарауынша закон жолына қыңыр кел-
гендіктен, 1895-нші  жылы 2-нші  декабрде 1161-нші  номерлі 
сенат хүкіміменен істен шығарылды. 
Чрезвычайный сиезді кемітулері облыс хакімдерінің түсін-
бегенінен  де  болған.  Чрезвычайный  сиез 1868-нші  жылдың 
положениесіндегідей  қалыптан  тысқары  сиез  болуға  тиіс  деп 
түсінулері шып-шылғи қате. Степное положениені шығарушы 
1868-нші  жылдың  положениесіндегі  айтылған  сиездің  құр 
ғана атын алған, сиездің өзіне басқа мағына берген. 1868-нші 
жылдың положениесі бойынша чрезвычайный сиез волостной 
сотқа  риза  болмағандардың  арыз  ететін  һəм  барымта  сияқты 
екі  уезд  я  екі  волост  арасындағы  асқынған  істерді  бітіретін 
сот  болғанда, 1891-нші  жылдың  положениесі  бойынша  чрез-
вычайный  сиез  екі  волост  я  уезд  қазағының  арасындағы  істі 
үлкен-кішісіне қарамай бітіретін сиез болды. 214-нші статьяда 
қай  сотқа  қарау  турасындағы  айтылған  жолға  чрезвычайный 
сиездің жолы туыспаса, ол 1868-нші жылдың положениесінде-
гі күйінде алғандықтан емес, əдейі солай етілген. Ондағы мəніс 

220
– екі волост я екі уездің қазағының арасындағы іс рулары басқа 
қазақтардың  ісі  болмақшы.  Ондай  орында  билер  де  əр  рудан 
болса, біріне-бірі тежеу болып, қиянатқа жібермеске себепкер 
болар, сотта əділдік молырақ болар деген ой еді. Ол ой дұрыс 
хұқты. Қазақтың народный сотының ең қадірлісі, жұрт сүйетіні 
чрезвычайный сиез. Бұл соттың ісіне басқа соттан анағұрлым 
көбірек сенеді. Қазақтар, шамасынан келсе, істерін чрезвычай-
ный сиезге шығаруға тырысады. Қазақтар бұл сотты қалауында 
толық себеп бар.
Чрезвычайный  сиез  сотының  қазақ  сотының  басқасынан 
артық  болатын  себебі,  əуелі,  судиялар  əр  тараптан  жиылған-
дықтан, партиялық өштік, қастық болмайды, екінші, партиялы 
соттардың  аяққа  басып  өте  шығатын  халық  рəсімін  чрезвы-
чайный сиездер жол орнында ұстап, соған қарап билік айтады. 
Сиезге жиылған билер алдағы қаралатын іс үшін ереже жасай-
ды. Іс қаралғанда, сол ереже жолына қарап билік айтуға билер 
міндетті.
Ереже  халықтың  нақ  рəсімі  болмаса  да,  əр  жерден  кел-
ген билердің билігі бір жөннен шығуына жақсы нəрсе; ереже 
бойынша іс еткенде, билер бетімен жайыла алмайды. Сөйтіп, 
бұл  соттың  халық  көзіне  сенімі  мол  болмақшы.  Бұл  сөздің 
дəлеліне 1908-нші  жылы  төрт  облыста  құрылған  чрезвычай-
ный сиезде қаралған істердің санын көрсетейік.
1. Ақмола облысында чрезвычайный сиездің қарауына түс-
кен  істің  саны 3273, билік  айтылғаны 1906, билік  айтылмай 
қалғаны 1367, орнына келтірілген іс 1650, үстінен арыз жүргені 
256. 
2. Семей облысында сиез қарауына түскен істің саны 3122, 
билік айтылғаны 2061, билік айтылмағаны 1061, орнына кел-
тірілгені 1615, үстінен арыз жүргені 446.
3.  Торғай  облысында  сиезге  түскен  арыз 6737, билік 
айтылғаны 3890, қараусыз  қалғаны 2847, билік  орнына  кел-
тірілген іс 2910, арыз жүргені 980.
4. Орал облысында сиезге түскен арыздың саны 8516, билік 
айтылғаны 5662, қаралмай  қалғаны 2854, билік  орнына  кел-
тірілген іс 4245, арыз жүргені 1417.

221
Төрт облыста чрезвычайный сотқа түскен істің саны 21648, 
билік айтылғаны 13519, қаралмағаны 8129, орнына келтірілген 
билік 10410, риза болмай, арыз жүргені 3099.
Сөйтіп,  чрезвычайный  сиезге  түсіп,  билік  айтылған  істің 
төрттен біріне ғана риза болмай, арыз жүреді екен. Бұл чрез-
вычайный сиездің қарауының туралығын, жеке биге қарағанда 
туралығының тазалығын көрсетеді. Істі атқару жағынан сана-
ғанда  да,  даугерлердің  келуінің,  билердің  жиылуының  қиын-
шылығына  қарамай, 60 процент  (жүзден  алпыс)  іске  билік 
айтады  екен.  Бұл  жағынан  қарасақ  та,  жеке  бидің  сиезінен 
қалыспайды.  Қазақ  сотын  баяндағанда,  осы  күнгі  народный 
соттың тəртібі жайынан айтпай болмайды.
1. Қазақ сотына қарайтын істер һəм қанша жаза кесуге народ-
ный соттың мұршасы бар, 2. Билерді шығарып тастау, 3. Сырт-
тан билік айту, 4. Соттың құрылыс реті, 5. Халық рəсіміне салу 
һəм  ол  рəсімнің  қуаты, 6. Риза  болмағандардың  іздену  жолы 
һəм реті, 7. Сот ісіне хакімдер қатысуы, 8. Народный соттың 
хакімін орнына келтіру туралы, 9. Народный судиялардың би-
лік ақысы, 10. Народный судиялардың саны. 
Народный  сот  қарамағына  тиісті  қазақ  арасындағы  граж-
данский  һəм  уголовный  істер.  Бұл  жалпы  жолдан  бөлектеніп 
шығатын мыналар: гражданский істер орыс хакімдері арқылы 
куəланған қағаз бойынша болса, яки жауапкер орыс қаласының 
шегінде тұрған болса, ондай гражданский істер народный сотқа 
түспейді, орыс қаласының шегінде болған оқиға турасындағы 
уголовный істер, яки қазақтың лауазым иесі адамдары уголов-
ный істі болса, народный сотқа қарамайды.
Бұлардан айрықша қазақ сотына қарамайтын істер: 1) Хрис-
тиан  дініне  қарсы  істер, 2) Мемлекетке  қарсы  істер, 3) Хүкі-
меттің билеуіне қарсы істер, 4) Мемлекет я əлеумет қызметінде 
тұрған лауазым иесі адамдардың қылмысы туралы істер, 5) Қа-
зынаның мүлкі мен пайдасына қарсы істер, 6) Патшалық я зем-
ский  міндеттерге  қарсы  істер, 7) Халықтың  амандық,  сақтық 
жолына  қарсы  істер,  мысалы,  а)  карантин  ұстауына  теріс  іс, 
б) жұқпалы індеттер турасындағы уставқа теріс іс, в) мал ін-
деті турасындағы сақтыққа қарсы істер. 8) Ел тыныштығына, 
жайлылығына  қарсы  істер,  мысалы,  а)  жігіт  жиып,  ұрлық  іс-

222
тету, б) патшалық сотында өтірік айғақ болу, п) қашқындарды 
жасырып,  сақтау,  т)  телеграфтарды  һəм  жолдарды  бүлдіру. 
9)  Қалыптық  закон  жолына  теріс  істер, 10) Кісі  өлтіру, 
11)  Соққан  таяқтың  я  жараның  ақыры  өлімге  айналса, 12) 
Əйел басу, 13) Жолсыз біреуді тұтқын ету, мейман тоқтау ету, 
14)  Біреудің  салынған  мүлкін  я  жерін  жолсыз  иемдену,  жер 
бөлігін бұзу, 15) Біреудің мүлкін өртеу, яки қасақана бүлдіру, 
жою, 16) Талау,  тонау,  шабу, 17) Қазына  мүлкін  ұрлау  һəм 
18) Орыс хакімдері арқылы болған іс қағаздарына подлог жасау. 
Сөйтіп,  бұларды  шығарып  тастағанның  соңында  да  қазақ 
сотына қарайтын іс аз емес; орыс законында уголовный жол-
мен  каторжный  работа  болатын  істердің  көбі  қазақ  сотының 
қарауында. 
Народный  сотқа  қарайтын  іс  қандай  көп  болса,  ол  соттың 
жаза  кесуге  мұршасы  һəм  сондай  көп.  Жыл  жарым  абақты  я 
300 сом ақша төлетуге народный соттың мұршасы бар һəм ең 
кем  жазасы  қандай  болмақ,  ол  айтылмаған.  Бұған  қарағанда, 
қазақтардың сотында өздеріне де басқалардан артық, айрықша 
жол берілген. Біреуді жанына зақым келерлік қадарлы сабағанға, 
яки жанын қинағанға, əйелді еріксіз ерге қосуға народный сот 
бірер  күндік  абақты  кеседі,  яки  бірнеше  сом  штраф  төлетеді 
де қояды; орыс сотында ондай істерге жаза зор. Онан соң, на-
родный сот турасындағы законда іске қарай жазаны күшейту 
я  кеміту  жайынан  көрсетілген  еш  жол  жоқ.  Сондықтан  қазақ 
соты бұ жағынан келгенде қайырусыз бетімен жайылып, ойына 
келгенін істейді. Жазаны іс түріне қарамай, қалай болса, солай 
кесе салады. Бекітуін бұзып, ұрлаған я соққыға жығылған істер-
ге штраф кесіледі де, тілі тиген, сөккен тұрулы абақты кесіледі. 
Жəне де Түркістан положениесінің 219-ншы статьясы бойын-
ша  народный  сотқа  қарайтын  істердің  бəрі  де  екі  жағының 
ырзалығымен,  қарындас  болып  бітуге  ықтималды.  Бұлардың 
бəрі халықты бұзықтықтан тыюға, орыс мемлекетінің тұтынған 
жолына  үйретіп,  бірте-бірте  үйір  қылу  мақсатқа  теріс  келеді. 
Жаза кесуге еш нəрсе ара тұрмайтынын біліп, екі жақ келіссе, 
қарындас болып бітетін жолға сүйеніп, народный судиялар өз 
партиясындағы  адамдар  арасындағы  істерді  актысыз  бітіріп, 
қарсы партияның адамдарының ісін биге һəм ақы сұраушыға 
ақша берсе ғана қарындас қылып бітіреді. 

223
Сотта туралық көбірек болу үшін (Түркістан положениесі-
нің …ші статьясы) екі …мен қалаған биге түсуге хұқ берген. 
Екі  жағы  ымыраласып,  істерін  бір  биге  бере  алмаған  күнде, 
талапкердің көрсеткен биіне жүгінбекші. Жауапкер талапкердің 
қалаған  биінен  екі  би  шығарып  тастауға  хұқты.  Бұл  жол – 
партиялық қатыстырмай, дұрыстықпен пайдаланса, сот ісіне көп 
туралық кіргізетін жол. Бірақ партиялық бүлігі бұл жолдың да 
игілігін жоққа шығарды. Партиясыз волостарда би шығаратын 
хұқ,  шығару  мəнісіне  қарай  деп,  еш  нəрсе  айтылмаған  соң, 
құр істі созуға себеп болды. Əсіресе мұндайлар волостной си-
езде  көп  болады.  Партия  əрекеті  аралаған  волост  би  шығару 
мағынасыз болып шығады. Өйткені жауапкер қаламаған билік 
орнына екінші сондай партия құлы би даяр тұр.
Народный судиялар іске екі жақ көзбе-көз тұрғанда ғана билік 
айтуға  хұқты  ма,  əйтпесе  сырттан  билік  айтуға  да  ықтиярлы 
ма – законде  бұл  туралы  көрсетілген  жол  жоқ.  Түркістан 
положениесінің 242-нші  статьясында  даугер  шақырылу  тура-
сында сөйлеп өткен бір сөз бар, онда да жауапкер мен айғақтарды 
волостной  сиезге  келтіру  лауазым  иесілерге  міндеттігін  ғана 
айтқан.  Даугерлер  шақырғанға  келмей  қалса,  қайтпек  керек, 
келмегендегі  себебі  құлақ  асарлық,  аспастық  болса,  қайтпек 
керек, сырттан билік айтуға ондай орындарда бола ма, болмай 
ма – ол жағын ешбір ашпаған. Өйтпеген екен деп, бұл керексіз 
болатын  мəселе  емес.  Бұл  жағын  ашу  зор  қажет.  Партияшыл 
народный сот өздерінің халық рəсімі деп жасаған жолдарына 
сүйеніп, соттан билік айтпақ түгіл, істің қаралатын күнін жауап-
керге білдірмейді. Сөйтіп, жауапкер өзін ақтарлық, қорғарлық 
жағының хұқынан мақұрым қалады. Сондай қиянаттар болмас 
үшін қазақ ішіндегі бастықтар іс екі жақтың алдында қаралуын 
міндет  етіп  еді.  Бірақ  мұнан  да  еш  нəрсе  өнбеді.  Мұны  біліп 
алып, жаман ойлы жауапкерлер іс қаралатын кезде бір жаққа 
кетіп  қалатын  болды,  істің  көбі  қараусыз,  бітпей  жататын 
болды.  Зорлап  келтірер  народный  сотта  мұрша  жоқ.  Мұндай 
народный  сот  жолындағы  қиыншылықтар  ішкі  іс  министрі-
не  жеткеннен  кейін, 1882-нші  жылы 9-ншы  августа 147-нші 
нөмерлі министр тарапынан баяндалған: «Соттан билік айтуға 
болар-болмасы əр істің қаралар тұсында ғана ашыларға керек. 

224
Халық рəсімінде ондай орында қалай етіледі екен? Соған қарай 
істеу керек, өйткені народный соттың билігі халық рəсімімен 
орайласарға тиіс» деп. Онан гөрі мəселе шешілуіне жақынырақ 
түрде Түркістан генерал-губернаторы тарапынан баяндау бол-
ды. 1902-нші жылы 28-нші ноябрьде 28-нші нөмерлі Түркістан 
генерал-губернаторының  баяндауынша:  народный  сот  сырт-
тан айтуға мұршасыз емес, егерде халық рəсімінде өйтушілік 
болса, онда да төмендегі шарттар орнына келгеннен кейін деп. 
Əуелі  екі  жағы  да  шақырылу  міндет,  повесткада  шақырғанға 
келмеген күйде билік сырттан айтылады деп жазу міндет. На-
родный  сот  повесткамен  екі  жағы  шақырылғанына  анық  көзі 
жеткеннен  кейін  билік  айтарға  һəм  келмей  қалған  жағына 
айтылған билікті естіртуге міндеткер. Бұл тəртіп екі жақтың да 
пайдасына теріс болмағанмен, законда табан тірерлік тиянағы 
болмаған соң, қуатты жол болып шықпады.
Народный соттың сырт əлпі жеке бидің соты болса да, сиез 
билерінің соты болса да бірдей. Сот қыс кезінде үйде құрылады, 
жаз кезінде далада болады. Би де, даугерлер де жерде отырады. 
Даугерлер  қарама-қарсы  отырады.  Екі  жағының  да  жауабын 
тыңдап  болып,  би  қарындас  болып,  ымыраласуға  пұрсат  бе-
реді. Ымыраласса, біткендігін книгеге тіркейді. Ымыраласпа-
са,  би  өз  билігін  айтып,  книгеге  тіркеп,  орнына  келтіру  үшін 
екі жағына билігінен копия береді. Билік қысқа ғана жазылады. 
Екі жақтың берген жауабы жазылмайды. Егерде айғақтардың 
куəлігіне  қарап  я  бидің  өзінің  байқауы  бойынша  істің  анығы 
ашылмаса, іс жанға салынады.
Би билігін шарттап, книгеге тіркейді, яғни пəленнің жанын 
өткізсе, жауапкер жазадан я төлеуден құтылады деп. Əйтпесе 
пəлендей  мал  төлейді,  яки  пəлендей  жазаға  кіріптар  болады 
деп.
Егерде  судия  партияшыл  болса,  істің  əлпі  тіпті,  басқа  бо-
лады. Жауапкер қарсы партиядан болса, ол шақырылмай, сыр-
тынан  билік  айтылады.  Ол  билік  тұжырылып  айтылады.  Іс 
жүзінде  жауапкер  шақырғанға  келмеген  болып  көрсетіледі. 
Риза  болмаған  жағы  биліктен  копия  сұрайды.  Бидің  билігі 
қиянатпен  айтылғанын  көрсетіп,  арыз  береді.  Би  қызмет  ба-
бында қылмысты болғанда, тергеуге беріледі. Іс тергеу-тексе-

225
румен көпке созылады. Оған дейін, ауылный мен болыс бидің 
айтқаны тұжырулы билік деп, бидің хүкімін орнына келтіреді. 
Сөйтіп, «болары болып, бояуы сіңіп» қалады. 
Қазақтың  гражданский  һəм  уголовный  істеріне  мемлекет 
законын  жүргізуге  жөні  келмейтін  болған  соң,  степное  поло-
жение  қазақ  сотының  жұмысын  халық  рəсімінде  қалдырып 
еді.  Бірақ  сот  ісіне  басқаны  жатырқағыш  шариғат  кіріспес 
үшін  қорғарлық  шарасын  етті.  Жоғарыда  айтылып  өткеннен 
көрдік,  қазақта  закон  есебіне  аларлық  орнықты  жолдың 
болмағандығын. Қазақ өз алдына жұрт болғандағы қолданған 
аз  ғана  рəсім  жолы  езіліп,  басқа  сыбайлас  жолдар  қатысып, 
араласып, даңғыл жол белгісінен айрылған. Жеке билер билік 
айтқанда, рəсім бойынша істемей, руласының, партияласының 
ыңғайымен айтады. Егерде жұрт жол-жорасынан қалған олай-
бұлай ауыушылығы болса, ол чрезвычайный сиездің ғана ере-
жесінде  іске  аспаса,  басқа  орында  тұтынудан  қалған.  Бірақ 
кейінгі айтылған сөздерден көреміз, екі адамның арасындағы 
іске толық жол болғандай мұнда да еш нəрсе жоқ. Мұнда да бір 
рəсім екіншісіне көбінесе ереуіл келеді.
Ереже жол болғанмен, көбінесе соттың құрылыс жағындағы 
тəртіп  жолы.  Істің  басқа  жағынан  да  ереже  жол  көрсететіні 
рас,  бірақ  ол  жолдары  онша  қуатты  емес.  Оны  Түркістан 
уалаятындағы істерді тексермеген граф Паленнің жұмысынан 
көріп отырмыз. Түркістан уалаятындағы ереженің нашарлығын 
Дала  облыстарына  таңып  та  айтуға  болады.  Өйткені  между
областной (облыс арасындағы) чрезвычайный сиездерде Түркіс-
таннан да һəм Дала уалаятынан да қазақтар болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет