ЖАЗУ, ЕМЛЕ, ТЕРМИНОЛОГИЯ МƏСЕЛЕЛЕРІ
«Жазу тəртібі» мақаласы 1912 жылы «Айқаптың» 4, 5-
нөмірлерінде жарық көрген. Мақала оқу-ағарту мəселесіне ар-
налып, қазақ балаларын қай тілде оқыту керек деген мəселені
талқылай отырып, А.Байтұрсынұлы араб əріптерінің қазақ
сөздеріндегі дыбыстарға жетіспейтіндігі жөнінде айтады. Да-
уысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшіліктеріне тоқталған.
Əдіскер-ұстаз «тəртіпті жазу» деп «тілдегі бар дыбыстың бас-
басына арнаған белгісі (харпі) бар болуы керектігін айтады».
340
Жəне араб əріптерінің қазақ дыбыстарына жеткізу амалын
қарастырады да оның жолын былай: «Дауысты дыбыстарға
дауыссыз дыбыстар бағынбақшы. Иағни, дауысты дыбыстар
жуан айтылса – олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар
жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса –
дауыссыз дыбыстар жіңішке айтылмақшы» дейді де олардың
жуан, жіңішкелігін «дəйекше белгі» арқылы ажырату керек-
тігін айтады. Бұл мақаланың толық мəтіні Тіл тағылымына
(Б.380-385) енген. Тіл тағылымы жинағына алғаш рет қазіргі
əріпке түсіріліп, берілген бұл мақала ішіндегі төте жазудағы
əріптер үлкен қиындық туғызғаны анық. Өйткені, біздің сол
тұстағы баспадағы жазу машиналарында араб əріптері жоқтың
қасы. Жинақ ішіндегі төте жазудағы əріптер мен сөздер, сөз
тіркестері, кейбір мəтіндер суретке түсіру арқылы дайында-
лып, басылған. Мұның өзіндік артықшылықтары мен кемшін
тұстары да жетерлік. Артықшылығы: сол тұстағы жазудың
саф қалпында сақталуы, кемшін тұстары: түпнұсқаларды
күтіп, сақтау мерзімінің соншалықты ұзақтығына байланысты
жазулардың өше бастауы. Араб жазуы негізінде түзілген бұл
əріптердегі əрбір ноқат не дəйекшенің атқарар мəні бар. Тіл
тағылымы жинағын құрастырып, бастырушылардың қаншама
жауапты іске тəуекел жасауының өзі үлкен еңбек. Осында кез-
десетін «һəм, харіф, харіфлер, таяқ, я, хасыл, аяғы, фарсы»
деген сөздердегі асты сызылған əріптердің А.Байтұрсынұлы
емлесінде жоқ екенін ескерген жөн. Мақаладағы «русша»
сөзінің «орысша» екені белгілі, дегенменен сол тұста қазақ
арасына үлкен саясатпен кіргізілген орысша оқу «русский»
сөзі, дыбысталуына қарай «русша» аталымын иеленген. Ғалым
«дəйекшеге» знак предупреждающий деп түсінік-балама бе-
реді.
«Шақзаман мырзаға» мақаласы 1912 жылы «Айқап»
журналының 9-санында (Б.212-214), 10-санында (Б.229-233),
11-санында (Б.251-254) жарияланған. Жауап хат Ш.Жияшевтің
1912 жылы «Бірге қозғалайық» (Айқаптың 6-нөмірі, Б.138-
140., 7-нөмірі, Б.157-160) мақаласына орай А.Байтұрсынұлы өз
ойын білдірген. Жияшев қазақ тілінде шыққан кітаптар жайы-
на тоқтала отырып, «Жазу тəртібі» мақаласына сын жазған. Бұл
341
сынның негізсіз, бұрыс екеніне тоқтала отырып, «Оқу құралын
сайлау оңай емес, сіз болып, біз болып өнерімізді осыған
жұмсап, осы істі айақтандыралық. 28 қəріппен жазу жазып, бір-
бірімізді түсініп жүрміз ғой деген сөз қазақтың балаңды оқыт
дегенде «оқымай да өлмей күн көріп жүрміз ғой» деп айтатын
жауабы сықылды» деп өзінің əліпби түзгендегі, түрлегендегі
мақсатын былай: «Тариқтың да негізгі мағынасы жақсыдан
жақсыны іздеу емес пе?! Ауырды жеңітіп, қиынды оңайлату
емес пе? Жазу түзету бірімізге емес, бəрімізге керек нəрсе ғой»
деп қорытады. Бұл мақала толық мəтіні Тіл тағылымы (Б.387-
395), «Айқап» энциклопедиясына (Б123-126) енген. Бірінші
жинақта Шаһзаман болса, екіншісінде Шахзаман деп беріл-
ген. Асты сызылған қос əріптің де қазіргі қазақ əліпбиіне кейін
қосылғанын, ал Ақаңның əліп-биінде болмағанын ескертеміз.
«Жазу мəселесі» мақаласы 1913 жылы «Қазақтың» 34,
35-нөмірлерінде жарияланған. Мұнда əліпбиге байланыс-
ты пікір таласу, яғни Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған əліпбиді
жақтаушылар мен жақтамаушылар арасындағы даулы əңгіме.
Ғ.Муси деген мырзаның қос дауыстыларға берілген ноқатпен
келіспеуі оның дұрыс түсінбеуінен «у» мен «ұ»-ны, «ү»-
ні; «ы» мен «і»-ні; «о» мен «ө»-ні бір-бірінен ажырату үшін
оларға берілген таңбаны «дəйекше», «үтірлермен» сүйеу
арқылы дыбысталуындағы ерекшеліктерді айыру оқушыға ке-
рек екенін дəлелдейді. Қазақ пен ноғай арасындағы дыбыстың
айтылу ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, өз ойының дұр-
ыстығын, түзулігін нақты деректермен түсіндірген. Мақала
мəтіні Тіл тағылымына (Б.385-387) енген. Мұнда да жоғарыда
айтылғандай қазіргі əріпке түсіруде «аяқ, яки, һəм, харіф» сын-
ды сөздер бүгінгі емлемен түзетілген.
«Қазақша сөз жазушыларға» мақаласы 1913 жылы
«Шора» журналы 4-санының 110-113-беттерінде басылды.
А.Байтұрсынұлы қалам ұстаған, қазақ оқығандарына өзінің
тіл туралы, оның шығу тарихы туралы танымын ортаға са-
лады. «Біздің түрік тілі əуелде бір тіл болып, сонан соң ел
бұтақтап, өскенде, тіл де бұтақтаған. Түбірі бір болса да,
түрі басқаланып түрік тілі арасына тарау-тарау жік түскен.
Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел бол-
342
са, сонша тарау тілінде басқалық бар. Тілдің басқалануына
себеп болған – əр түрлі бөтен жұрттармен сыбайлас бо-
лып араласқандықтан» деп шұбарлана бастаған қазақ тілінің
өткенін, бүгінін, келешегін сөз етеді. Осылай тіл табиғатына
қарай емлені ыңғайлау керек пе, əлде, емле түріне қарай тіл-
ді ыңғайлау керек пе дейді де өз ойын: «Емле – жазу үшін
шығарған нəрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес,
емлені тілге ыңғайлай керек» деп қорытады. Бұл мақаланың
мəтіні Тіл тағылымы (Б.395-399), Қазақ прозасына (Б.465-467)
енген. «Я, хилаф, хомуми, һəм, Хасан əфенді, харіп, мухаррар»
сөздері бүгінгі емлемен түзетілген.
«Байтұрсынұлы Ақыметтің араб əліп-биін жақтаған
байандамасы Қызылордада 1927 жылы жарық көрген «Əліп-
пе айтысы» атты кітапта жарияланған. Бұл ғылыми мақаланың
толық мəтіні Тіл тағылымы (Б.399-410), Ақ жол (Б.325-325)
жинағына енген. Тіл тағылымында тақырып бүгінге емлемен
«Байтұрсынұлы Ахметтің араб əліп-биін жақтаған баяндамасы»
деп түзетілсе, Ақ жолда «Араб əліппесін жақтаған баяндамасы»
болып қысқартылып, ықшамдалған. Бірінші жинақта: «баяндама
- байандама, хат - қат, халық - қалық, баспахана – баспақана»
болып əрқалай жазылған. Дұрысы екінші нұсқа: «Цифр, Уфа,
Венеция, Европа, Америка, италияндар, француз, стенограф,
матрица» сынды сөздер түзітілген. Ол уақыттың емлесі бойын-
ша олар: «сипыр, Упа, Уенесіиа, Еуропа, Амеріике, иіталіиандар,
піранстуз, істенагырап, матритса». Ал «сияқты, таяу, баяғы,
қиял, жию, сыяды» деген сөздер түпнұсқа бойынша «сыйақты,
тайау, байағы, қиіал, жиіу, сыйады» болып жазылған. Осындай
түзетулер екінші жинақта да кездеседі.
«Түрікшелер құрылтайы» 1926 жылы «Жаңа мектеп»
журналының 7-8-нөмірінде басылған. Бұл мақаланың мəтіні
Тіл тағылымы (Б.411-416) жинағына енген. Журналдың төте
жазумен шығарылғанын ескерсек, кейінгі басылым мəтіндегі
кездесетін мына сөздер: «Февраль, француз, программа, про-
фессор, Стамбул сонымен қатар адамдардың аты-жөндері:
«Бартольд, Щерба, Самойлович, Менсель, Ольденбург, Павло-
вич» тағы басқа да «баяндамашы, қарпы» сынды атау сөздер
қазіргі емлеге түсіріліп, түзетілген.
343
ОҚУ-АҒАРТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
«Оқу жайы» мақаласы 1913 жылы «Қазақ» газетінің 11-
нөмірінде басылған. Оқу-ағарту мəселесі, Қостанай облысы
мен Торғай облысы халқының саны, оқушылары, мектептері
жайында мəліметтер берілген. Бұл мақала Ақ жол (Б.226-228),
Тіл тағылымы (Б.428-430), Қазақ прозасына (Б.465-467) енген.
Жинақтардағы мəтіндер бір-бірімен салыстырылды. «Дүния -
дүниа, Бұхар - Бұқар, халық - қалық, хүкімет - күкімет, шаһар
- шақар, һəм - əм, хат - қат, цифр - сипыр» сөздері өзгертілген,
түпнұсқадағы жазылу қалпын қатар бердік. Өзге тілден «ин-
ститут, университет» халықаралық атау сөздер енген, бұл
атаулардың сол тұстағы емле бойынша жазылуы «иіністетіут,
уініберсіитет».
«Қазақша оқу жайынан» мақаласы 1913 жылы «Қазақ-
тың» 14-нөмірінде жарық көрген. Мұнда еліміздегі оқу-
ағарту ісі мен оқу құралдарының өзекті мəселесі айтылған.
Бұл мақаланың мəтіні Ақ жол (Б.252-253), Тіл тағылымы
(Б.432-434), Қазақ прозасына (Б.497-499) енген. Салыстыру
барысында мəтінде айырмашылықтар байқалмады. Тек «пы-
рогырам - програм, иə - я, əм - һəм, қойа - қоя, дүніиа - дүния,
содіиа - содия, Ғалиіа - Ғалия, Құсіиниа - Хұсиния, қат – хат»
болып түзетілген.
«Орысша оқушылар» мақаласы 1913 жылы «Қазақтың»
26-санында жарық көрген. Орынбордағы «Қазақ мұғалімдер
мектебінде» оқитындар туралы деректер берген. Бұл мақала Ақ
жол (Б.259-260), Тіл тағылымы (Б.430-432 ), Маса (Б.186-189)
Қазақ прозасына (Б.507-509) енген. «Қазақ мұғалімдер мек-
тебіне» деген тіркес сол тұста «Киргизский учительский шко-
ла» деп орыс мəтінде берілсе, төте жазуда «қырғыз – қазақ» деп
жазылады. «Семинария, городской, киргизский, учительский,
школа, стипендия, переводчик» сынды сөздер бүгінгі емлеге
сай түзетілген нұсқасы берілген.
«Бастауыш мектеп» мақаласы «Қазақ» газетінің 1914
жылғы 61-санында жарық көрген. Мақала бастауыш мектеп-
ке қойылатын талаптар туралы жазылған. Бастауыш мектепте
білім беруді дұрыс жолға қою нəтижесінде білім беру негізі
344
қаланатынын А.Байтұрсынұлы іс жүзінде басынан атқарған
жан. Бұл мақала Ақ жол (Б.226-228), Тіл тағылымы (Б.435-
438), Жаңа низам (Б.55-59), Маса (Б.197-201), Қазақ прозасына
(Б516-519) енген. «Хат, халық, харпі, хакім, хал, хүкімет, я,
яғни, Һəм, жағрафия, чуваш» сынды түзетілген сөздер тізбе-
гі көптеп кездеседі. «Россия, июнь, ноябрь, волостной, школа,
учитель, писарь, фельдшер, адвокат, судья, инженер, агроном,
правила, округ, инспектор, попечитель, министр, миссионер,
политика» т.б. да өзге тілден енген сөздер мəтін ішінде жет-
кілікті. Бұл сөздердің «Ресей, иіун, нойабір, болостной, ышкола,
ушитіл, пиісар, пелідшер, адыуокат, судіиа, інжінер, агыраном,
пырауила, окірүук, ініспектыр, попешіитель міністір, мисіи-
онер, поліитика» деп қазақша қалыпқа түсуі заңды, өйткені
қазақ тілінің дыбысталу табиғатына орайластырылған.
«Мектеп керектері» мақаласы 1914 «Қазақ» газетінің 62-
санында жарық көрді. Мұнда бастауыш мектептерде ана тілін-
де оқыту мəселесі көтерілген. Оқытушыларды дайындау жəне
оқыту əдістемесі туралы жазған.
Бұл мақаланың мəтіні Ақ жол (269-271 б/б.), Тіл тағылымы
(438-440 б/б.) мен Қазақ прозасына (520-522 б/б.) енген. Педо-
гогика, методика, программа, машина,
Мəтінді салыстыруда мысалы, Тіл тағылымындағы:«Ана
тілімен оқытамыз деген пікір – кіли орыстан басқа, тілі басқа
жұрттың бəрі қуаттайтын пікір» (440) деген сөйлемдегі
асты сызылған сөз Ақжолда «кім» (271) болып қате беріл-
ген. Жалпы айырмашылық жоқ, жоғарыдағыдай бірлі-жарым
сөздер кездесіп қалады.
«Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу ке-
рек?». 1923 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 14-са-
нында басылған. Мұнда қазақ ауылдарында оқуды жаңа
талаптардың негізінде қалай ұйымдастыру керек екендігін
баяндалған. Школ, расход, губисполком, интернат, общежи-
тие, кооператив сынды орыс сөздерін сол қалпында қолданған.
Ол тұстағы қолданыста бұл сөздердің кейбірі дыбысталу ере-
кшеліктеріне қарай мысалы, Школ - ышкол, расход - ырасқод,
губисполком - гүбіспалком, интернат - інтірнат, общежитие
- обшийжитіе, кооператив - кəператсийе болып жазылған.
345
Жоғарыдағы бүгінгі емлеге түсірілген нұсқалары. Бұл мақала
Ақ жол (Б.226-228), Жаңа низам (Б.24-27), Қазақ прозасына
(Б.465-467) енген. Үш жинаққа енген бұл мəтіндердің арасын-
да айырмашылық жоқ. Бірін-бірі сол қалпында қайталап оты-
рады.
346
ҚОСЫМША
Анықтамалық көрсеткіш (Əліпби бойынша)
І. Ғалымның жарық көрген еңбектері:
1. Əдебиет танытқыш əдебиеттануға кіріспе. Қызыл-Орда,
1926.-286 б.; Ташкент, 1926.-286 б. – 2 рет;
2. Əліпби. Жаңа құрал. Қызыл-Орда, 1926.-116 б.; Қ-О/ Таш-
кент, 1927.-116 б.; Қ-О, 1928.-116 б. – 3 рет;
3. Əліппе – астары. Əліппеге жетекші құрал. Орынбор, 1924.-
26 б. – 1 рет;
4. Байаншы. Əдістемелік құрал. Қазан, 1920.-15 б.– 1 рет;
5. Ер Сайын. Мəскеу, 1923.-95 б.– 1 рет;
6. Жиырма үш жоқтау. Мəскеу, 1926.-155 б. – 1 рет;
7. Қырық мысал. Крылов мысалдарының аудармалар жинағы.
Санк-Петербор, 1909.-116 б.; Қазан, 1913.-96 б., Орын-
бор,1922.-96 б. – 3 рет;
8. Маса. Өлеңдер жəне аудармалар жинағы. Орынбор, 1911.-
46 б.; Қазан, 1914.-94 б.; 1922.-95 б., Қолжазба. (Шыққан
жылы белгісіз) – 3 рет;
9. Мəдениет тарихы. Қызыл-Орда, 1923.-беті белгісіз. (Та-
былмады. 1923-ші жылы басылғандығы туралы М.Əуезов-
тың мəліметі бар, 1929-шы жылы түрмеден жазған
мəлімдемесінде өзі айтады).
10. Оқу құралы. Бірінші кітап: Үлкендер үшін. Семей, 1921.-
30 б. – 1 рет;
11. Оқу құралы. Бірінші кітап: Балаларға арналған əліппе.
Орынбор, 1912.-40 б.; О., 1913.-40 б.; О., 1914.-96 б.; О.,
1916.-98 б.; О., 1921.-90 б.; О., 1922.-70 б.; Ташкент, 1922.-
95 б.; О., 1923.-126 б.; О., 1925.-72 б.– 9 рет;
12. Оқу құралы. Екінші кітап: Алифбаға жалғасты. Орынбор,
1913.-54 б.; Қазан, 1913.-52 б.; О., 1923.-73 б.; О., 1924.-72
б. – 4 рет;
13. Оқу құралы. Усул сотие жолымен, қазақша əліпбиге байан-
шы. Қазан, 1913.-15 б.; Ташкент, 1921.-14 б. – 2 рет;
347
14. Оқу құралы. Хрестоматия (Т.Шонанұлымен бірге, Қызыл-
Орда, 1926.-412 б., Қ-О, 1927.-412 б.– 2 рет;
15. Практическая грамматика. 2-ое стреотипное издание. Вто-
рое книга. – Кзыл-Орда, 1929.
16. Сауат ашқыш. Ересектерге арналған əліппе. Орынбор,
1924.-114 б.; Семей, 1926.-83 б.– 2 рет;
17. Тіл – жұмсар. 1-бөлім: Практикалық грамматика. Қызыл-
Орда, 1928.-46 б. – 1 рет;
18. Тіл – жұмсар. 2-бөлімі: Практикалық грамматика. Қызыл-
Орда, 1929.-90 б. – 1 рет.
19. Тіл – құрал. 1-нші жылдық: Грамматика (Дыбыс жүйесі
мен түрлері). Орынбор, 1914.-53 б.; Ташкент, 1918.-32 б.;
Т., 1922.-90 б; О., 1924.-48 б.; Қызыл-Орда, 1925.-39 б.; Се-
мей, 1927.-38 б.; Қ-О, 1927.-39 б.– 7 рет;
20. Тіл – құрал. 2-нші жылдық: Этимология (Сөздің жүйесі мен
түрлері). Орынбор, 1914.-120 б.; Ташкент, 1920.-96.; Қазан,
1920.-104 б.; Т., 1922.-96 б.; О., 1923.-128 б.; О., 1924.-128
б.; Қызыл-Орда, 1925.-122 б.; Қ-О., 1927.-122 б.– 8 рет;
21. Тіл – құрал. 3-нші жылдық: Синтаксис (Сөйлем жүйесі
мен түрлері). Орынбор, 1923.-68 б.; О., 1924. 67 б.; Қызыл-
Орда, 1925.-73 б.; Қ-О., 1926.-73 б.; Қ-О., 1927.-73 б.; Қ-О.,
1928.-72 б.– 6 рет;
22. Уголовный кодекс РСФСР. (Табылмады. Баспаға 1921-ші
жылы дайындалып, өндіріске жіберілгені туралы мұрағат-
тық мəлімет бар).
23. Шаруашылық өзгеріс./Қолжазба/. Əңгіме №4., Жылы
белгісіз, беті белгісіз. (Мəлімет Қазақстан Республикасы
Ұлттық кітапхананың Сирек кітаптар қорынан алынды).
ІІ. Ғалымның мақұлдауымен жарық көрген кітаптар:
1. Аға тұлпар: Қаһарман аға Ғұмар Қарашұлы. Өлеңдер
жинағы. (Бастырған: Байтұрсынұлы А). – Орынбор: Дин
ва магишат, 1914.-76 б.
2. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сійезі. Орынбор, 1925.-
118 б.; – Астана: ІС-Сервис, 2005, (Емле жөнінде сөйлеген
сөзі, алфавит жөнінде жасаған байандамасы. Б. 27-31, 44;
348
47-48, 49; 53-55; Əлібби тақырыпты Ақыметтің байанда-
масы. Б. 72-82).
3. Орысша-қазақша əскерлік атаулары. Қызылорда, 1926.
(Қазақ білім кемесиесінің төрағасы А.Байтұрсынұлы бекіт-
кен). – Алматы: Атамұра, 2005.-136 б.
4. Өтетілеуов Б. Жиған-терген. Өлеңдер. (Бастырған: Байтұр-
сынұлы А). – Орынбор: Каримов, Хусаинов уə ширкəсінің
матбуғасы, 1914.-60 б.
ІІІ.Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары:
1. 1924
жылы қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде емле
жөнінде сөйлеген сөзі // Қазақ білімпаздарының тұңғыш
сиезі. Орынбор, 1925.-118 б., Б. 27-31, 44; 47-48, 49; 53-55;
71-72.
2. Аз уақытта көп білу жолының басы (Қол қ.: А.Б.Б.) //
«Айқап» №4, Б. 82-83, 1911.
3. Алаш азаматтарына (М.Дулатвпен бірге) // «Қазақ» №233,
11 маусым 1917.
4. Алаш азаматтарына (М.Дулатовпен бірге) // «Қазақ» №42,
15 желтоқсан 1913.
5. Алаш азаматтарына! Мұсылман фракциясына Петроград
хаты. (Əлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ» №192,
11 тамыз 1916.
6. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №244, 5 қазан 1917.
7. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №250, 14 қараша 1917.
8. «Алаш» партиясы // «Қазақ» №253, 2 желтоқсан 1917.
9. «Алаш» партиясы проғырамасының жобасы // «Қазақ»
№251, 21 қараша 1917.
10. Алашқа (Қол қ.: Ахмет, Міржақып, Қыр баласы) // «Қазақ»
№78, 16 қыркүйек 1914.
11. Алты миллион қазаққа алты ат // «Қызыл Қазақстан» №14,
Б. 12-13, ақпан 1923.
12. Ана тілінің əдісі // «Жаңа мектеп» № 9, Б. 23-31, 1927.
13. «Аңдаспаған мəселе» турасында (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ»
№48, 31 қаңтар 1914.
14. Араб əліп-биін жақтаған байандамасы [А.Байтұрсынұлы]
// Əліппе айтысы. Б. 16-29., – Қызылорда, 1927.
349
15. Ауқатты Алаш азаматтарына // «Қазақ» №151, 30 қыркүйек
1915.
16. Ауру жайынан. //«Қазақ» №27, 25 тамыз 1913.
17. Б.Л.Бурцев //«Қазақ», 1915.
18. Бас қосу турасынан // «Қазақ» №42, 15 желтоқсан 1913.
19. Бас қосу турасында // «Қазақ» № 8, 1913.
20. Бас қосу турасында // «Қазақ» №18, 16 маусым 1913.
21. Бас қосуға рұқсат берілмеді // «Қазақ» №35, 24 қазан
1913.
22. Бастауыш мектеп // «Айқап» №6, 1911.
23. Бастауыш мектеп // «Қазақ» № 61, 9 мамыр 1914.
24. Баулу мектебі // «Жаңа мектеп» №1, Б. 22-27, 1925.
25. Бес мың десетина жер // «Қазақ» №6, 1913.
26. Білім жарысы // «Қазақ» №16, 31 мамыр 1913.
27. Білім жарысы хақында //«Қазақ», 1913.
28. Бостандық қарызы (Əлихан, Міржақыптармен бірге) //
«Қазақ» №227, 26 сəуір 1917.
29. Бұ заманның соғысы (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №73, 8 тамыз
1914.
30. Бұ заманның соғысы // «Қазақ», 1917.
31. Бұ қалай? // «Қазақ» № 91, 13 қаңтар 1915.
32. Выступление к открытию «Дома печати» в Оренбурге 24
сентября 1922 года // Степная правда, 26 сентября 1922.
33. Выступления в прениях: Об орфографии // Первый все-
союзный тюркологический съезд. Общество Обследова-
ния и Изучения Азербайджана, (стенографический отчет).
– Баку, Б. 167-168; 286-289, 26 марта 1926.
34. Газетімізге штраф // «Қазақ» №115, 31 наурыз 1915.
35. Губернатордың өзгерулері (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №50, 14
ақпан 1914.
36. Ғұлама // «Қазақ», 20 қаңтар 1914.
37. Дағдарыс (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» №161, 16
желтоқсан 1915.
38. Доклад о принципах казахской терминологии // Первый
всесоюзный тюркологический съезд. Общество Обследо-
вания и Изучения Азербайджана, (стенографический от-
чет). – Баку, Б. 203-208, 26 марта 1926.
350
39. Досмайыл қажыға ашық хат (М.Дулатовпен бірге) //
«Қазақ» №52, 28 ақпан 1914.
40. Дыбыстарды жіктеу туралы // «Жаңа мектеп» № 5, Б. 65-
70, 1927.
41. Егін егу // «Қазақ» №33, 9 қазан 1913.
42. Екі қажы (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №139, 30 маусым, 1915.
43. Ел мектебі // 29 желтоқсан 1927.
44. Емле туралы // «Еңбекші қазақ», 27 наурыз 1929.
45. Енді «қазақ» демей болмайды // «Ақжол», 17 сəуір 1925.
46. Ержан Айманұлы (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №129, 23 мамыр
1915.
47. Ёще о голоде в Киргизии (Казахстан) // «Жизнь националь-
ностей», 25 октября 1921.
48. Əліп-би тақырыпты байандамасы: жобасы // Қазақ
білімпаздарының тұңғыш сиезі. Орынбор, 1925.-118 б., Б.
55-65; 71-73.
49. Əліппе басылып шықты («Оқу құралының» үшінші рет ба-
сылуы) // «Қазақ» №184, Наурыз 1916.
50. Əн, өлең һəм оның құралы // «Қазақ» №67, 23 маусым
1914.
51. Жазу мəселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №34, 16 қазан 1913.
52. Жазу мəселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №35, (Жалғасы,
басы №34-те), 24 қазан 1913.
53. Жазу мəселесі (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №36, (Соңы, басы
өткен сандарда), 31 қазан 1913.
54. Жазу тəртібі (Жалғасы, басы №4) // «Айқап» № 5, Б. 104-
107.
55. Жазу тəртібі // «Айқап» № 4, Б. 84-86, 1911.
56. Жақын арада басылып шыққан кітаптар əм шығатын кітап-
тар («Оқу құралы» кітабы туралы хабар) // «Қазақ» №1, 3,
1913.
57. Жалқылау (айырыңқы) əдіс // «Жаңа мектеп» № 11-12, Б.
45-49, 1927.
58. Жалқылаулы-жалпылау əдісі // «Жаңа мектеп» № 1, Б. 31-
37, 1928.
59. Жаңа кітаптар («Оқу құралы» кітабының 2-рет басылуы
туралы) // «Айқап» №9, Б. 153-154, 1914.
351
60. Жаңа мектепті» шығару керек болды // «Жаңа мектеп» №1,
Б. 3-6, 1925.
61. Жауап хат (Қол қ.: Ахмет) (Сейдалин Жиһаншаның сиез ту-
ралы мақаласына жауап) // «Қазақ» №30, 14 қыркүйек 1913.
62. Жауап хат (Қол қ.: Ахмет) // «Қазақ» №31, (Жалғасы, басы
өткен санда), 21 қыркүйек 1913.
63. Жауға түскен жан сөзі», «Қарқаралы қаласына», «Жұртыма»
// «Сарыарқа самалы», 28 қаңтар 1933.
64. Желкек // «Жаңа мектеп» № 7-8, 1926.
65. Жер жалдау жайынан // «Қазақ» №34, 1913.
66. Жəрдем комитеті (Жалғасы, басы өткен санда) // «Қазақ»
№108, 28 ақпан1915.
67. Жəрдем комитеті // «Қазақ» №107, 25 ақпан 1915.
68. Жоқшыға дерек // «Еңбекші Қазақ», 14 желтоқсан 1925.
69. Заключительное слово как докладчика // Первый всесо-
юзный тюркологический съезд. Общество Обследования
и Изучения Азербайджана, (стенографический отчет).
– Баку, Б. 395-396, 26 марта 1926.
70. Закон жобасының байандамасы (Жалғасты материал) //
«Қазақ» № 79-80, 1914.
71. Заявление о вступлении в члены РКП (б) // Известия Кир-
гизского края, 15 апреля 1920.
72. Земство // «Қазақ» №25, тамыз 1913.
73. Киргизские приметы и пословицы // «Тургайская газета»
№39, 24 сентября 1895.
74. Кітаптар жайынан (Қол қойған: Маса) // «Айқап» №1, Б.
12-13, 1911.
75. Көшпелі һəм отырықшы норма // «Қазақ» №20, 29 маусым
1913.
76. Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізіу керек? //
«Қызыл Қазақстан» №4, Б. 3-11, 1928.
77. Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек //
«Қызыл Қазақстан» №14, Б. 12-13, ақпан 1923.
78. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі. // 1924 жылы қазақ
білімпаздарының тұңғыш сиезінде алфавит жөнінде
жасаған байандамасы. Орынбор, 1925.-118 б., Б. 55-65.
79. Қазақ əм түрлі мəселелер // «Қазақ» №49, 1914.
352
80. Қазақ жерін алу тураасындағы низам // «Қазақ» №29, 30.
1913.
81. Қазақ жерін алу турасындағы низам (Жалғасы, басы №9) //
«Айқап» №10, Б. 14-16, 1912.
82. Қазақ жерін алу турасындағы низам // «Қазақ» №29-30,
1913.
83. Қазақ жұртына (Əлихан, Міржақыптармен бірге) // «Қазақ»
№192, 11 тамыз 1916.
84. Қазақ һəм төртінші Дума // «Айқап» №12, Б. 259-262, 1912.
85. Қазақ һəм түрлі мəселелер // «Қазақ» №59, 23 сəуір 1914.
86. Қазақ оқырмандарына арнау сөз // «Қазақ» №49, 2 ақпан
1914.
87. Қазақ пайдасындағы жерді алу турасындағы низамдар,
бұйрықтар // «Айқап» №9, Б. 9-13, 1911.
88. Қазақ университетінің ашылуы (А.Байтұрсынұлының
құттықтау сөзі) // «Еңбекші қазақ» №225, 4 қараша 1928.
89. Қазаққа ашық хат (Əлихан, Міржақыптармен бірге) //
«Қазақ» №174, 23 наурыз 1916.
90. Қазаққа ашық хат // «Қазақ» №100, 1915.
91. Қазақстан құрылысының жаңа дəуірі // «Еңбекші Қазақ»
№225-226, 12-13 қазан 1926.
92. Қазақстан мен Қазағыстан туралы // «Еңбекші қазақ», 19
мамыр 1925.
93. Қазақты ағарту халімізден // «Ақжол», 14 шілде 1922.
94. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №39, 23 қараша 1913.
95. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №40, (Жалғасы, басы өткен
санда), 30 қараша 1913.
96. Қазақтың бас ақыны // «Қазақ» №43, (Соңы, басы өткен
сандарда), 22 желтоқсан 1913.
97. Қазақтың өкпесі //«Айқап» №2, Б. 12-14, 1911.
98. Қазақтың тарихы (Түрік баласы) // «Қазақ» №4, 10 ақпан
1913.
99. Қазақша жазу тақырыпты жаңа жазу ережелері (Е.Омар-
овпен бірге) // «Қазақ тілі», 22 наурыз 1923.
100. Қазақша жазу туралы жаңа ережелер (Е.Омаровпен бірге)
// «Еңбекші қазақ», 19 ақпан – 22 наурыз 1923.
101. Қазақша оқу жайынан // «Қазақ» №14, 16 мамыр 1913.
353
102. Қазақша сөз жазушыларға // «Шора» №4, Б. 110-113, 1913.
103. Қай əдіс жақсы // «Жаңа мектеп» № 4, Б. 3-11, 1928.
104. Қалам қайраткерлері жайынан // «Еңбекші қазақ» №29, 8
шілде 1922.
105. Қара-Өзек ауданында «Жетілік» базар болса екен (Қол қ.:
«А.Б.») // «Еңбекші қазақ» №364, 7 қыркүйек 1925.
106. Қойан (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» №163, 31 жел-
тоқсан 1915.
107. Құрметті оқушылар! // «Қазақ» №1, 2 ақпан 1913.
108. Қырық мысал (Аударма өлең туралы) // «Қазақ» №18, 19,
маусым 1913.
109. Латын əліппесін алу туралы // «Еңбекші қазақ», 30 желтоқ-
сан 1926.
110. Латын əліппесінің керексіздігі // «Еңбекші қазақ»,19
желтоқсан 1926.
111. Лениннің елу жасы // «Ұшқын» №22, сəуір 1920.
112. Мектеп керектері // «Қазақ» №62, 17 мамыр 1914.
113. Мұсылмандар үшін Петерборда болатын кеңес жиылысы
(Қол қ.: А.Б.) // «Айқап» №7, Б. 112-114, 1914.
114. Наурыз құтты болсын! // «Қазақ» №53, 9 наурыз 1914.
115. «ов» туралы // «Қазақ» №102, 8 ақпан 1915.
116. Оқу жайы // «Қазақ» №11, 21 сəуір, 1913.
117. Оқыту жайынан // «Қазақ» №29, 7 қыркүйек 1913.
118. Орынбор əм 13 октиабір // «Қазақ» №36, 31 қазан 1913.
119. Орынбор, 2-ші пеуірал // «Қазақ» № 216, 9 ақпан 1917.
120. Орыс «мейірманшылығы» //«Қазақ», 1913.
121. Орысша оқушылар // «Қазақ» № 26, 15 тамыз 1913.
122. Просвещение и голод // «Степная правда», 28 сентября
1922.
123. Революция и киргизы // «Жизнь национальностей» №29, 3
августа 1919.
124. Речь (Зам. наркомпроса КССР на І Всекиргизский съезде
работников народного образования 18 мая 1922 года) //
«Степная правда», 21 мая 1922.
125. Роман не нəрсе? // «Қазақ» №48, 31 қаңтар 1914.
126. Сəбитке жауап // «Еңбекші қазақ» №21, 26 қаңтар1928.
354
127. Соғысушы патшалар (Қол қ.: А.Б.) // «Қазақ» №72, 31 шіл-
де 1914.
128. Тағы да жат сөздерді қолдану туралы // «Еңбекші қазақ»
№109, 17 мамыр 1928.
129. Тағы да жер жайынан // «Айқап» №4, Б. 1-4, 1911.
130. Тағы да народный сот хақында // «Айқап» №6, Б. 6-10,
1911.
131. Тағы да народный сот хақында // «Қазақ» №8-9, 1913.
132. Тезисы о терминологии на тюркских языках // Бюллетень
организационной комиссии по созыву І-го Всесоюзного
тюркологического съезда №2, С. 20-22. – Баку, 1926.
133. Тəні саудың – жаны сау // Қазақ күнтізбесі, Орынбор
1922.
134. «Тіл – құрал» (Оқулық туралы) // «Қазақ» №87, 1914.
135. Торғай һəм Ырғыз халқына (Міржақып, Сейітқазым,
Мұхамедиярлармен бірге) // «Қазақ» №207, 1916.
136. Туған тілім (Өлең. Қол қ.: Байқаушы) // «Қазақ» №167, 31
қаңтар 1916.
137. Түзетілген əріп // «Жаңа мектеп» №1, Б. 32-36, 1927
138. Түрікшелер құрылтайы // «Жаңа мектеп» № 7-8, Б. 43-50,
1926.
139. Уақ қарыз // «Қазақ» №32, қазан 1913.
140. Ұлы жиын // «Ұшқын» №7-8, 11 қазан 1920.
141. Шаруа жайынан // «Қазақ» №24, 31 шілде 1913.
142. Шекіспей бекіспейді // «Қазақ» №167, 31 қаңтар 1916.
143. Шəйзіман мырзаға (Жалғасы, басы өткен санда) // «Айқап»
№10, Б. 229-233.
144. Шəйзіман мырзаға (Жалғасы, басы өткен сандарда) //
«Айқап» №11, Б. 251-254.
145. Шəйзіман мырзаға (Ш.Жияшевтің 1912-ші жылы №6-7-ғы
«Бірге қозғалайық» мақаласына жауабы) // «Айқап» № 9,
Б. 212-214, 1912.
146. Шорай ислам. Жалпы мұсылман сиезі (Ахмет, Əлихан,
Міржақып, Кəдірбаев Сейдəзім, Омаров Елдес, Əлімбеков
Имам, Бегіметов Нысанəлі. Ұжымдық мақала) // «Қазақ»
№233, 11 маусым 1917.
355
Достарыңызбен бөлісу: |