Бегалиева А.Қ



бет26/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Әбілқайыр хандығы. ХV ғасырдың 20-жылдарында Қазақ- станның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында
75
■ Қазақстан тарихы

тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың быты- раңқы тайпаларының басын қосып, «Көшпелі өзбектер мемлеке- тін» құрды.


Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдария- ның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жыл- дан Сығанақ. Халқы – өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаң- лылар, үйсіндер, т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мем- лекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында би- лік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.
Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп, 1430 жылы Тобыл өзені бойын- да Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базарқала- сын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сыр- дария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті.
ХV ғасырдың 50-жылдары Самарқан, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақ 1457 жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.
Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда ке- неттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті.

76
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■


Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өл- тірілді. Ал Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470- 1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қа- лалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хан- дарына толық көшті. ХVІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бө- лігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Он- дағы Темір ұрпақтары билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайба- нилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан же- рінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет