Бегалиева А.Қ



бет38/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс. 1815 ж. Бөкей қайтыс болған соң оның орнын басар Жәңгір, Әділ- герей, Меңдігерей атты үш ұлы қалады. Хан тағының мұрагері Жәңгір оң-солын танып, ел басқаруға араласқанша Ішкі Орданы Бөкейдің інісі Шығай биледі. 1824 ж. Жәңгір арнайы жарлықпен хан тағына отырды.
Жәңгірдің ағасы Меңдігерей Бөкейханов ханның төңірегін- де жүрген сұлтандар Мұсағали, Шыңғали Ормановтар, Балқы Құдайбергенов, т.б. шұрайлы жерлерді иеленді. Сонымен қатар Ішкі орданың халқы Орал казак-орыстарынан да қатты қысым көрді. Жайық өзенінің жағалауына адам жолатпады. Қазақтарға Жайықтан балық аулау түгілі су ішуге, мал суғаруға рұқсат етпей, өзенге он шақырым жақындауға тыйым салынды. Ал ол жаққа жайылып бара қалған малдарды айдап алып, иеленіп кетіп отырды.
143
■ Қазақстан тарихы

Ішкі Орданың қазақтары 1846 жылға дейін патша үкіметінің алдында міндеттер жүктеп, ешқандай салық төлемеді. Ордадағы салықтың түрлерін негізінен ханның өзі белгілеп отырды. 1825 ж.


«зекет» салығынан 115 мың сом пайда түскен. «Соғым» салығы- нан жылына 6000 сом пайда тауып отырған, бұл салық кейде 800- 1000 бас мал түрінде алынып тұрды. 1836 ж. Ішкі Орда халқы хан- ның «зекет» салығына 18000 қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе, одан басқа да салықтар жинағанын айтып, Орынбор комиссиясы- на шағымданады.
Жәңгір хан 1833 ж. өзінің қайын атасы Қарауылқожа Баба- жановты Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген ру- лардың басқарушысы етіп тағайындайды. Ол қазақтарға жерді
«жалға» беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Осындай жер қатынасындағы әді- летсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының нара- зылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік еткен көтері- ліске алып келеді.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші бұқара халық болды. Бөкей хан 1812 жылы Жайық бөлімінің старшыны Жабал Бегалин қайтыс болған соң орнына Исатайдың жақын серігі М. Өтеміс- ұлын тағайындайды. Ол Махамбет Жәңгір ханның баласы Зұл- қарнайынмен бірге Орынборда да тұрады. Жәңгір хан Махамбет- ті сарай ақыны жасауға тырысады, бірақ арадағы қарым-қатынас өзгеруіне байланысты Махамбет 1828-1829 жылдары өз ауылына кетіп қалады. Одан соң шегаралық үкімет тарапынан «Еділ ар- қылы құпия өткені үшін» деген айыппен қамауға алынып, екі жылдай қалмақ қамалында болады. 1831 ж. онда тырысқақ (хо- лера) эпидемиясы басталғанда қашып кетеді. 1834 ж. Жәңгір хан Махамбетті старшындыққа тағайындайды, бірақ бұл тағайындау- ды Шегаралық комиссия бекітпейді.
1835 ж. Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасында үгіт- насихат жұмыстарын жүргізіп, орын алған әділетсіздік пен оз- бырлықты әшкерелеп, хан билігіне бағынбауға шақырады. Иса- тай мен Махамбеттің бұл әрекетін Қарауылқожа «елді бүлдіріп» жатыр деп Жәңгір ханға бірнеше рет хат жазады. 1836 жылдың
144
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

ақпан айында көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады. Жәңгір хан енді Исатайды алдап Жасқұстағы ордасына шақырады, бірақ Исатай бұл шақырудан бас тартып, ханның шақыруын алып келген шабармандарды соққыға жығып қайтарып жібереді. 1836 ж. наурызда хан Қарауылқожаға қол жи- нап Исатай мен Махамбетті және оларды қолдаған көтерілісші- лердің белсенді мүшелерін тұтқындауға бұйрық береді. Қарауыл- қожа адай, беріш, табын, т.б. рулардан 522 жігіт жинап, Исатай- дың ауылына аттанады. Мұны естіген Исатай 200 жігітпен Қа- рауылқожамен соғысуға әзірленеді. 4 сәуір күні Қарауылқожа жасағымен Исатай ауылының маңындағы Қиялы моласының жанына келеді де, Исатайға Сағыр Баршығаев пен Қабық мол- даны елшілікке жіберіп, хан мен императорға бағынуды талап етеді. Осыдан соң Исатай 200 жігітімен қолдарына ту алып, Қарауылқожаның жасағымен кездесіп, Исатай Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Қарауылқожа Исатай батырдың айбы- нынан сескеніп, хан бұйрығын орындаудан бас тартып, жинаған жасағын ауылдарына қайтарады. Қарауылқожаның Исатайдан соғыссыз жеңілуі ел арасына тез тарап, Исатай батырдың беделі одан әрі өсе түседі. Осы жағдайдан соң Жәңгір хан ашуланып, қайткенде Исатайдан кек қайтару жағын ойластырып, Орынбор әкімшілігіне Исатай мен Махамбет Күшік Жапаров деген адамды өлтірді деп жала жауып, сотқа шақыртады. Бірақ сотта екеуі де өздерінің кінәсіз екенін дәлелдеп шығады.


1836-1837 жылдары көтерілісшілер ханға өздерінің талапта- рын айтып, өкілдерін жіберумен болады. Сонымен қатар Исатай ел ішіндегі түрлі мәселелерді шешіп, халық казактар мен байлар- дың жерлерін бөліске салып, Жайықтың арғы бетіне өтуге ша- қырып отырады. 1837 ж. наурызда Шегаралық комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа шақыртады, бірақ олар сотқа барудан бас тартады. Орынбор генерал-губернаторы Перовский жіберген ата- ман Покатилов бастаған Жайық казак әскерінің отряды да оларды тұтқындай алмайды. Бұл тұста көтерілісшілердің саны 3 мың адамға жеткен еді. 1837 ж. қыркүйекте Исатай мен Махамбет бас- таған көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылы мен басқа да би- сұлтандардың ауылдарына шабуыл жасайды. Одан кейін хан ордасын шабуылдауды ойластырып, қазан айының басында ор-
145
■ Қазақстан тарихы

даға 12 шақырымдай жерге келіп орналасады. Исатай хан орда- сына жақындаған тұста қол астында 2000 жігіт болады. Жәңгір хан Исатаймен келіссөз жүргізу арқылы уақыт ұтады да, Орын- бор генерал-губернаторлығына жасырын хат жазып, көмек сұ- райды. Бұл жағдайды білген Исатай да Орынборға хат жолдап, жауап күтеді.


Орынбор генерал-губернаторы Перовский 17 қазанда под- полковник Геккені Жәңгір ханға көмекке жіберіп, күшпен тәртіп орнатып, Исатай мен Махамбетті тұтқындауды тапсырады. 30 қа- занда Гекке хан ордасына жетеді. Оған жолда атаман Покатилов- тың 400 казак отряды қосылады. Гекке хан ордасына келген соң қосымша күш жинау үшін уақыт ұту мақсатында Исатаймен ке- ліссөздер жүргізеді, бірақ одан нәтиже шықпайды. Бұдан кейін Гекке губернаторға хат жазып, өздерінің көтерілісшілермен со- ғысуға даяр еместігін және полковник Меркульевтің отрядына Теректіқұмдағы Исатайдың ауылына шабуыл жасау керектігін айтады. 7 қарашада Меркульевтің отряды Исатайдың ауылына шабуыл жасап, батырдың отбасын тұтқындайды. Бұл суыт хабар- ды естіген Исатай дереу ауылына көмекке аттанады. 8 қарашада Исатайдың жігіттері Меркульевтің отрядын қоршап алады да ауыл адамдарын босатуды талап етеді. Меркульев соғысуға күш- тің тең еместігін байқап, ауыл адамдарын босатуға мәжбүр бола- ды. Осы жағдайдан кейін Исатай мен Махамбет бастаған көтері- ліс ханға қарсылық емес, енді ханға қолдау көрсеткен Орынбор әкімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды.
Меркульевтің отряды Геккенің отрядымен Бекетай ауылы- ның маңында қосылып, Тастөбеге қарай бағыт алады. Тастөбеге 4 шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер тобымен кездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан құтқарып ал- ған елді қорғау үшін жан-жақтан жігіттерін жинауға тырысады. Бірақ Гекке бастаған 2000 жазалаушы солдат көтерілісшілердің бір-біріне қосылмауына күш салады. Жазалаушы отряд саны жа- ғынан басымдылық танытса да көтерілісшілер бірінші болып ша- буыл бастайды. Алдымен, мергендер тобы мылтық атады, Гек- кенің отряды оларды зеңбірекпен атқылайды. Зеңбіректен дұрыс нәтиже болмаған соң Геккенің солдаттары шабуылға көшеді. Оларға көтерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын бір-
146
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

шама сиретіп тастайды. Мұны байқаған Гекке көтерілісшілерге жақындап келіп зеңбіректен қайта оқ атуды бұйырады, онысы нысанаға дәл тиіп, көтерілісшілерден көп адам шығынға ұшы- райды. Сол уақытта солдаттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынан жараланады да, баласы Жақия 50-60 адаммен бірге қаза табады. Тастөбе маңындағы шайқаста көтерілісшілер Геккенің отрядынан жеңіледі.


Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге әрекеттенеді. Ал бұл уақытта подполковник Геккенің басшылы- ғында 700-дей казак-орыс әскері, 2 зеңбірек және 400 адамнан тұратын хан жасағы болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батыр- дың өзін ұстауға тырысады. Осы мақсатпен полковник Мер- кульев 300 казак отрядына ханның 600 жасағын қосып алып бір- талай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды ұстаған адамға 500 сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды. Есаул Трафимовқа 75 казак отряды және ханның 100 жасағымен қоса Тастөбенің төңірегін аңду тапсырылады. 1837 жылы 15 қараша күні таңсәріде Тастөбенің жанында көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен шайқас болады. Бірақ жазалау- шылар көтерісшілердің көп шоғырланған тұсына зеңбіректен оқ атып, көтерісшілерді шегінуге мәжбүрлеп біршама жерге дейін қуғындайды. Бірақ даланы қанша кезсе де Исатайды ұстай алма- ды. Жазалаушы отряд желтоқсан айында Исатайды Самар дала- сынан іздейді, ал Исатай болса Жайықтың бойында отырып, қолайлы сәтті күтеді.
Губернатор Перовский Жайықтың арғы бетіндегі кіші жүздің батыс бөлімін билеуші сұлтан Баймағанбет Айшуақовқа Исатай- дың Жайықтан өтіп кетпеуін алдын ала тапсырады. Губернатор- дың бұйрығымен Жайықтың бойын бақылау күшейтіледі. Байма- ғанбет сұлтан өз қарауындағы елдің билері мен сұлтандарына Исатай келсе тез арада ұстап беруді тапсырады. 1837 жылы 13 жел- тоқсан күні таңсәріде Құраң Маябасовтың бастауымен Исатай- дың тобы Жайықтан жасырын өтпек болғанда, жағалауды ба- қылап жүрген Хорунжий Жигиннің отряды байқап қояды. Бұл кезде Исатайдың жігіттерінің көпшілігі өткелден өтіп, тек бірне- ше адам бері жақта қалады да, олар Жигиннің жендеттерімен қақ- тығысқа түседі. Казак-орыстар Сарайшықта жасақтарымен дайын
147
■ Қазақстан тарихы

тұрған Баймағамбет, Мұхамедқали Таукинге хабар береді. Бұл жасаққа жүзбасылар Попов мен Понамаревтің жазалаушы отря- ды қосылады. 14 желтоқсанда жазалаушылардың қолына Иса- тайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, Еділ Сартұлының бала- лары Ерше мен Нұрша түседі. Ал Исатай біраз сенімді жігіттері- мен жазалаушыларды адастырып кетеді.


Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші және екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп, 2000 жігіт жинап, Хиуа ханының қолдауымен патша өкіметіне және оның қолшоқпары Баймағамбет Айшуақов- қа қарсы күреседі. Кіші жүз даласындағы халық қозғалысы енді орта жүзден Торғай өңіріне келген Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысымен жалғасады. Сондай-ақ осы тұста Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісте өрши түсіп, ол Кенесарыға қосылуға бағыт алады.
Бұл уақытта жазалаушы әскер мен Баймағамбеттің жасағы Исатайларды тынымсыз іздеуде болатын. Исатайдың қайда жүр- геніне қатты мазасызданған Жәңгір хан Кіші жүздің ішіне өз тыңшыларын жіберіп, бақылауды күшейтеді. Ал Орынбор губер- наторы Перовский болса Кіші жүздегі көтерілістің басуға қосым- ша әскер жібереді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отряд- тары Ақбұлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігіті- мен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға келіп тоқ- тайды. Көп кешікпей екі арада шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілердің 70-80 адамы қаза табады да, амалсыздан шегінеді. Кезекті қақтығыста Исатайдың атына оқ тиеді де, оған көмекке Махамбет пен Үбі келіп, аттарын ұсынады, бірақ батыр атқа мінбей жаяу ұрыс салады. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап тұрып атады. Патшаның жазалаушы әскерлері көтерілісшілердің бірігіп, ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін Исатайдың ұйымдастыруымен болған Кіші жүздегі көте- ріліс жеңіледі.
Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкім-
148
3. Жаңа замандағы қазақ елінің тарихы ■

шілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер ау- дарып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтан- ның адамдары 1846 ж. қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет