Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата11.01.2017
өлшемі6,13 Mb.
#1618
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ОРЫСША ОҚУШЫЛАР
5-інші  августа  Орынбордағы  киргизский  учительский 
школаға  кіремін  деп  келген  талапкерлерге  емтихан  болды. 
Кіруге келген 80 кісі еді, оның жартысы қазақ, жартысы орыс 
балалары. Жаңадан аларлық қақына һəм стипендия орны алтау-
ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан басқалары ауқаты көтерсе 
өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пəтерде тұрып, 
сонан келіп оқып жүреді, я жылына 150 сом төлеп, школадан 
тамақ  ішіп,  киім  киіп,  сонда  жатып  оқуға  да  болады.  Бай 
адамдарға жылына 150 сом көп ақша емес, кедейлерге күшінен 
келмейтін көп ақша. Солай болған соң дұрысы былай істемек 
еді: бай балалары өз жанынан оқып, жарлы балаларына қазына 
орнын беру еді. Оны істейтін біздің Торғай мен Орал облысында 
байлар жоқ. Қазына орнына бай балалары жарлы балаларымен 
таласа  кіреді.  Қазақ  байларының  қалыбын  істемей  тұрған 
Мамановтар  көрінеді.  Медреседе  оқып  жүрген  балалардан 
зерек-зерек  балаларды  таңдап  алып,  жылына 300 сом  ақша 
расход кесіп, орысша, мұсылманша болсын оқу оқып қайтуға 
жібереді екен. Сондай жіберген баланың бірі биыл киргизский 
учительский  школаға  кірді.  Бұрын  «Медресе  Ғалияда»  оқып, 
былтырдан  берлі  орысша  мұғалімдік  ғылымын  білу  ниетпен 
учительский  школа  я  семинарияға  кіру  үшін  орысша  оқыған 
екен.  Талапкерлерге  керекті  ақшасын  беріп,  оқуға  жіберіп 
жүрген байлар да, олардың ақшаларын адалдап орнына жұмсап 
жүрген бала да жарайды. Бір жыл орысша оқып, бірден соңғы 
болып школаға емтихан еріп кірді.

306
Жоғарыда  айтылған  алты  бос  орынның  үшеуі  қазаққа, 
үшеуі орысқа екен. Маманов талапкер қазынадан тиісті орнын 
емтиханнан 5-інші болып келген бір жарлы баласына беріп, өзі 
Мамановтардан алатын ақшасының 150 сомын төлеп, школада 
жатып  оқитын  болды.  Сүйтіп,  биыл  қазақтан  келген  қырық 
баланың төртеуі-ақ кірді, басқалары өз күшімен оқуға ауқаты 
жоқ  болған  соң,  қазына  орыны  жетпеген  соң  еліне  қайтты. 
Жылда учительский школаға 40-50 бала келеді, төртеу-бесеуі, 
яғни оннан бірі кіріп, басқалары оқуға [қаржы] таба алмай, еліне 
қайтады. Бұлар городской, губернский класты, сельский школа 
бітіргендер.  Олар  оқырлық  орындар  шамалы;  учительский 
школаға, семинария, адам фельдшері иə мал фельдшерінің шко-
лалары.  Торғай  мен  Орал  облысында  фельдшерлік  школалар 
жоқ. Семинарияларда қазақ стипендиясы иə тіпті жоқ, иə бар 
болса  аз,  жоқ  есебінде.  Киргизский  учительский  школада 
қазына  орны 60, оның  жартысы  қазаққа,  жартысы  орысқа 
деп,  ол  жағынан  да  үлкен  ауыл  үлкендігін  қылатын  көрінеді. 
Торғай  мен  Орал  облысының  қазағы  дендеп,  көбірек  оқитын 
орны киргизский школа, бұған кіре алмай қайтқаны оқи алмай 
қалғаны. Бұлардың 5-6 жыл оқып білгені шала-шарпы орыс тілі, 
шала-шарпы орыс жазуы. Білгендері шала-шарпы мұсылманша 
хат  біледі,  білмегендерінде  ол  да  жоқ.  Переводчик,  хатшлық 
орын-морын  табылса  жарады,  табылмаса  елде  тұрып  тіл  де, 
жазу  да  ұмытылып,  оқымаған  қалпына  түседі.  Сана-саңылау 
түскендей  иə  мұсылманша,  иə  орысша  жете  оқыған  жоқ: «аз 
білімін  көпсініп,  көп  қазаққа  епсініп»,  переводчик  иə  хатшы 
болса, пысықсып тікектейтіндер осылардан шығады.
Жоғары  һəм  орта  оқулыларымыз  аз  болса  да,  шолақ  оқу-
лыларымыз тəуір бар. Ең аз болса һəр облыстан шолақ оқумен 
қалатын  қазақ  баласы 50-60 болады.  бұлардың  қызметке 
кіргендері  қазаққа  епсінумен  болады,  үйінде  тұрғанының 
оқығанынан жұрнақ қалмайды.
«Асыл тастан, өнер жастан» деуші еді, шырақ ұстап, жұрт 
алдына түсіп, түзу жолға бастайтын адамдар шығар деп, үміт 
ететін жастарымыздың жайы осы. Орысша оқығандарымыздан 
пайда  жоқ  деп,  қазақ  өкпелейді.  Сондағы  оқығандарымыз 
дейтіні шолақ оқулылар болса, оларға өкпе жүрер ме? Егерде 

307
оқығандарымыз  деп  жоғары  я  орта  оқулыларды  айтса,  олар 
тіпті аз-ақ есепте емес пе? Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен 
жұмысқа  көп  жұмысшы  керек.  Үлкен  үй  салуға  да  қанша 
жұмысшы керек, жеті облыс қазақтың жұмысы үй жұмысынан 
ұлұғырақ  емес  пе?  Жұмысшы  аз  болса,  жұмыстың  өнімі  де 
аз,  көп  болмақшы.  Егер  де  оқу  іздеген  талапкерлеріміздің 
қырықтан  төртеуі  ғана  оқырлық  орын  тауып,  басқалары 
қаңғырып  далада  қалып  отырса,  жұрт  жұмысшысы  көбейіп 
мандыр ма, жұмысшы көбеймесе, жұрт жұмысы ілгері басып 
өнер ме? Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады 
деп өкпелеу жөн бе? Бұ да сол сияқты емес пе? 
Сол қаңғырып қалып тұрған балалар ұлттың ұлы емес пе? 
Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. 
Бала  деп  бағып  оқытып,  адам  қылғаннан  кейін  жұртым  деп 
танымаса,  сонда  өкпелеу  жөн  ғой.  Аталық  міндетін  атқарып 
отырған  жұрт  жоқ,  жұртқа  борыштымын  деп  жүрген  қазақ 
баласы  жоқ.  Баққан  қазына,  қазынаға  борыштымыз  деп  жүр. 
Жастарды оқыту расходынан қашып, қазынаға борышты қылып 
қойса,  жастарда  не  жазық  бар?  Баланы  ұлша  тəрбиелесең  ұл 
болмақшы.  Құлша  тəрбиелесең  құл  болмақшы.  Айып
18
...
*
 
Егерде осы күнгі орысша, оқығандардың арасында жұртым... 
шығып жатса, жұрттың өткізген... төлеу үшін емес, адамшылық 
бо...
*
  басынан  атқару  үшін.  Мойындағы  борышты  білу  білімі 
ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. Білім мен адамшылық екі 
басқа нəрсе, бірақ борышын білушілер көбейсе, төлеушілер де 
көбеюі ықтимал. 
Жоғарыдағы айтылған сөздердің ақтығы мынау: əуелі, қзақ, 
жұртшылық етіп оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғыртып 
қоймас  үшін,  қам  қылыңдар!  Ол  үшін  һəм  жердегі  оқитын 
орындарда көбірек стипендия ашу керек, оны ашу қиын да емес, 
қымбат  та  емес.  Баланы  оқыту  ата-анасына  ауыр  болғанмен, 
жұртқа  жеңіл.  Екінші,  стипендияларды  түрлі  школдарда  ашу 
керек. Қандай школдарда, қанша стипендия ашу һəм...............
«Қазақ» газеті, 1913, 15 август, № 26.
(Бас мақала).
18
 Оқылмаған (өшкен) жерлерге көп нүкте қойылды.

308
ҚАЗАҚША ОҚУ ЖАЙЫНАН
Қазақ  ішінде  əр  жерде  бала  оқытатын  адамдардан  бала 
оқытуға  програсы  (жосық)  көрсетілсе  екен  деген  өтініштер 
келеді. Бұл күнде қазақ арасындағы оқу жосықсыз һəм жосық 
жасауға болмайды да. Үйткені қазақтың бастауыш мектебінде 
оқитын кітаптар белгіленбек түгіл, əлі шыққан да жоқ. Жаңа ғана 
əліппе шыға бастады. Оның да қайсысы оқылары белгіленген 
жоқ. Əліппеден əрі оқытатын кітаптар əлі шыққан да жоқ. Дін 
жайынан  оқытатын,  есеп  оқытатын,  жағрафия  һəм  тарихтан 
қысқалап хабар беретін кітаптар əлі жоқ. Сондықтан програм 
деген сөз əзір ертерек. Əуелі бала оқытатын кітаптарымызды 
түзеп,  сайлап  алып,  сонан  соң  неден  бастап,  неге  шейін 
оқытатынымызға жосық белгілеуге дұрыс.
Бұл  сөзді  қоя  тұрып,  мұнан  бұрынырақ  ескертетін  бір 
жұмыс  бар.  Ол  мынау:  бір  нəрсені  істегенде  сол  істі  істей 
білетін адам істесе шапшаң да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз 
қол ісі емес, ми ісінде де солай. Мал бағатындар мал бағуын 
жақсы  білерге  керек,  ел  бағатындар  ел  бағуын  жақсы  білуге 
керек.  Бала  оқытатындар  бала  оқытуын  жақсы  білерге  керек. 
Бала  оқытуын  жақсы  білейін  деген  адам  əуелі  балаларға 
үйрететін нəрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың 
табиғатын  біліп,  көңіл  сарайын  танитын  адам  боларға  керек. 
Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тəнімен 
қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, 
түсіне қарап, ішкі халынан хабар аларлық болу керек. Ол үшін 
бала  турасындағы
19
...  керек.  Бұл  күнгі  ғылымды  жұрттарда 
бала  оқыту  жұмысы  бала  оқыту  ғылымын  оқып  шыққан 
адамдардың  қолында.  Сол  ақылға  да  дұрыс.  Содия  содиялық 
ғылымды  оқығаннан  болғанда,  доқтыр  доқтырлық  ғылым 
оқығаннан  болғанда,  мұғалім  мұғалімдік  ғылымын  оқып 
шыққан адамдардан болуы тиісті.
Біз  болысымыз,  басқа  жұрттың  болысындай,  елді  баға 
алмайтын мінін айтып жатырмыз, билерімізде содиядай əділдік 
жоқ,  мінін  айтып  жатырмыз,  дəрігерлеріміз,  бақсыларымыз 
доқтырдай  ауруды  емдей  алмайтын  мінін  айтып  жатырмыз, 
19
 Оқылмаған (өшкен, жыртылған) жерлерге көп нүкте қойылды.

309
халқымыздың басқа жұрттай білімді емес, надандық мінін де 
айтып жатырмыз. Бұлардың мінін айтқанда бала оқытуымызда 
қандай мін барын да айтып, əуелі біз елді түзеуді бала оқыту 
ісін  түзеуден  бастау  керек.  Неге  десек,  болыстық  та,  билік 
те,  халық  та – оқумен  түзеледі.  Қазақ  ісіндегі  неше  түрлі 
кемшіліктің  көбі  түзелгенде  оқумен  түзеледі.  Бұл  күндегі 
үлкендердің  біздің  жаңалық  ісімізді  жатырқап,  жаңалық 
пікірімізді  түсінбей,  айтқанымызды  тыңдамай,  істегенімізге 
қосылмай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастарымыздың да заманы 
жетер.  Жаңалыққа  жастар  мойнын  бұрып  қайырылар,  халық 
түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, 
қалай  тəрбиеленуі  бəрінен  бұрын  ескеріліп,  бəрінен  жоғары 
қойылатын жұмыс.    
Қазақтың оқу жұмысы бұл күнде школда: қазақ балалары-
ның бір парасы орысша оқып жүр, бір парасы ескі молдалардан 
оқып жүр, бір парасы соңғы замандарда ғана жаңа жолмен оқи 
бастады. Орысша оқығандарды оқыту һəм тəрбиелеу ғылымы 
оқыған  адамдардың  қолында.  Орысша  оқу  орыс  қолтығында 
тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне 
керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу 
қажет. Ескі жолдың оқуын сөз қылып, қозғамаймын. Бүгін бар, 
ертең  жоқ  болатын  нəрсе.  Дүния  тегеріші  кейін  айналмайды. 
Ескі  мен  жаңаның  оқытуға  шыдамдылығы  бірдей  емес.  Ескі 
əлі-ақ тозып, жыртылып, пара-пара болып тұтынудан шығады.
Жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің 
қолында.  Бұлардың  күштері  тың,  білімдері  соны,  пікірлері 
жаңа.  Ниеті – жұртына  қызмет  ету.  Бұлар  білгенін,  тапқан-
таянғанын  жұртынан  аяр  қалатын  емес.  Қазақтың  бастауыш 
мектебіндегі  жұмысын  қолдарына  алуға  лайық  адамдар.  Əр 
жайдан хабардар, дүнияда не істеліп, не қалыпта тұрғанынан 
бұлардың мағлұматы мол. Қысқасы, қазақ арасына білім нұрын 
жаюға нағыз қолайлы адамдар. 
Бұлардың  бір  кемшілігі  сол:  бала  оқыту  ғылымын  оқы-
ғандары ішінде кем болады. сондықтан көбіне бала оқытуында 
кемшіліктері – қазақ мұғалімдері түгіл, ноғай мұғалімдерінің 
көбі  дыбыс  айыру  жағына  шорқақ  көрінеді.  Дбысты  жақсы 
білмей, усул сотие жолыменжақсылап бала оқытуға болмайды. 

310
Менің көрген медресе «Ғалия», медресе «Хұсиниядан» шық-
қандардың азы болмаса, көбі қазақ тілінде қанша һəм қандай 
дыбыстар  бар  екенін  жақсы  білмейді,  көбі  қзақ  тіліндегі 
дыбысты араб харыфына қарап есептейді. Араб харыфы дұрыс 
келмейтін дыбыс қзақ тілінде де бар болса да, жоққа санайды. 
Қазақ  тіліндегі  дыбысты  жақсылап  білмей,  қазақ  балаларын 
усул сотие жолымен жақсылап оқытуға болмайды.
Екінші кемшілігі – қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала 
оқытатын ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтыру-
дан  бастамайтын  көрінеді.  Ол  дыбыспен  жаттықтырудың 
оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, 
я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру 
–  оқу  мен  жазу  үйретудің  негізі.  Істің  басы  түзу  басталса, 
барысы да түзу болмақшы.
Осы айтылған кемшіліктерін түзеу мұғалімдерге қиын емес. 
Қазақ тіліндегі дыбысты қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстарды 
айырып  байқаумен  білуге  болады.  дыбыспен  жаттықтыруды 
олай оқыта білетін адамдардың оқытқанда істеген ісінен көріп 
үйренуге  болады  я  білетін  адамдардан 10-15 күн  сабақ  алып 
үйренуге болады. 
Бұлардың  бəрі  де  балаларды  қинамай  оңай  оқытуға  керек 
нəрселер. Қиналмай оқыса, оқуға балалар қызықпақшы, бала-
лары  тез  хат  білсе,  ата-аналары  балаларын  оқытуға  ықылас-
танбақшы.  Ата-анасы  баласын  оқытуға  ықыластанса,  оның 
оқуына  керек  расходты  шығынсынбас  еді.  Сүйтіп,  мұғалім 
жақсы оқыта білгені қазақ ішіндегі оқушыларды көбейтіп, оқу 
ісінің шапшаңырақ ілгері басуына күш берер еді.
«Қазақ», 1913, 16 май, № 14 (Бас мақала).   

311
БАСТАУЫШ МЕКТЕП
Қазақ бастауыш мектебі қандай боларға керек? Бұл туралы 
ашылып пікір айтылған жоқ. Петербургта болатын мұсылман 
кеңесінде  мектеп  мəселелері  қаралмақшы,  оған  қазақтан 
баратын адамдар қазаққа қандай мектеп керек екендігін біліп 
барарға  тиіс.  Сондықтан  «Қазақ»  өз  пікірін  айтып,  жұрт 
құлағына салмақшы.
Осы  кезде  қазақ  балалары  оқуды  екі  түрлі  бастап  жүр. 
Біреулері  оқуды  ауылдағы  мектептен  бастайды,  екіншілері 
ел  ішіндегі  орыс  школасынан  бастайды.  Солай  болған  соң, 
қазақтың  қазіргі  бастауыш  мектептері  осылар  дейміз.  Қазақ 
бастауыш мектебі қандай болу керек деген мəселені шешерден 
бұрын,  осы  күнгі  тұтынып  отырған  бастауыш  мектептердің 
жарамды, жарамсыздығын тексеріп, сонан соң керек мектебіне 
түрлі болу жайын сөйлеу тиіс. 
Əуелі  ауыл  мектебінен  басталық.  Осы  күнгі  ауыл  мектеп-
терін мектеп деп айтарлық емес. Оқуға керек құрал жоқ, оқыта 
білетін  мұғалімдер  аз.  Сонда  да  қазақша  хат  білушілердің 
проценті  мұжықтардан  жоғары.  Осы  күнгі  тек  хат  жаза 
білетін  қазақтардан  бастап,  газета,  журнал,  кітап  шығарып 
жатқандарымыздың бəрі де сондай мектептен оқып, хат танып, 
жазу үйреніп шыққандар. Мұнан көрінеді: осы күнгі мектептер 
осыншама  жайсыз,  күйсіз  қалыбында  халық  арасына  оқу, 
жазуды мұжықтар арасынан гөрі көбірек жайып жатқаны, бұл 
мектептің  халыққа  жақындығы,  балалар  білімді  ана  тілімен 
үйренгендігі. 
Алайық  енді  орыс  школаларын.  Қазақ  арасындағы  орыс 
школалары ауылнай, волосной екі класты школалар. Бұлардан 
бітіргендер  ілгері  оқымаса,  онда  жоқ  болып  шала  оқумен 
қалады. Елде бір-екі жыл тұрса, оқығанның көбінен айырылып, 
оқымағандармен  бірдей  болып,  оқыған  еңбек  бос  кеткен 
есебінде  қалады.  Бұл  күнде  екі  класты  школа  бітіргендерден 
ауылнай учитель, писарь болып жүргендері бар екені рас, бірақ 
бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бəріне тегіс керек 
білім ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш 
мектепте  үйренетін  білімдер  де  сондай  керек.  Осы  заманда 

312
хат білмеген адамның күйі тіл я құлағы, я қолы жоқ адамның 
күйімен  бірдей;  мұнан  бұлай  хат  білудің  керектігі  онан  да 
аспақшы.  Бастауыш  мектептен  оқығандар  писарь,  учитель, 
фельдшер,  адвокат,  содия,  инженер,  агроном  болар  демей, 
ең  əуелі,  қазақша  толық  хат  білетін  дəрежеде  болуын  көздеу 
керек. Екінші, бастауыш мектептен үйренген білім əрі оқимын 
дегендерге негіз боларлық жағын көздеу керек. Егерде бастауыш 
мектептен  оқып  шыққандар  ілгері  оқымай,  үйінде  қалса,  ұлт 
əдебиеті мен мəтбуғатының мүлкін пайдаланарлық даражалы 
біліммен қалсын. Əр оқимын деген халде: мұсылманша оқыса, 
бастауыш  мектеп  оқуы  артқы  оқудың  негізі  болуға  жарасын; 
орысша  оқыса,  орысша  үйренудің  қиындығын  жеңілтерлік 
демеу һəм негіз болуға жарасын.
Жоғарыда  айтылған  қазақ  ішіндегі  осы  күнгі  екі  түрлі 
бастауыш  мектептің  екеуі  де  көңілдегі  мектептердің  түрінен 
табылмайтын мектептер. Бірінде оқуға керек құрал жоқ, тəртіп 
жоқ,  мөлшер  жоқ,  жоспар  жоқ.  Халық  оқуды  керек  қылған-
дықтан,  жаманда  болса, «жоғынан  бары  артық»  дегенмен 
істеліп  отырған  іс.  Екіншісінде,  яғни,  орысша  школаларда 
тəртіп  те  бар,  құралдар  да  сай,  мөлшер,  жоспар  бəрі  де  бар. 
Бірақ, сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп 
отырған  бір-ақ  нəрсе:  қазақты  орысқа  аударамыз  деген  пікір 
бəрін  бүлдіріп  отырған.  Сол  школалар  арқылы  қазақ  тілін 
жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған 
араб  əрпін  тастатып,  орыс  əрпін  алдырамыз  дейді.  Сол  үшін 
əуелі, балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана 
тілімен  оқыса  да,  орыс  əрпімен  оқысын  дейді.  Соның  үшін 
біреулері  ана  тілінде  оқыған  аты  болу  үшін  қазақ  тілінде 
орыс  əрпі  басылған  кітаптардан  бастап  оқытып,  əрірек 
барған  соң,  кілең  орысшаға  түспек  керек  дейді.  Бұлар  еппен 
қайырмалаушылардың жолы. Біреулері еп-септі қойып, бірден 
орысша оқыту керек дейді.
Өткен жыл 14-ші июньде патша жарлығы бойынша шыққан 
правилада  Россиядағы  бөтен  текті  жұрттардың  мектебінде 
бастапқы екі жыл ана тілінде оқылсын деген. Ол правилаға Оқу 
министрі қол қойған. Оның бер жағында Қазан округінде бір 
инспектор попечительге жазған: учительдер чуваш балаларын 

313
чуваш  əліппесімен  оқытпай,  бірден  орыс  əліппесімен  оқыт-
қанды оңай көреді – деп. Оны попечитель министрге жеткіз-
ген.  Министр  енді  жазып  отыр:  чуваш  мектебінде  орыс 
əліппесінен бастап оқытқанды бек ұнаттым, бек келісті іс екен 
–  деп.  Сүйтіп,  чуваш  балаларын  чуваш  тілімен  һəм  чуваш 
əліппесімен  оқытпай,  бірден  орыс  тілімен,  орыс  əліппесімен 
оқытуға министр батасын беріп отыр. Бастапқы екі жылда ана 
тілімен оқытуға тиіс деген правилаға қол қоюшы да министр, 
онан кейін ана тілімен оқытпай, бірден орыс тілімен оқытуды 
ұнатушы  да  министр.  Бұл  екі  қағаздың  қайсысы  іске  асып, 
қолдануда  болмақшы?  Қайсысы  хүкіметке  жағымды  болса, 
сонысы  іске  аспақшы.  Хүкіметке  жағымдысы  қол  астындағы 
жұрттың  жазу-сызуы,  тілі,  діні  бір  болу.  Россия  қол  астында 
түрлі  тілді,  түрлі  дінді,  түрлі  жазу-сызуды  тұтынып  отырған 
жұрттар бар. Солардың бəрі тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа 
аударса,  хүкіметке  онан  артық  ұнамды  іс  болмас.  Сондықтан 
14-ші июньде министр қол қойған правиланы 16-нші ноябрьде 
министрдің  жазған  қағазы  жеңбекші.  Ондай  правилалар  іске 
аспай  қалу  үшін,  бір  миссионер  инспектор  жазса,  болғаны: 
өз  əліппесімен,  ана  тілімен  оқытып  отырсақ,  қай  уақытта 
жазу-сызу,  тілі  жоғалады?  Тегі,  бөтен  жұрттар  тілінен,  жазу-
сызуларынан  айырылып,  орыспен  бірдей  болып  сіңісу  үшін, 
бірден  орыс  тілімен  оқыту  керек – деп.  Бастапқы  кезде  ана 
тілімен  оқыту  тиіс  деген  сөз 1906-нші  жылғы 31-нші  март 
правиласында да бар еді. Осы күнге шейін ауылнай, волосной 
екі  класты  бастауыш  мектептерде  қазақ  əліппесімен  қазақша 
басталып оқылғаны еш жерде естілмейді. Себебі не? Правила 
бойынша қазақ тілі мен қазақ əрпінен бастап оқыт деген отырған 
балалардың  ата-анасы  жоқ.  Халықтың  өз  тілімен,  өз  əрпімен 
оқығанын  əкімдер  жақтырмайтын  болған  соң,  учительдер 
өз  беттерімен  ана  тілімен,  ұлт  əрпінен  бастап  оқытамыз  дей 
қоймайды.  Сөйтіп,  правила  қағаз  жүзінде  бар  болса  да,  іс 
жүзінде  жоқ.  Бұл  айтылғанның  бəрі  де  хүкімет  өз  пайдасын 
көздегендіктен  істеліп  тұрған  істер.  Бастауыш  мектептер 
жалғыз  хүкімет  пайдасы  үшін  болмай,  халық  пайдасы  үшін 
де боларға керек. Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бəрі 
бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, əр халыққа керегі өз діні, 

314
тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң, бастауыш мектеп, əуелі, 
миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни 
қазақтың  діні,  тілі,  жазуы  сұмдық  пікір,  суық  қолдан  тыныш 
боларға керек. Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты 
басқа  дінге  аударамын  деу  құр  əурешілік.  Қазақты  дінінен 
айыруға  болмаса,  жазуынан  да  айыру  болмайтын  жұмыс. 
Араб əрпі ислам дінімен бірге келіп, қазаққа орнаған. Дінмен 
байласқан  жазу  дін  жоғалмай,  жоғалмайды.  Қазақта  газета, 
журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газета, журналы 
шығып, кітаптары басылып, жылдан-жылға ілгері басып келе 
жатқанда, қазақ тілі жоғалмас. 
Олай  болса,  мектеп  арқылы  қазақтың  дінін,  тілін,  жазуын 
жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден хүкімет безіп, 
тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да зиянсыз, пайдалы болуын 
көздеу  [керек].  Солай  ойлағанда,  көңілге  ұнамды  мектептің 
түрі, біздің ойымызша, мынау: Бастауыш мектептер оқуы қазақ 
үшін 5 жылдық боларға [тиіс]. Əуелгі үш жылда балалар кілең 
қазақша оқу [керек]. Соңғы екі жылда кілең орысша оқу [керек]. 
Мұжық жөнімен қала болған қазақтар бар, қазақ ретімен қала 
болатын қазақтар да болар. Қыстаулары жиын қазақтар да бар, 
қыстаулары сирек қазақтар да бар. Солардың бəріне бастауыш 
мектеп қолайлы болуға тиіс. Бəрінің де оқиын деген балалары, 
мектеп  жағынан  қолайсыздық  болып,  оқи  алмай  қалатын 
болмасқа тиіс. Сондықтан, əуелі, қазақ бастауыш мектебі екіге 
бөлінерге:  Келіп  оқитын,  жатып  оқитын  мектептер.  Келіп 
оқитын мектептер қала болған, яғни қыстауы жиын жерлерде 
болу,  жатып  оқитын  мектептер  əлі  сирек  отырған  жерлерде 
болу [керек]. 
Екінші,  қыр  мектебі  һəм  қала  мектебі  болып  бөлінерге. 
Қыр  мектебі – ауыл  мектебі,  волос  мектебі  болып,  о  да  екіге 
бөлінерге,  ауыл  мектебінде  кілең  қазақ  тілінен  оқылатын  үш 
жыл  оқу  оқыларға,  қалғаны  кілең  орысша  оқылатын  екі  жыл 
волос  мектебінде  оқыларға  [тиіс].  Волос  мектебіне  ауыл 
мектебінде бітіргендер алынарға [тиіс]. Қала мектебі қаланың 
үлкендігіне қарай үш жылдық, бес жылдық оқулы боларға [тиіс]. 
Жатып оқитын ауыл мектебі мен волос мектептеріне келіп оқи 
алмайтын  балаларды  ғана  жатып  оқитын  есепке  алуға  [тиіс]. 

315
Бастауыш  мектепте  кілең  қазақ  тілінде  үйретілетін  нəрселер: 
оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа-кəсіп, 
жаратылыс  жайы.  Бастауыш  мектептің  кілең  орысша  оқитын 
екі  жылында  үйретілетін  білім  гимназияның  яки  реальный 
мектептердің төменгі кластарына кірерлік болу тиіс. Бастауыш 
мектептер осындай болса, бұлардан əрі мұсылманша я орысша 
оқыту  үшін  қазақ  балаларының  бастауыш  мектепте  үйренген 
білімі негіз болуға жарайды. 
«Қазақ» газетасы, 1914 ж., 9 май, № 61.
МЕКТЕП КЕРЕКТЕРІ
Өткен нөмірде қазаққа қандай бастауыш мектептер керегін 
жазып  едік,  енді  ол  мектептерге  не  керек,  сол  жайынан  жаз-
бақшымыз. 
Қазақ балаларын ана тілінде төте жолмен, қолайлы құрал-
дармен  оқыту  жайын  жақсы  білетін  мұғалімдер  үш  жыл 
оқытқанда бірталай білім үйретуге болады. Ана тілінде жазылған 
кітаптар, газеталар, журналдар о ғайри ана тіліндегі жазу-сызу 
бастауыш  мектептен  шыққандардың  мүлкінде  болады,  яғни 
солардың  бəрінен  де  пайдалануға  қолынан  келетін  болады. 
Біздің  қазіргі  ел  ішіндегі  мектептерімізде  жоғарғы  айтылған 
шарттардың біреуі-ақ бар, ол бар дегеніміз – ана тілімен оқыту. 
Басқа  шарттары  орнына  келмеген  соң,  үйренерлік  білімнің 
көбін білмей, балалар азын ғана біліп шығады. Бізде қазірінде 
төте  оқу  жолымен  оқыта  білетін  педагогика,  методикадан 
хабардар  мұғалімдеріміз  жоқ  қасында.  Бастауыш  мектепке 
керек құралдарымыз сайлы емес. Кесіп пішкен программа жоқ. 
Сондықтан  қазаққа  қандай  мектеп  керектігін  сөйлегенде,  ол 
мектепке не керек екендігін де айту тиіс. 
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қанадай болса, мектебі 
һəм  сондай  болмақшы,  Яғни  мұғалім  білімді  болса,  білген 
білімін  басқаға  үйрете  білетін  болса,  ол  мектептен  балалар 
көбірек  білім  біліп  шықпақшы.  Солай  болған  соң,  ең  əуелі 
мектепке  керегі – білімді,  педагогика,  методикадан  хабардар, 
оқыта  білетін  мұғалім.  Екінші,  оқыту  ісіне  керек  құралдар 

316
қолайлы һəм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді һəм құрал 
қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Істің толық жақсы 
болуына,  құралдар  сайлы  һəм  жақсы  болуы  шарт.  Үшінші, 
мектепке  керегі  белгіленген  программа,  Əр  іс  көңілдегідей 
болып шығу үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуі боларға керек. 
Үлгісіз  я  мерзімді  өлшеусіз  істелген  іс  лопы-солпы,  я  артық, 
я  кем  шықпақшы.  Керексіз  нəрселерді  үйретіп,  балалардың 
өмірін  босқа  өткізбек  үшін,  үйретерге  тиісті  білімді  кем 
үйретпес үшін, балалардың күші жетпейтін өте алысқа сүйреп 
кетпес үшін, бастауыш мектепке үйрететін нəрселердің кесімі-
пішімі болуға тиіс. Сол пішім программа деп аталады. 
Өткен  нөмірде  біз  айтып  өттік,  қазақ  үшін  ашылған  орыс 
школаларының мұғалімдері, оқу құралдары сайлы деп. Біздің 
ана тілімізде оқылатын мектептеріміздің құралдары, мұғалімі 
сондай сайлы болуға тиіс. Сонда мектеп программасын үлгеріп, 
орнына  келтіре  алады.  Мектепке  керек  нəрсенің  бəрі  сайлы 
болмаса да мектеп ақсайды, программа бойынша үстіне артқан 
жүкті  дұрыс  алып  жүріп,  мерзімді  жеріне  мезгілінде  жеткізе 
алмайды. Сондықтан мектеп керек болса, мектепке нəрселері 
де сайлы болуы керек. 
Мұғалім сайлы болу үшін, мұғалімге керек білімді үйрететін 
орыннан оқып шығарға тиіс. Ондай орын қазақ түгіл, қазақтың 
бұрынырақ қимылдап жатқан ноғай бауырларымызда да жоқ.
Қазақтардың  өздері  дарилмұғаллимат  (педучилище – ред.
ашып,  мұғалімдерін  сонан  оқытып  шығаратын  заман  алыс 
жатыр.  Қолдан  келмейтіндерін  қоя  тұрып,  қолдан  келерлігін 
дұрыстау тиіс. Орыс мұғалімдік школаларынан шығып, учитель
болып  жүрген  қазақ  жастары  бар,  мұсылман  медреселерінен 
оқып,  мұғалім  болып  жүрген  қазақ  жастары  бар.  Осылардың 
екеуі де толық мұғалімдікке жарайды, егерде бұлардың біреу-
лері  мұсылманша  хат  білу  жағынан,  екіншілері  педагогика, 
методика жағынан кем соқпаса. 
Осы  күнгі  орысша  оқығандардың  көбі  мұсылманша  хат
білмейді,  мұсылманша  оқығандардың  көбі  педагогика,  мето-
дикадан хабардар емес. Қазақтан тəуірірек школ һəм медресе 
бітіргендер аз. Ол аздың үстіне орысша оқып, мұсылманша да 
білетіндері  аз.  Мұсылманша  оқып,  педагогика  білетіндері  аз. 

317
Жұртқа  тəртіпті  мектеп  керек.  Мектепке  сайлы  мұғалімдер 
керек.  Мектептерге  мұғалім  боларлығымыз  жоғарыда  айтыл-
ған  екі  түрлі  жастарымыз.  Олардың  сайлы  мұғалім  болуына 
жетіспей тұрған жерін бітегене жетістіру ғана қажет. Орысша 
оқығандардың  мұсылманша  хат  білуіне  бір-екі-ақ  ай  үйрену 
қажет, мұсылманша оқығандар педагогиканы дұрыстап үйрен-
бегенменен методиканы біліп, жаңа усулдармен танысуына оған 
да бір-екі ай үйрену керек. Бұл бір-екі ай үйрену қайсысына да 
болса, қолдан келмейтін іс емес.
Мұғалімнен соңғы сайлы болуға тиісті нəрсе оқу құралдары. 
Оқуға керек қалам, қағаз, қара сия, сауыт, отыруға керек нəрселер 
пұлға табылатын заттар. Қазірінде пұлға табылмайтын: қазақ 
мектебінде қазақ тілінде оқытуға керек кітаптар. Өткен нөмірде 
қазақ бастауыш мектебінде үйретілетін білімдер мынау дедік: 
оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кəсіп, жағрафия, 
жаратылыс  жайы.  Осыларды  үйретуге  керек  кітаптар  қазақ 
тілінде жоқ. Міне, қазір іздесек ақшаға табылмайтын құралдар 
осы.  Осыларды  дүнияға  шығару  керек.  Біз  бұларды  уақыт 
жетуінше қолға алып істеп жатырмыз. Бірақ, бір жағынан, басқа 
жұмыспен байланулы болғандықтан, бір жағынан, басы ашық 
мəтбуғамыз  болмағандықтан,  тез  үлгеріп  бола  алмай  жатыр. 
Шыға  бастағандарына  өкпесі  бар  кейбіреулер  сын  таққан 
болып жатыр. Сынағанда біреулері тіпті қолына алып қарамай, 
екіншілері  қараса  да  танымай  сынап  жатқан  көрінеді.  Əркім 
сынау керек өзінің жақсы білетін нəрсесін. Білмейтін нəрсені 
сынаймын  деп,  құр  өзінің  білмегендігін  көрсетеді.  Біреудің 
бір  нəрсенің  білетін,  білмейтіндігі  істегенде  ісінен  көрінеді. 
«Айқап»  журналында  «Оқу  құралы»  есімді  қазақ  əліппесіне 
сын  тағып  отырғандар  жаңа  усулдарды  білмейтін  адамдар. 
Ол əліппе жазылған жаңа усулдардың ең жақссы – усул сотие 
жолымен. Оқу кітаптары жазылады оқыта білетін, усулдармен 
таныс мұғалімдер үшін. Машина һəм басқа құралдар жасалады 
сол машина құралдардың тетігін біліп пайдаланатын адамдар 
үшін.  Жұмсауын  білмей  кінə  қою  көзілдірікке  кінə  қойған 
маймыл  сияқты  болады  я  аузы  қисық  бола  тұрып  айнаға 
өкпелеген  сияқты  болады.  біз  оқу  құралдарының  подретін 
алып  істеп  жатқанымыз  жоқ.  Біздікі  жаман  болса,  жақсысын 
шығарыңдар. Жақсы шықса, жаман қалатын.

318
Бұл оқыту жайының таласы ақыретте не болады деп таласу 
емес,  қазақ  жерді  олай  я  бұлай  алса,  түбінде  пəлен  болады 
деп  таласу  емес.  Олар  алдағы  нəрселер.  Оқыту  жайын  кім 
жақсы, кім жаман білетіндігін көзге көрсетуге болатын нəрсе 
–  педагогика,  методикаларды  кəміл  білетін  адамдардың 
алдында  əліппе  шығарушы  һəм  сын  тағушы,  екі  жағы  сынға 
түссін, тұтынған усулы бойынша балаларға сабақ беріп көрсін. 
Таласпайтын орында талассын, ауыз ауыртпай соны істеу керек. 
Əйтпесе, біліп сын таққанымды, білмей сын таққанымды жұрт 
қайдан білсін деп мінеу – жұрттың бəрі жақсы мен жаманды 
айырмайтын ақмақ деп ойлаған болады ғой. Бұ жағын «Айқап» 
ойлап я ойламай орын беретініне түсініп жете алмаймыз.
Петербургта оыс күні болып жатқан кеңесте рухани істермен 
қатар  мектеп  мəселелері  де  қаралып  жатыр,  соңыра  Думада 
да  солай  қаралмақшы.  Ана  тілімен  оқытамыз  деген  пікір – 
кіли  орыстан  тегі  басқа,  тілі  басқа  жұрттың  бəрі  қуаттайтын 
пікір.  Ана  тілімен  оқу  бізге  де  керек  екендігінде  еш  талас 
болмасқа  керек.  Назаров  кеңесінде  қазақта  ана  тілімен  оқуға 
оқу  кітаптары  жоқ  деп,  бірден  орысша  оқытуды  қуаттаушы 
чиновниктер  болған.  сондай  сөздер  болмас  үшін  ана  тілінде 
оқытатын  кітаптарымыз  бар  деп  айтуға  жарарлық  болуымыз 
тиіс.
«Қазақ» газетасы, 1914 жыл, 17 май, № 62.

319

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет