Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


§ 3. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата21.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#2384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
§ 3. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі
Сөз  етіп  отырған  дәуірлердегі  әдебиет  үлгілерінің  тілін 
құрылымдық  қабаттарға  қарай  толық  сипаттау  мүмкін  емес. 
Әсіресе олардың фонетикалық күй-қалпын беруге мүлде бол- 
майды.  Оған  бұл  үлгілердің  хатқа  түспей,  ауызша  сақталып 
бізге  ауызша  жеткендігі  «кінәлі».  Бұлардың  тілінің  грамма- 
тикалық құрылысын да дәл сол үлгілер туған кездегі күйінде 
суреттеу қиын, олар да азды-көпті өзгеріске ұшыраған. Тілдің 
құрылымдық  бөліктерінің  ішінде  өзгеріске  көп  душар  бола-
тыны  да,  көненің  көзін  көбірек  сақтайтыны  да  –  лексика  са-
ласы.  Оның  үстіне,  жоғарыда  айттық,  XV-ХVI  ғасырларда 
жасап  өткен  қалам  иелері  ноғайлы-қазақ  жұрттарына  ортақ 
болғандықтан,  мұнда  ноғайлылық  тілдік  элементтер  едәуір 
ұшырасатындығы.  Олар  лексика  саласынан  да,  грамматика 
саласынан  да  орын  алған.  Шалкиіз,  Доспамбет,  Шобандарда 

83
кездесетін соңратын, соқта, асмар ету – сымарыш ету, бажа, 
балаңқы, сықтау, мажар, аббар көшу, мамық тосату, жәміші, 
шемшірлік, шал сақалың, нарты, дестір, кілең бұз, көмбедей 
ару  жалар,  ителу,  көмірту,  күділенген  бал,  жарқа,  кежігу, 
қоңқалау сияқты сөздер – сірә, қазақ тілінен гөрі ноғайлылар 
тіліне жуық дүниеліктер. Ал грамматика, тіпті фонетика сала-
ларынан бұз (мұз), бұзмай, дұшман, менім, атлы, жүрерлер, 
кешу  кешмек,  ханлар,  не  білейім,  бізім  тәрізді  тұлғаларды 
көруге болады.
Тілдік  талдаулар  үшін,  тіл  тарихын  білу  үшін  бұларды 
«қазақыламай, сол «ноғайлық» қалпында оқу – міндетті шарт. 
Бұл  –  бір  жағынан,  бір  топқа  жататын,  бір-біріне  өте  жақын 
қазақ  пен  ноғай  тілдерінің  ортақ  тұстары  мен  айырым  тұс- 
тарын, ауыс-түйістерін танытатын фактілер болса, екіншіден, 
сол  фактілерді  көрсететін  үлгілердің  де  ортақтығын  дәлел- 
дей түсетін материалдар екендігіне көзіміз жетеді.
Дегенмен  осы  айтылғандарды  ескере  отырғанның  өзінде 
авторсыз  ортақ  туынды  деп  қарауға  болатын  дидактикалық 
өлең-толғаулардан  бастап,  иелері  күмәнсіз  және  дидактика-
дан  өзге  мотивте  жырланған  үлгілердің  тілдік-стильдік  ерек- 
шеліктері бар екенін көрсетуге болады. Ол ерекшеліктер, бір 
жағынан, ауызекі сөйлеу тілінен жоғары көтеріліп, белгілі бір 
дәстүрлікті,  жүйелілікті  танытатын  болса,  екінші  жағынан, 
соңғы дәуірлердегі поэзияның тілінен де ажыратылатындығын 
байқатады. Бұл орайда мәселеге екі тұрғыдан қарау керек: бірі 
– сөз болып отырған кезеңді тұтас алып қарау, екіншісі – әрбір 
ақын-жырауға тән белгілерді табу.

84
§ 4. ХV-ХVІІ ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің
лексикалық сипаты
Өткен  кезеңдердегі  көркем  әдебиет  үлгілерінің  тілін  сөз  
ету  үшін  оларды  тақырыбы  мен  мазмұнына  қарай  өз  ішінен  
топтастыру керек. Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет,  
Шобан,  Марғасқа,  Жиембеттер  негізінен  екі-үш  жанрда  
жырлаған: бірі – дидактикалық толғау, оның тақырыбы – жал- 
пы ақыл, насихат айту, екіншісі – арнау толғау, яғни нақтылы 
біреуге,  не  оқиғаға,  не  өзіне  қарата  айтылған  сөз,  оның 
тақырыбы көбінесе қоғам, адам, ел қорғау, үшіншісі – портрет 
өлеңдер.  Оның  өзінде  де  бұл  жанрлар  жыраулардың  барлы- 
ғына  бірдей  тән  емес:  Қазтуған  мен  Доспамбетте,  Шобан-
да,  Марғасқа  мен  Жиембетте  дидактикалық  толғаулар  жоқ 
(кезінде, мүмкін, болған да шығар, бірақ сақталмаған).
Ақыл-насихат сөздердің иелері – Асан мен Шалкиіз. Үлгі-
насихат  айту  –  толғаныстың  нәтижесі  (кейбір  зерттеушілер 
мұны  поэзиядағы  философиялық  бағыт  деп  атайды).  Бұл 
тұрғыдан  қарағанда,  М.Мағауиннің  Шалкиізді  «қазақтың 
барлық  жырауларының  атасы»  деп  атауының  жөні  бар.  Сірә, 
бұл  «атаның»  алдында  Асанқайғы  тәрізді  «ата»  да  тұрған 
сияқты,  қалған  жыраулардың  ішінде  Қазтуған  –  портрет  пен 
арнаудың шебері: ол «Бұдырайған екі шекелі» деп басталатын 
өлеңінде батырдың – өзінің портретін ұсынады. «Алаң да алаң, 
алаң жұрт» және «Салп, салпыншақ анау үш өзен» деп баста-
латын толғауларын «атасы күйеу болып келген, анасы келін бо-
лып түскен» туған жеріне – Еділ жұртына арнайды. Доспамбет 
те  сондай:  батырдың  портретін  жасайды.  Шобан  болса,  пор-
треттер галереясын ұсынады, ол бірнеше батырға «мінездеме» 
береді.
Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқалар көп толғауын 
өз қожалары – сөзерендеріне немесе өзге хандарға арнай ай-
тады: Асан толғауларына Жәнібек хан, Шалкиізден Би Темір, 
Жиембеттен Еңсегей бойлы Ер Есім, Марғасқадан Тұрсын хан 
деген билеушілердің аттарын көреміз.
Шешендік-дидактикалық толғауларда ой түйіндері («фило-
софия»)  болатындықтан,  оны  білдірудің  бірден-бір  амалы  – 

85
аналогияға бару. Мысалы, Шалкиіз «бір жаманмен дос болсаң, 
жүмле  ғаламға  күлкі  етер»  дегенді  айту  үшін,  сол  тәріздес 
өмірде  болатын  өзге  құбылыстарды  атап,  аналогия  жасайды, 
яғни шағырмақ бұлттың жай тастайтындығы, ағытқан қойдың 
жол бастайтыны т.т. айтылады. Асанқайғы «әр нәрсенің қадірін 
соған қатысы бар адам білер» деген «философияны» айту үшін 
көлде  жүрген  қоңыр  қаздың  қыр  қадірін  білмейтінін,  қырда 
жүрген  дуадақтың  су  қадірін  білмейтінін  т.т.  айтады,  яғни 
біртектес шындықты ұсынады.
Мұндай  аналогиялар  тек  дидактикалық  толғауларда  емес, 
арнау толғауларда да орын алады. Міне, осындай параллельдер 
үшін  жыраулар  образды  айналадағы  болмыстан,  табиғаттан 
алады.  Сол  себептен  бұлардың  шығармаларында  аң-құс, 
мал,  жан-жануарлар,  өсімдік,  ландшафт  сияқты  табиғатқа 
қатысты атаулар молынан кездеседі. Мысалы, Асанқайғыдағы 
күз,  тырна,  тауық,  тұйғын,  сұңқар,  тұрымтай,  торғай, 
қаршыға, арғымақ, қой, қошқаризен, бозжусан деген сөздер, 
Шалкиіздегі  қу,  көкшілі,  көгілдір,  сұңқар,  бүркіт,  жапалақ, 
ат, бие, көк қоян, ор қоян, құба арлан, құлан, тарпаң, қасқыр, 
қыршын, тал, терек, тобылғы, бұлт, күн, көл, аспан, айдын 
сөздері осыны танытады.
Әсіресе  төрт  түлік  малға,  аң-құсқа  қатысты  есімдер  де, 
етістіктер  де,  түр-түс  атаулары  да  тіл  айналымына  молынан 
түскен  элементтер  екені  көрінеді.  Бұлардың  барлығы  да  об-
раз үшін, яғни салыстыру, теңеу т.б. үшін қолданылған. Мы-
салы, Асанқайғы Жәнібек ханның қисынсыз ісін бетіне басып, 
оған өзінің разы еместігін айту үшін аналогияға аққу, құладын 
сияқты құстардың сипатын келтіреді. Қазтуған өз портретін – 
батыр бейнесін беру үшін қойдың көсемін, қашағанның ұзын 
құрығын,  буыршынның  бұта  шайнар  азуын  тіліне  оралтады. 
Ол  туған  жерін  суреттегенде  де  көбінесе  малға  байланысты 
образдарды алады: Жатып қалған жас тайлақ, Жардай атан 
болған жер дегеннен бастап, «Салп, салпыншақ анау үш өзен» 
деген  шағын  шығарма  мәтінінен  тоқты,  қой,  жабағы,  тай, 
бұзау, түйе, жылқы, боз, сазан, балық сияқты мал мен жәндік 
атауларын ұшыратамыз.
Лексика  құрамындағы  келесі  орынды  қауымның  әлеумет- 

86
тік  құрылысы  мен  жаугершілік  тақырыбына  қатысты  сөздер 
алады.  Дидактикалық  толғауларда  болсын,  арнау  өлеңдерде  
болсын  XV-ХVII  ғасыр  ақын-жырауларының  негізгі  әңгіме 
өзегі  –  адам,  қоғам,  әлеуметтік  және  әскери  жай-күй.  Оның 
үстіне  бұл  дәуірлерде  жаңа  құрылған  хандықты  бекіту,  жер-
суды сыртқы жаулардан қорғау, шаруаға жайлы мекен сайлау 
мүдделері бірінші орында тұрғандықтан, көркем әдебиет тілі- 
нің сөздік құрамында жұрт, халық, хан, қарашы, қызметші, 
ұл, ұғыл, құл, дұшпан, жау, ер, жолдас, батыр, би ұлы, бай ұлы, 
жамандар, жақсылар, жалғыз, көп, ата, ана сияқты әлеумет- 
тік категориялардың атаулары еркін қолданылған.
Сонымен  қатар  едәуір  топты  соғыс  ісіне,  қару-жараққа 
қатысты  сөздер  құрайды.  Тіпті  ұрыс-соғысты  тікелей  сурет- 
темегеннің  өзінде  бұл  саладағы  сөздер  образ  үшін  жиі  алы-
нады.  Мысалы,  Қазтуған  атамекенін  –  «Еділ  жұртты»  қимай 
толғаған  өлеңінде  садақ,  қылшан,  сары  жүн  оқ  сөздерін 
келтіреді.  Шалкиіз  әміршісін  суреттегенде,  «жазылы  алтын 
қол  кескен  алдаспаным  өзіңсің»  деген  метафора  үшін  қару 
атын  алады.  Ал  батырлар  портретін  берген  Шобанда  найза, 
алдаспан  ауыр  қылыш,  ала  білек  оқ,  қанды  көбе,  ала  балта, 
қандыауыз, жебе, қара болат, мылтық, он екі құрсау жез айыр 
сияқты  есім  сөздермен  бірге,  түменді  бұзу,  суырылып  шабу, 
қылыш байлау, жауды қайтару, дұшпанның көзін қамау, жа-
уды сықтау, байрақты алдыру, ажалға қарсы жүгіру, ұрысу, 
жағасына адам қолы тимеу, атқан оғын оздыру, дұшпанның 
тобын тоздыру тәрізді қимыл атаулары бар.
Жыраулар лексикасында образ үшін осы көрсетілген мағы- 
налық  топтардың  барынша  жұмсалғандығы  өте-мөте  көзге 
түседі. Бұларда табиғат лирикасы, махаббат жырлары дегендер 
жоқ болса да, сол табиғаттың жанды-жансыз күйіне қатысты 
көптеген сөздердің орын алуы – олардың теңеу, метафора сияқ- 
ты амалдар үшін қолданылғандықтарына байланысты.
Келесі сөздер тобы – дерексіз есімдер. Дидактикалық тол- 
ғаулар  дегеніміз  –  ой  түйіндері,  ал  ой-философия  дерексіз 
ұғымдармен  байланысты  болатындығын  жоғарыда  айттық.  
Бұл  дәуірлердегі  дерексіз  ұғым  атаулары  тегі  жағынан  екі  
топқа  бөлінеді:  қазақтың  өз  сөздері  және  кірме  араб,  парсы 

87
сөздері.  Бұлардың  бірқатары  түбір  сөздер  де,  енді  бірсып- 
ырасы  -лық  жұрнағын  жалғаған  туынды  есімдер  болып 
келеді: атақ, кеңес, даңқ, сөз, кеп, белгі, өткен іс, жақсылық, 
жамандық,  жалғыздық,  әділдік,  көңіл,  нәпсі,  жан,  дәулет, 
бақыт,  пейіл,  қадір,  ақыл,  құн,  есеп,  есендік,  сыпайшылық 
(сірә,  бүл  сөз  жаугершілік  дегеннің  баламасы  болар),  тірлік 
(тіршілік  тұлғасы  бұл  кезде  әлі  жоқ),  іс,  күш,  қызыл  тіл, 
өтірік, пәле, ғұмыр, жалған дүние, қылық, сүйесін, демесін, ит 
түрткі, ерлік, өрлік, зарлық, беріктік, сыр, қайрат, ант т.б.
Бұлардың  ішіндегі  араб-парсы  сөздерін  тек  осы  дәуірлер- 
де  енген  және  осы  жыраулар  бірінші  болып  қолданған  деуге 
әсте болмайды. Бұлар, тегі, XV ғасырдан бұрын көркем поэзия 
тіліне,  кейбірі  халықтың  сөйлеу  тіліне  де  еніп,  қалыптасқан, 
белгілі  бір  мағынада  тұрақталған  сөздер  екендігін  айтуға  
болады.  Орта  ғасырлардағы  түркі  тілдеріне,  оның  ішінде 
қазақ тіліне де араб-парсы сөздері жазба әдебиет арқылы да, 
бір-бірінен сөз ауысу арқылы да енгенін зерттеушілер кезінде 
айтқан  болатын.  Әсіресе  дерексіз  есімдердің  түркі  тілдеріне 
енуі  араб-иран  халықтарымен  тікелей  қарым-қатынасынан 
гөрі,  жазба  әдебиет  пен  мұсылманша  оқу  арқылы  болған  
процесс екендігі күмәнсыз.
Шығарманың  сөздік  байлығы,  сөз  топтарының  сипаты  
онда қолданылған стильдік тәсілдерге тікелей қатысты. Дидак- 
тикалық  толғаулар  кейде  ой  түйінін  дәлелдеу  үшін  қарама-
қарсы полюстерді салыстыру тәсілін пайдаланады: хан ~ қара, 
жақсы жаман, құстың құлы ~ құстың төресі, дос ~ дұшпан, 
жібек ~ күн, сұлтан ~ құл т.т. Бірақ бұлар сөздікті байытатын 
дәрежеге жетпеген.
Бұл  кезеңдегі  өлең  тілі  образға  алынған  сөздерді  эпитет-
пен  келтіру  тәсілін  қатаң  ұстаған.  Көптеген  сөздер  (мысалы, 
қару-жарақ  атаулары  және  орда,  жұрт  сияқты  сөздер)  тек 
қана эпитетпен келеді және ол анықтауыштар тұрақты болып 
келеді.  Сондықтан  бұл  амал,  бір  жағынан,  осы  кезеңдердегі 
әдеби тілдің фразеологиялық қорын тұрақтандырып, молайтса, 
екінші жағынан, әдеби тілге көптеген сын есімдерді, есімшелі 
тіркестерді  әкелді.  Мысалы:  салуалы  ақ  орда,  ақ  ала  орда, 
қалайылаған қасты орда, егеулеген болат жебе, күпшек сан-

88
ды тіл жалмаған күрең, жағына жалаң жібек байлаған ару-
лар, жапалақ ұшпас жасыл тау, саздауға біткен қара ағаш т.т. 
Мұндай эпитеттердің дені тұрақты, сірә, олар – ертеден келе 
жатқан  дүниелер  болар.  Айталық,  бұларға  қызыл  тіл,  асқар 
тау, сегіз қиыр шартарап, ақ ала жылқы, ауыр жұрт, айдын-
ды көл, жалған дүние, атайы ер, құба жон сияқтылар да жа-
тады.
XV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы бұларды әдеби нор- 
маға айналдырған деуге болады. Көрсетілген тұрақты тіркес- 
тердің  көпшілігі күні  бүгінге  дейін  жеткен  болса,  бірқатары- 
ның қазіргі қазақ әдеби тілінде қолданыстан шығып қалғаны 
байқалады.  Мысалы,  сегіз  қиыр  шартарап,  ауыр  жұрт, 
атайы ер, ауыр қол («қалың әскер»), ару ұл, қом су, кілең бұз, 
толғамалы  ала  балта,  тоғынды  сарты  нар,  айдындықтай 
білек, жүмле ғалам, жазы тұз, алаң жұрт сияқты тіркестер 
бұл күнде образ ретінде де, нақты бір мағына беретін қызметте 
де келмейді.
Ілгергі дәуірлердегі қазақ әдеби тілі сөздік құрамының түп-
тегіне қарай бөлінетін (генетикалық) қабаттарына келсек, оның 
негізі қазақтың төл сөздері екенін баса айтуға болады. Кірме 
қабат – араб және парсы сөздері, бірақ олар соңғы кезеңдермен 
салыстырғаңда өте аз. Дұшпан, заман, несібе, дүние, дос сияқты 
сөздердің түркі тілдеріне ертеде еніп, халықтың ауызекі сөйлеу 
тәжірибесінде  де  орын  алғанын  жоғарыда  айттық.  Сонымен 
қатар  біз  тілін  талдап  отырған  текстерде  шаһид  кешу,  қағба, 
Хақ, Ибраһим, халил, Алла, бәйтолаа, ғазірейіл тәрізді кірмелер 
бар. Бұлар осы ғасырлардың өзінде-ақ ислам діні арқылы сол 
дінге қатысты лексика тобының ене бастағандығын танытады. 
Дегенмен діни ұғымдарды атауға келгенде араб, парсы сөздері 
мен  түркі  сөздерінің  жарыспалылығы  орын  алады.  Мыса-
лы, арабтың Алла сөзімен түркілік Тәңір жарыса жүреді, тіпті 
соңғы сөз жиірек ұшырасады: «Тәңірінің өзі берген күнінде» 
(Доспамбет). «Тәңірі тесер төбеңді» (Шалкиіз). Шалкиіз Темір 
әміршісінің дәрежесі өзінікінен артық болса, тебінгіге жетер-
жетпес  сызашық  телегей  теңізге  айналса,  осының  барлығын 
Алладан да, Құдайдан да көрмейді, Тәңірден көреді, Тәңірі ісі 
дейді. Тіпті кәһбаның өзі – Алланың емес, Тәңірінің үйі: Ниет 
еттің Тәңірінің үйі кебеге.

89
XV-ХVII ғасырлардағы қазақтың ауызша дамыған төл әде- 
би  тілінің  сөздік  қазынасында  орыс  тілінен  сөз  алу  дәстүрі  
жоқ, өйткені мұның әлі базасы жасалмаған еді: Ресей мемле- 
кетімен,  орыс  халқымен,  орыс  мәдениетімен,  тілімен  арала-
сатын  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  қарым-қатынастар 
тумаған кезең екендігі тілде де көрініс тапқан.
Жаңа  сөздерге  (неологизмдерге)  келсек,  олар  жөнінде  де 
тап басып айту қиындау, өйткені XV ғасырдан бұрынғы тілдің 
лексикалық сипатын толық көз алдымызға келтіре алмаймыз, 
онда  не  бар,  не  жоғын  білмейміз.  Дегенмен  бір  жағдайды 
ашып айтуға болады, ол – жыраулардың жеке бастарына тән 
даралық ізденістер мен қосқандары байқалмайды. Бірінде бар 
сөз типтері өзгелерінде де ұшырасады. Бұл – мүмкін, ауызша 
сақталудың жемісі болар.
§ 5. Сөздік қазынаның нормалану дәрежесі
Талдап отырған кезеңдегі қазақ поэзиясының сөз еткен не- 
гізгі тақырыптары жақсылық, жамандық, кісілік (адамгершілік) 
т.б. жөнінде ақыл, насихат, үлгі айтуға арналған дидактика мен 
қауымның  әлеуметтік,  саяси  хал-ахуалын  баяндау,  ел  қорғау, 
жауға  аттануды  әңгіме  ету  болғандықтан,  осы  салаларға  тән 
сөздер көзге түседі. Олардың ішінде бірқатары белгілі мағы- 
нада  тұрақталып,  дәстүрлі  дәрежеге  –  нормаға  айналғаны 
байқалады.  Мысалы,  бұл  кезде  «территориялық-этникалық 
тұтастық»  мағынасында  (қазіргі  «халық»  ұғымында)  жұрт 
сөзі норма болып келеді: «Теңселер ауыр ноғай жұртыңыз... 
Тебіренсе, ауыр жұртын тындырмас» (Шалкиіз). Осы мәнде 
халық  арабизмінің  ұшырасуы  (мысалы:  «Етектеп  жиған  көп 
халқың Сұлтан ием кімге асмар етерсің?» – Шалкиіз) – біздің 
байқауымызша,  не  кейінгі  «редакциялардың»  нәтижесі,  не 
енді-енді  ене  бастаған  кірме  сөздің  көрінісі  сиякты.  Осы 
ұғымда жұрт сөзімен қатар ел, алаш (бірақ алаш – тек «қазақ 
жұрты» мағынасында) сөздері де бар. Жиембет Есім ханға сес 
көрсете айтқан толғауында: «Арқаға қарай көшермін, Алашы-
ма ұран десермін», – дейді. Шалкиіз: «Ағаштан байтақ озбаса, 
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді», – дейді.

90
Сірә,  бұл  кезеңдерде  жұрт,  ел,  алаш  сөздері  синонимдер 
ретінде  өлең  талғамына  қарай  бірінің  орнына  екіншісі  қол- 
даныла бергенге ұқсайды. Айталық, жоғарғы жолдарда алаш 
сөзі Арқа сөзімен ассонансты қатар құрап тұр.
Әлеуметтік  топтарға  қатысты  хан,  сұлтан,  құл,  бай  ұлы, 
би ұлы, төре, аға, шора сөздері көбінесе титулды (әлеуметтік 
дәреже-лауазымды)  білдіретін  элементтер  болып  келеді.  Ай- 
талық, Доспамбет мұрасынан кездесетін: «Азаулының Аймә- 
дет  ер  Доспамбет  ағаның  Хан  ұлына  несі  жоқ?  Би  ұлынан 
несі кем?» деген жолдары немесе: «Азаулыда аға болған ерлер  
көп  еді»  деген  тармақтарындағы  аға  сөзі  осы  күнгі  «жасы 
үлкен  ер  адам»  мағынасынан  басқа  қолданыста  тұрғанын 
аңғартады. Бұрын Түркияда аға титулы әскери адамға, комен- 
дантқа, янычарлардың бастығына берілетін болған. Сол сияқ- 
ты,  сірә,  XV-ХVI  ғасырлардағы  қазақ  қауымында  да  аға  сөзі 
басшыға,  оның  ішінде  әскери  басшыға  да  айтылатын  атақ-
дәреже  мағынасын  бергенге  ұқсайды.  Шалкиіздің:  «Батыр 
жігіт жау бастар, Аға жігіт қол бастар» дегені қолды (әскерді) 
бастайтын  жігіттің  аға  аталатынын  көрсетеді.  «Қобыланды  
батыр»  жырыңда:  «Қол  ағалық  қыламын»  деген  тіркес  бар, 
мұнда  қол  аға  «қолбасшы»  деген  мәнде  жұмсалып  тұр.  Аға 
сөзінің  «белгілі  әскери  топтың  басшысы»  деген  атақты 
білдіретіндігін жалайыр руынан шыққан тарихшы Қадырғали 
Қосымұлының  «Жами’ат-тауарих»  атты  шежіресінің  (XVI 
ғасырдың соңы) тілінен де көреміз: «Уа Мүгеті баһадур мың 
кішінің бегі ерді, йа’ни мың ағасы» (Жами ’ат-тауарих. - Қазан, 
1851. - 39-б.). Мұнда автор бек сөзі мен аға сөзін синоним етіп 
ұсынған, ал бек сөзінің мағынасы – «басшы».
Аға сөзінің бір кездердегі «басшы» деген ауыспалы мағына- 
сы ертеректе қалыптасқан ел ағасы, отағасы деген тіркестер- 
дің бар екендігімен де дәлелдене түседі. Елағасы – белгілі бір 
ұжымның  (айталық,  бір  ауылдың)  басшы  адамы,  отағасы  –  
бір  отбасының  иесі.  Кейін  отағасы  сөзінің  мағынасы  жал-
пыланып,  «ересек,  сыйлы  адам»  дегенді  білдіруге  жұмсалып 
кеткені  байқалады.  XV-ХVI  ғасырларда  ата  сөзінің  осы 
күнгідей  «бірге  туғанның  немесе  туысқанның  ішінде  еркек  
кіндіктің  жасы  үлкені»  деген  негізгі  мағынасы  да,  әрине, 
болған.

91
Әскери ұғымы бар сөздер мен фразеология сол кездердегі 
құрал-жабдықты түгелге жуық атайды. Садақ, оқ, ала балта
жай, алдаспан, семсер, көбе, жебе, адырна, сүңгі т.б. – қазіргі 
қазақ  әдеби  тілінде  көнерген  элементтер  болғанымен,  тал-
дап отырған кезең үшін актив сөздер. Ала балта – жай балта 
емес, арнайы жасалған соғыс құралы. Мұндағы ала сөзі – түсті 
білдіретін сөз емес. Ол көне түркі тілдері мен оғұз тобындағы 
тілдерде  «қол»  мағынасын  беретін  ал  сөзіне  қатысты  болуы 
мүмкін: ал балта – қол балта, қолға ұстайтын немесе сапты 
балға, өйткені ал сөзі кейбір түркі тілдерінде «құралдың сабы» 
дегенді де білдіреді
94
. Мүмкін, бұл атау аламан, алақшы, ала 
шапқын,  алаулау  дегендердегі  ала  сөзімен  байланысты  бо-
луы,  өйткені  жоғарыда  аталған  сөздер  мен  ала  қырғын,  ала 
топалаң,  алапат  сияқты  сөздерде  «қырып-жою,  бүлдіру»  
идеясы  бар.  Ол  күнде  бұл  сөз  монғол  тілдеріндегі  алах  –  
«өлтіру,  шабу,  сою  (малды)»  сөзімен  түбірлес  тұлға  болып 
шығады
95
.  Қайткенде  де  ертедегі  қазақ  тіліндегі  ала  балта  
белгілі бір ұрыс қаруының аты. Бұл атауды ХVІІІ-ХІХ ғасыр- 
лардағы нұсқалардан кездестірмейміз, оның орнына айбалта 
бар.
Алдаспан да – қазірде ұмыт болған сөз. Ол бертіндегі жау-
ынгер ақын Махамбетте кездеспейді. М.Мағауин мұны «нарке-
скен, өткір қылыш»деп түсіндіреді
96
.
Әскери  құралдардың  жалпы  атауларынан  басқа  ол  құрал- 
дардың  жеке  бөліктерінің,  түрлерінің  аттары  да  өлең-толғау- 
лар  тілінен  орын  алған.  Олардың  да  дені  –  бұл  күнде  арха-
измдер тобына кеткендер: адырна, қылшан, тобыршық, жебе 
т.б.  Ғалым  Қ.Жұмалиевтің  түсіндіруі  бойынша,  адырна  сөзі 
садақтың  оғын  тіреп  ататын  сіңір  тарамысын  білдіреді
97
,  ал 
Будаговтың көрсетуі бойынша, башқұрт пен Кавказ түркілері- 
нің  тілінде  адарна  сөзі  керілген  садақтың  өзін  білдірген
98

Ертедегі  қазақ  жыраулары  бұл  сөзді  Қ.Жұмалиев  көрсеткен 
мәнде жұмсаған.
94 
  Будагов  Л.  Сравнительный  словарь  турецко-татарских  наречий.  -  Т.І.  -  СПб., 
1869. - С.77
95
 Ала сөзінің әртүрлі тіркестердегі мағыналары жөнінде толығырақ мына кітаптан 
қараңыз: Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. - Алматы, 1980.
96
 Мағауин М. Әдебиетіміздің тарихы әріде жатыр...
97
 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 91-б.
98
 Будагов Л. Көрсетілген кітап. 20-б.

92
Қылшан  сөзін  Қазтуғаннан  кездестіреміз:  «Қылшанымды 
сары  жүн  оққа  толтырып».  Бұл  сөз  «Шайыр»  атты  кітапта 
«оқ сауыты» деп түсіндіріледі
99
. Контекске қарағанда, қылшан 
сөзі, шынында да, осы мағынаны береді. Сірә, бұл – көне сөз 
болар,  өйткені  соңғы  ғасырларда  қазақ  тілінде  оқ  сауытын 
қорамсақ немесе садақ деп атаған. Тобыршық та – садақтың 
бір  бөлшегінің  атауы.  Л.Будагов  Қазан  татарлары  мен  алтай 
тілдеріндегі тобыршық сөзі «шишка, шишковатый» («томпақ 
зат,  томпақтау»)  деген  мағына  береді  дейді. Қазақ текстеріне 
қарағанда,  тобыршық  –  оқтың  адырнаға  тіреп  ататын  жері: 
Тобыршығы биік жай салып... Тұтамдайын тобыршық.
Оқ пен жебе сөздері – бұл кездегі әдеби тілде синонимдер. 
Жебені садақ оғының өзі емес, қыры деп түсіндіру бар
100
, садақ 
оғының масағы деп анықтау да бар
101
. Ал, шындығында, жебе 
сөзінің оқ сөзіне синоним екені ауыз әдебиетінде кездесетін: 
Көп оғының ішінде Сұр жебе деген оқ алды сияқты жолдардан 
да  тануға  болады.  Оқ  пен  жебе  сөздерінің  үшінші  синонимі 
ретінде  жай  сөзі  де  әдеби  тіл  қолданысында  болған:  Он  екі 
тұтам жай тартқан... Тобыршығы биік жай салып.
Әңгімелеп отырған кезеңдегі үлгілерде мылтық пен зеңбірек 
сөздері өте сирек ұшырайды. Қылыш та кемде-кем, оның орны-
на алдаспан сөзі немесе тіркес атаулар қолданылады: балдағы 
алтын құрыш болат, қан жұқпас қайқы қара болат т.б.
Бұл  тұста  тек  қару-жарақ  емес,  сауыт-сайман  аттары  да 
тұрақталып,  нормалана  түскен.  Мысалы,  сауыт  дегеннен 
гөрі көбе сөзі жиірек кездеседі: Күлікке тастай болып тиме-
се,  Үстіме  көбе  сайлап  кимен-ді...  Жауырынына  қанды  көбе 
сыймаған  (Шалкиіз).  Бізге  жеткен  текстерде  дулыға  –  тек 
баскиімнің  атауы:  Дулығамның  төбесі  туған  айдай  болмаса 
(Шалкиіз). Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім – өкінбен (До-
спамбет).
Жаугершілік лексикаға жататын сөздер тобындағы қимыл- 
дың өзі мен оның орындалу амалын білдіретін етістіктер мен 
үстеулер  барлық  үлгілерге  ортақ  болып  келеді.  «Жорыққа 
шығу» мағынасын жорту сөзі, сондай-ақ, оқ тию, білте салу, 
99
 Шайыр. - Орынбор, 1910.
100
 Жұмалиев Қ. Махамбет. - Алматы, 1962. - 11-б.
101
 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - I т. - Алматы, 1974. - 225-б.

93
топ  бастау,  дұшпан  ату,  тепсінісу,  жау  бастау,  ат  сайлап 
міну,  ту  байлау,  қатты  тартып,  биік  ату,  суырылып  шабу, 
дұшпанның  тобын  тоздыру  сияқты  тіркестер,  бір  жағынан, 
жаугершілік мазмұндағы іс-әрекет атауларын білдірсе, екінші 
жағынан, осы кезеңде әбден қалыптасып, орын тепкен әдеби 
нормадағы фразеология қорын құрайтын сөздерді танытады.
Өмірдің қалған жақтарын бейнелейтін сөздер де өлең тілі- 
нен  орын  алғанымен,  тұрақталуы,  көркем  құралдарға  айна-
луы  жағынан  жоғарғы  көрсетілген  топтардай  емес.  Әсіресе 
бұл кезеңде күнделікті тұрмысқа қатысты сөздердің өте сараң 
кездесетіндігі байқалады. Көркем әдебиет, негізінен, әлеумет- 
тік  тақырыптағы  поэзия  болғандықтан,  мұнда  күнделікті  от 
басы, ошақ қасының суреті жоққа тән. Осыған орай тұрмыстық 
лексика  да  молынан  көріне  алмаған.  Ал  құрық  (Ұстаса 
қашағанның  ұзын  құрығы  –  Қазтуған),  қымыз  (Қымыз  ішіп, 
қызарып – Асанқайғы), кереге (Керегеде ілінген, Шабылмаған 
семсер тұр – Жиембет), шымылдық (Ал шымылдық ішінде Ару 
сүйдім – өкінбен – Доспамбет) тәріздес бес-он тұрмыстық сөз 
кездессе, олар да – тек образ үшін қолданылғандар. Қазақ по-
эзиясы  тіліне  тұрмыс-салт  лексикасының  араласа  бастауы  – 
XVIII, әсіресе XIX ғасырлар іші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет