Бегалиева А.Қ



бет91/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Әлеуметтік процесс – көптеген әлеуметтік әрекеттерден бөліп алуға болатын бір бағыттағы және қайталанып отыратын іс-әрекеттердің жиынтығы. Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеу- меттік мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын
орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы.
Әлеуметтік топ – топ мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынастары бары- сында бөліну негізінде белгілі бір жағдайда өзара әрекеттестікте болатын индивидтер жиынтығы.
Батыр – әскери өнерді жақсы меңгерген, жау-жүрек ерлігімен аты шық- қан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ.
Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіндігі;
2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мем- лекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.
Билiктi тармақтаға бөлу принципі – демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне Тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару, атқару және сот қызметіне бөлу қағидаты. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақ- саты – билікті бір адамның не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғыр- ландыруға жол бермеу.
Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этни- калық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.

411
Қазақстан тарихы




Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) – жұртшылыққа жүйелі түрде хабар тарататын құралдар: баспасөз, радио, теледидар.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым.
Вакуум – бос кеңістік.
Весицология – тулар, жалау туралы ғылым.
Волюнтаризм – саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайлармен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет