§4. КӨРКЕМ СӨЗДІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
1920 жылдары көркем тілдің қасиеті туралы мәселе интенсивті талқыға түсті. Сөз өнерінде тілдің Отмечалось, что в словесном искусстве доминирует эстетикалық функциясы үстемдікке ие болып келіп (P.O. Якобсон), күнделікті қолданыстағы көркем тіл сөз саптаудағы қондырғысы жағынан ерекшеленеді (Б.В. Томашевский). Біз формалдық мектептің поэтикалық тілді зерттеу аясының қортыныдысын шығаратын жұмыстарынан оқитынымыз: "Поэтикалық шығармашылық тілдік таңбаның дербес құндылығына сүйенуге тырысады <...> Сөз айшықтау амал-тәсілі <...> сұхбаттасу іс-әрекетіне талпынған кезде автоматтанып, ал, поэтикалық тілге талпынған кезде, керісінше, өзектене түседі <...> Поэизяның ұйымдастырушы амал-тәсілі болып, оның сөздік айшықтауға бағыттануы танылады". Сонымен қатар, өнерде (тек сонда ғана) назар аударуы (әрі ақынның, әрі оқырманның) "таңбаланушыға емес, таңбаның тап өзіне"бағытталады деп айтылады[606]. Формалды мектептің өкілдері әдеби туындыларда тілдік формалардың зор маңызы бар екендігін әділеттілікпен атап өтіп, сонымен бірге, "поэтикалық тілді" "сөйлеу тіліне" шамадан тыс әсіресілікпен бір-біріне қарсы қойды.
Осындай шетіндіктен кейінгі көркем тіл туралы ой-пікірлер ада болып келеді. Осылайша, Цв. Тодоров 1970-ші жылдары жарты ғасыр бұрын жасалған поэтикалық тіл концепциясын көп жағынан әрі толықтырып, әрі жетілдіріді. Ғалым дискурс ұғымына иек сүйейді. Бұл – әлдебір лингвистикалық жиынтық, сөз саптауға дейінгі тілден кейінгі мәлімет. Дискурстарғылыми, күнделікті-амаляттық (оның аясына эпистолярлық кіреді), ресми-іс қағазы, әдеби-көркем (жанрлық дискурстар аясында) деп бөлінеді. біріншіден, әрбір дискурстың – өз нормасы, ережесі, тіл түзуші тенденциясы, өзіндік сөз саптауды ұйымдастыру ережесі бар, және екіншіден, дискурстар қатал (аттап өтуге болмайтын) шекарамен бөлінбеген, және тұрақты түрде өзара әрекеттесіп тұрады деп тұжырымдайды Тодоров. Және тек әдеби құбылысқа ғана арналған, әрі одан тыс ортақ ереже жоқ "әдебиліктің" нышан-белгісі оның шегінен тыс айқындалады және айқындалу қашанда әдебиеттің өзінде де толық ашыла бермейді деп түйіндеу жасайды. Ғалымның ойы бойынша, бір текті әдеби дискурс жоқ. Формалдық мектептен бастау алатын Тодоровтың дәстүрлі концепциясы "әдеби және бейәдебидің арасындағы оппозиция дискурстар типологиясына орын босатады", олар көп жағдайда бір-біріне ұқсас. Ең бастысы: әдеби дискурстың өзіндік ерекшелігін ғалым тек қана туындының тілдік тіні жағынан қарастырмайды, сонымен бірге, тақырыптық құрамын, терең мәнін де қарпи сөз етеді. Тодоров, көркем қиялға қатысты, әдебиеттің мәні, мынадан: "логикалық көзқарас тұрғысынан не ақиқат, не жалған емес сөйлемді қолданудан" тұрады деп жазады. Және де "таңбада мөрленген барша символдық мүмкіндіктердің ретке келітрілуі мен өзектенуіне талпынушылық" сөз өнеріне тән деп атап көрсетеді[607].
Сонымен, туындының сөздік-көркемдік тілі басқа сөз саптауларға қарағанда мүлдем өзгеше, және де, ең бастысы, қажет кезінде мәнерілік пен қатаң ұйымдастырушлыққа бет түзейді. Өзінің үздік үлгілерінде ол біршама деңгейде мағынаға толы, сондықтан да, ешбір қайыра көркемдеу мен қайыра түзушілікке ештөзбейді. Осыған байланысты көркем тіл өзін қабылдаушыдан тақырыптық хабарламаға тек қана жіті назар аударуды ғана емес, сонымен бірге, оның өздік формасына, тіндік тұтастығына, реңктері мен нюанстарына да жете көңіл бөлуді де талап етеді. "Поэзияда кез келген тілдік элемент поэтикалық тілдің фигурасына айналады" деп жазды P.O. Якобсон [608].
Көптеген әдеби туындыларда (әсіресе өлеңдерде) сөздік тін басқа сөз саптау түрлерінен түбегейлі ерекшеленеді (Мандельштам, еретеректегі Пастернактың өлеңдері шегіне жеткен тұспал сөздерге толы); басқасында, керісінше, сыртай күнделікті ауызекі тілден айырып алғысыз болып келеді (XIX-XX ғғ. бірқатар көркем-прозалық мәтіндері). Бірақ та сөз өнерінің туындыларында тұрақты түрде (мейлі мүлдем айқын болмаса да) ұшырасатын сөздің мәнерлігі мен реттілігі; бұл жерде сөздің эстетикалық функциясы алдыңғы орынға шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |