Бәйдібек Баба- алып


БАТТАЛХАНОВ ЗАМАНБЕК – ЕЛАҒСЫ



бет164/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   415

БАТТАЛХАНОВ ЗАМАНБЕК – ЕЛАҒСЫ




(1922 ж. 22. ХІІ). Бұрынғы Жаркент уезі, қазіргі Кіші Дихан ауылында туылған. Мамандығы ұстаз. Абай атындағы ҚазПИ-дың (1952 ж.) тіл - әдебиет факультетін бітірген. 1942-46 жж. Отан соғысының жауынгері. Майданнан оралғаннан кейін еңбек жолын (1946 ж.) ұстаздықтан бастады. Үлкен Дихан, Қалжат мектептерінде (1954 ж.) директорлық жұмыс атқарды. 1954-57 жж. Ұйғыр аудандық партия комитетінде қызмет етті. 1957-65 жж. Ұйғыр Панфилов ауданының атқару кеңесінің 1-ші орынбасары, 1965-72 жж. Іле ауданының Атқару кеңесінің төрағысы, 1973-85 жж. Қазақстан Республикасының


Жорғағы Кеңесінің 2-мәрте, делегаты. Қазақстан Республикасының Орталық партия Коммунистік ХІV-ХV-ХVI съезіне, Коммунистік Партия Бүкіл Одақтық ХХVІ съезіне делегат.
Отан соғысының І-ІІ дәрежелі, “Қызыл жұлдыз” орденінің иегері. Бейбіт еңбекте “Ленин”, “Октярь революсися”, “Еңбек Қызыл Ту”, “Достық”, Құрмет белгісі “Отан” ордендерімен марапатталған. Бүкіл Одақтық өндірістік 2 алтын, 4 күміс медалінің иегері. Бірнеше құрмет грамоталар алған.
3. Батталхановтың “Жарыс мұраты жеңіс” Қайнар баспасы, “Басшы тәрбиесі” Қазақстан баспасы “Өнегелі өмір” Қайнар баспасы “Жаңғырықты жолдар” Қазақстан баспасы “Өмірім-өнегем” (1996ж.) “Журналистер” шығармашылық бірлестігі атты кітаптар бар.


ШАРҒЫНОВ ШҮЙКЕБАЙ – ЕҢБЕК ЕРІ


1891 жылы ауданымыздың бір кездегі Киров атындағы колхозында туған Шүйкебай Шарғынов та атакәсібін – қой бағуды өміріне серік еткен жандардың бірі. Алғаш колхоз ұйымдасқан 1932 жылдан бастап 1956 жылға дейін шопан болды. Алға қойған мақсатына жетсем деген табандылығы, тынымсыз еңбек, озаттардың тәжірбиесін шебер пайдалана білу оның тамаша табыстарға жетуіне мүмкіндік туғызды. 1945 жылдың аяғында Шүйкебай төрт жүзден астам қазақы тұқымды саулық қабылдап алды. Бұл тұста облыс малшылары арасында социалистік жарыс кең тараған болатын. Шүйкебай Шарғынов та өзінің мүмкіндіктерін мұқият есептей отырып, әр жүз саулықтан 120 қозыдан алуға міндеттеме қабалдады.


Жауапкершілікпен, мұқият бағып-күтудің арқасында алынған төл де толық аман сақталды. 414 саулықтың соңынан 515 қозы, яғни әр жүз саулықтан 125 қозы алынып, аман өсірілді. Осы жоғары көрсеткіші үшін Ш.Шарғыновка 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Айтулы шопан, тәжірбиелі де іскер еңбеккер бұдан кейін де еңбек көрсеткішін төмендеткенде жоқ. Мал шаруашылығының өркендеуіне барынша үлесін қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет