Бақылау сұрақтары:
«Жеті Жарғы» бойынша құн төлеу қалай рәсімделген?
107
■ Қазақстан тарихы
Қазақтардың ғана емес, қарақалпақтардың да ханы болған қай хан?
Билер кеңесінде қандай мәселелер шешілді?
Ғалдан-Бошокту қонтайшының тұсында оңтүстік Қазақстанға шабуыл- дар қай жылы болды?
1653-1670 жылдар аралығында жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншы- лығының біршама тыйылу себебі не болды?
Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресі
XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы шиеленісті. Сұлтандардың билік үшін күресуі көп ұза- май бірлікті бұзды. Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбы- лыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болма- ды, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шы- ғыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтары- ның саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Жоңғар хандығы та- рапынан қазақ халқына үлкен қауіп төнді. XVIII ғасырдың басын- да жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Моңғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзені- нің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Ала- тауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. Жоңғарлар негізі- нен мал шаруашылығымен айналысты. Мал басының өсуімен, жер көлемін кеңейту мақсатында жоңғарлар Қазақ хандығы тер- риториясына шапқыншылықты жиілетті. Сонымен бірге жоңғар- лар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-қолөнер орталықтары шо- ғырланған қалаларды басып алуды көздеді.
1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жа- сақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қан- төгіс ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Оған себеп: Әбілқайыр жә- не Қайып сұлтандар өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргіз- беді. Осы жылы жоңғар әскерлері Түркістан маңында Бөген, Шаян және Арыс өзендерінің бойында қазақтарды тағы да қыр- ғынға ұшыратқан.
108
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
1715-1722 ж. жоңғарлардың негізгі әскери күші Цин импе- риясы әскерлеріне қарсы соғысып жатты. 1722 ж. Цин императо- ры Кансидің өлімінен соң Цеван Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына қарсы бағыштады. 1723 жылы қазақ-жоңғар қарым- қатынасы шиеленісті. Қытай мемлекетімен бейбіт келісімшартқа отырғаннан кейін жоңғарлар Қазақ хандығына қарсы соғыс ашу- ды шешті.
Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып, 1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Цеван-Рабданның ұлы Қал- дан Церен Балқашқа одан әрі қарай Қаратау өңіріне, Құлан батур Алтайға және Көктал өзенінің өңіріне, Амурсана әскері Нұра өзе- ні бағытында, Қалдан Цереннің Цеван-Доржы атты ұлы Шелек өзенінің аңғарымен, екінші ұлы Лама-Доржы Ыстықкөл бағы- тында қозғалды. Дода-Доржым нойон Шу өзеніне бағыт алса, Цеван-Рабданның өзі Іле өзені арқылы Жетісуды басып алуды көздеді. Бас қолбасшылықты Цеван-Рабданның бауыры Шона- Даба атқарды. Алғашқы соққыны Жетісу мен Ертіс өңірінің қа- зақтары қабылдады. Жоңғарлардың шапқыншылығын күтпеген, дайындалмаған халық әуел баста оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды.
Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардың қолы- на көшті. Қазақ рулары мекендерін тастап, Сырдарияның арғы бетіне қарай қашты. Сырдариядан өткен Ұлы және Орта жүз қа- зақтарының басым бөлігі Ходжентке, Орта жүз қазақтарының біраз бөлігі Самарқанға, ал Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхара территориясына өтті. Ал жоңғарлар қазақ ауылдарын, қалаларын басып алды, халқын қырып, тұтқынға айдады. Әсіресе Шона- Дабаның бағытындағы халық ауыр зардап шекті. Оның әскері 5000 қазақ отбасын тұтқындап, 1000 отбасыны тұтқынға айдады. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым бөлігін жау- лап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шегарасы Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің ара- сымен өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды,
109
■ Қазақстан тарихы
Алқакөл сұлама» деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың пана- лаған жері Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Бұл оқиға қазақтың кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген ат- пен әйгілі болған. Жоңғарлардан қашқан Кіші жүз қазақтары соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасы- ның сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді.
Бұл жылдардың өзінде жау халықтың рухын сындыра алма- ды. Көп жерлерде халық жауға батыл қарсылық көрсетті. Таш- кенттің 300 мың тұрғыны қаланы үш ай бойы ұстап тұрды. Халық жоңғарларға қарсы күресте ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Сай- рам, Түркістан қалаларының тұрғындары да жауға табанды қарсы тұрды. Осындай қарсылықтарды ұйымдастырушы Бөгенбай, Қа- банбай, Саңырық, Тайлақ, Жәнібек, Малайсары және т.б. халық батырлары болды. Түркістан қорғанысына Қабанбай мен Айшы- бек батыр қатысты. Қоршауда қалған Сайрам қаласын басып ала алмаған жоңғарлар Сайрамсу мен Тубалақ өзендерінің ағысын өзгертуге шешім қабылдайды. Бұл өзендер қаланы сумен қамта- масыз еткендіктен қала тұрғындары сусыз қалады. Осыдан кейін ғана әбден әлсіреген халық қаланы жауға беруге мәжбүр болады. Тек қалаларда емес, тау, дала өңірлерінде де жау халықтың ұйым- дасқан қарсылығына тап болды. Қожаберген жыраудың айтуы бойынша қазақтар шегінуі барысында да үлкен қарсылық көр- сеткен.
Осы жылдары Қазақ хандығының батысындағы қалмақтар- дың да қазақ жеріне шабуылы жиіледі. Әбілқайыр ханның бас- шылығымен қазақ жасақтары бұл бағытта да жауға ұйымдасқан тойтарыс берді. Осынау қиын-қыстау кезде халық сұлтандар мен ру басыларына үміт артпай, өз тарапынан да қарсылық ұйымдас- тыра бастады. Қазақ жасақтарының басында халық батырлары тұрды. Халық рухын көтеруде Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің рөлі зор болды. Жауға қарсы жаппай қарсылық көрсету 1724 жыл- дан басталды. Бұл жылы негізгі әскери қақтығыстар Орталық жә- не Батыс Қазақстан территориясында болды. Бұл қақтығыстарда Әбілқайыр хан бастаған қазақ қолдары табысты қимылдады. Әбілқайыр ханды қазақтардың басым бөлігі, қарақалпақтар
110
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
мойындады. Бұл жылдары Әбілқайыр хан соғыс даласында асқан батырлық танытты. 1725 жылы Әбілқайырдың қол астындағы сарбаздардың соны 50000-ға жетіп, қазақтар жаудың басып алған жерлерін азат етуді бастады. Осы жылы басқыншыларға қарсы алғаш рет үлкен тойтарыс берілді. Отырар, Шымкент, Түркістан, Сайрам төңірегін жаудан азат етуде қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаратау тауларының Теректі алқабындағы Садырбұлақ өзенінің төңірегіндегі қалмақтардың қолын Үлкентұр тауына қуып тығып, жойып жіберді.
Мәшһүр Жүсіп Көпейдің жазбаларында 1725 жылы Бұхара жақтан қайтып келе жатқан Орта жүз қазақтары Шақшақұлы Жәнібектің қолбасшылығымен Шұбаркүл көлінің маңында жоң- ғарларды талқандады делінеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы да бұны растайды. Осы жеңістен кейін Ақтасты өзені маңында кездескен қазақ сарбаздары жаудың тас-талқанын шығарды. Бұл шайқаста Әбілқайыр ханның, батырлар Тама Есет, Тама Жантай, Қараке- рей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай қолдары бірлесіп жауға соққы берді. Шайқас болған жер «Қалмаққырылған» деген атқа ие болды. Одан кейін қазақтар Сырдарияның төменгі ағысы ғана емес, Мұғалжар тауларының бір бөлігін жоңғарлардан азат етті.
1726-1727 жылдары сұлтандар мен билер қазақ жерін жаудан азат етуде қазақ руларының басын біріктіру саясатын қолға алды. Осы бағытта Кіші жүз ханы Әбілқайыр белсенділік танытты. 1726 жылы Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Ордабасы деген жерде үш жүз өкілдерінің біріккен жиналысы болды. Бұл жиынға үш жүздің ханы – Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жол- барыс сұлтандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке бастаған билер, батыр- лар қатысты. Жиналыс барысында үш жүздің басын біріктіріп, жауды Қазақ жерінен қуу мәселесі талқыланды. Жиналысқа кел- гендер жауға қарсы біріккен майдан құру керек деп шешті. Соны- мен қатар қаралған маңызды мәселенің бірі – бүкіл қазақ жасағы- ның қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Ордабысында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып сайланды. Қазақ қолының сардарбегі болып атақты батырлардың ішінен Қанжығалы Бөген- бай сайланды. Жиналыста елімізді жоңғар басқыншыларынан азат ету жолында қазақ халқы бас біріктіріп, бар күшті жоңғар- ларға қарсы жұмылдыруға шешім қабылдады. А.И. Левшиннің айтуынша, дұшпанға қарсы бірігу басталды.
111
■ Қазақстан тарихы
1727 жылдың жаз айларында үш жүздің біріккен қолы әскери дайындықтан өтіп, қару-жарақты жетілдірумен, дайындаумен ай- налысты. Әбілқайыр Бұхарадан ат, қару-жарақ сатып алып, әс- керді соғыс өнеріне жан-жақты дайындайтын батырларды өзі та- ғайындаған. Сонымен бірге әскери барлау ісіне үлкен мән беріл- ді. Күзде Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің маңында жауға үлкен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғар- ғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды. Бұл шайқаста да жоңғарлар жеңіліс тапты. Кейіннен шайқас болған аймақ «Қал- мақ қырылған» деп аталды. Бұл жеңіс қазақтардың рухын көте- ріп, болашақ күреске жігерлендірді. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. Әбілқайыр хан және Бөгенбай батырдың басшылығымен Қаракерей Қабанбай, ошақты Саңырық, тама Тайлақ, Шақшақ Жәнібек, тама Есет, Малайсары, тарақты Байғазы қолдары асқан ерлік көрсетті.
Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тари- хы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Ала- көл маңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 ша- қырымға созылды. Бұл шайқастың болған орны М. Тынышбаев- тың, А. Диваевтың зерттеулерінде нақты сипатталған. 1997 жылы Қазақстан халық жазушысы Ә. Кекілбаев пен тарихшы М. Қозы- баев бастаған ғылыми экспедиция шайқас болған жерді жан-жақ- ты зерттеді. Экспедиция барысында археологиялық зерттеулер жүргізіліп, географиялық жер атауларына да үлкен мән берілді. Балқаш көлінің оңтүстігімен Алакөлге бет алғанда Сұнқайтты (Сұмқайтты) өзені, қазіргі Жамбыл облысы Тараз қаласының шығысында Әбілқайыр сайы бар. Ал халық ауыз әдебиетінде бұл жерде жоңғарлар аңырай жеңілген деген мәлімет бар. Археоло- гиялық зерттеулер барысында сарбаздардың қару-жарағы, ер сай- мандары көптеп табылды.
1730 жылдың көктемінде қазақ қолдары Мойынқұм мен Бүр- кітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайты, Шу өзендерінен Хантау, Аңырақай тауларына қарай жылжыды. Осы кезеңде қазақ әске- рінің жалпы саны 29 мың болды. Бұқар жыраудың «Қабанбай ба-
112
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
тыр» жырында мыңдық басында тұрған 29 батырдың есімі, ру- лары толық берілген. Олар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Көкжал Барақ, Керей Жәнібек, Шанышқылы Бердіқо- жа, Керей Жанатай ер, Тоғас Қосай, Тума Шағалақ, Мұрын Боранбай және т.б. Мыңдықтар құрамындағы жүздіктердің ба- сында да батырлар тұрды. Қазақ әскерінің сол қанатын Әбілмәм- бет хан, Сәмеке сұлтан, Қазыбек би, Қабанбай батыр басқарды. Әскердің оң қанатын Төле би, Саңырық, Қойгелді, Қосын, Шінет, Мәмбет, Сәңкібай, Шойбек батырлар басқарды. Әскердің орта- лық тобын Әбілқайыр, Әйтеке би, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек батырлар басқарды. Шайқас барысында жалпы қолбасшылықты Әбілқайыр жүргізді. Жоңғарлар да бұл шайқасқа жан-жақты дайындалған болатын. Олардың әскерінің саны да 28-30 мың бол- ған. Шайқас жекпе-жектен басталады. Жоңғар жағынан талантты әскери қолбасшы, атақты күрескер Шарыш батыр шыққан. Қазақ- тар жағынан Сабалақ батыр шығады. Жекпе-жек қарсаңында Са- балақ Абылай атасының аруағына сиынып, атын ұран еткен. Жекпе-жекте Сабалақ батыр жеңіске жетеді. Сабалақтың жеңісі қазақ сарбаздарының рухын көтеріп, жеңіске жетеледі. Осы тари- хи оқиғадан кейін Сабалақ батыр (шын аты Әбілмансұр) Абылай есіміне ие болды.
Аңырақай шайқасына қатысқан қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. Қаракерей Қабанбай, Саңырық, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Құдайменді Жібекбай, Сеңгірбай, Шүйкебай тағы басқа батырлар қанды шайқастардың алдыңғы шептерінде болып, талай рет суырылып шығып, ерлік үлгісін танытты. Батырлар өзіндік шешім қабылдай алатын, со- ғыс ісін жан-жақты білетін, әскери стратегия, тактикамен таныс тәжірибелі ерлер еді. Қазыбек, Әйтеке, Төле билер бастаған қазақ билерінің жалынды ұлағаттары халықтың рухын көтеріп, бірлігін нығайтты. Жырларының негізгі тақырыбын қазақ батырларының жоңғарлармен соғыстағы ерлігіне арнаған Бұқар, Ақтамберді, Үмбетай жыраулар өздері де бұл соғысқа қатысқан. Бұл жырау- лардың еңбектерінде соғыс барысындағы көптеген іс-қимылдар жан-жақты сипатталған.
Өкінішке орай, Аңырақай жеңісі жалғасын таппады. Шай- қастан кейін қазақ билеушілерінің арасында жік туды. Өйткені
113
■ Қазақстан тарихы
осы кезде Болат хан қайтыс болғаннан кейін жоғарғы билік үшін талас басталды. Тәукенің баласы Үлкен хан Болат өлгеннен кейін оның орнын Орта жүзден Сәмеке, Кіші жүзден Әбілқайыр хан аламыз деп дәмеленді. Көпшіліктің қалаған адамы Болаттың ұлы Әбілмәмбет болды. Сәмеке мен Әбілқайыр өздерін үлкен хандық- тан құр қалдырды деп есептеп, майдан даласын тастап, кетіп қалды. Нәтижесінде Әбілмәмбет сұлтан Түркістанға көшсе, Әбіл- қайыр Кіші жүз территориясына қайтады. Сөйтіп, қазақ жерлерін жоңғарлардан толық азат ету ісіне оңалмас нұқсан келді. Қазақ- тардың Аңырақайдағы жеңісіне қарамастан жоңғарлар тарапы- нан шабуыл тиылмады. 1723-1730 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдары Шәкәрім Құдайбердіұлының жазбаларында тек «Ақта- бан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарының өзінде қазақ халқының санының үштен екісі кемігені туралы мәлімет бар. Демограф М. Тәтімовтің санағы бойынша 1723 жылы қазақ хал- қының саны 3 млн 330 мың болса, 1725 жылы 2 млн 222 мыңға азайған.
1730 жылғы жеңістің тарихи маңызы зор болды. Қазақ халқы өз мемлекетінің тәуелсіздігін сақтап, басып кірген жаудың тас- талқанын шығарып жеңіске жетті. Жоңғарлармен соғыста ерлік көрсеткен батырлардың, билердің есімдерін ұрпақтары биікке көтеріп, батырлығын мақтаныш тұтады. Ел қорғаған батырлар ерлігін дастан ететін жырлар жазылды. Атап айтсақ, «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «Шақшақ Жәнібек батыр», «Қойгелді батыр», «Өтеген батыр» және т.б. Олардың аты ұранға айналып, ел ардақтайтын аруақты жандар дәрежесіне көтерілді. Бүгінгі таңда олардың атымен аталатын Қазақстанның әр қаласында кө- шелер, мекемелер бар.
Жоңғарлардың шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уақытқа терең із қалды- рып, қазақ тарихына алапат ауыр жылдар болып енді. Қазақтар мал-мүлкі мен адамдарынан ғана емес, сонымен қоса Жетісудағы шұрайлы жайылымдарынан да уақытша айырылып қалды. Кө- шіп-қонудың ғасырлар бойы қалыптасқан жолдары бұзылды. Сырдария мен Жетісудағы егіншілік мәдениетінің ошақтарына үлкен нұқсан келтірілді. Жоңғарлардың Қазақстанның оңтүсті- гіндегі қалаларды басып алуының қазақ қоғамының экономика-
114
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■
лық және мәдени өмірі үшін елеулі зардаптары болды. Қазақ ру- лары сауда және қолөнер орталықтарынан ажырап қалды. Қазақ жүздерінің арасындағы шаруашылық-саяси байланыстар әлсі- реді.
Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды. Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізген Қалдан Цереннің (1727-1745 ж.) билік басына келуі мұндай шабуылдың қаупін күшейтті.
Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қаты- настары шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ қалмақтары және башқұрттармен қарым-қатынастар да күрделі еді. Осындай жағ- дайда қазақ билеушілері алдында маңызды да күрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіздендіру және елдің фео- далдық бытыраңқылығының күшейе түскен үрдісін жою міндеті тұрды. Солтүстіктегі қуатты көрші – Орыс мемлекетімен одақта- су қажеттігі туралы пиғыл туындады. Осылайша, қазақ билеуші- лерінде орыс-қазақ саяси және экономикалық байланыстарын нығайтты.
Достарыңызбен бөлісу: |