§9. КОМПОЗИЦИЯНЫҢ МАЗМҰНДЫЛЫҒЫ
Жоғарыда сөз етілгендердің негізінде композициялық амал-тәсілдер тақырыптық пен сөз саптаудың кез келген деңгейімен байланыстылықта болып келеді. Әдеби туындының түзілімі дегеніміз – көп қырлы, түрлі аспектіге (жақ, қыр) ие феномен. Ол персонаждарды және олардың жүйесін жайғастыруды және туынды мәтіндегі (сюжет композициясындағы) қайыра туындатылған оқиғаларды орналастыруды, әрі заттық-психологиялық болмыстың (портреттер, пейзаждар, интерьерлер, диалогтар мен монологтардың) және де әңгімелеу әлеуетінің формаларын (тәсілдерін) "берудің" ерекшелігін, тілдік бірлікке, оның ішінде өлең формаларының элементтерінің қатыстылығын өз бойына сыйдырады.
Композициялық амал-тәсілдер (қайталаулар, антитез мен балау, "көзқарас" ауысымы, "түзіндік фразалар" және т.б.) белгілі бір жолмен түзетіліп, әрі туындының заттық және сөздік астары, оның әлемі мен сөздік тінінің бойындағы мән мен мағына тереңдетіле түседі. Оның үстіне композиция әдебиет шеңберіне өзінің бір мезетте әрі көркем (эстетикалық), әрі философиялық болып табылатын ерек те, айырықша арнайы мәнділігін енгізеді. Бұл мәндер, біріншіден, реттілік, ұйымдасушылық, стройности, екіншіден, сан алуандық, үшіншіден, шығармашылық еркіндік туралы ұғымдарымен ілесе жүреді .
Гораций өз кезінде реттілік туындының ең басты құндылығы болып табылады деп жазған еді. Ақында суретшілер сияқты түпкілікті өздері өмірге әкелетін туындыларының еркін ұйымдастырылуын құп көріп, осы еркіндікті сезімдік шама-шарықпен "қарапайымдық пен біртұтастық" аясында жүзеге асырады деп тұжырымдайды. Свобода выражения, егер де ақын "өзі үшін затты таңдап" алса, оны реттілік және айқындық біріктіріп, еркін сөз саптайды:
Сила и прелесть порядка, я думаю, в том,
чтобы писатель
Знал, что где именно должно сказать,
а все прочее - после,
Где что идет, чтоб поэмы творец знал,
что взять, что откинуть,
Также, чтоб был он не щедр на слова,
но и скуп и разборчив[707].
Одан көп ғасыр кейін тап осындай ойды Д. Дидрода: "Соразмерность әлеует пен мығымдықтың идеясын туындатады" айтты[708]. Моцарттың туындыгерлігіне – "Какая глубина, какая смелость и какая стройность!" деген пушкиндік бағам осы сыңайда[709].
Дәстүрлі, канондық жанрларда автор белгілеген түзілімдік тәртіп алдын ала кесіліп-пішіліп. Көне грек трагедияларындағы хорлық көрінстер мен "эписодилердің" кезектестігін; ертегілердегі үшемдік қайталауларды; дәстүрлі жанрлардағы ретке келтірілген, катарсистік шешімдерді; сонетадағы мүлтіксіз орындалуға тиісті қатаң ырғақтық түзілімдерді еске түсірейік.
Сонымен бірге, шынайы көркем туындының композициялық реттілігі белгілі бір ереже мен қатаң кестелікке көзсіз ерген қаламгерлікпен еш сорпасы қосылмайды. Тамаша, әрі композициялық принциптерге құрылған туындыларда әлдебір еркін және қайталанбас төлтумалық өмірге келіп, бізге ұсынылады. Тап осыны қарастырған А. С. Пушкин "туындыгерлік пен жаңалық батылдықпен қабаттаса өрілгендігі, шығармашылық ойлар кең ауқымды тамадалғандығы" айқын танылатын У. Шекспир, Дж. Мильтон, Ж.Б. Мольер, И.В. Гете туындыгерлігін жоғары бағалады. Пушкин А. Дантенің "Құдіретті комедиясына" қарайлап: "Единый план "Тамұқтың" бірыңғай жоспары жоғары данышпандықтың жемісі" екендігін аңғарды[710].
Түзілім аясындағы қаламгердің индивидуалды-шығармашылық бастамасы дәуірден дәуірге өткен сайын өте айшықтана түсті. М.М. Бахтиннің соңғы жүз жылдықтардың әдебиетіне қарата айтқан: "Біз белсенді авторды ең алдымен туынды композициясында ұшыратамыз"[711].
Бізге жақын дәуірлерде құрылымдық қатаңдықтың гипертрофиясы табандылықпен бөлектенеді. Ф.М. Достоевский туынды бойындағы жоспардың көптігі оның кемшілігі болып табылатындығы турасындағы тамаша сөзі; И.Э. Грабарьдің (В.А. Серовтың суреттері туралы) – "өмірлік кездейсоқтықтың композициясы" деп айтқаны[712]; АА Ахматованың – "өлеңдерде адамдардағыдай емес, / Бәрі де өз ретімен болуы керек" дегендері. Сондай-ақ, "минуттық, еркін сезімдік" шабыттану мен қозғалысқа кедергісін келтіретін "алдын ала жазымыштықтың суықтығынан" сақтандыратын Пушкин сөздері қалай тауып айтылған[713]. Шынайы көркем туындыларда "хаос шығарманың жеңіл жамылғысы арқылы айқын сезіледі" деп пайымдады В.М. Жирмунский [714].
Көркем композицияның ең басты заңдылықтарының бірі – сан алуандықты бір ізге түсіре білушілік. Сан алуандық принципінің барлық дәуірдегі өнерде ұшырасатындығы тарапынан Қайта Өрлеу философиясы мен эстетикасы ұғылып, терең мәнділікке ие екендігі пайымдалды[715]. Ол келесі дәуірлердің де өнерінде де өзекті бола түсті. Ағылшын суретшісі және өнер теорияшысының трактатынан (XVIII ғ.) біз мынаны оқимыз: "Өнерді тап-тұйнақтай жинақтау дегеніміз – бұл оны тәп-тәуір сан алуандандыру". Және тағыда: "Бұл арадағы менің айтпағым өте жақсы ұйымдастырылған сан алуандық, не болмаса, шатысу мен ажарсыздықтан ада хаосты сан алуандық болып табылады"[716].
Өнер туындыларындағы реттілік пен сан алуандықтың басын бір жерге біріктіру сөз зергерінің өз бетімен кеткендікті емес, қайта бір ғана диссонанстар мен бейберекеттіктер ғана емес, гармония, тәртіптік бастау көздер ұшырасатын болмыстың мәнін ұғыну актісі болып табылатын шығармашылық еркіндігін жүзеге асыруы.
Демек, "композициялық тапсырманы//композиционные задания" (В.М. Жирмунский ұсынған термин) қаламгерлер кең ауқымды кеңістік пен шетіндік қарабайыр кестелілік арасында табысты кәдеге жаратады. Бұл жерде күрделі түзілім мен қарапайымдылық пен айқындылық үшін амал-тәсілдерді үнемдеудің арасындағы әлдебір үйлесімді "баланс" өз тиімділігін танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |