Бәйдібек Баба- алып



бет166/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   415

БЕЙСЕНОВ ОСПАН – ҒАЛЫМ


1935 жылы Шәлкөде ауылдық Кеңесі Талас селосында туған.


1952 жылы “Социялистік Қазақстан” атындағы 10 жылдық мектептен білім алған соң, Алматыдағы Тау-кен институтында түсіп, 1957 жылы бітірді. Геология, минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдарының академигі.


ИСАХМЕТОВ НҮСІПБЕК – ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, АҚЫН


1935 ж. қырқүйектің 15-нде Алматы обылысы Ұйғыр ауданы Ақши селосында туған. 1952 ж. Кетпен елді мекенінде 10 жылдық орта мектепті бітірген. 1967 ж. Абай атындағы (Алматы қ) педагогтік мамандығын даярлайтын институтың тіл әдебиет факультетіне Жоғары білімді ұстаз мамандығын алған. Институттан кейін Ұйғыр, Іле ауданының мектептерінде қызмет істеді. 1966-1974 ж. арасында Іле ауданы, Ынтымақ кеңшарында мектеп директоры, 1975 ж. Іле ауданының Мәдениет басқармасының төрағасы. 1978 ж. Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағына мүшесі. Ақынның 2001 жылы “Ой тамшылар” деген өлеңдер жинағы Қ.Алпысбаев, Т.Әлібектің құрастыруымен жарық көрді. Нүсіпбек Исахметов поэзия әлемінде өзіндік өрнегімен із қалдырған ақын еді. Туған ел мен жерге деген




ыстық махаббаты ақырға демі біткенше суыған емес. Бұл жинаққа марқұмның әр жылдарда жазған өлеңдері кірген.


ОМАРҚОЖАҰЛЫ НҰРБЕРГЕН – ҒАЛЫМ


1949 жылы Шәлкөде ауылында туған, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1996), профессор (1997).


1966-1971 жж. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын үздік бітіргеннен кейін, мал азықтандыру кафедрасының аспирантурасына қабылданып, 1975 ж. кандидаттық, 1996 ж. докторлық диссертация қорғады. Н.Омарқожаұлының ғылыми ізденістерінің нәтижесінде мал мен құс азықтандыруын жетілдіру туралы бірнеше ұсыныстары республика мал шаруашылығында кеңінен енгізілуде. Ол 70-тен астам ғылыми және ғылыми-көпшілік, оқу-әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде алғашқы қазақ тіліндегі пән оқулығы мен оқулық құралы, малды минералдық азықтандыру туралы монографиясы бар. Қазақ мемлекттік аграрлық университеті мал азықтандыру кафедрасының профессоры Н.Омарқожаұлы ғылыми ізденістерін ұстаздық қызметімен ұштастыруда.
Жұбайы Құсайын Шолпан Қабыкенқызы медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР Жоғары аттестациялық комиссияның бас сарапшысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет