Бегалиева А.Қ



бет29/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. «Қасым ханның қасқа жолы» атты заңға кірген ережелердің мазмұны қандай?

  2. «Қазақ» этнонимі туралы пікірлер қандай?

  3. Халық болып қалыптасу үшін қандай жағдайлар қажет?

  4. Ұлы жүзге қандай тайпалар кіреді?

  5. Орта жүзге қандай тайпалар кіреді?

88
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■




    1. XVI ғ. – XVIII ғасырдың басындағы Қазақстан





    1. ғасырлардағы Қазақ хандығы. XVI ғасырдың ба- сында нығайған Қазақ хандығының жағдайы аталмыш ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлсірей бастады. Қазақ хандығын нығай- туға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қай- тыс болғаннан соң оның мұрагерлері арасында өкімет билігі үшін ішкі талас пен қырқыстар туды. «Тарихи Рашиди» еңбегінің ав- торы Мұхаммед Хайдар Дулати айтқандай: «Қазақ сұлтандары арасында дау-шар басталды». Қасым ханның баласы Мамаш әке- сінің орнына хан болып, бірақ көп ұзамай өзара қырқыстың бірін- де қаза тапты.

Бұдан соң 1523-1533 жылдары Қасымның немере інісі Тахир хан болды. Бірақ оның ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдердің көпшілігімен: Шайбани әулетімен, Ноғай Ордасымен және Моғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жа- састы. 1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ой- рат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті.
Тахир ханның өлімінен кейін оның інісі Бұйдаш (1533-1534 ж.) қазақ-қырғыз бірлестігінің басшысы болды. Жетісу өңіріне билік еткен ол қазақтардың бір бөлігін ғана билеген. Оның тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. ХVІ ғасыр- дың 30-жылдарында Бұйдаш ханмен қатар өзге де қазақ хандары, мысалы, Қазақстанның батыс өңірінде Ахмет хан, Жетісуда Тоғым хан болған. Міне, бұл жағдай Қазақ хандығының феодал- дық бытыраңқылыққа ұшырағандығын көрсетеді.
Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қа- зақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығай- туға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы»
89
■ Қазақстан тарихы

деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғол- стан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әре- кетіне тойтарыс берді.


Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжыт- ты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хан- дығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдария- ның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады.
Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай Орда- сы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі Қазақ хан- дығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тай- палар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қа- зақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, ХVІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ ханды- ғына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы жағдай- да өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасын- дағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы.
1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ ханды- ғының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мәуереннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бұхара ханы ІІ Абдолламен одақтық келісімшарт жасасты. Соғыс
90
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байла- нысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақ- сартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хан- дығы нығая түсті.


Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыла- сы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жі- беріп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша, «Оның да ата- ғы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған».
Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішін- де беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатында- ғы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін ны- ғайту мақсатында ұтымды пайдаланды.
1582 жылы Бұхара ханы Абдолла қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеу- шісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашты, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самар- қан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етті.
1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 ж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жа- сасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы алауыздық қайтадан жанданды. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түр- кістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екінші- ден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды.

91
■ Қазақстан тарихы


Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қала- ларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойын- дағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Мұны білген Тәуе- кел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасай- ды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады.


Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қа- тынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қол- дайтын одақтастар іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның мұндағы мақ- саты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жы- лы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұл- танның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тап- сырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын
«өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетінін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біз- дің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жа- саған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда бай- ланыстары жанданды.
Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді бол- ды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін
«қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады.
1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың
92
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пай- даланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тәуе- кел хан жүз мың әскермен Мәуереннахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұха- раны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік- батыс шегарасындағы бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилық- тардың жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырда- риялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмамда- ды. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады.


Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Со- нымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында
«Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгер- лері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бө- лігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шай- бани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуерен- нахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмасты- руға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуереннахр қазақ хандары- ның қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.
Шайбанилер әулетінің орнына келген Аштархани әулеті XVII ғасырдың алғашқы онжылдығында Түркістан, Ташкент, Ферғана қалаларын қайтару үшін жорықтар жасады. Олар тек Ферғана қаласын қайтара алды. Ташкент, Түркістан, яғни Сырда- рия орта ағысының екі жағасындағы отырықшы-егіншілік аудан- дардың Қазақ хандығының құрамына енуі, Қазақ хандығының экономикасына, қоғамдық және саяси құрылысына күшті ықтал етті, Орта Азия мен Қазақстан арасындағы мәдени-сауда байла- нысы дамыды.

93
■ Қазақстан тарихы


Тәуекел ханның орнына 1598 жылы хан болған Есімнің Аш- тарханилер өкілдерімен жасасқан келісімі бойынша Қазақ хан- дығының құрамына қалаларымен бірге Түркістан аймағы, Таш- кент қаласы атырабымен, біраз уақытқа Ферғана кірді.


Осы кезде болған тағы бір тарихи оқиға – Көшім хан билеген Сібір хандығының жойылуы еді. Тарихи әдебиетте Сібір халқы – Сібір татарлары деп аталған. Ресейден Сібірге жорыққа аттанған атаман Ермактың жасағы 1582 жылы қазан айында Сібір ханы Көшімнің әскерлеріне шабуыл жасап, оны жеңіліске ұшыратты. Көшім өз әскерлерімен оңтүстікке шегініп, 1598 жылға дейін орыс әскерлеріне табанды қарсылық көрсетті. Бірақ Көшім кө- мексіз қалған еді, бұл кезде Көшімнің Орта Азиядағы одақтасы Шайбани әулеті құлап (1598), оның орнын Аштархан әулеті (1599-1735) басқан еді. Ақырында, біржолата жеңілген Көшім Орта Азияға қашып кетті де, 1598 жылы Сібір хандығы жойылды. Бұрын Сібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығына бірікті.
Есім хан (1598-1628 ж.) қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуереннахрға жасаған жорықта ерлігімен ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім – Шығай ханның баласы. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жаса- сып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мем- лекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдар жинағын құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орта- лыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хан- дығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы Қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады, тіпті өз атынан ақша соқтырып, алым-салықтар жинады. Сонымен, Қазақ хандығы екіге бөлініп, Түркістан қаласын орта- лық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Екі хан арасындағы күрес шиеленісіп, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.
94
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

XVII ғасырдың басында қазақ билеушілері мен Аштарха- нилер арасындағы өзара қатынастар тұрақсыз болды, олардың арасындағы қақтығыстар уақытша одақпен алмасып отырды. Мы- салы, Аштарханилер әулетінің өкілі, Бұхар ханы Иманқұл Ташкент- ті тартып алуға тырысты, сол мақсатпен 1611 және 1613 жылдар- дың басында жорық жасады. Алғашқы жорығында Иманқұл хан Самарқанға дейін жетіп, Ташкент пен оның аймағына өзінің құ- қығын мойындатты. Екінші жорығы да Ташкентке бағытталып, қазақтарды ойсырата жеңіп шығады. Осы жеңістен кейін ол өзі- нің ұлы Ескендір сұлтанды Ташкенттің билеушісі етіп тағайын- дайды. Ескендір сұлтанды ташкенттіктер өлтіргеннен кейінгі Иманқұл ханның кек алу жорығы қазақтар үшін ауыр болды. Өзі- нің Ташкентті алуға ұмтылуында ол қазақтың екі ханының өзара жауластығын пайдаланды. Сөйтсе де кейінгі жылдары қазақтар- дан жеңіліп, Иманқұл қазақ хандығымен бейбіт келісім жасады.


Есім хан 1628 жылы қайтыс болып, Түркістан қаласындағы Ахмед Йассауи кесенесінде жерленген. Есім ханның мұрагері Жәңгірдің өмірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте өтті. Халық оны ел үшін еңіреп туған ерлігіне бола «Салқам Жәң- гір» деп атаған. Жәңгір хан (1628-1652 ж.) билік құрған жылдары да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен және Жеті- судағы жайылымдар үшін қалмақтармен қақтығыстар тиылмады. Қазақ хандығына қалмақтар жақтан төнген қауіп зор болды.
«Қалмақ» сөзі – батыс моңғолдардың түрікше аты. Олар өздерін ойраттар деп атаған. Қалмақтар бұл жылдары шығысында Хангай таулары, батысында Моғолстан, оңтүстігінде Гоби шөлі, солтүс- тігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстары арасында көшіп- қонып жүрді. 1635 жылы бұл территориядағы тайпалардың ба- сын біріктіріп, Батур қонтайшы Жоңғар мемлекетінің негізін қа- лады. Осыған байланысты жоңғарлар күшейіп, қазақ жерлеріне жиі-жиі шапқыншылықтар жасай бастайды. Жәңгір хан тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында үш ірі шайқас орын алады. Алғашқы 1635 жылғы шайқаста Жәңгір қалмақтарға тұтқынға түсіп қалып, бірақ көп ұзамай қашып шығады. Тұтқыннан боса- ғаннан кейін Жәңгір хан қалмақтарға қарсы күрес басшылығын өз қолына алады. 1643 жылы жоңғар қонтайшысы Батур қазақ же- ріне 50 мың әскермен басып кіреді. 1644 жылы Жоңғарияға бар-
95
■ Қазақстан тарихы

ған орыс елшісі Г. Ильин жоңғарлардың 50 мың қолына Жәңгір хан бастаған 600 жауынгердің қарсы тұрғанын айтқан. Бұл 600 адам ататын қарумен жабдықталған Жәңгір хан әскерінің алдыңғы шебі болуы мүмкін. Жәңгір өз тобының бір бөлігіне жоңғарлар тар асудан асып келгенше екі таудың арасындағы тар жырада ор қазып, бекініс жасауға бұйырады. Ал өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Жоңғарлар ор қазып, бекініп жатқан қазақ жасақтарына қарсы шабуыл жасайды. Осы кезде Жәңгір өз тобымен жаудың ту сыртынан лап береді. Қазақтар осы жерде бі- рінші рет оқ ататын қару пайдаланады. Шайқас барысында Батур қонтайшы 10 мың әскерінен айырылады. Шайқастың шешуші ке- зеңінде Жәңгір ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр бас- таған 20 мың әскер көмекке келеді. Батур қонтайшы кейін шегі- нуге мәжбүр болады. Сөйтіп, 1643 жылы жер жағдайын және со- ғыс тәсілін шебер пайдаланған Жәңгір хан Самарқан билеушісі Жалаңтөс батырдың әскери көмегі арқасында зор жеңіске жетті. Бұл тарихта Орбұлақ шайқасы деген атпен белгілі. Бұл жеңістің Қазақ хандығы үшін зор маңызы болды.


Бірақ жоңғар билеушілері қазақ жерлеріне басып кіру үшін жаңа жорықтарға дайындала бастады. Батур қонтайшы бытыра- ған әскерлерін қайта құрап, Сібірдегі орыс қамалдарынан қару- жарақ сатып алды. Өзіне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинас- тырды. Осындай әскери дайындықтан кейін Батур қонтайшы 1652 жылы қазақтарға қарсы аттанды. Бұл соғыста қазақ жасақ- тары жеңілді. Жәңгір хан осы 1652 жылғы шайқаста жоңғарлар- дың қолынан қаза тапты. Жәңгір хан да Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Иассауи кесенесінде жерленген.
Жәңгір ханнан кейін Қазақ хандығының әлеуметтік-эконо- микалық және саяси жағдайы нашарлады. Феодал шонжарлар- дың арасында алауыздықтар мен бақталастықтар өршіді. Қазақ сұлтандары ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Қазақ жүздерінің арасындағы байланыс нашарлап, олар бір-бірі- нен оқшаулана бастады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет