Сын атына зат аты
Сары ________
ЬІстық ________
Сасық _________
Қатар _________
Торы ________
Сынық ________
Қысқа ________
Қызық ________
Бұлардың əрқайсысына бір-бірден жаза білетін, оқып кет-
кен сөздерінен зат атын таптырып жаздыру.
Жатқа таба алмаса, артындағы өткен сабақтардан қарап, осы
сын аттарына үйлесетін сөз алып жазу.
Нан
Қазық
Азық
Осы үш сөздің біреуінің айағын өзгертіп мақал жа- сауға
болады. Қайсысының айағын қалайөзгертіп макал жасауға бо-
лады?
сабақ
тоб
табақ
бас
қабақ
Саб. Саба. Сабақ. Сабын.
Таб. Таба. Табан. Табақ.
51
Сабақ. Toп қабары тақырыпты.
Басан, баста!
Қыр басы топ.
Топ, тап тартысы тақырыпты.
Топ басы Базықан. Топта Осан, Қосан, Асан, Нысан, Ораз,
Назар бар. Тобықты Тоқан бар, тарақты Тоқпан бар, табын
Боқан бар.
Қатыннан Қарақас бар. Онан басқа отыз-қырықтап қазақ
бар.
Орыстан, сарттан бар.
Кім
Тапқан жабады.
Сабаның
сүгіреті
«Сабын» деген
жазуы бар
сабынның сүгіреті
Балтаның
сабының сүгіреті
саба
сабын
саб
Табақтың
сүгіреті
Табаның
сүгіреті
Алақанын
жұмған баланың
сүгіреті
табақ
таба
таб
Қақпанға түскен
аңның сүгіреті
Қақпақтың
сүгіреті
Қаптың
сүгіреті
қақпан
қақпақ
қаб
Бұл тоғыз зат – тоғыз ат.
Тоғыз заттың атын тоғыз қағазға жазып, көрсеткен түрде
сызық бойымен кесіп тоғыз табады, таппаған жазады.
52
саба
сабын
саб
табақ
таба
таб
қақбан
қақбақ
қаб
Балаға қарташа қарамастан үлестіреді. Пəлен сөз шыққа-
нымыз жасауыл боламыз деп уəделеседі!
Мəселен «саб» деген сөз шыққанымыз жасауыл болайық
десе, сол сөз шыққаны жасауыл болып, ойын басқарады.
Тоғыз ат жазылған қағаздарды араластырып, біреуін алып,
қолында жұмып тұрып, «Кім табады? Тапқан жабады. Таппаған
жазады» дейді.
Пəлен сөз деп айтқан бала тапса, кітаптағы затты табылған
атымен жабады.
Ол міндеттен құтылады.
Бір тапқаннан кейін тағы тапқысы келсе айтуға ықтиарлы,
бірақ міндетті емес.
Таппаса, таба алмаған сөзін жазады. Бүған тоғыз бала ғана
емес, қанша бала болса да кірісіп ойнай береді.
Тек сабақтас болу шарт.
ал
алақан
ала
аққала
Бал. Бала. Балалар.
Қала. Қалақ. Қалта.
Ала. Алақаз. Ала тазы.
53
Ал, балалар, аққала салалық! Асан қалақ алсын. Қар қазсын.
Назар қар тасысын. Ораз қар қаласын. Қосан қонақ болсын.
Болатқан ақсақал болсын. Ол қонақ қасына отырсын. Ырысты
қазан ассын. Тасқара табақ тартсын. Аққала асты болсын!
Торы ала қаз Ала ат
Алабота
Балық
Бала
Алақан
Қалыб
Қалта
Балта
Мұныңда реті алдыңғыша.
Кім табады?
54
Тапқан жабады, таппаған жазады:
Алабота
Ала ат
Торы ала қаз.
Алақан
Бала
Балық
Балта
Қалта
Қалыб
Кім жаңылтпаш жасайды?
Аз
9
Қайта
Қара ала ат
Торы ала қаз
Қаралады
Осы тұрған алты бөлек сөздерден екі ауыз жаңылтпаш жа-
сату.
Жаңылтпаш жасау үшін бөлек-бөлек кесу керек.
дақ
дала
одақ
55
АТБАҚЫЛ
Мана алты бала одақтасып атбақыл атты. Асан, Осан, Қосан
дала балалары одақ болды.
Ораз, Назар, Нысан қала балалары одақ болды.
Сақа салысып, Асандар атты, Қосан сақаны атып, алты асық
алды, Назарлар асықсыз қалды, Асандардан алты асық қарыз
алды. Қақбақыл қаққанда онан да Назарлар қалды.
Қата оқыған жақ қайта оқиды
Алты бала одақтасып атбақыл атты.
Дала балалары одақ болды.
Қала балалары одақ болды.
Асандар атты. Алты асық алды.
Назарлар асықсыз қалды,
Асандардан асық қарыз алды.
Қақбақылдан да Назарлар қалды.
Осы 6 сөйлем сөзді 6 баладан одақтасып бəске оқиды.
Бəстері қата шығармау; шығарған жақ қайта оқу, бала басы-
на бір сөйлемнен оқиды.
Бірі қаталасса, қатасы одағының бəріне жұғады.
Қаталасқан жақтан біреуі бүтін мақаланы қатасыз оқып
шықса, одақтарының қатасының бəрін жуады.
Əркім оқыған сөйлемінен қата шығарса сөйлемін қайтадан
оқиды, тағы қата оқыса, тағы қайта оқиды, екі ірет оқығанда
қатасын түзеп оқи алмаса, қата о жақтың мойнында қалғанға
саналады.
Оны жуу үшін одақтарынан біреу бүтін мақаланы қатасыз
оқып шығу керек.
Ол қатасыз оқи алмаса, өзгелері оқу керек.
56
ау
отау
тау
қыстау
ауыл
Ay – аулау. От – отау. Қыс – қыстау. Бас – бастау. Сау – сауық,
саулық. Балық аулау. Ау қарау. Қыстау қору.
БАЛЫҚ АУЛАУ
Ауыл қыстаудан алыс отырды.
Отау балық аулап қыстауда қалды.
Ауылдан Ақан балыққа барды.
Ay қарады.
Балықтан 5 – 6 алды.
Балықтарын қапқа салды.
Қапты арқалап алды.
Арқасы ылас болып қалды.
Мұны да одақтасып бəске оқу. Тəртіптері алдыңғыша.
Айақтың сүгіреті
Айнаның сүгіреті
Айдың сүгіреті
аяқ
айна
ай
Қойдың сүгіреті
Тайлақтың сүгіреті
Тайдың сүгіреті
қой
тайлақ
тай
57
Толық ай. Таза айна.
Асау тай. Нар тайлақ. Тал тайақ. Сырлы айақ.
БАЗАР
Ауыл қасында қала бар. Қалада базар бар. Базарда талай зат
сатылады. Талай зат алынады. Қазақтар қой- қозы, тай-тайлақ
сатады. Базардан олар айақ-табақ, айна-тарақ сиақты заттар
алады, байлар базардан алып, ауылдарға сатып пайда қылады.
Қайсысын қайда қойу.
Қазақтар қой-қозы, тай-
тайлақ сатады.
Ауыл қасында қала бар.
Базарда талай зат сатылады;
талай зат алынады.
Қалада базар бар.
Бұ төрт болек сөйлемдерді төрт бөліп кескеннен кейін
сөйлеу жүйесімен балаларға қойдыру.
Қойа білгені құтылады, қойа алмағаны қойып бергеннен
кейін жазады.
(ұ)
ۇ
ұлақ (лақ)
ұл бала
58
құлақ
Ұр, бүр, түр, құр-құр, құрау, сұрау, ұу (у), ұуық (уық). Сүу
(су). Сұуық (суық). Сұуат (суат). Ұлу. Сұлу. Ұлы. Ұулы (улы).
Сұлы сулы.
АТТА ДА АҚЫЛ БАР
Асанда атты басқа ұратұн қылық бар-ды.
Таныс орысқа қонаққа баратұн болдық.
Ауыл аттарын ұстай бастады. Асан тайы ұстатпады.
Құр-құрлап, қуа-қуа Асан болдырды.
Тайына ыза болып, ұрысып, ыластап отырды.
Тайы онысына құлақ аспады.
Қайсысын қайда қойу?
Құр-құрлап, қуа-қуа
Асан болдырды
Тайы онысына құлақ аспады.
Тайына ыза болып ұрысып,
ыластап отырды.
Ауыл ат ұстай бастады.
Асан тайы ұстатпады.
Мұның да істеу іреті алдыңғыша.
шабақ
аш
шал
59
Аш шал. Ақ шаш.
Шалаб – ас. Шақша – ыдыс. Шабақ – балық.
АШ ШАЛ
Мынау сорлы шал,
Ауқаты – шабақ,
Бойына назар сал,
Сусыны – шалап,
Сақал-шашы ақ.
Аяқта шарық,
Қайраты қайтқан шақ. Қатқан аш, арық,
Баладан ада, Шабақтан, шалаптан
Қарадан таза, Болсын ба қарық?
Қолайына қарай, қос сөйлемнен қойу.
Қатқан аш, арық
Ауқаты – шабақ
Сақал-шашы ақ
Мынау сорлы шал
Сусыны – шалап
Қарадан таза
Бойына назар сал
Аяқта шарық
Баладан ада
Қайраты қайтқан шақ
Бұларды ұйқасына қарай қос-қостап қойғызу.
торғай
ағаш
тоғай
Қарға. Таған. Тарғақ.
Қарлығаш. Сандуғаш (бұлбұл).
60
ТОҒАЙҒА САЙРАН
Қыстау қасы тоғай.
Тоғай толған ағаш.
Ағашта сайраған сандуғаш.
Бұталарда торғай.
Су бойында шулаған шағала,
қызғыш, балшықшы.
Оларды аңдып қалықтаған қаршыға.
Құстар даусы қосылғаннан,
тоғай басы у-шу.
Тоғайды аралап, айқайлап,
асыр салып, сайран қып,
ай туа ауылға қайттық.
Қайсысын қайда қойасың?
Тоғай толған ағаш
Ағашта сайраған сандуғаш
Қыстау қасы тоғай
Оларды аңдып қалықтаған
қаршыға
Су бойында шулаған шағала,
қызғыш, балшықшы
Бұталарда торғай
Істету іреті алдыңғыларша.
мық
қармақ
қамыс
ҚАРМАҚ САЛУ
Мұз тайғақ. Табаныма мық қақтым.
Қармақты сайлап алдым.
61
ҚАРМАҚ САЛУҒА БАРДЫМ
Мұзды ойдым. Ойық басына қамыс тастадым. Оған отыр-
дым. Қармақ басына май шаныштым. Қармақты суға саларда
айтатын «Ал, балық! Ал, балық! Ал, ауызға сал, балық!» оны
айттым.
Қармақты қозғап-қозғап қойып отырмын. Балықтар қар-
мақты тартып-тартып қалады да тастайды. Қармақты ұзағырақ
тартқан шақта тартып қалдым. Қол басындай алабұға алдым.
Тағы салдым, тағы алдым; тағы салдым, тағы алдым. Қас
қарайғанша он шақты балық алып қайттым.
жарлы
жалау
жал
Ылаж. Мұқтаж. Жол. Жолақ. Жұт. Жұрт. Жас. Жаса. Жаса-
сын. Жай. Жайа. Жайау. Жайдақ.
ЖҰМАШ
Жұмаш – жарлы баласы. Жасынан жалданып тамақ асырай-
ды. Жұмашқа Қожабай қой бақтырады. Қожабай қатты адам.
Жаз болса, Жұмаш жалақ-жалақ болып, қойды жайау бағады.
Қыс қой да бағады, отта жағады.
Жаз қорада қой жанында жатады. Қыс жас бұзау, жас қозы
жанына жатады.
Жұмаш жайын ойлайтын жаны ашыр жақыны жоқ. Қожа-
байдан құтылар ылажы жоқ. Табар ма ылаж? Жұмаш ақылға
мұқтаж.
62
Жайау қойшы – жатқан қойшы.
(Мұны кім айтқан? Тағы не деген?
Неге олай айтқан?)
оң жақ
сол жақ
оң қол қайсы
жалаң бас
жалаң айақ
жалаңаш
ЖАРЛЫ-ЖАЛАҢАШ ТОЙЫ
Қалада алғаш болғаным сол. Қала жайына шорқақпын.
Шайға қанып алып, қаланы қарауға шықтым. Қаланың тауығы
шулап, арбалары салдырлап жатты. Қақпаларында қызыл
жалау. Азырақ тұрған соң-ақ айрықша мынадай салдырды
құлағым шалды:
«Тат-тыра-раттам, тат-тыра-раттам, тат-тыра-рат-там, тат-
там». Оның ар жағында жырлаған балалар дауысы шыға баста-
ды. Манағы салдыр да, жырлаған дауыс та жақындаған сайын
зорайды. Қаланы жаңғырықтырды.
63
Қарасам жалаң аяқ, жалаң бас, қол-борбайы жалаңаш ылғи
жас балалар. Қолдарында қызыл жалау, алдарында қызыл ту.
Барабан қағып, жыр жырлап бара жатыр. Манағы айырықша
салдыр барабанның салдыры болып шықты.
Аң-таң болып азырақ тұрдым. Сонан соң қабырғалап
қалмастан қаладан шығарып салып қайттым.
Мақал: Ылғи қойшы болсандар, құл боларсың.
Ылғи тойшы болсаңдар, қу боларсың.
(«Қу» – кедей мағынасында).
Байпақтың сүгіреті Шапанның сүгіреті
Əйелдің сүгіреті
байпақ
шапан
апа
Жапырақтың
сүгіреті
Жапалақтың
сүгіреті
Қалпақтың
сүгіреті
жапырақ жапалақ қалпақ
64
Оба – опа. Шабан – шапан.
Сабақ – сапақ.
Сабар – сапар. Сабыр – сапыр.
АҚША ҚАР
Шолпан ұйқысы қанып ойанды. Қойған орнынан байпағын
тауып алды. Қаптал шапанын жамылды. Тысқа шықса, далада
жапалақтап жауып жатқан қар.
Ауыл айналасы аппақ. Қора шылқылдаған батпақ, ағаш
бастарында ақ жапырақ жапқан. Шолпанның қоспақ тайлағы
қосты ықтап тұр. Шолпан оған шоқпыт жаптырды.
Шайдан соң Шолпан сабаққа баруға жинала бастады. Апа-
сы Шолпанға қалпағын тастатып, жылы орамал тартты.
Шолпан сабақтан қайтқанда, жолында ылғи қар атысқан,
ағызбақ
2
ойнаған балалар ұшырады.
(е)
ە
мен
ер
сен
2
Ағызбақты Орал жағы «жылмаң» дейді.
65
Мен тұрмын. Мен отырмын. Сен тұрсың. Сен отырсың. Ол
тұр. Ол отыр.
Мен тұрдым. Мен отырдым. Сен тұрдың. Сен отырдың. Ол
тұрды. Ол отырды.
ТАҢЕРТЕҢ
Мен ерте жатып, ерте ойандым. Оянып азырақ жатқан соң,
терезе ағарып, жарық бола бастады.
Қонақтар да ерте ойанған болар. Таң атысымен тұрып бет-
қолдарын жуды. Аттарын суарып ерттеп қойды. Апам тұрып
самаурын қойды.
Шайдан соңқош айтысып, қонақтар аттанды.
кесе
теке
елек
Елек, шелек, кесе – ыдыс.
Есек, теке, серке – мал.
Шешек – ауру.
Терек –ағаш.
ТЕКЕ МЕН СЕРКЕ
Табын Тайқарбайдың ауылы сыбай болды. Ол ауылдың
қойында теке де, серке де бар екен. Мен текеден қорқамын,
серкеден қорықпаймын; азбаннан қорықпаймын, қошқардан
қорқамын.
Бес-алты бала суға шомыла бардық. Тайқарбайдың қойы су
басында жатыр екен. Серке жарды жағалап, суатқа келе жат-
ты. Суат басында теке жатыр екен. Теке тек тұра ма? Тұра сала
66
ұмтылды. Серке де қашпай тұрып алды. Сарт-сұрт қағысып
қалған кезде, теке артындағы суға құлады. Серке суатқа қарай
кете барды.
Жаңылтпаш: Бай Тайқарбай,
Қойыңды ақ шағылға жай, Тайқарбай!
(Үш қайтара шапшаң айту).
(і)
ﻯء
ірі
біз
із
БІЗДІКІ
Біздікі адам жағынан жарлы емес. Бірақ жұмыскеріміз аз.
Біз ірілі-уақты жеті жанбыз: бапам, апам, екі ағам, бір інім, екі
қарындасым бар.
Бір ағам аурулы. Жұмысқа жарамайды. Бізді асырайтын ба-
пам мен бір ағам ғана. Қысы-жазы екеуінде дамыл жоқ.
Қыс кіре айдайды. Жаз болса көктем кезінде сабан айдай-
ды, тезек илейді, онан кейін пішен мен орақжұмысы келеді. Ол
біткенше қора-қопсы оңдайтын кез болып қалады. Қыстауға
қонғанша сонымен болады.
Бұл жыл бойы істейтін ірі жұмыстары ғана. Ұсақ жұмыстары
толып жатыр.
тігіс
шеге
егеу
67
ТІГІН
Етігім тозып, кийіуден қалды. Бапам тігуге Еріш етікшіні
алдырды.
Қобдиын қолтығына қысып, шай ішіп жатқанда, Еріш келді.
Апам кебежеден былғарыны алып, етікшінің алдына тастады.
Етікші былғарыдан керегін кесіп-кесіп алды. Шылапшынға
су құйып, кесіп алғанын соған салды. Суға малшып-малшып
алды да, киіз астына тығып қойды.
Апам тарамыс есті. Етікші егеуін алып, бізін егеді. Сонан
соң тігуге кірісті.
Тігісін болғаннан кейін шегелейтін жерлерін шегеледі.
Етігім кешкеге дайар болды. Бапам тігіншіге екі сом берді.
(ү)
ۇء
үт
түлкі
үр
Үтте түлкі үреді дейді.
КҮЗЕТ
Күзге таянған кез. Түн салқын, ай жарық. Қыз-бозбала
алтыбақан құрып, қой күзетіп ойнап жүрді. Мен де басқа бала-
лармен бірге сонда ойнап жүрдім.
Бір мезгілде қой дір... ете қалды. Иттер үріп, адамдар
айтақтап, қойға жүгіріп келе жатыр. Бізге қарай үріккен қой ба-
сып кете жаздады. Үп-үлкен бір қасқыр қасымдағы бір қойды
тартып қалды да кете барды. Иттер үріп, адамдар айтақтап шу-
лаумен қала берді.
Қойлар ұйлығып жатпай маңырай берді. Қойшы барып
қасқыр тартқан қара қойды алып келіп, үйдің жанына байлап
қойды.
68
Мақал: Құтты қонақ келсе, қой егіз табады,
Құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабады.
(ө)
ﻭء
өр
көрік
өрім
Үт – өт. Үр – өр.
ЖҮГЕН ЖҰМЫСЫ
Бапам жүгені тозып жаңа жүген істетпек болды.
Бапамның илеген қайысы бар-ды. Сол қайысты алып
түйіншіге бардық.
Түйінші қамшы өріп отыр екен. Өрімін бітіріп, топшылап
жатқан мезгілде келдік. Бапам қарады да сегіз таспадан өріп
жатыр екенсің деді.
Түйінші қайысты көріп, бір жүген шығарлық екен, сулық
керек деді.
Сулық соқтыруға ұстаға бардық. Төс, көрік, қысқаш деген-
дерді сонда көрдім.
Ұста көмір келтір, соғып берейін деді.
Жасы үлкен əйел
адамның сүгіреті
(ə) ﺍء
Жасы үлкен ер
адамның сүгіреті
Əбіш
69
əжесі
əкесі
СОНАР
Оқу тоқталып, Əбіш он бес күн демалысқа келді. Бір күні
мен Əбіштікіне барып қондым.
Əбіштің əкесі аң аулайтын. Тазысы, бүркіті болатын. Таң
сəрінен тысқа шығып келді де: Қатын, тұр! От жақ! Құрт жы-
лыт! Бүгін сонар екен, – деді. Əбіштің əжесі тұрып құрт жы-
лытты. Құрт ішкенше, таң да əбден атып қалды.
Мен де тұрдым. Тысқа шықсам, түнде қар жауған екен.
Жаңа қар ұлпаланып аппақ болып жатыр екен. Əбіштің əкесі
бүркітін қолына қондырып, тазысын ертіп аңға шығып барады
екен.
Үйге келсем, Əбіш əлі ұйықтап жатыр екен. Əжесі əрең
ойатты.
Мақал. Ит жүйрігін түлкі сүймес.
Айбар керек, əл керек; əлсіз айбар не керек.
Əлем əлемге күлер, əлем əлдекімге күлер.
Мақал. Əке дегенмен жан қалмас.
а б п т ж д р з
с ш ғ қ к г ң д
м н о ұ у е ы й
70
ƏЛІБ-БІЙ
Бүгін мұғалім үлкен қағаз əкеліп іліп қойды. Қағаз бетінде
əріптер үлкен-үлкен болып жазылған. Астына «Əліб-бій» де-
ген сөз жазылған.
Мұғалім: «Біткен əріп осы. Мұнда танымайтын əріптерің
бар ма?» деді.
Біз: «Жоқ!» – дедік.
«Əше əріптің бəрін біліп болдыңдар. Енді қандай сөз болса
да оқуға жарайсындар», – деді.
«Мынау əріптердің бастан-айақ іретімен тұрғаны. Бұл «əріп
іреті» деп аталады. Əріптерді түгел айту керек болған кезде,
осы іретімен айтасыңдар. Əріпті іретті орнынан табу керек
болған кезде де осы іретімен іздейсіңдер», – деді.
71
ҚАТ
Қатыш апама қат жазайын деп талай оқтанып, жазбай
қойатынмын. Үйткені, білмейтін əріпке келгенде тоқтап
қалатынмын. Мұғалім əріпті түгел білдіндер деген соң, қатты
қуанып қалдым.
Қолға қағаз бен қаламды алдым. Қағаз бетіне ылаңды сал-
дым.
Бұлай деп жаздым:
Қадірлі Қатыш апатай!
Мен əріптің бəрін танимын. Қандай сөз болса да оқимын.
Жазуым қандай екенін осы қаттан байқарсыз.
Мұғалім көп оқып, көп жазындар, көздерің қанығып,
қолдарың жаттығады дейді.
Мен сүгіретті де тəуір саламын. Бойауым таусылып келеді.
Бойау алып берсеңіз екен.
Үттің 2-сі.
Ақыш.
1)
Жұмбақ.
Ти десем, тимейді,
тиме десем, тиеді.
2)
Жұмбақ.
Үш батыр қолдарына алды найза.
Су ішіп бір шұқырдан қылды қайла.
Найзамен қар үстіне суды шашып,
Адамдар сол суынан алды пайда.
МЕКТЕПКЕ ТҮСКЕН КҮНІ
Біз мектепке келсек, балалар көп екен. Бəрі шуылдап жүгіріп
жүр екен.
Бір бала шығып қоңырауды сылдырлатып еді, балалар жа-
пырласып мектепке кірді. Мұғалім мені де бір орындыққа
отырғызды. Балаларды жатырқап мен үндемей жүрмін, олар
да менімен сөйлеспейді. Мұғалім біріңнің атыңды бірің сұрап
біліп алыңдар деді. Балалар бірінің қасына бірі барып, аттарын
сұрасты. Содан бұлай танысып үйір болып кеттік.
72
1) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы
соқты. Қанша адам қалаға барды?
Мақал.
Бір көрген – біліс, екі көрген – таныс.
Кісі бір көргенінде жылан,
Екі көргеніңде құлан,
Үш көргенінде адам.
ЛЕНИН
Мұғалім оқу бөлмесіне əкеліп үлкен сүгірет ілді. Қарасақ,
кітабымыздағы Ленин сүгіреті болып шықты. Мұғалім:
«Танисыңдар ма? Бұ кім сүгіреті?» – деді.
«Танимыз, Ленин сүгіреті», – дедік.
«Ленин қандай адам болған? Оны білесіңдер ме?» –деп тағы
сұрады.
«Білеміз, Ленин жақсы адам болған», – дедік. Қайтіп жақсы
болған деп еді, оған жауап қайтара алмадық.
Мұғалім айтты: «Ленин нашаршыл болған адам. Нашар та-
бын жақтап, өмірін соларды тендікке жеткізу жолында өткізген
адам.
Ленин – жалшылардың, жарлылардың досы. Қорлықта жүр-
гендердің, зорлық көргендердің көзін ашуға бастаған көсемі»,
– деді.
Лениннің қандай адам болғанын сонда ғана анық білдік.
Мақал.
Білегі толық бірді жығар,
Білімі толық мыңды жығар.
Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ.
73
БІЗДІҢ ТƏРТІП
Мектепке бойымыз тез-ақ үйреніп кетті. Тысқа шыксақ алы-
сып-жұлысып шулап жатқанымыз. Ауыз үйде бірімізді-біріміз
қойып жіберіп, итеріп жіберіп жылатып та қойамыз.
Сабақ кезінде де тыныш отырмаймыз. Шулап мұғалім сөзін
естімейтін болдық. Түк нəрсе ұғудан қалдық.
Сабақтан шыққан соң, жиылыс жасап жібердік. Кеңестік,
сөйлестік, мынадай қаулы шығардық:
Бұдан бұлай:
1) Бəріміз тəтті, тату болайық.
2) Бірімізге-біріміз көмектесейік.
3) Құр бетімізге шулай бермейік.
4) Əсіресе сабақ үстінде тыныш отыралық.
Достарыңызбен бөлісу: |