Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет90/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§6. САЛЫСТЫРУ МЕН ҚАРСЫ ҚОЮ

Туындыны түзуде тақырыптық-тілдік сөз бірліктері ең басты айқындаушы рөл ойнайды. Л.Н. Толстой "өнердің мәні" <...> "шексіз жалғасқан лабиринттен" тұрады деп айтты[685].


Композициялық аналогияның бастау көзіндегі ұқсастыру мен контрастықтардың (антитез) образды параллелизмі түрлі елдер мен дәуірлердің әндік поэзиясына тән сипат болып келеді. Осы құрастырылу амал-тәсілі А.Н. Веселовский тарапынан ежегейлей зерттелді. Ғалым ерте тарихи, ең алдымен халықтық поэзиядағы адамның ішкі өмірі мен табиғат құбылыстары арасындағы көптеген салыстыруларды қарастырды. Оның пікірінше, поэткалық шығармашылықтағы "аналогия" мен "теңеудің" ілкі және "қарапайым" формасы табиғат пен адам өмірін салыстыру арқылы жүзеге асатын екі мүшелі параллелизм болып табылады [686]. Мысалға орыс халық әніндегі: "Стелется и вьется/По лугу трава шелкова/Целует, милует/Михаила свою женушку". Екі мүшелі параллелизм мүмкін бұдан өзге де функцияға ие болуы ықтимал, мысалға: әр түрлі табиғат құбылыстарын бір-біріне жуықтату. "Высота ль, высота поднебесная,/Глубота, глубота окиян-море" деп айтылатын Садко ариясындағы (Н.А. Римский-Корсаковтың операсы) халық әні тап осындай.
Екі мүшелі параллелизмнің ілкі түрін Веселовский табиғат құбылысын адами тірлікпен кіндіктестіретін ежелгі тарихи ойлаудың анимизмімен байланыстырады. Ол сондай-ақ, тап осы екі мүшелі параллелизмінің шекпенінен дәл осындай негізде символдар және метафоралар, жануарлар туралы тұспалды образдылықтағы мысалдар шыққан деп тұжырымдайды. Поэзияның параллелизмге бейімдігін Веселовский тұжырымы бойынша ән мәтіндерін екі дауыста екінші орындаушы біріншісіне ілесе оны толықтыруы арқылы орындау алдын ала шешіп қойған.
Сөздік-көркем туындыдағы синтаксистік конструкциядағы параллелизммен бірге, өте ірі мәтіндік бірліктерді: оқиғалар, ең бастысы персонаждарды салыстыру (әрі контрасы, әрі ұқсастығы бойынша) қалыптасқан. В.Я. Пропп қиял-ғажайып ертегі қаһарман образы мен оның қарсыласын ("дұшпанды") салыстырады деп атап көрсетті. Өткір де, айқын бағаланатын персонаждық антитезасыз, өмрірге әкелінгенді "полярландырусыз" қаһармандар үшін қолайлы және қолайсыз жағдайлар мен оқиғаларды қарама-қарсы қоюшылықсық істің мәнісі болмайды.
Басқа жанрлардағы туындыларда да персонаждық ұйымдастыру мен сюжеттік түзілімде үйлеспеушілік және қарама-қарсылық басымдыққа ие болып келеді. Илья Муромец және Идолище оңбаған туралы былиндерді, антиподы өгей шеше болып табылатын Күлше қыз туралы ертегіні; немесе өте кейінгі дәуірлердегі көркемдік тәжірибедегі Мольердегі Тартюф пен Клеант қарама-қарсылығын еске түсірейік. "Ақылдың азабындағы" парасатты Чацкийге А. С. Грибоедовтің айтуынша жиырма бес ақымақ "полярлы"; Е.Л. Шварцтың белгілі пьесасында Аждаһаға Ланцелот антитеза болады.
Бірақ та әдебиетте қарама-қарсы қою шексіз билік жүргізе алмайды. Уақыт аралығында, дәуірден дәуірге антитезамен (персонаждық және оқиғалық) қатар өте диалектикалық, бір мезетте қилынша, әрі ұқсас фактілер мен құбылыстарды салыстыру орныға түсті. Осылайша, пушкиндік өлеңдік романның үш кейіпкері – Онегин, Татьяна, Ленский – бір-біріне қарама-қарсы қойылса, сонымен бірге олар асқақ талпыныстары, өздерін қоршаған болмысқа "өгейленуі", оған көңілі толмауы жағынан бірі екіншісіне ұқсасады. Және де кейіпкерлер өміріндегі (ең алдымен, Онегин мен Татьянаның екі түсіндіруі) қашып құтылуға болмайтын драматизмге толы оқиғаларда контрастылыққа қарағанда, бір-біріне ұқсастықта болып келеді.
"Соғыс және бейбітшілік", "Ағайынды Карамазовтар", "Шебер мен Маргариталарда" ұқсас дүниелерді салыстыруға көп нәрсе негізделген. Осы көркем құрастыру типі А.П. Чеховтың пьесаларында өте-мөте айқын көрініс тауып, онда (кейіпкерлер мен оқиғаларды) қарама-қарсы қоюшылық шеткері ысырылып, бірыңғай дұрысты, не бұрысты болмайтын суреттелетін ортаның терең өмірілік драмасын түрлі қырынан ашып көрсету үшін орын басатады. Қаламгерлер "Үш апалы-сіңлідегі" Ольганың сөзімен айтсақ, "бәрі де біздің айтқанымызбен жүзеге аспайтын" өмір алдында дәрменсіз адамдар әлемін өмірге әкеледі. А.П. Скафтымов Чехов пьесалары турасында "Әрбір пьеса айтады: жеке адамдар ғана кінәлі емес, барша тұтасқан өмір де кінәлі. Ал, адамдардың кінәсі олардың әлсіздігінде"[687]. Және де чеховтың драмалық сюжеттері мен көріністік эпизодтары, жеке сөз саптауларын құрайтын персонаждар тағдыры және оқиғалар мидай араласып кеткені сондай, дәлелдеу тізбегі шексіздікпен созылып, адамдардың өмірдегі келеңсіздіктері мен үміттерінің үзілуі, бақыт және өмір толық қандылығы туралы ойларының бекершілігі ретінде танылады. "Жасалынатын" көркем тұтастық бұл арада тек қана дәйектеліп қоймайды, сонымен бірге бірін-бірі толықтырады. Осыған ұқсас әлдене оқиға мен персонаждар бір-біріне үйлеспеушілік, "қуыршақтық", қисынсыздық жағынан ұқсайтын "абсурд театрында" (Э. Ионеско мен С. Беккеттің пьесаларының басым бөлігін алып жататын) көрініс табады.
Суреттелетін туындының компоненттері, әдетте, қашанда бір-бірімен қатысты болып келеді. Көркем туынды дегеніміз – бұл кейде өте көп, бай және алуан түрлі болып келетін өзара "шақырулардың" шоғырлануы. Және де, әрине, оқырмандарды белсендірілтіп, оның реакциясын бағыттайтын мазмұнды мәнділік болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет