§ 2. Жазу (графика) және емле мәселелері
Қазақ халқы сан ғасыр бойы араб жазуын пайдаланып
келді. Бұл жазу халықтың рухани-мәдени мұқтажын белгілі бір
дәрежеде өтеуге де, түркі халықтарына тән әдеби мұраларды
оқып-білуге де, өзге туысқан халықтармен қарым-қатынас жа-
сауларына да, ең негізгісі – сауаттарын ашып, хат тануға, мұсыл-
манша ғылым-біліммен танысуға да әбден жарап келді. Соған
қарамастан, XIX ғасырдың II жартысында қазақ мәдениетінде
жазу (графика) проблемасы көтерілді. Араб жазуынан өзге жа-
зуды – орыс графикасын пайдалану идеясы пайда болды.
Қазақтар үшін орыс жазуын қабылдау идеясы орыстар
тарапынан бұдан көп бұрын айтылған болатын. Этнограф
Е.Масановтың ізденістеріне қарағанда, XVIII ғасырдың II жар-
тысында (1768 жылы) Ресей үкіметі мен академиясы тарапы-
нан қазақ даласына Екінші академиялық экспедиция ұйымдас-
тырылады, ол қазақ жерінің географиялық жағдайын зерттеп,
қазақ халқының этнографиясымен танысу мақсатын көздейді.
Тұңғыш рет қазақ тілін танып-біліп, орысша-қазақша сөздік жа-
сау әрекетін бастаған осы экспедиция болатын. Мұның иници-
аторы, сірә, Ресей Ғылым академиясының рұқсатымен Петер-
бург академиялық гимназиясының инспекторы Г.Л.Бакмейстер
болса керек. Оған Өскемен қамалынан қазақ тіліне қатысты
материалдарды беріп тұрғандардың бірі генерал-майор Ска-
лон деген болды. Тұңғыш орысша-қазақша шағын сөздіктердің
бірінің құрастырушысы да – осы кісі болатын. Осы сөздіктің ба-
342
сында Скалон қазақтар үшін орыс графикасымен азбука-әліппе
тұрғызып, өзге де кітаптар жазуға болмас па еді дегенді 1774
жылы айтқан екен
213
. Бұл әрекет, әрине, ол кезде жүзеге асқан
жоқ. Дегенмен идеяның ұрығы себілді. Ол ұрық 100 жылдай
өткен соң көктей бастады: қазақ жазуы үшін орыс графикасын
іс жүзінде пайдалану әрекеті басталды. Ең бірінші болып орыс
графикасын миссионерлік пиғылдағы Н.И.Ильминский пайда-
ланды. Оның 1861 жылы шыққан «Начальное руководство к
изучению киргизского наречия» деген кітабы орыс әріптерімен
басылды. Осыдан бастап қазақтарға арналған бірнеше кітап
орыс графикасымен жарияланды. Ы.Алтынсарин өзінің
«Қырғыз-қазақ хрестоматиясын» орыс әріптерімен шығарды.
В.А.Васильевтің «Образцы киргизской народной словесно-
сти» (Вып.І. Киргизское сказки. - Оренбург, 1898) деген кітабы
көпшілікке арналған жартылай ғылыми кітапшалар және хри-
стиан дінінің миссионерлік мақсат көздеген кітаптары да орыс
жазуын пайдаланды.
А.В.Старчевский де өз сөздіктерінде орыс әріптерін пайда-
ланды. 1893, 1897, 1899, 1909, 1910, 1911 жылдары шыққан
орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктер мен И.Лап-
тевтің (1900) сөздіктері орыс әріптерімен жарық көрді.
Қазақ жазуы үшін араб таңбаларынан гөрі орыс (славян)
жазуының таңбалары қолайлырақ деп табудың бірнеше мотив-
тері болды: 1) араб жазуы түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ
тілінің, фонематикалық жүйесін дұрыс көрсете алмайтындығы
– арабша дауысты дыбыс таңбаларының өте аздығы; 2) сол
кездегі оқыту әдісімен арабша хат танытудың өте ұзақ уақытқа
созылатындығы; 3) орыс графикасын қазақ тілінің фонетика-
сына сәйкестендірудің әлдеқайда оңай екендігі; 4) орыс жазуы
орыс халқының мәдениетімен танысуға жәрдемдесетіндігі
т.т. Бұл уәждемелердің астарында, сөз жоқ, Ресейдің қазақ
жерін түпкілікті отарлап, қазақ халқының мәдени-рухани
даму бағытын орысшылдыққа бұру саясаты тұрды. Бұл сая-
сат Ыбырай Алтынсарин сияқты тұңғыш ағартушыларды да
өзіне бағындырды. Бұл жөнінде Ы.Алтынсариннің өзі бы-
213
Масанов А.Э. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в
СССР. - Алма-Ата, 1966. - С. 74.
343
лай деп жазады: «...Жалпы білім беретін кітаптардың Азия
халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай
жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге
мәжбүр болдық, сондықтан бұл шығарғалы отырған кітабымыз
көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жал-
пы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беруі үшін және
сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да
қайшы келмеуін көздеп, біз осы кітабымызды орыс әрпімен
бастырғанды қолайлы деп таптық»
214
.
Бұл саясаттың екінші ұшы қазақтар арасында XIX ғасырда
етек жая бастаған татар тілінен (сондай-ақ жалпы «түркіден»)
қазақ тілін орыс жазуын қолдану арқылу алшақтату әрекетіне
барып тіреледі. Мүмкін, бұл арада қазақ халқының өз тілін дер-
бес жазба тіл ретінде айырып жұмсау ниеті де көзделген болар.
Оған Ы.Алтынсарин, В.В.Радлов, А.В.Васильев, А.Е.Алек-
торов, О.Әлжанов, Т.Т.Тихоновтардың айтқан пікірлері дәлел
болды
215
. Бірақ миссионерлік, ұлы державалық мүлде де басым
болды, бұған христиан дінін уағыздайтын кітаптардың орыс
әрпімен шығуы, Н.И.Ильмийскийдің кейбір хаттарындағы
пікірлер – дәлел
216
.
Үшіншіден, орыс жазуы арқылы орыс мәдениетін, білім-
ғылымын жақын тани түсу, тілін білу сияқты адал ниет те
орын алды, өйткені сол кездегі Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев тәрізді озат ойлы қазақ қайраткерлері өз халқының
тарихи тағдыры, болашағы орыстың демократиялық-прогрес-
шіл мәдениетімен тығыз байланысты болатынын жақсы
түсінді.
Сөз болып отырған кезеңде жазу мәселесі – әлеуметтік мән
алған проблеманың бірі болды. Қолданылып отырған жазудың
214
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. - Алматы, 1955. - 71-б.
215
Алтынсарин Ы. Письмо к Н.И. Ильминскому от 12. IX. 1882 г., Радлов В.В.
Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и
Дзунгарской степи. - Ч. III. Киргизское наречие. - СПб., 1870. - С. XVII; Васильев А.В
Материалы к характеристике взаимных отношений татар и киргизов. - Оренбург,
1898; Р ы н -Песковский (А.А лекторов) Мысли вслух // Тургайская газета. - №25;
Г ригорьев Е. О передаче звуков киргизского языка буквами русского алфавита //Учение
записки Казанского университета. - Вып. II. - 1882; Отыншы Әлжанов Қазақтарға
пайдалы кітаптар //Дала уалаятының газеті. - 1894. - №39.
216
Ильминский Н.И. Из переписки по вопросу о применении русского алфавита к
инородческим языкам. - Казань, 1883.
344
(араб графикасының) қазақ тілі үшін қолайсыздығы, оны-
мен сауат ашудың қиындығы баспасөз бетінде де көтерілді.
Р.Дүйсембаев, Д.Сұлтанғазин, М.Көпеев сияқты қазақ зиялыла-
ры мәселе көтеріп, араб алфавитінде қазақ дауыстыларын түгел
білдіретін таңбалардың жоқтығын, кейбір әріптердің қазақ фо-
нетикасына сай келмейтіндігін, яғни артық және жетіспейтін
таңбалардың бар екендігін, сондықтан бұл жазуды қазақ тіліне
икемдеу қажет, жоқ таңбаларды қосып, артықтарын алып та-
стау сияқты жұмыстар жүргізу керек деген ұсыныстар айтты
217
.
Бұл – қазақ жазуы үшін қолайлы графика таңдау жөніндегі
екінші түрлі пікір болды, ол араб жазуын икемдеу идеясын
ұсынды. Кейін бұл идеяны XX ғасырдың басында Ахмет
Байтұрсынов жүзеге асырды. Орыс графикасымен бірнеше
кітап, сөздіктер шыққанмен, бұл үкімет тарапынан ресми түрде
қабылданған жазу болмады
218
, сондықтан бұл да қазақ тіліне
лайықталып түзілген ұлттық алфавит түрінде қолданылмады.
Әр кітап әрқилы белгілерді пайдаланды. Жалпы орыс графи-
касын қазақ жазуында екі түрлі сипатта қолданды: біреулер
(мысалы, Ыбырай, Ильминский, Лютштер) орыс алфавитін
өзгеріссіз қолданды, қазақ тіліне тән дыбыстар орыс әріп-
терімен берілді, екінші тобы (миссионерлік кітаптар, 1897
жылғы календарь т.т.) қазақтың кейбір арнайы дыбыстарын
білдіретін қосымша таңбалар енгізді: ä (ә үшін), ö/ө/, ÿ/ү/, н’ (н
әрпінің оң жақ шекесіне кішкене сызықша қойылды).
Қазақтар үшін қолданған жаңа жазудың мұндай ала-құлалы-
ғы қолайсыздық тудыратыны, қазақ сөздерін фонетикалық
тұрғыдан дұрыс тануға кеселдік келтіретіні сол кездің өзінде-
ақ әңгіме болды. Мысалы, В.Григорьев Н.И.Ильминскийдің
жазуының ыңғайсыз жағын көрсетіп, өз таңбаларын ұсынды
219
.
П.М.Мелиоранский Г.Лютштің транскрипциясын сынады,
оның қазақ тілінің дыбыстық сыпатына сай еместігін айт-
217
Дүйсембаев Р. Харіп турасының сөзі //Дала уалаятының газеті. - 1897. - №10;
СұлтанғазинД. Қазақ сөзін қалайша жазу турасы //Сонда, 1899. - №22, 23.
218
Ол жөнінде толығырақ біздің қазақ тілінің революциядан бұрынғы кезеңде
зерттелуіне арналған мақаламыздан танысуға болады: Сыздыкова Р. Изучение
казахского языка в дооктябрьский период //Развитие казахского советского
языкознания. - Алма-Ата, 1980. - С. 3.
219
Григорьев В. В передаче звуков киргизского языка буквами русского алфавита //
Учение записки Казанского университета. - Вып. ІІ. - 1862.
345
ты.
220
Бірақ мәселе осыдан арыға бармады, шешілмеді. Оған,
бір жағынан, қазақ жазуы үшін орыс алфавитінің ресми түрде
қабылданбағандығы себеп болса, екіншіден, қазақтың ұлттық
оқу-ағарту, білім-ғылым мәселелерімен шұғылданатын ғылы-
ми не ресми мекеме, ғылыми-зерттеу институты, университет
кафедралары сияқты орталықтардың жоқтығы болды. Қазақ
жазуын (қай графикада болса да), жазу сауаттылығын (емле,
пунктуация ережелерін) реттеу ісі ешбір ғылым-білім орында-
рына не жеке адамдарға ешкімнің тарапынан жүктелмеді, оған
қажет алғышарттар әлі жоқ болатын.
Бұл кезеңде тек графика емес, қазақша сауатты жазу мәселесі
де қозғалды. Оның ішінде орыс тілінен көптеп еніп жатқан
сөздерді түпнұсқаға жуықтатып жазу ұсынысы қойылды. Мы-
салы, Д.Сұлтанғазин жандарал, жанарал, генерал болып ай-
тылып-жазылып жүрген варианттардың соңғысын жазу керек,
өйткені қазақтар үшін ол да түсінікті дейді («Дала уалаяты
газетінің» 1894 жылғы 27-нөмірінде жарияланған, жоғарыда
көрсетілген мақаласында). Орыс графикасымен шыққан кітап-
тар русизмдердің бұрыннан ауызекі сөйлеу тілінде өзгеріп
қалыптасқандарынан басқа жаңадан еніп жатқандарын орыс-
ша тұлғасында жазған. Бірақ бұл да – көтерілгенмен, түбегейлі
шешілмей қалған мәселелердің бірі болды, әр кітапта, әр басы-
лымда орыс сөздері әрқилы жазылды.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің жазылуы жайында
да сөз болып отырды. Олардың халық тіліне сіңгендерін түп-
нұсқаға жуықтатпай жазу, қалғандарын өзгертпей жазу прин-
ципін қолдаған пікірлер айтылды (Рамазанұғлы Мухамедзекір
Зайсаннан хат //Дала уалаятының газеті. - 1890. - С.23; Д.Сұл-
танғазин Біздің қазақ тілі турасында бес-алты ауыз сөз // Сон-
да, 1890. - № 6 және осы автордың «Қазақ тілінше жазу тура-
дан» деген мақаласы. – Сонда, 1896. - 31-б. т.б.).
Сауатты жазуға қатысты көтерілген екінші мәселе – ты-
ныс белгілерін пайдалану жайында болды. XIX ғасырдың
екінші жартысында баяғыша араб жазуы пунктуация дегенді
көп білмейтін. Қазақ жазбалары да осы тәртіптен шыға алма-
220
Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак- киргизского языка. - Ч. I. - СПб:,
1894. - С. 5.
346
ды. Бірақ заман ыңғайына сай жазба дүниелердің неғұрлым
көпшілікке түсінікті, сауатты, мәдениетті болуын талап ету –
занды құбылыс. Сондықтан қазақтардың өздері араб жазуы-
мен берілген мәтіндерде әртүрлі тыныс белгілері қолданылуы
керек деген пікірлер білдіре бастайды. Бұл мәселеге алдымен
мән берген – «Дала уалаяты газеті» болды. Ол 1896 жылғы 41-
47 нөмірлерінде қазақ жазуына тыныс белгілерін қолдану тура-
лы хабарлама (ереже) жариялады. Бірақ бұл да – тек бастама,
ізгі ниет сипатында болды, ешбір ресми орын бұл ережелерді
қолдануға ешкімді міндеттемеді. Сондықтан да арабша шыққан
қазақ жазбаларында сөйлем жіктерін ажыратып, жұлдызша,
сызықша сияқты белгілермен газеттердің кейінгі жылдардағы
нөмірлерінде қолданылған тыныс белгілері болмаса, бүл ере-
желер жүйелі түрде қолданылмады.
Сөйтіп, қазақ халқының ұлттық жазу жасау және жазу
мәдениетін көтеру сияқты іс-әрекеттері XIX ғасырдың II
жартысында басталып, қазіргі біздің тіл, жазу тәжірибемізге
ұласты деп айтуға әбден болады.
§3. Қазақ тілінің зерттелуі және оның әлеуметтік
қызметі жөніндегі пікірлер
Бұл кітапты пайдаланушылардың назарын қазақ тілінің
фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылысының XIX
ғасырда зерттелу жайы арнайы сөз етілген мақалаға аудартып
(сілтеп), бұл процесте П.М.Мелиоранский, Н.И.Ильминский,
В.В.Радлов, А.Е.Алекторов, В.В.Катаринский, Н.Ф.Катанов
сияқты орыс ғалымдарының және Ы.Алтынсариннің еңбек-
терін атаймыз. Бұл жұмыстар негізінде практикалық мақсатпен
(«Киргиз наречиесімен таныстыру немесе шығыс тілдерін
оқып-үйренуде салыстыру үшін» т.б.) жүргізілді.
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ тілін зерттеу орыс
тілінде жүрді. Сондықтан бұл ғылым саласының ұлттық тер-
минологиясы әлі жоқ еді, өйткені қазақ тілі грамматикасы жеке
пән ретінде мектеп-медреселерде өтілмейтін. Дегенмен осы
кезеңде қазақ тілін танып-білуге Ресей Ғылым академиясы мен
Петербург, Қазан университеттері тарапынан назар аударылып,
347
қазақ тілінің құрылымын баяндау, өзге түркі тілдерімен салы-
стыру сияқты жұмыстардың жүргізілуі, біріншіден, қазақ тілін
өз алдына дербес ұлттық тіл екенін танытты, екіншіден, қазақ
тіл білімі деген ғылым саласының іргетасын қалау қажеттігін
ұсынды. Бұл «қажеттікті» жүзеге асырған XX ғасырдың
алғашқы онжылдықтарында ана тілі үшін саналы қызмет еткен
Ахмет Байтұрсынов болғаны мәлім.
Қазақ тілінің құрылымдық жағынан дамуы жайында арнайы
зерттеу жұмыстарын жүргізу, пікір алысу дегендер болған
жоқ. Ал оның әлеуметтік қызметіне бұл кезеңде үлкен назар
аударылды. Дәлірек айтсақ, «жазба тілдің нормалары қазақтың
халықтық тіліне негізделуі қажет пе әлде санғасырлық дәстүрі
бар түркілік («кітаби») болуы қажет пе?» деген әлеуметтік және
саяси мәні бар проблема туды. Бұл орайда мәселе көтергендер
қазақтың демократ ойшылдары, ұлттық интеллигенцияның
озық ойлы өкілдері болды. Сонымен қатар кейбір орыс ғалым-
дары мен ағартушылары да бұл проблемаға мойын бұрды.
Проблеманың көтерілуіне ұлттық жазба әдебиеттің әр алу-
ан жанрда дами бастағаны себеп болды. Оның өзінде де осы
дүниелер тіліне түркі халықтарының жазба дәстүрі мен татар
жазба тілінің элементтері араласу фактісі қазақтың ұлттық
әдеби тілі нормалары жайында пікірлер айтқызып, кей сәттерде
дискуссия-талас туғызды.
Ең алдымен, осы кезеңде қазақ даласына таралған әр алу-
ан мазмұндағы, әртүрлі жанрдағы жазба дүниелердің: қисса-
лардың, Ясауи, Бақырғани хикметтері сияқты кітаптардың,
кеңсе іс-қағаздарының тілінде араб, парсы сөздерінің молынан
араласуы, морфологиялық тұлғалар мен ішінара синтаксистік
амалдардың шағатайша не татарша болып келуі, араб әрпімен
жазылған мәтіндердің орфографияда «түркілік» дәстүрді
сақтауы елеңдетті. Оның үстіне қазақтар арасындағы оқу-
ағарту ісі мен кітап бастыру ісінің (молдалардан бастап кітап
шығарушыларға дейін) татарлардың қолында болғандығы да
екі түрлі мазасыздық туғызды: бірі – осы арқылы қазақтардың
мәдени-рухани дүниесінде татар мәдениеті мен тілінің бел
алу қаупі, екіншіден, орыс билеушілерінің барлық түркі
халықтарына ортақ тіл ретінде орын теуіп кете ме деген қаупі.
Дегенмен қайткенде де қазақ халқының әрі қарайғы мәдени
дүниесіне халықтың өз тілі, ұлттық тілі қызмет етуі керек де-
ген идея туады. Бұл идеяны сол кездегі тұңғыш қазақ баспасөзі
де ұстанады.
Бұл келтірілген пікірлердің барлығы қазақ жазба тілінің
ұлттық тіл негізінде дамуы қажеттігі және оның фонетикалық,
лексикалық, грамматикалық, орфографиялық заңдылықтарын
реттеп, нормаға түсіру, яғни көпшілікке ортақ дағдыға айналды-
ру керек екендігі туралы әлеуметтік пікір болғанын көрсетеді.
Бұл пікірдің белгілі бір салмақ алып, өз жемісін көрсеткені
және байқалады: қазақ халқының мәдени-рухани өмірінде әрі
қарай халықтық тіл негізінде дамыған ұлттық жазба тілі бел
алды, ол өзінің негізгі заңдылықтарын реттей, дамыта келіп,
қазіргі тілімізге ұласты.
МАЗМҰНЫ
Автордан ....................................................................................3
КІРІСПЕ ТАРАУ
§ 1. Әдеби тіл туралы ұғым. Қазақ әдеби тілі
жайындағы пікірлер ..............................................................7
§ 2. Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлеу .................20
§ 3. Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерге
тарамдалуы ............................................................................27
І ТАРАУ
Қазақ әдеби тілінің қайнар көздері ...................30
§ 1. Халықтың ауызекі сөйлеу тілі – қазақ әдеби
тілінің негізі ..........................................................................31
§ 2. Қазақтың ауыз әдебиетінің тілі – қазақ әдеби тілінің
басты арналарының бірі .................................................36
§ 3. Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі – қазақтың ауызша
және жазба әдеби тілдерінің бір арнасы .........................46
§ 4. Ортағасырлық түркі ескерткіштерінің тілі – қазақ
әдеби тілінің қайнар көздерінің бірі ...............................50
ІІ ТАРАУ
ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі
§ 1. XV-ХVII ғасырлардағы қазақ қауымына қызмет
еткен тілдің сипаттары ...................................................68
§ 2. XV-ХVII ғасырлардағы қазақтың ауызша дамыған
төл әдебиетінің нұсқалары және олардың тілін зерттеудегі
қиындықтар ..........................................................................71
§ 3. XV-ХVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілі ......................82
§ 4. XV-ХVII ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің
лексикалық сипаты ................................................................84
§ 5. Сөздік қазынаның нормалану дәрежесі ......................89
§ 6. XV-ХVII ғасырлардағы әдеби тіл лексикасындағы
көне сөздер ..........................................................................93
§ 7. XV-ХVII ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің
грамматикалық сипаты .......................................................100
§ 8. XV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясының стильдік-
тілдік ерекшеліктері ..........................................................104
ІІІ ТАРАУ
ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ жазба тілінің көрінісі ........117
§ 1. Қадырғали Жалайыридың «Жами ат-тауарих» атты
шежіресінің тілі .................................................................120
§ 2. Шежіре тілінің лексикасы мен фразеологиясы .........122
ІV ТАРАУ
XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілі
§ 1. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілін сипаттайтын
әдебиет үлгілері ..................................................................130
§ 2. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілі – алдыңғы
дәуірлердің жалғасы .........................................................139
§ 3. Бұхар – жыраулар мектебі тілін жинақтаушы .............142
§ 4. Ақындар мектебінің дами бастауы және оның
әдеби тіл барысындағы рөлі ...........................................152
§ 5. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикалық
сипаты ..................................................................................157
§ 6. XVIII ғасырдағы лексикалық құбылмалылық (норма
мәселесі) .............................................................................165
§ 7. XVIII ғасырдағы әдеби тілдің грамматикалық
сипаты .................................................................................170
§ 8. XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясы тіліндегі әдеби-
көркемдеуіш тәсілдер ......................................................174
§ 9. XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың I жартысындағы
ресми қағаздардың тілі ...................................................177
V ТАРАУ
XIX ғасырдағы қазақ әдеби тілі
§1. XIX ғасырдың 60-70-жылдарына дейінгі қазақ әдеби
тілі және оны танытатын үлгілер ..............................185
§ 2. XIX ғасырдың I жартысы – алғашқы кезеңдердегі
ауызша әдеби тілді синтездеу дәуірі ...........................191
§ 3. Тілдің даму барысында жаңа сапалық белгілердің
көріне бастауы ................................................................196
§ 4. Лексика құрамы және ондағы өзгерістер ................204
§ 5. Қазақ әдеби тілі лексикасына орыс сөздерінің ене
бастауы ...............................................................................211
§ 6. Кірме сөздердің мол қабаты – араб және парсы
сөздері ...................................................................................213
§ 7. XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ әдеби тілінің
грамматикалық сипаты ......................................................216
§ 8. Сөз тудыру тәсілдерінің нормалануы ......................223
VІ ТАРАУ
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі
§ 1. XIX ғасырдың II жартысындағы қоғам өмірі және
тіл тәжірибесі ..................................................................221
§ 2. XIX ғасырдың II жартысында бұрынғы қазақ поэзиясы
тілінің одан әрі дамуы .................................................231
§ 3. Көркем әдебиеттің қисса жанры және оның тілі .........237
§ 4. Қоғамдың-публицистикалық стильдің пайда болуы ....245
§ 5. Қазақша ғылыми-көпшілік стилінің пайда болуы
және оың жай-күйі ...............................................................257
§ 6. Ресми іс-қағаздар стилінің әрі қарай дамуы ..............265
§ 7. Қазақ тілінде дінге қатысты әдебиеттің тууы және
барысы ................................................................................273
§ 8. Қазақ тілінің эпистолярлық стилі ......................279
§ 9. Аударма ісінің пайда болуы және оның қазақ әдеби
тіліне тигізген әсері ..........................................................287
§ 10. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы ...290
§ 11. Ыбырай Алтынсариннің қазақтың ұлттық жазба
әдеби тілінің дамуындағы орны мен рөлі ...................294
§ 12. Абай және қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі ..........300
§ 13. Абай поэзиясының тілі – қазақ әдеби тілінің
дамуындағы жаңа белес ....................................................303
§ 14. Ұлттық жазба әдеби тілдің лексикалық құрамының
толығуы және нормалануы ...........................................322
VII ТАРАУ
XIX ғасырда қазақ тілінің зерттелуі және оның жазуы мен
емлесі туралы мәселелер
§ 1. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ
лексикографиясы .................................................................331
§ 2. Жазу (графика) және емле мәселелері ......................341
§3 Қазақ тілінің зерттелуі және оның әлеуметтік қызметі
жөніндегі пікірлер ............................................................346
Рәбиға
СЫЗДЫҚОВА
Көптомдық шығармалар жинағы
Үшінші том
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ
ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ
(ХV-ХІХ ҒАСЫРЛАР)
Редакторы: Альфия Солтанбекова
Техникалық редакторы: Ниязбай Оразымбет
Корректоры: Альфия Бөлекбаева
Компьютерде беттеген: Жәмила Айдос
ИБ № 159
Теруге 22.11.2014 ж. берілді. Басуға 08.12.2014 ж. қол қойылды.
Пішімі 84х108
1
/
32
. Қаріп түрі «Times New Roman».
Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 18,4.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры.
050009. Алматы қаласы.
Абай даңғ. 143, 413 бөлме
«Полиграфкомбинат» ЖШС
Алматы қ., Мақатаев көшесі, 41
Достарыңызбен бөлісу: |