Бегалиева А.Қ


ғасырдың басындағы қазақтардың әлеумет-



бет30/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

ғасырдың басындағы қазақтардың әлеумет- тік-экономикалық жағдайы. Қазақтардың негізгі кәсібі мал ша- руашылығы болды. Мал өнімдері оларды тамақ, киім-кешек, тұр- ғын үй материалдары, сонымен бірге көлік қызметімен қамтама-

96
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

сыз етіп отырды. Мал және мал өнімдері көрші халықтармен айырбас жасайтын қаражат көзі де болды. Қазақтардың мал ша- руашылығына байланысты Ш. Уәлиханов былай дейді: «Дала көшпелісін ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін өз ты- ныштығынан малының аман болғаны қымбат. Жұртқа мәлім, қырғыздар бір-бірімен амандасқанда:«Мал-жаның аман ба?» де- ген сөздермен бастайды. Отбасының мал жайын алдын ала сұрас- тыруы көшпенлілер өмірінде малдың қаншалықты маңызы барын айқын көрсетеді».


Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне байла- нысты қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашы- лығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көк- теу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнық- ты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Жайылымдық қоныстардың арақашықтығы жүздеген шақырымға созылды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді болды. Жем-шөп дайындау болмады, қыста мал тебіндеп жайылды. Қыс қатты болған жылдары жұт болып, мал- дың жаппай қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшы- лар тақырлана кедейленіп, көбі отырықшылыққа ауысатын. Де- генмен мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптас- қан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдірілумен болды.
Қазақтар жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Соның ішінде жыл- қыға үлкен мән берді. Жылқының түр-түрі болған: жүк таситын, салт мінетін және жүйрік-арғымақтар. Көшпелі мал шаруашы- лығына жылқыны үйірмен бағу тән. Бір үйір 12-15 биеден тұрды. Бірнеше үйір жылқы табынын құрады. Салт мінетін жылқы ат деп аталды. Қазақтардың шаруашылығында қой жетекші орын алды. Қыпшақ даласы көшпелілерінің басты байлығы қой болған. Қыпшақ қойлары төзімділігімен, етті-сүттілігімен ерекшеленген. Қойдың еті мен сүті тағам болды, терісі мен түбітінен киім-ке- шек, аяқ-киім, ыдыс-аяқ жасалынды. Қазақ шаруашылығында түйенің де алатын орны зор болды. Қазақтар негізінен қос өркеш- ті, жүнді түйе өсірді. Жылқы, қой, түйемен қатар қазақтар сүті мен түбіті үшін ешкі де өсірген. Бірақ ешкі мен сиыр қазақ шаруа-
97
■ Қазақстан тарихы

шылығында аз болды. Қазақ философиясында ешкі белгісіздікті білдірсе, сиыр жұтпен теңеседі. Сондықтан қазақтар бұл жануар- лардың етін тек жұт жылдары ғана жеген.


Мал жеке адамның және отбасының меншігінде болды. Мал көшпелілер байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының бас- ты өлшемі болды. Ал жайылымды қоғам мүшелері қауымдасып пайдаланған. Әр рудың өзіндік жері болды және бұл жерге мен- шік ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды.
Қазақтар егіншілікпен де айналысты. Қазақ хандығының түр- лі аумақтарында егіншіліктің дамуы әркелкі болды. Негізінен, отырықшы – егіншілікпен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан халық- тары айналысты. Қазақтар көбіне тары дақылын екті. Сыр бойын- дағы қалаларда ирригациялық жүйе барынша дамыған. Қалалар- дың маңында суландыратын арнайы алқаптар болды. Қала маңда- рындағы мұндай алқаптарда бау-бақша өнімдері өсірілді.
Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған, т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды. Аң аулау дербес кәсіп емес, мал шаруашылығына көмекші кәсіп қана болған. Қа- зақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсібі елеу- лі орын алған: тері өңдеген, киіз басқан, құрақ құраған, металдан әр түрлі бұйымдар жасаған. Қазақтар көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлерде өмір сүрді. Көлеміне және иесінің әлеуметтік жағдайына байланысты киіз үйлердің түрлері көп болды. Күзеу мен қыстау- да ағаштан және кірпіштен салған жылы үйлерде тұрды.
XVI ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы және Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланыстарын жандан- дырды. Сырдария қалалары арқылы халықаралық сауда және көшпелілермен дәстүрлі сауда дамыды. Түркістан қалалары мен елді мекендері арқылы Үндістанға, Қытай мен Еуропаға керуен жолдары өтті. ХVІ – ХVІІ ғасырларда бұл қалалар саяси орталық- тарға айналып, онда қазақ хандары мен сұлтандары қоныстанды. Көшпелілермен негізінен айырбас сауда жүргізілді. Сыр бойын- дағы қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жұмыс істе- ді. Қазақстанның көшпелілері оңтүстіктегі қалалармен сауда- саттық қарым-қатынаста болды. Көшпелілердің астыққа – бидай-

98
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■


ға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау шаруашылығының басқа өнімдеріне және әсіресе маталарға сұранымы барынша тұрақты болды.


Қазақ хандығы тұсында қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды: ақсүйек және қарасүйек. Ақсүйектер әлеуметтік тобына Шыңғыс ханның ұрпақтары – сұлтандар, төрелер және Мұхаммед пайғамбардың үрім-бұтақтары – қожалар жатты. Бұл топ үш жүз қазақтарының генеалогиялық құрылымынан бөлек тұрды. Шыңғыс ханның ұрпақтары туылысымен сұлтан атағын иеленіп, бұл әлеуметтік топқа тиіселі барлық ерекше құқықтар- мен қамтамасыз етілді. Шыңғыс хан ұрпақтарының әрқайсы хан- дық билікке үміткер саналды. Сонымен бірге бұл әлеуметтік топ руға бөлінбеді. Әрбір сұлтанның өзіндік үлесі болды. Қалған әлеуметтік топтардың бәрі қарасүйектерге жатты. Қарасүйек өз ішінде тайпаға, руға бөлінді.
Қарасүйек әлеуметтік тобынан ерекше құқықтар иеленген тек билер болды. Атап айтсақ, ру биінің қолында соттық, әкім- шілік билік шоғырланды. Билер сұлтандармен бірге мемлекеттік мәселелер шешілетін жылдық жиналысқа – құрылтайға қатысты. Хан жанындағы «билер кеңесінің» құрамында беделді билер болды. «Би» ұғымы – түріктің «бег» (бек, бей) сөзінен шыққан дәстүрлі титул. Қазақ қоғамында «би» титулы мәртебелі болды, ол мұрагерлікке берілген жоқ. Билерді тағайындаған жоқ, сайла- ды. Бұл дала демократиясының көрінісі.
Батырлар XVI-XVII ғасырларда қазақ қоғамының ерекше тобы болды. Түрікше-моңғолша батыр, бахадур, багатур деп аталды. Шайқастың алдында жауды жекпе-жекке шақырған ба- тыл, ер жүрек адам мағынасында қолданылды. Шыңғысхан тұ- сында батыр – феодалдық титул болды және ерлігі үшін алған құрметтік титулы. Мұндай титулды қазақ ханы Тәуке алған. Ба- тырлардың даңқы соғыс кезінде және рулық қақтығыстар кезінде шықты.
Көп малы бар ауқаттыларды да байлар деп атады. Олар көш- пелі қоғамда көп болды. Қолдарындағы малдың саны қанша бол- ғаны белгісіз. Рузби-ханның айтуынша, кедей қазақтарында да мыңдаған жылқылар, түйелер, қойлар болған. Демек, байларда мыңнан да көп болды деген сөз.
99
■ Қазақстан тарихы


Ақсақалдар. Ақсақал түрік сөзі, парсыша риш-и сефидан. В. Бартольдтың айтуы бойынша, ақсақалдардың заңдылық кепіл- дігі жоқ, жасына, бұрынғы сіңірген еңбегіне байланысты құрмет- ке ие болған. Ақсақалдар кеңесі ел ішіндегі жағдайды реттеп отырған.
Құлдардың қоғамда құқы жоқ болды. XVI – XVII ғ. Қазақ хан- дығында құлдардың болғандығын Рузбиханның шығармасы мен
«Жеті Жарғы» дәлелдейді. «Жеті жарғының» 21-бабында былай жазылған: «Аңға шығатын итті немесе бүркітті өлтіргені үшін еріксізден төлеуін талап етті». Құлға зат ретінде қарады. Құл куә бола алмады, қожайынға шағым айта алмады. Бұл 16-бапта жа- зылған. Құлдардың ісі билер сотына түспеді. Оның қылмысын қожайын анықтады. Құлдарды сатып алды, соғыс тұтқындары құл болды. Олар өз қожайындарына тәуелді болды. 1822 ж. указ бойынша қазақта құлдық жойылды, толығымен 1875 ж. жойыл- ды.
Қоғам мүшелері дәулет-мүлкінің мөлшеріне сай «бай» және
«кедей» болып бөлінді. Осы кезеңдегі қазақ қоғамы әлеуметтік топтардың иерархиялық ұйымдасқан құрылымынан тұрды. Бұл әлеуметтік топтар бір-бірімен тығыз байланыста болды. Әр әлеу- меттік топтың өзіндік құқықтары болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет