Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет66/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§5. ПОРТРЕТ
Персонаж портреті – оның сыртқы келбетінің: денесінің, табиғи әлпетінің, оның ішінде, жас ерекшелігінің (бет-бейне, фигурасы, шаш түсінің), сондай-ақ,әлеуметтік ортада, мәдени дәстүрде, дербес бастамашылықта (киімі мен әшекейі және опа-далабы) қалыптасқан барша келбетінің айқара суреттелуі болып табылады. Портрет персонажға тән дене қимылын, тұрған тұрысын, ымдауы мен мимикасын, көз бен бет кескінін бейнелей алады. Портрет, осылайша, "сыртқы адамының" тұрақты да, өзгеірссіз нышандық кешенін түзеді.
Дәстүрлі жоғарғы жанрларға тән дәріптелген портрет. Міне, "Роланд туралы жырдағы" Гвенелон граф туралы шумақ:
Он плащ, подбитый горностаем, сбросил.
Остался только в шелковом камзоле.
Лицом он горд, сверкают ярко очи,
Широкий в бедрах стан на диво скроен.
Осы сияқты портреттер көбіне метафораға, теңеуге, эпитеттерге толы болып келеді. Вот что сказано о героине XI ғ. парсы ақыны Фирдоуси өзінің "Шах-Намесе" поэмасының кейіпкері ару қыз турасында төмендегідей жыр төгілтеді:
Два лука - брови, косы - два аркана.
В подлунной не было стройнее стана <...>
Ушные мочки, словно день, блистали,
В них серьги драгоценные играли.
Как роза с сахаром - ее уста:
Жемчужин полон ларчик нежный рта.
Әдебиеттегі дәріптей суреттелетін портреттер романтизм дәуіріне дейін сақталды. Осылайша, пушкиндік "Полтавадағы" кейіпкер ару "көктемгі гүлдей құлпырған", дене бітімі, "киев қырқасының терегідей сұңғақ", қимыл-қозғалысы аққуды еске салтын "жібектей жеңіл" т.т. болып келеді. Ал, Н.В. Гогольдің "Тарас Бульба" хикаятындағы Андрей есі кете ғашық болған сұлу польяк қызы "мойылдай қара көзді, күн сулесі арайландырған ақша қардай" т.т.
Әужалық, комедиялық-фарстық сипаттағы туындыларда портреттік суреттеу мүлдем басқа қалыпта болып келеді. Бұл жерде, М.М. Бахтинанің сөзімен айтар болсақ, барша назар рухани емес, керісінше, "адамның материалдық негізіне" шоғырланады[501]. Ф. Рабленің Гаргантюа мен Пантагрюэле туралы хикаяттарындағы образдылықты сипаттай келе, ғалым:қаламгер үшін реалдықтың негізі гротескі арқылы берілген адамденесі болды дейді. Міне, соның жарқын мысалы, бала Гаргантюаға берілген портреттік мінездеме: "мордашка была славная, число подбородков доходило едва ли не до восемнадцати"; "ляжки были очень красивые и всему его сложению соразмерные" (қазақша аудармасын жасаған - ХХХ). Дәл бұндай портреттерде адамның жіптіктей дене құрылысына, көзіне орын жоқ, бірақ беті, мұрны, қарны тағы басқасы еректей бейнеленеді.
Дәріптеуші және гротескілі портреттер өздерінің барша қарама-қайшылығына қарамай, өздерін біріктіретін жалпы қасиетке ие, өйткені, оларда бір адамның сипаты гиперболалықпен айшықталады: бірінші жағдайда – дене-жан жетілгендігі, екіншісінде – материалдық-денелік бастау көзі, заманаланғанмен тілмен сөз етсек, виталды (лат. vitalis – өмірлік, тіріг) әлеуеті көрініс табады.
Уақыт өте келе әдебиетте (әсіресе XIX ғ. тән) персонаждар келбетінің күрделігі және көп қырлылық ашып бере алатын портреттер артқышылыққа ие болды. бұл жерде адамның сырт келбетін көркемдеу кейбірде қаламгердің қаһарман жан-дүниесіне еніп, оны психологиялық анализ жасаумен ұштасырыла қабысады. Тұлғаның фигурасын, киімін, бет-бейнесінің, көз қиығын, оның түсінің нышан-белгілерін жинақтаушы ("өзі күлсе де, көзі күлімдемеді <...> Бұл не зұлым пейілдің, не терең де, арылмайтын мұңдылықтың белгісі" делінетін) лермонтовтық ("Максим Максимыч" тарауындағы) Печоринге берілген сыртқы келбеттік мінездемесін, еске түсірейік. Ал, енді И.А. Гончаровтың Обломов туралы романның басындағы әңгімелеуші автордың сөзі: "Бұл өзі орта бойлы, жағымды кейіпті, көк боз көзді, бірақ ойында ешбір байлауы бәтуа жоқ екендігі аңғарылатын өмірге келгеніне екі-үш он жылдықтың жүзі болып қалған адам еді <... > Жүзін ғана емес, жаны мен тәнін жайлаған жұмсақтық шаршаса да, жалықса да, оның өңінен үстемдікке ие болып еш ажыраған емес <..-> Илья Ильичтің жүзінің түсі ақ құба да емес, қоңырқай да емес, қуқылда емес, Обломовқа еш нәрсені елентпейтін енжарлық жасына жеткізбей бетін салпыйтқан болатын".
Қаһарман портреті, әдетте, туындының әлдебір жерін жерсінеді. Көбіне ол персонаж бірінші көрініс берген сәтті, яғни, экспозицияда (кірістірме бөлікте) бой көрсетеді. Бірақ әдебиет мәтінге портреттік мінездемені енгізудің бұдан бөлек жолы бар екенін біледі. Оны лейтмотивтік (нем. leitmotiv, сөзбе-сөз - жетекші мотив; персонаждың мінездемелік сипаты мен шартты бейнеленуін танытатын қайталанып отыратын, ең басты кейіпкер іс-әрекетінің оқиғалық тізбегі-Ә.Ә.) деп атауға болады. бұның жарқын мысалы – толстой романың өн-бойында әлденеше рет қайталанып, еске түсіріліп отыратын кінәз әйел Маридің сәулелі көзі .
Әдеби портреттерде кейбірде авторлардың назары шын мәнісінде бейнелетін болмысқа емес, олардың тұлғасы мен бет-бейнесін айшықтауға, өздерінен кейін қандай әсер қалдыратындығына, қандай ой мен сезім тудыратындығына, ауады. Раскольниковтің анасы туралы Ф.М. Достоевскийдің романында: " Пульхериия Александровнаның жасы қырық үшке келгеніне қарамай, оның ажары бұрынғы сұлулықтың нышанын сақтап қала алғанды, оның үстіне өзі қартайғанға дейін жастық жалынын ұстап тұра алатын әйелдерге тән жас көрінетін еді <...> Шаштары сирей түсіп, ақ шалып, сәулелі әжім көзінің маңын баяғыдан торлап, беті салбырап, қыртысып қалуына шаруа қамы мен қайғы өз ісін жасаса да, бәрі бір бұрынғы сұлулық із-түзсіз жоғалмағантын",-деп сөз етіледі.
Портрет сомдаудың "бейбейнелік" тенденциясы М.И. Цветаеваның "Тау поэмасында" өз шегіне жетіп, сүйікті жігіттің сыртқы келбетін лирикалық қаһарман өзінің ішкі сезімі арқылы айшықтайды:
Без примет. Белым пробелом
Весь. (Душа, в ранах сплошных,
Рана - сплошь.) Частности мелом
Отмечать -дело портных. <...>
Вороной, русой ли масти
Пусть сосед скажет: он зряч.
Разве страсть -делит на части?
Часовщик я или врач?
Ты как круг, полный и цельный.
Цельный вихрь, полный столбняк.
Я не вижу тебя отдельно
От любви. Равенства знак.
Егер осы портрет ой жетерлік болса, онда ол өз кезегінде, "антипортрет" болып табылады.
Портреттер тек қана адамының қозғалыссыз "сырт" келбетін ғана айшықтамайды, сонымен қатар, өз мәнісі жағынан үнемі қозғалыста болып келетін ымдасуы мен, мимикасында таңбалайды. Бұл ретте қаламгер-портретистің мүддесі өзін Ф. Шиллер архитектоникалық (көркем өнер ісінде бөлшектердің өзара қиысып бір бүтін болып құралуы) әсемдіктен айыру үшін грация (лат. gratia - әдемілік, көркемдік-Ә.Ә.) деп атап: "Грацияға тек қозғалысқа ғана тән", бұл "еркін қозғалыстағы дененің әсемдігі". Ол "еркіндіктің әсерінен" пайда болып, "тұлғаға байлаулы болады" да, сонымен бір мезетте қарабайырлықпен, әрі аңдаусызда: мимика мен ым сезімі және түрткісі арқылы өздігінен туындайды; адамның "өз әлпетін еркіне бағынадыра білуін білген кейін біз оның жүзіне сенбейміз"[502].
Орыс жазушылары әйел портретін суреттей отырып, талай мәрте грацияны бет пен фигурдан артық көрді. "Евгений Онегиннің" сегізінші тарауындағы Татьяна келбетіндегі қарапйымдық пен сән-салтанаттың астасуын: оны ешкімде сұлуға баламаса да, ерлер көз сұғын аяусыз қадауы" басқа сұлулармен "Асқан сұлу Нева Клеопатрасы Нина Воронскаямен салыстыра отырып, оның сұлулығы Татянаға селкеулік түсіре алмауын еске түсірейік. Тап осыған ұқсастық – "Соғыс пен бейбітшіліктегі" (петерборлық балды суреттейтін тарау) Наташаның жүзі "қуаныштан мәз бола алаулады. Эленнің иығына қарағанда, оның жалаңаш иығы мен қолы арық та, ұсқынсыз еді. Ал кеудесінің кеуде сиқы болмайтын...". Бірақ, кінәз Андрей, кіші Ростованы биге шақырып "осы бір жіңішке қозғалыссыз мүсінді құшақтағанда <...> оның әсемдігінің бал шарабы жігіттің басына шапты".
А.П. Чеховтың "Сұлу" (1888) әңгімесіне ден қоялық. Туынды екі қыздың бейнесін салыстыра суреттеуге құрылған. Олардың бірі кейіпкер әңгімеші өзінің тұлғасы және ажарының әсемдігімен тәнті етеді: "Армян қызының сұлулығын суретші классикалық және қатаң деп атар еді. <...> Сіз көріп тұрсыз оның орынды әлпетін <...> шашы, көздері, тануы, аузы, мойны, кеудесі мен жас тұлғаның барлық әсем қозғалысы бір жерге тоғысып, тұтасқан, үйлесімді аккорд құрап, табиғаттың өз туындысын өмірге әкелгенде қателеспегендін танытады".
Екінші қызда жоғарыдай нышан-белгі ныспысмен жоқ ("көзі сығырайыңқыраған, тануы сенімсіздікпен көкке ұмытылған, аузы кіп-кішкентай, иығы қушиған"), бірақ та ол "кезіккенде нағыз арудай әсер қалдырады, орыс келбетіне, әдемі болып көріну үшін қатал тәртіпті сұлулықтың еш қажетсіздігіне мүлдем сенімдімін. Бұл қыздың сұлулығының құпиясы мен сиқыры "ұсақ та, шексіз әсем қозғалысынан, әнтек күлкісінен, бетінде ойнаған күлкіден ...тұрады". Ол турасында бұрынырақта: "Терезе алдында сөйлесіп тұрған қыз <...> бүйірін таянып, шашын түзеу үшін басына қолын апарып, сөйлей берді, күле берді, мен оның денесінің бір тыным тапқанын көрген де, білген де емеспін " деп сөз етілген еді.
Грация деген аталымының аясы кең адам қимылы мен әлпеті өздік портреттік бейнелеудің құшағына сия бермейді. Әдебиетте біз сөз еткелі отырған мінез-құлықты танытудың формасының мінездемесі портретпен (араға уақыт сала табысты түрде) бақталасып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет