Бегалиева А.Қ



бет27/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Ноғай Ордасы. Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІV- ХV ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбас- шысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен бай- ланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Кас- пий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.
Ноғай Ордасының негізін салушы – әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бас- тады. Бұл үдеріс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХV ғ. ортасында бөлі- ніп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бір- лестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХV ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады.
Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі – хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүр- гізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемден- ген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды.
77
■ Қазақстан тарихы

Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдың қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.


Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы, әсіресе көшпелі өзбектер мен қа- зақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шегарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қо- ныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүр- ген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаң- быршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қала- ларды жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ ханда- рымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ құрып отырған. Хақ- назар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған.
ХVІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда- экономикалық, саяси байланысы дамыды. ХVІ ғасырдың 2-жар- тысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді. Осылайша, Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет