Бегалиева А.Қ



бет8/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. 1933 жылы КСРО Ғылым академиясы Орталық Қазақстанды зерттеу мақсатымен қандай экспедиция ұйымдастырды?

  2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті қола дәуірінің қай кезеңіне жатады?

  3. Андроновтықтардың баспанасы қандай болды?

  4. Қола дәуірі кезіндегі жоғары дінбасылар кімдер болды?

    1. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар


Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстанды мекендеген адамдар темірді пайдаланды және көшпелі шаруашы- лық дамыды.


Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) және басқа ертедегі тарихшылар оларды «азиялық скифтер» деп атаған. Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антика дәуірінің ав- торлары (гректер) – Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей жә- не т.б.; 2) Ахеменидтер әулетінен (көне парсы) қалған сына жазу- лар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданған.
Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген скифтердің және төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың,
18

      1. Ежелгі замандағы Қазақстан ■

Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың және Александр Маке- донский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежел- гі парсылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ – V ға- сырларда Ахеминидтер империясының құрамына да кірген. Ахе- менидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга- сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақта- ры (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа сақтары (теңіздің арғы жа- ғындағы сақтар) туралы баяндалады. Алғашқы екі тобын Геродот


«амюргия-сақтар» және «ортокарибантия-сақтар» деп атаған.
Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақ- стан аумағында шоғырланғандығы туралы түрлі болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тигра- хауда-сақтары мекендеген, бұл сақ тайпаларының этникалық ау- мағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.
Парсы сына жазбаларында хаомаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюр- гий-сақтары деп аталды. Бұл сақтар Ежелгі Бактрия және Маргиана аумағында (Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауында) орна- ласқан. Ертедегі парсылардың танысқан сақтары осылар еді.
Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, ари- маспылар, қаспилер, аргипейлер және т.б. кірді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде де кездеседі. Қазақстан аумағында былайша орналасқан: массагеттер – Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дай- лар – Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар – Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағын- дағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал М.Қ. Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримас- пылар Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген.
Сақтардың мал шаруашылығының үш түрі болды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Батыс және Оңтүстік Қазақстандағы сақтар түйе өсірді. Олар аттың құлағын- да ойнаған, садақ атуды өте жақсы меңгерген.
19

  • Қазақстан тарихы



Кир сақтармен одақ жасап, Мидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алады. Кейінірек Кир сақтар мен массагет- терді бағындырмақшы болып жорыққа аттанады. Бірақ оның жо- рығы жойқын қарсылыққа кездесіп, соңында Кир бастаған пар- сылар сәтсіздікке ұшырап, әскерлері талқандалып, өзі қаза таба- ды. Геродот мынадай аңыздық мәліметтерді келтіреді: парсы- ларды жеңгеннен кейін сақтардың патшайымы Тұмар (Томирис) торсыққа қанды толтыра құйғызып, «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдің басын салдырған.
Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын І Дарий (б.з.д. 521-486) жалғастырды. Б.з.б. 518 жылы І Дарий массагет- сақтарға қарсы жорық бастап, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарихшысы Полиэн массагет-сақтардың парсыларға қарсы ерлікпен күрескендігі жайлы мына бір оқиғаны келтіреді. Шырақ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға барып өзін сақ көсемдерінен зардап шеккен адам сипатында көрсетеді. Одан соң өзінің тайпаластарынан кек қай- тарғысы келетінін мәлімдеген Шырақ жауларын, яғни парсылар- ды сусыз шөл далаға апарып адастырады. Ал ол жерде парсылар- дың көбі шөлге шыдамай қырылады. Өз жерін жат жерлік бас- қыншылардан қорғау мақсатында сақ жауынгері Шырақ осындай ерен ерлік жасады.
Дегенмен І Дарий аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпала- рын, соның ішінде хаомаварга-сақтарын және басқа да кейбір тайпаларды бағындырады. Бұл тайпалар Ахеменидтердің ХV са- трапиясының (салық аймағының) құрамына кіріп, алым-салық төлеуге тиіс болды, бірақ ол өз уақытында төленіп тұрмады және көбіне сыйлықтар сипатында болды. Сақтар болса Ахеменидтер- дің әскерінде қызмет атқарды. Тіпті, олардың біразы парсы пат- шасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке әскери құрама- сының қатарына да кірді.
Б.з.б. VІ ғасырдың аяғымен V ғасырдың басында ежелгі Шы- ғыста грек-парсы соғыстарының басталуына байланысты ірі-ірі саяси оқиғалардың болғаны белгілі. Сол тұста кейбір сақ тайпа- лары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде пар- сылар жағында қатысып отырған. Мысалы, Гавгамелы маңында- ғы шайқасқа сақтардың жеңіл атты әскері қатысқан.
20
1. Ежелгі замандағы Қазақстан ■

Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жылдары) парсылар- дың жеңілуімен аяқталды. Ал бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс шиеленісе түседі, құл иеленушілер болса, бұдан шығудың жолдары шығысқа басқыншылық жорықтар ұйымдастыру деп түсінеді. Б.з.б. ІV ғасырдың 30-жылдарында македондық гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы ахеменидтік ІІІ Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Маракандты (Самарқанды) алып, олар Сырдарияға қарай бет алады. Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия халықтары табан тіресе ерлікпен қарсыласты. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстан- ның оңтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагет- тер белсене қатысты. Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқар- ды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауына сүйене отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-грек әскерлерін бір- неше дүркін талқандаған болатын. Үш жыл бойғы кескілескен соғыстан кейін ғана македондық-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырды. Сырдарияның арғы жағасындағы сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Александр Македонский өлгеннен кейін оның ұлан-бай- тақ империясы тығыз экономикалық және саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардан біріктірілгендіктен дағдарысқа ұшырап ыдырады.


Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тигра- хауда-сақтарға кіретін сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстан- ған Орта Азия мен Қазақстанның этномәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы болды. Сақ мәдениеті – Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістік- терінің бірі болды. Ол заманға қатысты қорымдардың көп болуы ерте кезден-ақ Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оң- түстігінің толық игерілгенін байқатады. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен т.б. өзендердің аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Мысалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) –
21

  • Қазақстан тарихы

300 обадан, Берікқара қорымы (Талас өзенінің аңғары) 500 оба- дан, Кетпен – Төбе алқабында (Солтүстік Қырғызстан) 700 оба- дан тұратын қорымдар табылған. Оларда адамдар әр түрлі уақыт- тарда жерленіп, жүздеген жылдар бойы қалыптасқан.


Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары саналатын обалардың көп табылуы жағынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақ- станға тең келетін Орта Азия мен Қазақстанның басқа аудандары жоқ. Осындай археологиялық ескерткіштердің мол табылуына байланысты А.Н. Бернштам «патша сақтары мен үйсіндер» Жеті- суды мекендеген деп қорытынды жасайды.
Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының Тянь-Шань қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрлыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақ- стан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері.
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін
«Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының бай- лығымен қайран қалдырады. Оның басынан аяғына дейінгі киім- дері алтынан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша ар- қылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стилінде жасалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегін- де, әліпбилік жазба болуы ықтимал.
Б.з.д. І мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы рулық қауым- ның ыдырап, әлеуметтік құрылымның қалыптасу үрдісінің жаңа сипатымен ерекшеленеді. Сақ заманының қоғамдық құрылымын: шағын туыс отбасылар тобы (патронимия), яғни көшпелі қауым- тайпалар одағы деп атауға болады. Бұл құрылымның патронимия деп аталған төменгі ұясы өрбіген үлкен патриархаттық-рулық әлеуеттің үлкейіп, табиғи бөлшектенуі нәтижесінде құрылды. Ол бөліністер әулет басшысының есімімен аталды. Ал қоғамның жіктеліп, байлар мен кедейлерге бөлінуі сақ қоғамында мүлік теңсіздігінің, яғни әлеуметтік теңсіздіктің болғанының дәлелі болып табылады.
Сақтардың өнеріндегі «аң стилі» б.з.б. VII ғ. пайда болды. Сақ қоғамында халықтың үш тобы: жауынгерлер, абыздар, қа- уымшыл сақтар болған. Жауынгерлерге қызыл және сары-қы-
22

  1. Ежелгі замандағы Қазақстан ■

зыл, абыздарға ақ, қауымшыл сақтарға сары мен көк түстер тән еді. Сонымен қатар абыздардың белгісі құрбан табақ пен айрық- ша бас киім болды. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер то- бынан сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. Сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шай- қастарына да ерлермен бірдей шайқасып, ерлік көрсетіп отырған.


Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігіндегі Ордостан тартып Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан-бай- тақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан әр түрлі тайпалар мекендеген болатын. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың әсері Орталық Азияда ертедегі ірі тай- палық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну (ғұндар) еді. Б.з.д. ІІІ ғасырдың аяғында қытай деректерінде кездесетін сюнну не- месе хунну (ғұндар) әр түрлі тайпаларды біріктірген. Ғұндар ту- ралы мәліметтер негізінен қытай жазбаларында айтылады. Олар Тынық мұхиты мен Солтүстік Қытай, Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да таралып отырған саяси құрылым. Ғұндар 24 руға бөлінген. Әрбір рудың көшіп жүретін белгілі жері болды.
Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде «шаньюй» деп аталған. Б.з.д. ІІІ ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ғұндар қытайлар- мен көп соғысты. Б.з.д. ІІІ ғасырда ғұндар шабуылының күшей- гені соншалық, қытай императорын Ұлы қорғанды тұрғызуға мәжбүр етті. Б.з.д. 209 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй бас- қарып, ол билік құрған алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шегаралық аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде бастаған ғұндар өздерінен әскери-сая- си қуаты басым Хань әулетін ғұндардың Ордостағы көшіп-қона- тын жерлеріне көз тігуінен бас тартуға мәжбүр етті. Хань импе- раторы Гаоцзу Мөде шаньюйдың алдында бас иіп, онымен «өзара тыныштық және туыстық туралы шартқа» қол қояды. Бұл шарт бойынша Хань императоры шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беріп және жыл сайын салық төлеп тұруға міндеттеледі.

23


  • Қазақстан тарихы

Мөде бастаған ғұндар кейін шығыстағы «шығыс ху» тайпа- ларын бағындырады, ал оның құрамына Керулен және Онон өзе- нінің алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань тайпалары кіретін еді. Одан соң ғұндар батыстағы юечжи тайпаларына жорықтар жасайды. Бұл кезеңде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі кең аумақ ғұндардың қол астына өтеді, ал солтүстікте ғұн конфедерациясы- на кірген тайпалардың мекені Байкалға дейінгі аумақты алып жатқан еді.


Ертедегі деректерге қарағанда ғұндар Саян-Алтай тайпала- рына жорықтар жасаған. Б.з.д. 201 жылы сюннулердің солтүстік және солтүстік-батысқа қарай жорықтарын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырған. Олардың аумағы батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле өзенінің алқабына дейінгі жерлерді алып жатты.
Б.з.д. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай өңірін мекендеген тайпаларды түгелдей дерлік бағындырды. Одан кейінгі жылдарда олар батыста да белсенді әрекет жасайды. Б.з.б. 177 жылы Мөде шаньюй көршілеріне қарсы әрекет жасамақ болды деген сылтау- мен өзінің батыстағы иеліктерінің билеушілерін юечжилерге қарсы жорыққа аттандырады. Ғұндардың атты әскерлері Чжанье- Ганбчжоу ауданы маңында юечжилерді жеңіп, қалыптасып жат- қан бірлестігінің төңірегіндегі бірнеше иелікті бағындырады.
Ғұндар бірлестігіне шығу тегі әр түрлі тайпалар мен этника- лық-саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық- саяси өміріне бір орталықтандырылған билікке бағынғысы кел- мейтін күштер мен ұланғайыр аумақта орналасқан иеліктер ара- сында тығыз саяси және экономикалық байланыстардың болма- уы қатты әсер етті. Б.з.д. I ғасырдың ортасында ғұн қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айырылумен қатар бұрынғы бірлестік құрамында болған ғұндар б.з.д. 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік бөлігін Хуханье шаньюй, солтүстік бөлігін Чжичжи шаньюй басқарды. Оңтүстіктегілер Ордос аума- ғында мекендеп қалды да, солтүстіктегілер өз тайпаларының қы- сымына шыдамай Саян мен Байкал өңіріне ығысып, яғни солтүс- тік пен батысқа қарай қоныс аударды.
24
1. Ежелгі замандағы Қазақстан ■

Б.з.д. 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына ай- налған оңтүстік ғұндардың жерін басып алуға, сол арқылы бір- лікті қайта орнатуға әрекет жасады. Бірақ оның бұл әрекетінен нәтиже шықпады. Өз күші жетпеген соң үйсін күнбиінен көмек сұрайды, бірақ үйсін күнбиі оған көмек беруден бас тартады. Осыдан кейін одақтассыз қалған солтүстік ғұндар оңтүстік ғұн- дардың жерінен кетуге мәжбүр болады.


Солтүстік ғұндардың билеушісі Чжичжи шаньюй солтүстік- батыс Моңғолиядағы Қырғыз-Нұр көліне таяу жерде өз ордасын орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жасап тұрады. Сөйтіп, б.з.д. І ғасырдың екінші жартысында Чжичжи бастаған ғұндар Қазақстанның Жетісу аймағына алғаш рет көшіп келе бастады.
Тарихшы С. Өтениязов «Рим және Ғұн империялары арасын- дағы қатынастар тарихы» атты еңбегінде: «Хун Ордасы мен Рим империялары арасында 441 жылға дейін тек достық және одақ- тастық қатынастар болды. Әттең осынау тарихи шындықтар көбіне айтылмайды. Сондықтан қазіргі ұрпақ екі империя ара- сында тек соғыс қана болды деп ойлайды. Хун басшыларының қайсысы болса да Рим империяларымен достық қатынаста болуға тырысты. 434 жылдан бастап мемлекет басында болған Аттила да осы істі жалғастырды. Достық келісімдерді бұзған тек Рим бас- шылары болды. Оның ақыры 441 жылдан соң басталған қақты- ғыстарға алып келді. Осы мәселелерді кеңінен зерттеген ағыл- шын ғалымы Томпсон болатын.
ІV ғасырдың ақырына дейін Хун ордасының күшейгені сон- шалық Днестр өзенінен өтіп, Қара теңізге құятын Дунай өзенінің (сол кезде Истра деп аталатын) сол жағын түгелдей иеленді. Ал Дунай (Истра) өзенінің сол жағының біраз жері ежелден Рим империясына бағынышты болатын.
Еділ-Жайық пен осынау Дунай (Истра) өңіріне дейінгі өте үлкен территорияда Хун ордасының аса мықты әскери мемлекеті үстемдік жүргізді», – деп жазады.
Аттила мемлекет басына келген күннен бастап Руғила атасы- ның дипломатиялық істерін жалғастырды. С. Өтениязовтың ай- туынша, Руғила тұсында Хун ордасы бұрынғыдан бетер күшейді
25

  • Қазақстан тарихы

және түгелдей бір орталыққа бағынды. Хундар әскери мемлекет болғанмен шын мәнінде толық бір орталыққа түгелдей бағынған жоқ еді. Оған дәлел – хундардың өзі көп тайпалы ел.


Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқы өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндар- дың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылдан- ғандары да болған. Дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болды. Зергерлік өнердегі поли- хромдық стильді дүниеге әкелген. Көк тәңіріне табынып, ата- баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалып- тастырған.
Деректер ғұндарда малға және жерге де жеке меншік болға- нын білдіреді. Ер азаматтардың барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұн әскерінің негізін атты әскер құрады. Ғұн- дар жауынгер халық еді. Олардың жауынгерлік құдіретінен сес- кенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырған. Сонымен, қорыта келгенде, ғұндар – бастапқы кезде Орталық Азияда пайда болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының ар- ғы тегі. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына қо- сылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет