Бегалиева А.Қ



бет37/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. Нұралы мен Пугачев арасындағы келіссөздерге талдау жасаңыз және олар қалай аяқталды?

  2. 1797 жылы Сырым батыр Қобдада өткен кеңесте сөйлеген сөзінің мәні қандай?

  3. О.А. Игельстром кім?

  4. Айшуақ сұлтан қай жылы хан тағына тағайындалды?

    1. Қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерілістер




Ұлы жүз қазақтарының қоқандықтарға қарсы күресі. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Қазақстанның оңтүстігінде Хиуа, Бұқара және Қоқан хандықтарының мүдделері қақтығысқа түсті. ХІХ ғ. басына қарай күшейген Қоқан хандығының күш- қуаты артып, Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу мақсатын қояды. Осылайша, өзінің қазынасын толықтыру, мал шаруашылағын да- мыту, сонымен қатар Ресей мен Қытайды байланыстыратын Орта Азиядағы керуен жолдарына бақылау орнатып, мұсылман халық- тары тұратын территорияны басып алу еді.

138
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■


1810 жылы Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған уақыттан бастап, 1865 жылы Ресей империясының қол астына өткенге дейін қоқандықтар Ұлы жүз территориясында әкімшілік қадаға- лау жүргізіп, Ақмешіт, Жаңа Қорған, Күміс Қорған, Шым Қор- ған, Шолақ, Созақ және т.б. бекіністерді салды. Бұл кезеңде Хиуа мен Бұхара Қоқанға қарағанда әлсіздеу болды.


Қоқан хандығының қол астына Ұлы жүздің көп рулары: Бес- тамғалы (35 мың үй), Сиқым (5 мың үй), Шымыр (9 мың үй), Жа- ныс (7 мың үй) қарады. Жоғарғы әкімшілік билік Ташкент әкі- мінде (наместник) болды. Оның екі көмекшісі: 1) Саркар (мырза- басшы) салық жинаумен және азаматтық істермен; 2) батыр бас- шы (әскери басшы) әскери іс және көшпелілер мәселесімен ай- налысты. Билерге артықшылықтар беріліп, салықтан босатылды, олардың кейбіреуі «дата» лауазымын алды. Бұқара халықтың не- гізгі бөлігі «зекет» салығын (шариғат бойынша мүліктің 1/4 бө- лігі) төлеп тұрды. Қазақтар әскери міндеттерін атқарып, қарсы- лық көрсеткендерді тыныштандыру жорықтарына да қатысып отырды.
Қоқандықтардың қазақтарға түрлі салықтар салуы қарапа- йым адамдарға үлкен ауыртпалық түсіріп, ішкі әлеуметтік қай- шылықтарды тереңдетіп, халық ішінде кедейлердің көбеюіне алып келді. Қоқандықтар билік жүргізген тұстағы ауыр жағдай- лар елдің есінде қатты сақталып қалды. Қазақ халқы Қоқан билі- гіне қарсы наразылық көрсетіп отырды. 1810 жылы Ташкент өңі- рінде тұратын қазақтар салық төлеуден бас тартты. Қоқан ханы Әлім бек қарсылық көрсеткендерді тыныштандыруға және Сай- рам, Ташкент, Түркістанды бағындыру үшін 12 мың әскер жібер- ді. Қоқандықтардың қолына түскен төңіректегі қазақтар тонау- шылыққа ұшырады. Қоқандықтар Түркістанды басып алуы кезін- де оның билеушісі Тоқай Төре Бұхараға қашуға мәжбүр болды. Бұхараның әмірі Тоқай Төреге Бұхарадағы соғысқа жарайтын қазақтардан жасақ жинап алуға рұқсат берді. Жасақ жинап жарақ- танған Тоқай Төре, алдымен, Созаққа бекініп, одан кейін Түркіс- танды қоршауға алды. Оған қарсы қоқандықтар Ташкенттен 300 жауынгермен Базар бахадүрді аттандырды. Олар жолда Тоқай Төреге көмек көрсеткен 1000 отбасыдан тұратын қазақ ауылына шабуыл жасап, ауылды тонап, көп пайда түсіріп, адамдарын

139
■ Қазақстан тарихы


тұтқындап алып кетті. Түнде Тоқай Төре Созақты тастап қашуға мәжбүр болды. Одан кейін қазақтардың қарсылығы біраз уақыт басылды. Тоқай Төре уақытша Бұхараны паналады, ал кейін ол Бұхара әмірінің балалары билікке таласқан тұста өлтірілді.


1821 ж. Тентек төренің бастауымен қазақтардың Қоқан үс- темдігіне қарсы көтеріліс болды. Көтерілісшілердің саны 12 000-ға дейін жетті. Олар Сайрам, Шымкент, Әулие ата қалаларын алып, бірнеше бекіністі қоршады. Көтеріліске Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулие ата төңірегін мекендеген қазақтар қатысты. Көте- рілісшілерге қарсы Абул-Қалым-Аталық басқарған әскер жі- берілді. Тентек төре әскерін екіге бөлді. Бір бөлігі Тентек төренің басшылығымен Сайрамда, ал екіншісі Шымкентте бекінді. Ұзақ- қа созылған қоршаудан кейін көтерілісшілер қаруын тастауға мәжбүр болды. Тентек төре жеңілісті мойындап, қоқандықтарға
«баж» немесе «жол» салығын, «зекет» төлеуге және Қоқанға ба- ласын сыйлықтармен жіберуге келісім берді.
Ұлы жүз қазақтарының 1810-1820 жылдардағы қоқандықтар- ға қарсы күресте жеңілуінің негізгі себептері: қоқандықтардың әскери басымдығы, көтерілісшілердің арасында ауызбірліктің болмауы, Бұхара әмірінің көмегіне арқа сүйеген көтеріліс жетек- шілері беделінің төмен болуында еді. Дегенмен бұл Ұлы жүз қа- зақтарының өз еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында Қоқан үстем- дігіне қарсы шыққан ұлт-азаттық күресі болатын.
1822-1842 ж. Қоқан хандығының тағына Омар ханның кіші баласы Мадалы хан (Мұхамед Әли) отырды, оның тұсында жеке- ленген облыстар мен Ташкентті өз алдына билеген Күшбегілер- дің рөлі күшейді. Ұлы жүздің басып алынған территориясының бір бөлігі және Сырдария бойындағы қазақтар Ташкент Күшбе- гіне жылына 20 мың алтын ақша төлеп тұруға міндетті болды.
1816 жылдан 1821 жылға дейін Арынғазы Хиуаға қарсы азат- тық күресін жүргізді. 1815 жылы Арынғазының әкесі Әбілғазы хан өлгенде ол 30 жасқа толады. Оған дейін Кіші жүздің иелік- терінде қайраткерлік танытқан Арынғазы ел арасында біршама бедел жинаған болатын. 1816 жылы ел ішінде тәртіп орнату мақ- сатында старшындардың билігін шектеп, сұлтандардың өз білге- нін істеуін тоқтатқан еді. Сондай-ақ ол билер соты мен молдалар- дың да өкілеттігін шектеді. Арынғазының ел арасында беделінің
140
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

өсуіне байланысты старшындардың көпшілігі оны Кіші жүзге хандыққа бекітуді сұрап, патша әкімшілігіне өтініш білдіреді. Арынғазы болса, хиуалықтардың үстемдігін біржола жойып, бір хандық құруды жоспарлайды. Бір хандық қана құру Ресейдің ке- лісімінсіз мүмкін емес-ті. Сондықтан Ресеймен жақындасуды ой- лаған Арынғазы Орынбор генерал-губернаторы Эссен мен Ше- каралық комиссия төрағасы А. Веселицкийдің қолдауына сүйене отырып, патшадан қолдау көрсетуді сұрау үшін 1821 жылы Санкт-Петербургке аттанады. Бірақ оның үміті ақталмайды. Бұхар мен Хиуа хандықтарының өкілдерімен кездесу ұйымдас- тырамыз деген желеумен патша әкімшілігі оны шақырып, тұт- қындап, Калугаға жер аударады. Ол 1833 жылы сонда қайтыс болады.


ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары патшалық Ресейге қарсы Сар- жан Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс- тер болды. ХІХ ғасырдың 20-жылдары патшалық Ресей жаңа бекіністер салу үшін қазақтарды тағы да өз жерлерінен ығыстыра бастады. Кіші жүздің табын руы мекендеген суы мол, жайылым- дық жері кең Жаңа-Елек ауданын орыс шенеуніктері тартып ал- ды. Оған қарсы Жоламан Тіленшіұлы Табын руын бастап көтері- ліске шықты.
Жаңа-Елек шебі 29 бекіністен тұрды. Орал, Елек, Берденкі және Құрат өзенінің бойындағы аудандардың ең жақсы деген 7 мың десятина жеріне Ресей үкіметі Орынбор және Орал орыс- казактары мен шаруаларын орналастыра бастады. Жоламан ба- тыр, алғашында, жер мәселесін бейбіт түрде шешуге тырысты. Ол Орынбордың әскери губернаторы Эссенге 1822 ж. 6 тамызда және 1823 ж. 3 қыркүйекте хат жазып, онда 1810 жылға дейін қазақтар бұл жерлерді ешқандай кедергісіз еркін пайдаланғанын, Ресей Елек өзенінің бойын алғаннан кейін форпостар салып және Кіші жүз қазақтарына бұл жерлерді пайдалануға тыйым салған- нан соң жағдайдың қиындай түскендігін ескертеді. Сонымен қа- тар губернатордан әскери бекіністерді алып тастауын, «Санкт- Петербургтегі біздің елшілерді қайтарып», Сібірге жер аудары- лып, Орынбор түрмесінде жатқан қазақ Түленбай Құндықовты өз тұтқынында жатқан есаул Падуровқа айырбастап, босатуды та- лап етеді. Бұл хаттар жауапсыз қалды, ал Орынбор Шегаралық
141
Қазақстан тарихы

комиссиясы Жоламанға келесі келісімдерді Шерғазы хан арқылы жүргізуі керектігін айтады. Бұл жағдай Жоламан Тіленшіұлын қанағаттандырмады, сондықтан ол қарулы көтеріліске шықты. Жоламанның отряды шегара заставаларына, аға сұлтандардың қыстаулары мен әскери бекіністерге шабуылдар жасады. Жаза- лаушы отрядтардың батыр мен оның жауынгерлерінің соңына түсуі сәтсіз болды. Жоламан батырға патша әкімшілігінің қол- дауына сүйеніп, жазалаушы отрядтың барлық операцияларына бірге қатысып, белсенділік көрсеткен Шерғазы ханның жасағына да қарсы күрес жүргізуіне тура келді.


1835 ж. Жаңа-Елек шебінің Ор және Троицк аралығындағы барлық жерлерінен айырылған Жағалбайлы, Жаппас, Алшын, Арғын, Қыпшақ руларының қазақтары қатысқан тұста көтеріліс кең қанат жайды. Өз жерлерінен айырылған қазақтар шегаралық аймақтарда көшіп-қонуына тура келді және ол үшін салық төлеу- ге мәжбүр болды. Қазақтардың қарсылықтары аға сұлтандардың ауылдарына, керуен жолдарына, бекіністерге жиі шабуылдар түрінде көрініс тапты.
1838 жылдың ортасында Елек қалашығынан Ор және Троицк бекінісіне дейінгі шегаралық шеп маңында көшіп-қонып жүрген қазақтар көтеріліске тартылып, көпшілігі Торғай мен Ырғыз өзендерінің бойындағы аудандарға көше бастады. Көтерілісті басуға және көшіп кеткендерді қайтаруға патша үкіметі Ордан полковник Мансуровтың, Орынбордан полковник Падуров, Елек жақтан полковник Гекке басқарған үш отряд жіберді. Бірақ бұл үш отрядтың да әрекеті сәттіз аяқталды.
1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы» жарғының енуі, одан кейін ол заңды түсіндіру үшін жүргізілген үгіт, 1824 ж. Қарқа- ралы уезіне полковник Броневскийдің экспедициясының келуі сұлтан Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістің шығуына түрткі болды. 1824 ж. 8 ақпанда сұлтандар мен билердің белсенді қаты- суымен бірінші Қарқаралы приказы, одан соң Көкшетау приказы құрылды. 1824-1836 жылдары Қарқаралы және Көкшетау уезде- рінің көтеріліске шыққан елін Кенесары Қасымұлының ағасы Саржан сұлтан басқарды. Саржан Қасымұлы приказдарды жою- ды, қазақ жерлерінен әскерді әкетуді, қазақтарға бұрынғы еркін- дігін қайтаруды талап етті. Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс-
142
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■


тің негізгі мақсаты – патша үкіметі тартып алған жерлерді қайтару, Қазақ хандығын қайта жаңғыртуға ұмтылыс болды. 1825-1826 жыл- дары оған Қаракесек, Жағалбайлы, Шора болыстарының Қожан, Тал, Айдабол, Байдәулет руларының қазақтары қосылды.
1826 ж. тамызда Саржан Қасымұлы өз отрядымен Қарқаралы приказына жорық жасады. Бірақ жүзбасы Карбышевтің басқа- руымен дер кезінде келген отряд приказдың талқандалуына жол бермеді. Нашар қаруланған көтерілісшілердің шегінуіне тура келді. Саржан Қасымұлының біраз әріптестері қолға түсті. 1832 жылдың басында ол Ресейге сенімді қызмет етіп отырған Қарқаралы уе- зіндегі билердің ауылына бауырлары Есенгелді және Ержанмен бірге шабуыл жасады. Саржанды ұстауға жүзбасы Потаниннің отряды жіберілді. Сұлукөл сайының маңында шайқас болып, Потаниннің отрядының тегеурініне шыдамаған Саржанның отря- ды шегінеді. Бұл сәтсіздік Саржанды осы 1832 ж. патша үкіметіне қарсы бірге күресу үшін Ташкент күшбегіне одақ құруға итер- меледі. Батыс-Сібір генерал-губернаторы Вельяминов бірнеше отряд жіберіп, бұл қарсылықты басып тастады. Бірақ Саржан кү- ресті тоқтатпады. 1833 ж. шағын отрядымен Ресей билігіне қарас- ты билер мен сұлтандардың ауылдарына, сауда керуендеріне, бе- кеттерге шабуыл жасап тұрды. 1836 ж. Ташкент құсбегі бұл тура- лы біліп қойып, өзімен келіссөз жүргізуге келген Саржан, Есен- гелді, Ержан Қасымұлдарын және 20 сарбазымен қоса өлтірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет