Әлеуметтікпроцесс – көптеген әлеуметтік әрекеттерден бөліп алуға болатын бір бағыттағы және қайталанып отыратын іс-әрекеттердің жиынтығы. Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеу- меттік мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын
орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы.
Әлеуметтік топ– топ мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынастары бары- сында бөліну негізінде белгілі бір жағдайда өзара әрекеттестікте болатын индивидтер жиынтығы.
Батыр – әскери өнерді жақсы меңгерген, жау-жүрек ерлігімен аты шық- қан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ.
Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіндігі;
2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мем- лекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.
Билiктiтармақтағабөлу принципі – демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне Тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару, атқару және сот қызметіне бөлу қағидаты. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақ- саты – билікті бір адамның не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғыр- ландыруға жол бермеу.
Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этни- калық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)– жұртшылыққа жүйелі түрде хабар тарататын құралдар: баспасөз, радио, теледидар.
БіріккенҰлттарҰйымы(БҰҰ) – дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым.
Вакуум – бос кеңістік.
Весицология – тулар, жалау туралы ғылым.
Волюнтаризм – саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайлармен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.