Бегалиева А.Қ



бет9/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Үйсін мемлекеті. Б.з.д. ІІ – б.з. VІ ғасырларда Қазақстан ау- мағында мекендеп, мемлекеттік дәрежеге көтерілген көне тайпа- лық одақтардың бірі үйсіндер болып табылады. Үйсін – қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б. ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін бол- сақ, кейбір ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондар- мен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түр- кістан тармағы деп бөледі. Белгілі антрополог О. Смағұлұлының дәлелдеуінше, үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нәсілдік жағынан сақ дәуірінде өмір сүрген тайпа- ларға өте жақын. Демек, үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдаған жөн.
26
1. Ежелгі замандағы Қазақстан ■

Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым Н. Мұқаметқанұлы:


«Үйсін мемлекеті дегеніміз – үйсін тайпалар одағынан құрылған Қазақстан аумағында б.з.д. ІІ – VІ ғасырларда өмір сүрген байыр- ғы мемлекеттердің бірі. Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының орысша аудармасы арқылы «Усунь» деген атпен белгілі болған. Үйсін мемлекеті жөнінде жазылған тарихи деректер мол, қазылған археологиялық мұралар көп, зерт- теу еңбектері де аз емес»... Аталмыш «Үйсін» деген этноним ең алғаш қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма Цянь) жазған «Та- рихнама – Ши цзы. Хұндар тарауында» хатталған», – деп көр- сетеді.
Үйсін мемлекетінің негізгі территориясы қазіргі Қазақстан- ның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы және Қы- тайдың Іле аймағы болды. Шегаралары батысында Шу мен Талас өзені, шығысында Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүс- тігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты алып жатты. Үйсін мемлекеті батысында қаңлылармен, шығы- сында ғұндармен, ал оңтүстігінде Ферғанамен шектесіп жатты. Қытай жазба деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы болған. Ол Ыстық көлдің жаға- сында орналасқан.
Ғұндардың күшеюінен қорыққан қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемле- кет болды. Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті жайлы жазылған қытай деректеріндегі мәліметтерге қарағанда үйсіндердің 120 мың түті- ні, 630 мың адамы, 188 мың 800 әскері болған. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі гуньмо (күнби) деп аталған. Үйсін елі құрыл- ғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы бол- ды. Әлеуметтік қатынастар заңдар арқылы реттелді, күшті, ұйым- дасқан әскері болып, қытайлар үшін «Батыс өлкедегі ең күшті мемлекет» саналды.
Үйсін қоғамында мүліктік және әлеуметтік теңсіздік, малға жеке меншік болды. Әрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз таңбаларын салды. Жер иеленуге де жеке меншік болғанын жазба деректер мәлімдейді. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіз-
27

  • Қазақстан тарихы

діктің болғанына археологиялық қазбалар дәлел. Жетісудың көп- теген қорғандарының көлемі әртүрлі – үлкен, орташа және шағын болып келеді.


Үйсіндердің шаруашылығы мен мәдениеті жайындағы де- ректер археологиялық қазбалардан анықталып отыр. Қытай жаз- баларында үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттайды. Б.з.б. 105 жы- лы үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киіз- бен қаптаған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Үйсіндердің негізгі шаруашы- лығы – мал шаруашылығы. Әсіресе жылқы мен қой өсіру жақсы дамыды. Кейбір байлардың 4-5 мың жылқысы болған. Сонымен қатар егіншілік те дамыған, бау-бақша өсірілген, кейбір қожалық- тар жартылай отырықшылық тіршілікке көшті. Іле, Шу, Талас өзендері алқабынан суландыру жүйесінің іздері анықталды. Оба- лардан табылған мәдени мұралар қолөнер кәсібінің болғандығын да дәлелдейді.
Қарғалы үңгірінен табылған диадема (бас киім) – б.з.д. ІІ – І ғ. өмір сүрген үйсіндік зергер ұстаның тамаша туындысы. Бұл ұзындығы 35 см, ені 5 см диадемада аңдар, жануарлар, адамдар бейнеленген. Ол суреттер үйсіндердің наным-сенімдерін білдіре- ді. Мысалы, ондағы пырақты аттар күннің символы болып табы- лады. Үйсін шеберлері алтын әшекей бұйымдарды зерлеу тәсілі- мен жасады. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған осындай және басқа да қолөнер заттары мен бұйымдары үйсін өнерінің жоғары даму деңгейін көрсетеді.
Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орнала- суы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұй- ғыр, қырғыз және т.б.) саяси, экономикалық және мәдени байла- ныстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда, Үйсін мем- лекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсін- дерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытай- лар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым- қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құда бо-
28
1. Ежелгі замандағы Қазақстан ■

лып, сүйек жаңғыртқан, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Үйсін мемлекеті біртұтас ел ретінде б.з. VІ ғасырының ортасына дейін өмір сүріп, одан соң Түрік қа- ғанатының құрамына енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет