Қоғамдық құрылысы. Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы ер адамдардың еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ер адамдардың рөлі артып, аталық отбасылық қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру – па- триархат келді. Андроновтықтар қоғамында барлық іс халық жи- налысында шешілді: ру басшыларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау, т.б. Қоныстардан табылған материалдарға қа- рағанда көзге түсерліктей ешбір елеулі әлеуметтік және мүліктік теңсіздік байқалмайды, алайда қорымдарды зерттеу ісі адамның байлық дәрежесі мен қоғамдағы мәртебесінің қандай дәрежеде болғанын айқындауға мүмкіндік береді. Ертедегі қола дәуірінің өзінде көптеген біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда қа- бірі үлкенірек әрі тереңірек, ағаш мазарының құрылысы да күр- делі, мола ішіне қойылған құмыралары мен тағамы да мол зират-
15
тардан соғыс арбасының жұрнағы мен аттардың сүйектері, мәйіт басынан қола қанжарлар, жебелер табылған. Орта және кейінгі қола дәуірлерінде де осындай заттар кездеседі. Үлкен қорымдар- да сол кезде қоғамда айрықша топқа бөлінген жауынгерлер қойылған. Қоғамның жіктелуі басталып, оның қатардағы қалың мүшелері арасынан бөлініп, «патшалар» – билеушілер, жауын- герлер – кшатрийлер шыққан. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дәрежеге ие болған. Үнді-иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары дәрежеде еді. Абыздар діни жоралғыларды жүргізді, ежелгі дәстүр мен білімді сақтады. Олардың өзгелерден айрықша бір белгісі ағаш табақ пен ерекше бас киімі (бөркі) болды.
Қола дәуірінде еңбек құралдарының жетіліп, шаруашылық- тың дамуымен азық-түлік қоры молайды. Қоғамда біреулер байып, басқаның еңбегін пайдалана бастады. Сондықтан тұтқын- дарды өлтірмей, оларды құлға айналдырды. Рулық ұжымдық меншіктің орнына жеке меншік келіп, еңбекті қанау басталды. Бұл мүлік теңсіздігінің шығуына алып келді. Сөйтіп, қола дәуі- рінде рулық қауым ыдырап, шағын отбасылардың рөлі артып, патриархалдық-рулық қатынастарды сақтаған көршілік қауым дамыды. Кейінгі қола кезеңіне қарай отбасылық қауымдар бөл- шектеніп, ақыры алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |