7. ӘДЕБИ ТУЫНДЫНЫ ҚАРАСТЫРУ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
Әдебиеттанудың атақаратын бірқатар міндеттерінің ішінде жекелеген туындыларды зерттеу өте жауапты орын алады. Бұл айқын, әлбетте. Сөздік көркем мәтінді игерудің қондырғысы мен басшылығы әр ғылыми мектеп пен әр ірі ғалым үшін өзінше ерек болып келеді. Сонымен қатар, әдебиеттану кейбірде тікелей сөз өнерінің шығармаларына қатысты әлдебір әмбебап қадам ұстануды тұжырымдап қарастырады. Р бекемдей түсетін Туындыларды зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін сипаттайтын ғылыми сипаттама, анализ, интерпретация; мәтінішілік (имманенттік) және конмәтіндік қарастыру сынды ұғымдар бекемделді.
§1.СИАПАТТАУ МЕН ТАЛДАУ (АНАЛИЗ)
Туындының мәнісі әлдебір нақты және сенімді амал-тәсілдер арқылы әңгімешінің, персонаждың, лирикалық қаһарманның жекелген пікірінен жұлып алушылықпен, ерікті түрде таңдап алынған фрагменттерді түсіндіру және талқылау жолымен не болмаса, әлдебір ой жүгірту "астары" негізінде еш қол жеткізілмейді. Көркем шығарманың құпиясы әдебиеттанушылық ойға тек қана алдын ала ойластырылмаған және егжей-тегжей қарастырылған мәтіндік фактілердің жалпы жиынтығы негізінде, оның барша компонентері мен нюанстарын қарпыған көп қырлылығының формасын зерттеу нәтижесінде аян болады. Ғалым үшін ең тән нәрсе – туындының оқырманға әсер етуге қабілетті "көркем әсер факторларының" бар болуына жете назар аудару[717]. Әдебиеттанушы мәтінге "дендей" енуі керек деп өз ойын айшықтайды С.С. Аверинцев.
Көркем шығармаға қатысты филологтың бастапқы міндеті ондағы тұлғаланғандарды (тілдік бірліктер; заттар мен іс-әрекеттерді таңбалау; композициялық ілігісуді) сипаттаудан тұрады. Ғылыми сипаттама деп зерттеушіліктің бастапқы кезеңін, атап айтар болсақ, тәжірибе мен бақылау мәліметтерін айқындауларды атау қалыптасқан. Әдебиеттану аясында, әлбетте, бақылау басымдыққа ие болып келеді. Көркем мәтінді сипаттау анализбен (көне гр. analysis-бөлу, мүшелеу) тығыз байланыста болып келеді, не болмаса туынды элементтерін қатыстыру, жүйелеу, жіктеу жолымен жүзеге асырылады.
Көркем туынды формасын сипаттау мен талдау механикалық жұмыс емес. Бұл шығармашылық іс: әдебиеттанушы өзінің оқырмандық қабылдауына сүйене отыра, өзінің кәсіби дағды-машығын қолданып, туынды бойындағы ең маңыздыны онша мәнді еместен, белсендіні бейтараптардан, көмекші, кейбірде кездейсоқтардан бөліп алады. Бұл арада ең басты ұғым мотивболып табылады.
Бір қатар жағдайларда сипаттау мен талдау таза дәйектеуші, "атомдандырушы" сипатқа ие болып келіп: туындының формалды компоненттерін (амал-тәсілдерін) санамалап, әрі топтастырады, істің мәнісі осымен шектеліп қалады. Осылайша, мысалға, формалды мектептің алғашқы кезеңдерінде өлеңдердің фонетикасы зерделенген болатынды. Бұған қарағанда форма элементтерінің көркем тұтастыққа қатынасын анықтауға мақсатты, яғни, амал-тәсілдердің функциясының (лат. functio – орындау, жүзеге асыру) жүзеге асырылуына бағытталған талдау өте-мөте перспективалы. Б.В. Томашевский жалпы поэтиканың құрамындағы ең маңызды ұғым поэтикалық амал-тәсілдердің көркем функциясы деп тұжырымдап: "Әр амал-тәсіл өзінің көркем мақсаттылығы, яғни, талдануы тұрғысынан зерттелінеді, сондықтанда аталған амал-тәсілді тек өзі көркем эффекті бере алатын жағдайда ғана қолданған ләзім" деген ой айтты[718]. Ю.Н. Тыняновта осыған жуық пікірді алға тартты, конструктивтік функция сөз тіркесін қолданды. "Басқалармен әдеби туындының әр Соотнесенность каждого элементінің жүйе ретіндегі қатыстылығы жүйеге айналғандықтан мен оны конструктивтік функция деп атаймын [719]. 1920-шы жылдардың ортасына қатысты бұл пікір араға жарты ғасыр салып Ю.М. Лотман және оның маңындағы ғалымдардың жасаған көркем мәтінге құрылымдық талдау принципі ретінде қайыра түзуіне негіз болды[720].
В литературоведении 1920-шы жылдардың әдебиеттануында сондай-ақ туындының компоненттерінің формалдық функциясын басқаша ұғыну орын алды . А.П. Скафтымов пен М.М. Бахтиндер көркем амал-тәсілдердің автор ойына, мағыналық тапсырмаға бағыштылығы туралы сөз етіп, сол арқылы мағыналық функция ұғымы турасындағы тоқтамға келді. Соңғыларының қарастыруы әдебиеттанушының сипаттамалық-талдаушылық іс-әрекетін увенчивает. Бұл жерде туындының мағыналық тұтастығына қол жеткізу үшін, яғни, оны интерпретациялау үшін анализден синтезге өтушілік орын алады. Герменевтика ұғымының құрамындағы интерпретация туралы осы айтылғандарға сүйене отыра, біз осы ұғымның әдеби туындыны ғылыми игеру сипаттамасына қарай бет бұратын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |