ҚАЗАҚ АРАСЫНДА ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗУ КЕРЕК
Қаншама талпынғанмен, қаншама күшін салғанмен жеткі-
лікті қылып школдар ашуға үкіметтің шамасынан келмейтіндігі
анықталып отыр.
Қазақ республикасында ашылатын əр түрлі школдарда,
кітапханаларда һəм басқа оқу орындарында қызмет қылатын
2616 кісінің ғана расходын көтермекші болып отыр. Бірақ, оқу
жұмысын жөндеп жүргізіп, балаларды тегіс оқытуға 20 мыңнан
артық кісі керек. Бұлардың һəм басқа расходтары керек.
Оқу жұмысының шығындарының көбін үкімет орында-
рындағы жиналатын əр түрлі салықтардан жұмсаңдар деп
отыр. Бұл турада жұмыстың көбі губисполкомдардың мойнына
ауады, бірақ олардың да жарылқауы, оқу жұмысына жеткілікті
ақша берулері, халықтың байлығы, шаруаның жақсылығы һəм
салық тез, түгелінен жиналуымен байлаулы нəрсе. Осыған
қарағанда бұл орындарда жиналатын салықтарға сеніп отыруға
болмайды. Сенгенмен губисполкомдар тезден аша аламайды.
Оқудың мезгілі өтіп бара жатыр, балалардың бір жыл болса
да оқусыз қалулары үлкен зиян екендігі белгілі. Бұдан былай
ұйқыны қою керек. Енді бұл жұмысқа халықтың өзі кіріспесе
болмайды.
Бұрын Николай заманында бірнеше жыл ізденіп, шығын-
данып ашатын школды кеңес үкіметі өзі-ақ ашыңдар деп ұран
шақырып отырғанда, халықтың үндемей отыруы зор айып, күнə.
Школдың расходынан қашпай, бұрынғы жалдап молда ұстап
бала оқытатын расходты мойындарына алып, школ ашулары
керек. Бұл жұмысты аяққа бастырып, орындап, ел арасындағы
оқығандардың, учитель, мұғалімдердің мойындарындағы зор
міндет – школды мынау реттермен ашу керек. Бір ауылнай не
бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша, кедейге кедейше үй
басына салық салып, сол жиналған салықты оқытушылардың
һəм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек-жарағына
міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен «договор» жасап,
школ ашу керек. Бұл қалыпта ашылған школдардың оқыту,
балаларға тəрбие беру тəртіптерін сырттан оқу бөлімдері
320
бақылауға тиіс. Оқытушыларға ақы «кəсіпшілер ұйымы»
белгілеген мөлшермен беріледі. Салық төлеп оқуға шамасы
келмейтін кедей балаларына бірнеше орын қалдыру керек, оқу
құралдарын: кітап, қағаз, қалам сықылды нəрселерді жергілікті
оқу бөлімдері алуы тиіс.
Ауылдың жиі жерінде балалар үйлерінен келіп оқуға
болады, бірақ ауыл сирек, əр жерде отырған болса, қыс күні
əсіресе киімі жоқ кедей балалары келіп оқуға өте қиын. Сол
себепті балалар көбірек ауылдарда школдың қатар бөлімдерін
ашу керек. Бұл қатар бөлімдердің расходы ортадағы школға
деп елден жинаған салықтан берілуі керек. Бұл сықылды қатар
бөлімдер ашуға, ауылдар өте сирек болып, аралары өте шалғай
болса, əрине, балалар келіп оқуға болмайды, соның үшін
школдың жанынан балалар жатып оқитын үй (общежитие) не
болмаса интернат ашылуы қажет. Интернат ашылғанда бай
балалары өз тамағымен келіп жатып, шамасы келмейтін кедей
балаларына елден азық-түлік жинап беріп, сол үйде жатқызып
оқыту керек. Мұндай интернат болмаса кедей балалары оқи
алмайды.
Жоғарыда айтылған бойынша школды бір ауылнай не бір
болыс ел болып ұйымдасып ашпаса, жеке бір кісі, яки бір-
неше кісі болып ашуға болмайды. Себебі ондай школдарды
ашушылар меншіктеніп, оқу-тəрбие жұмыстарын өздерінің
дегенінше жүргізуге тырысып, үкіметтің школдар хақында
шығарған жобаларын, тəртіптерін қолданбасқа мүмкін. Соның
үшін жергілікті оқу бөлімдері бұл жұмысқа өте шұғыл қарауы
керек.
Екінші, айтылып өткен реттермен ел арасындағы «коопе-
ратив» һəм басқа ұйымдар школ ашуға кірісулері керек.
Осы жұмыстарды ілгері бастыруға елдегі сенімді азаматтар
зор міндетті һəм халықтың өзі де бұл жұмысқа салқын көзбен
қарамай, шығатын азын-аулақ шығынға көзді жұмып жіберіп
кірісулері керек.
«Қызыл Қазақстан» журналы,
1923, февраль, № 14, 12-13-беттер.
321
ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР
Қазақ əліпбиі немесе Байтұрсынұлы емлесі. Əліпби – тек
сауат ашу ғана емес, ілім-білім үйренудің бастау көзі, ғылымға
апаратын сара жол. Мұхтар Əуезовше айтсақ, «Ақаң ашқан
қазақ мектебінің» ұстанымы – қазақ баласын ана тілінде са-
уатын аштырып қана қоймай, оның əлеуметтік ортада ой-та-
нымы мен талғамын қазақша қалыптастыру болған. Өйткені,
сол тұстағы қазақ арасынан оқыған, сауатты жандардың басым
көпшілігінің тілі не татарша, не орысша шыққаны жəне сол тіл-
дермен ана тілін араластырып, «қойыртпақ тіл» жасағаны та-
рихтан белгілі. Сондықтан да А.Байтұрсынұлы қазақ ұлтының
табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді болдыртпау
үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тəсілін
ұстанды.
Əрі осы жолда қазақ баласы үшін түрен жол салып берді.
«...Қазақша дұрыстап қат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек.
Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген
жолменен оқуды айтпаймын,қазақтың тіліменен оқуды айта-
мын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-
жырғалағы көп, оныменен жүріп қат жаза білуге жеткенше
русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен
оқытпай, ноғай, түрік, парсы, араб тілінде жазылған кі-
таптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар əуре-тəуре
болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек
құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс
істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сон-
дай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Əр істің басы
қиын. Басында қиналмай кетсе, онан əрі тың кетеді. Бұлай
болған соң əуелі оқу құралы жақсы болып жан қинамасына
не керек?» – деп, «ана тіл» деген пəнсөздің негізгі мəні атау
тұлғадағы ұғым екеніне үлкен салмақ салып, əрі төл тілдің бас-
тау көзін ашып алады.
Осы мақаладағы асты сызылған тіркестердің мəн-мағынасын
ашып жатудың өзі артық, бірақ осы «Қазақша оқу дегенде мен
осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айт-
322
паймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын» деп, таза араб-
шамен тіл сындырушылардың да төл тілінен ажырайтынын,
қазақша қалпын жоғалтатынын айтып отыр. «Қазақтың тілі-
менен оқытуды» көксейді, сол қазақ тілінде оқытудың амал-
тəсілдерін, «соқырға таяқ ұстатқандай» көрсетіп те берді. Ең
бастысы «əліпби түзелмей, іс оңалмайтынын» білген ағарту-
шы қазақ əрпін əрлеуді қолға алады.
БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ƏЛІПБИІНІҢ КЕСТЕСІ
№
1912
1927
латынша Кирилше Айтылуы
1
2
3
4
5
6
1.
ﺍ
ﺍ
a
а
а
2.
ﺍﱠ
ﺍﱠ
ə
ə
ə
3.
ﺏ
ﺏ
b
б
бы/бі
4.
پ
پ
p
п
пы/пі
5.
ﺕ
ﺕ
t
т
ты/ті
6.
ﺝ
ﺝ
с
ж
жы/жі
7.
ﺩ
ﺩ
d
д
ды/ді
8.
ﺭ
ﺭ
r
р
ыр/ір
9.
ﺯ
ﺯ
z
з
ыз/із, зы/зі
10.
ﺱ
ﺱ
s
с
сы/сі
11.
چ, ﺶ
ﺶ, ﺶ
с,c
ш
шы/ші
12.
ﻍ
ﻍ
Q
ғ
ғы
13.
ﻕ
ﻕ
q
қ
қы
14.
ﻙ
ﻙ
k
к
кі
15.
گ
گ
g
г
гі
16.
ڭ
ڭ
n
ң
ың/ің
17.
ﻝ
ﻝ
l
л
ыл/іл
18.
ﻡ
ﻡ
m
м
мы/мі
19.
ﻥ
ﻥ
n
н
ны/ні
20.
ﻭ
ﻭ
о
о
о
21.
ﱠﻭ
ﱠﻭ
ц
ө
ө
22.
ٷ
ٷ
ﱠ u
ү
ү
,
323
23.
ﯟ, ﺅ
ﯟ, ﺅ
ь, w
у, ұ
у, ұ,
24.
ﻩ
ﻩ
е
е
е
25.
ﻯ
ﻯ
ы
ы
ы
26.
ٸ
ٸ
j
і
і
27.
ﻱ
ﻱ
ь
и
й
28.
ﻯ
:
ﻩ
е
е
ие
ﱠ
ﱠ
дəйекше
Сонымен реформатор-ғалым əліпбидің ғылыми сипаттама-
сын: «Қазақ тіліндегі дыбыстар һəм олардың жазу белгілері
(харіфлері). Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауыс-
ты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты» деп жіктеп
жүйелейді. Дауысты дыбыстар: ﺍ (а), ﻭ (о), ﺅ (у), ﻯ (ы), ﻩ (е).
Дауыссыз дыбыстар: ﺏ (б), پ (п), ﺕ (т), ﺝ (ж), چ (ш), ﺩ (д), ﺭ (р),
ﺯ (з), ﺱ (с), ﻍ (ғ), ﻕ (қ), ﻙ (к), گ (г), ڭ (ң), ﻝ (л), ﻡ (м), ﻥ (н). Жар-
ты дауысты дыбыстар: ﺅ(у)±, ﻯ(й)±. Бұл дыбыстардың ішінде
қ һəм ғ дəйім жуан айтылады, г, к, һəм е дəйім жіңішке айты-
лады. Өзге 19 дыбыстың һəрқайсысы екі түрлі айтылады: бір-
де жуан айтылады, бірде жіңішке. Егерде«...бұл 19 дыбыстың
жуан айтылғанына бірхаріф, жіңішке айтылғанына бір харіф
керек десек, мысалы: «ﺕـ ،ﺱـ»сықылды, онда 19 дыбысқа 38
харіф керек болар еді, бұған дəйім жуан айтылатұғын ﻕ ме-
нен ﻍ-ларды, дəйім жіңішке айтылатұғын«ﻙ, گ» һəм харіптер-
ді қосқанда, һəммасына 43 харіф керек болар еді» деп жазған
алғашқы ана тілінің жүйесін салушы. Міне, осы қазақ тілінің
табиғатына қарай оның дыбысталу жүйесін басшылыққа алған
Байтұрсынұлы пайымын кейбір жазушылар «42 əріпті түзген»
деп бұра тартып жарнамалап жүр.
Реформатордың зерттеуіндегі тереңдетіле түсіндірелетін
танымдарға зерде-зейін дұрыс қоя білсек, араб əліппесінде 43-
ке жететұғын харіф жоқ екенін, өзге жұрттың əліппелерін қазақ
қабыл алмайтынын жазады. Ислам əліпбиінің қазақ арасына
қалай келгеніне тоқталады. «...Араб əліппесі қазақ арасына дін-
менен бірге таралған, сіңген, дінменен бірге байласқан əліппені
алып тастап, басқа əліппені алдыру қиын жұмыс. Бұлай
324
болған соң араб харіфлерін қазақ дыбыстарына жеткізу ама-
лын табу керек. Араб харіфлерінің түрін тым бұзып өзгертуге
болмаса, қалай амалын таппақкерек? деген өзекті сауалды өзі
көтереді, əрі оның жауабын да өзі айтады.Мұның амалы менің
ойлауымша мынаудеп дыбыстарды жүйелеп береді. «...Дау-
ысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы. Яғни,
дауысты дыбыстар жуан айтылса – олардың қатарындағы
дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты ды-
быстар жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке
айтылмақшы. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың
харіфлерінің жуан иа жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ,
дауыссыз дыбыстардың да жуан иа жіңішке айтылмағын
айырғанымыз жөн» дейді.
Ғасыр басында ғалым түрлеген, əрі түзген əліпби таң-
басының қазақ ұлтын сауаттандырудағы рөлі қандай? Енді
осы мəселе төңірегінде кеңес үкіметі тұсындағы зиялы-
лардың көзқарастары мен пайым-танымына үңілсек. Тура
сол тұстағы санаткер-азаматтардың алдына қойған ұлы
міндеттерінің бірі – ол бұдан əрі «қазақ халқы рухани кел-
беті, өзіндік бет-бағдары бар ел бола ма, жоқ «баяғы жар-
тас бір жартас» деп, бодан қалпында жүріп, өзінің ұлттық
сипатынан айырылып, болмысын жоғалта ма» деген өзекті
мəселе болатын. Ұлттық тіл ғылымы саласындағы Ахмет
Байтұрсынұлының əліпби түзудегі жетістіктерін лингвист-
ғалым Құдайберген Жұбанов өте жоғары бағалаған. Жəне
ол кім көрінгенге əліпбиді, тілді таптатпауға бар күш жі-
герін жұмсаған. Мысалы: «...возрежение не выдерживают
критики, потому что всякие культурное и иное достиже-
ние, оставленное нам нашими врагами – это наше закон-
ное наследие (...) Отказываться от подобного наследия так
же глупо (...) мы не откажемся ни от чего, что составля-
ет лучшее творениях предыдущей истории, если оно в на-
ших руках может быть полезно для нас» деген айшығынан
қазақтың қай-қай оқығандарының, оның ішінде қалам ұстап,
қазақ намысын жыртқан əрбір еңбектің қадір-қасиетін біліп
қана қоймай, «заңды мұра» деп таныған жəне ұрпаққа
тəрбиесіндегі қажетті құрал санағанын көреміз.
325
Енді Ахмет жүйелеген қазақ тіліндегі атау-ұғымдардың
дəлдігі мен даралығына үңілсек. Қазақ даласында қазақ
мектебінің негізін салған тұңғыш ағартушы Ыбрай Алтынсарин
орыс тіліндегі «Имя существительное» дегенді «Нəрселердің
атауы»десе (227-б.), А.Байтұрсынұлы оны «Зат есім» деп ата-
ды (160-б). Ал «Имя прилагательное», «Имя числительное»
деген сөз таптарына тұңғыш ағартушы «Зат-мақұлықтың
қасиеттерінің аттары», «Есеп аттары»деп балама берсе (Б. 238,
243), кейінгі оқытушы «Сын есім», «Сан есім» деген атау-ұғым
берді (162-б.). «Местоимение» деген орыс терминіне алғашқы
ұстаз «Ақыры өзгерілмейтін сөздер» деп аударса (248-б.),
кейінгі əдіскер «Үстеу», «Демеу»дейді (Б. 165-166). Бүгінде
бұлар қазақ тілінде қалыптасып кеткен атау-ұғымдарды біл-
діретін пəнсөздер. Бұл қазақ тілінде қисындардың қалыптасуы
үшін, алдыңғы буын өкілдерінің жіберген кемшіліктерін түзеп-
түрлеу арқылы ХХ ғасырдың басында қазақ тіл білімі мен
əдебиеттану оқулықтарының заңдылықтарын жасаушы, Ахмет
Байтұрсынұлы болғанын айғақтайтын дəйектер.
Қазіргі бастауыш мектептерге арналған 1-сынып əліппе-
сіндегі «Қазақ əліпбиінің» авторын ажырата алмайтын оқыту-
шылар бар екені де жасырын емес. Ақиқатында, есімі аталма-
са да Байтұрсынұлының төте жазудағы «24» таңбамен түзілген
əліпбиі аз ғана өзгеріспен кеңес кезеңіндегі мектепке, яғни,
бірінші латын, сонан соң кирил əрпіне қопарылып, көшіп
отырды... Осылайша ағартушы түрлеген ана тіл ұрпағына
жылдар бойы қызметін көрсете берді. Мұны бүгінгі қазақ
ғылымы жоққа шығара алмайды, тек аракідік жаңсақ пікірлер-
ге, мəселен, «А.Байтұрсынұлы 42 əріпті жасаған» дейтін кей-
бір қате ой-тұжырымдардың баспасөз беттерінде белең алуы
ойландырады. Сондықтан «Қазақ əліпбиі, қазақ жазуын жетіл-
дірудегі Ахмет Байтұрсынұлының рөлі» деген тақырып аясын-
да мектеп бағдарламасына арнайы сағат бөліп оқыту өзекті
мəселелердің бірі деп білеміз.
Орыстың тіл зерттеуші ғалымдары төте жазудағы қазақ
əліпбиіне 1924, 1931 жылдары «Байтурсуновская графика»,
«Байтурсуновский алфавит» деп атап, түркі əліпби лері ішін-
дегі ғылыми жүйеленген ірі жетістік деп қабылдаған. Мəселен,
326
Мəскеуде 1931 жылы жарық көрген «Литературная энцик-
лопедия» атты жинақтың 5-томына осы Ахаң реформалаған
əліпби «Казахский (Байтурсуновский алфавит)» енгізіліп,
орыс ғалымдарының тарапынан жоғары бағаға ие болған (23-
б.). Біздің бүгінгі жетілген қазақ тіліндегі 40 (жуан, жіңішке
белгіні есептеу шарт емес) əріптің түп негізі А.Байтұрсынұлы
емлесі негізінде жасалғанын ескере бермейміз. Жəне ғасыр ба-
сында Байтұрсынұлы таңдаған төте жолдың байыбын дұрыс
ұғынбаудан жазу мəдениетінде өркениетті елдерден кейін
қалып, əлі күнге «қай жазуды алу керек» деген даулы мəселенің
жетегінде жүрміз.
Негізінен, төте жазуға тұрақтамауға сол тұстағы саясат
та əсер еткен болуы керек. Дегенмен өркениетті елдердің
ғалымдары жоғары бағалаған А.Байтұрсынұлы емлесінде
тұрақтылық танытқан болсақ, оңынан жазылатын харіптің
қасиетін басқаша ұғарма едік. Ислам дінімен бірге келген
«əліптің» адамзат баласын игілікті істерге жетелері хақ екенін
ой-түйсігімізбен қабылдағанмен, ұзақ жылдар кирил əрпімен
құрсауланған құлдық сана шырмауынан шыға алмай жүргеніміз
де шындық. Десек те орыс ойшылдары аса жоғары бағалаған
«Байтұрсынұлы əліпбиінің» астарына əлі де үңіле түсу – біздің
ұрпақтық парызымыз.
Сонау қиын қыстау, сын сағаттың өзінде қазақ зиялылары
елінің, жерінің мақсатына бағытталған игі істерді қашанда
бағалағанын жəне мүмкіндігінше сақтап қалуға өз басын өлімге
тіге отырып, батыл шешімдерге бір «тəуекел» арқылы барғанын
– олардың артында қалған мұралары айғақтайды. Кейде сол
тұстағы заман ағымына қарай бұра сөйлеуге партия алдында
мəжбүр болғандарымен, ұлттық нақыштағы мəдени мұраларды,
мейлі олар «халық жауының» қолынан шыққан жетістіктер
болса да, бұл «біздің заңды мұраларымыз» деп қорғаған. Олар-
дан «бас тартуға болмайды» деп, сол тұстағы оқу-ағарту са-
ласына керегінше жаратудың тиімді жолдарын қарастырған.
Олар айтқан өзекті ойлар – бүгінгі тіл танымындағы құнды ой-
лар болып қала берері де хақ. Өйткені, ғасырдан ғасырға заман
алға озған сайын заманауи саясаттың жетегінде кетпей, ұлттық
болмыстың бірден бір белгісі – əліпбиді қаймағы бұзылмаған
327
күйде сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді – ұлттық мүдде деп
түсінген жөн.
ƏЛІППЕЛЕР
Оқу құралы. Қазақша алифба. Бұл кітап алғаш рет
1912жылы Орынбордағы жарық көрген. Автор «Балалар, бұл
жол басы даналыққа» деп басталатын «Тарту» атты ғибрат
тақпағын оқулықтың беташары ретінде берген. Кітаптың əріп
үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би
исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай орналастырылған.
Əрі қарай қазақ əріптері төте жазу жолымен рет-ретімен
беріледі де, əрбір харіптің тұсына таңбасы жəне сол таңбаның
атауы жазылады. Жəне төменгі жағына оқытушыға түсінік,
яғни нұсқаулығы қатар ұсынылады. Сонымен қатар, соңына
қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-ұзын мəтіндер емес, қысқа
əрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мəселен:
Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй сай-
мандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары жəне ас-
тағамдармен қатар, дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады.
Оқу құралының екінші кітабы алғашқы əліппеге жалғасты
ретінде толықтырылып, 1913 жылы шықса, «Əліппе – аста-
ры» атты əліппеге жетекші құралын 1924 жылы жазылған.
Оқулықтардың бала сауаттандырудағы қажеттілікті өтеудегі
зор қызметіне, оның 1912, 1913, 1914, 1916, 1921, 1922 (2 рет),
1923, 1925 жылдары жиі басылым көруі айғақ. Кітап ғалымның
аяулы есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі əріпке
түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл білімі институтының дайындауымен
1992-ші жылы жарық көрген «Тіл тағылымы» атты жинаққа
енді(Б. 33-47).
Сондай-ақ, Қырғыз республикасының филолог-ғалымы Дый-
канов Карбоз өз қаражатымен осы кітаптың 1914 жылғы басы-
лымын 1991 жылы 5000 данамен қайтадан бастырды. Кітап қаз-
қалпында, яғни төте жазумен жарияланды. Ал кітаптың əр жылдары
жарық көрген барлық нұсқаларын тауып, салыстыру мүмкіншілігі
болмады. Ұлттық кітапхананың сирек қорында бұл 1912 жылғы
328
кітаптың қандай да данасы сақталмаған. Бұл оқулықтек Тіл білімі
институтының мұрағатында ғана сақталса керек.
Тіл – құрал.Оқулық негізінен, үш жылдыққа арналып, əр
жылғы сыныптарға жеке-жеке жазылған құрал. Бірінші тіл
танытқыш кітап:Дыбыс жүйесі мен түрлері (1914), екіншісі:
Сөздің жүйесі мен түрлері (1914-1915), үшіншісі: Сөйлем
жүйесі мен түрлері (1923). Барлығы да Орынборда жарық көрген.
Əдіскер ұстаз осы оқулықты не себепті үш жылға бөлінгенін
түсіндіре отырып, бірінші жылы оқытылатын «Тіл – құрал» тіл
білімінің негізі болғандықтан оқытушылардың алғашқы жылы
нық үйретулері керектігін ескертеді. Бірінші кітапта əріптер,
буындар, əріптер туралы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің
тұлғалары оқытылса, жеткілікті екенін айтады. Дүниедегі
жұрт тілінің негізі үшке: Түбіршек, жалғамалы, қопармалы бо-
лып бөлінетіні, ал қазақ тілінің қай топқа жататынын əрі оның
негізгі ережелерін түсіндіріп береді. Сонымен қатар, оқулықта
қолданылуға тиісті əдіс-тəсілдердің қандай жолмен оқытылуы
керектігін ұғынықты етіп түсіндіреді. Оқулықтың тақырыбы
күрделеніп, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту тəсілі саты-
лана қолданылып кітаптың екінші, үшінші жалғасы жазыла-
ды. Жалпы, ағартушының бала оқытудағы əдістемелік мұрасы
туралы 1995 жылы тілші ғалым А.Қыдыршаев ғылыми зерт-
теу еңбегінде əдіскердің еңбектерінің жазылу тарихы, əліппе
мен оқулықтарының əдістемелік негізі, жалпы сипаттамасы
жөнінде сараптамалық талдаулар жасады. Зерттеуші еңбегінде
«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту əдістемесі ілімінің
іргетасын қалаушы» екендігін ғылыми тұрғыдан дəлелдеп
шығып, ағартушының əдістемелік мұрасының бүгінгі оқыту
ісімен сабақтастығын, тұлға мұрасының өміршеңдігін жазды.
Шындығында, осы «Тіл – құрал» кітабының бірінші бөлімі – 7
рет, екіншісі – 8 рет, үшіншісі – 6 рет басылған.
«Оқу құралы. Қазақша алифба». Бұл оқулық алғаш
рет 1912 жылы Орынбордағы жарық көрген. Автор «Ба-
лалар, бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тар-
ту» атты өлеңін оқулықтың беташары ретінде берген.
Кітаптың əріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына
Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай
329
орналастырылған. Əрі қарай қазақ əріптері төте жазу жо-
лымен рет-ретмен беріледі де, əрбір харіптің тұсына
таңбасы жəне сол таңбаның атауы жазылады. Жəне төменгі
жағына оқытушыға түсінік, яғни, нұсқаулығы қатар ұсы-
нылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы
ұзынан-ұзын мəтіндер емес, қысқа əрі нұсқа оқушының
ұғымына сай, түсінігіне лайық мəселен: Туысқан-туған атау-
лары, тұрмысқа қажетті киім, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал
мен хайуандар атаулары жəне ас-тағамдармен қатар дене
мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Осы кітаптың сол
тұста оқырман қажетін өтеудегі зор қызметіне, оның 1912,
1914, 1921, 1922, 1923, 1925 жылдары дүркін-дүркін басы-
лым көруі айғақ. Аталмыш кітап А.Байтұрсынұлының аяулы
есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі əріпке түсіріліп,
ҰҒА-ның Тіл білімі институты тарапынан 1992 жылы
«Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Тіл тағылымы» атты
жинаққа енді. Қырғыз республикасының ғалымы Дыйканов
Карбоздың өз қаражатымен осы кітаптың 1914 жылғы ба-
сылымы 1991 жылы 5000 данамен қайта жарық көрді. Кітап
қаз-қалпында, яғни төте жазумен жарияланды. Ал кітаптың
əр жылдарда жарық көрген барлық түпнұсқасын жинақтап,
салыстыру мүмкіншілігі болмады. Ұлттық кітапхананың си-
рек қорында бұл кітаптың ешқандай данасы сақталмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |