Бақылау сұрақтары:
Тас ғасыры қандай кезеңдерге бөлінеді және олардың хронологиясы не- ше мың жылдықтарды қамтиды?
Қазақстанның қай жерінен Мустьер дәуірінің ескерткіштері табылған?
Ашель дәуірінің тұрақтары қандай?
Неолит дәуірінің революциясы не болды?
Қола дәуірі б.з.д. 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығында болды. Қола алу тәсілі б.з.д. екі мыңжылдықта Еуразия даласында өндіргіш күште төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы қола алды. Қоладан тір- шілікке қажетті құралдар және қарулар жасалды.
Кеңес өкіметі тұсында Қазақстандағы қола дәуірінің тари- хы жүйелі түрде зерттелгенін байқауға болады. Атап айтқанда, 1933 жылы КСРО Ғылым академиясы Орталық Қазақстанды зерттеу мақсатымен «Нұра экспедициясын» ұйымдастырды. Экс- педиция мүшелері П.С. Рыков, М.И. Артамонов, М.П. Грязнов, К. Арзютов, И.В. Синицин сияқты ғалымдар қола дәуіріне қа- тысты бірқатар зерттеулер жүргізді. Осы ғалымдар тобы Шеру- бай-Нұра өзенінің аңғарынан қола дәуіріне жататын Дәндібай ескерткіштерін тауып, ғылымға үлкен жаңалық енгізді. Қазақ- станның батыс бөлігіндегі қола дәуірін ғалым О.А. Кривцова- Грекова зерттесе, Тарих, археология және этнография институ- тының жанынан ұйымдастырылған Орталық Қазақстан археоло- гиялық экспедициясын Әлкей Марғұлан басқарып, Атасу, Бұғы- лы, Беғазы, Ақсу-Аюлы, Дәндібай ескерткіштері бойынша қаз- ба жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ә. Марғұланның қола дәуірі туралы екі үлкен монографиясы («Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана»,
11
«Древняя культура Центрального Казахстана»), көптеген ғылы- ми мақалалары жарық көреді. Ал С.С. Черников Шығыс Қазақ- стандағы қола дәуіріне жататын ескерткіштерді зерттеді. ХХ ға- сырдың 50-жылдары қола дәуірін зерттеген археолог ғалымдар К.А. Ақышев, А.М. Оразбаев, А.Р. Максимовалар болды.
Қазақстан жерінде қола дәуірі тұсында өмір сүрген адамдар- дың негізгі мәдениеті ғылымда Андронов мәдениеті деген атпен белгілі. Қола дәуірінде қазақ даласын, Оңтүстік Сібір және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпа- лар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан та- былғандықтан Андронов мәдениеті деген атқа ие болды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қа- зақстаннан да тауып, Андронов мәдениетінің ескерткіштері шы- ғыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі үлкен терри- торияға тарағанын анықтап, дәлелдеді. Зерттеушілер Андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:
Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХVІІІ – ХVІ ғ.
Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХV – ХІІІ ғ.
Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ – VІІІ ғ. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес
Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды.
Қола дәуірінің ерекшеліктері мынадай:
түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола метал- лургиясы);
ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы;
аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы;
андроновтық тайпалар алғаш болып экономиканың озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті;
рулық қатынастар ыдырап, тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағында бол- ды десек те, негізінен, Орталық Қазақстанда қоныстанды. Бұл өңірден Андроновтардың көптеген мекендері, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер – петроглифтер, 30-дан аса қо-
12
Ежелгі замандағы Қазақстан ■
ныстар мен 150-ден аса қабір табылған. Ертедегі Нұра кезеңінің жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) көп кездеседі. Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кең жүргізілгенімен сипатталады. Тау-кен жұмыстары өркенде- генін көптеген тау кендерін өңдеу орындарының табылғанынан байқаймыз. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында болды. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде қола құралдары, қару-жарақтары, сәндік заттар табылған. Мәйіт- терді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиі кездеседі.
Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, Ә.Х. Марғұлан оны Беғазы- Дәндібай мәдениеті деп атауды ұсынып, оған Беғазы, Бұғылы, Саңғыру, Айбас дарасы, Дәндібай ескерткіштерін жатқызды. Бұл ескерткіштерден алынған материалдар қола дәуірінен темір дәуі- ріне өтетін өтпелі кезеңді дәлелдейді. Бұл мәдениет, біріншіден, Андронов дәстүрін сақтағанын көрсетсе, екінші жағынан, онда мынадай жаңа элементтер бар: мазарлардың айрықша түрі, өзін- дік ерекшелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түр- лері. Мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою дәстүрі де кездеседі. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне Қарағандының оңтүстік бетіндегі ІІ Ақсу-Аюлы қабірі де жатады. Осы кезде тастан қалап қабыр- ғалы тұрғын үйлер салу кең тарады. Тұрғын үйлерді көбінесе ағаштан салды. Металл өндіріп балқыту да кең тарады.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда да көптеген андроновтық мәдениет ескерткіштері табылған, олардың ішінен Алексеев қо- нысы мен Тастыбұтақ қорымы кеңінен белгілі. Ертедегі қола кезеңінде мәйітті өртеп көмген. Сол кездері ежелгі қалалардың прототиптері деп есептелетін қоныстарды археологтар тапқан. Соның бірі Челябинск және Қостанай облыстарының шегарасын- да орналасқан – Арқайым. Кейінгі қола дәуірінің бірінші кезеңін- де Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің Қима мәде- ниетінің, ал Батыс Қазақстан Еділ бойының Қима мәдениетінің ықпалына түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетінің дамуы да осын- дай жолмен жүрді. Ертіс пен Бұқтарманың, Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандарынан, Тарба- ғатай мен Сауыр далаларынан қола дәуірінің ондаған қоныстары
13
мен қорымдары табылды. Қанай қорымы және сонымен қатар ор- наласқан қоныс қабірлерінің көпшілігі кейінгі қола дәуіріне жа- тады.
Қола дәуірінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінде ха- лық тығыз қоныстанады. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы суреттердің басым көпшілігі Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігі- нен ғана табылғаны мәлім. Жетісуда Федоров және Алакөл тай- палары мәдениетінің элементтері аралас болғанымен ерекшеле- неді. Федоров дәстүріндегі қабірлер қоршаулары тікбұрышты және дөңгелек болып келеді. Жетісудың орта қола дәуіріне Таң- балы, Қарақұдық қорымдары жатады. Қазақстанның оңтүстігі- нен, Қаратаудан Таутары қорымы, ал Сырдарияның төменгі жа- ғынан, Арал алқабынан қола дәуірінің бірегей ескерткіші – Түгіс- кен кесенесі табылған.
Достарыңызбен бөлісу: |