Бәйдібек Баба- алып


АЛПЫСБАЕВ ҚҰНЫПИЯ ҚОЖАХМЕТҰЛЫ – ҒАЛЫМ



бет165/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   415
Байланысты:
Албан атамыздың шежіресі

АЛПЫСБАЕВ ҚҰНЫПИЯ ҚОЖАХМЕТҰЛЫ – ҒАЛЫМ


1949 жылы 4 тамызда Қытай Халық Республикасының Баяндай ауылында дүниеге келген. 1956 жылы отбасы Голощекиндік нәубат кезінде /1931 жылы/ еріксіз тастап кеткен тарихи атамекені Қазақстандағы Алматы обылысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық кеңесінің аумағына қайта оралып, Бөдеті бөлімшесіне қоныстанды. Осы жылы сол Бөдеті бастауыш мектебінің /қазіргі орта мектеп/ 1сыныбына қабылданады. 1966 жылы Алматы қаласындағы


№12 қазақ орта мектебін бітірген. 1969-1974 жылдары С.М.Киров атындағы /қазіргі Әл-Фараби атындағы/ Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінде оқиды. Бітірген соң жолдама бойынша қалдырылған Қ.Алпысбаев өзі бітірген университетте үздіксіз дәріс беріп келеді. Ол сондай-ақ университет кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары /1974-1975/, дайындық бөлімі деканының орынбасары /1987-1989/ сыртай оқытатын филология факультетінің деканы /1993-1994/ қызметтерін атқарды. 1986 жылы “Қазіргі қазақ поэмасының жанрлық мәселелері”, деген тақырыпта кандидаттық, 2000 жылы “Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным және көркемдік” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған 2001 жылдан профессор 1996 жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дің “Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы” кафедрасының меңгерушісі. Құныпия Алпысбаев 1995 жылы Түркияның Анкара, Болу, Кония қалаларында өткен “Манас” жырының 1000 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысып баяндама жасаған. Жүздеген аса ғылыми-зерттеу мақалалары жарияланған. Оның онға жуығы шетелдерде /Түркия, Қытайда/ басылған. Қ.Алпысбаевтың монография, оқу құралы, оқулықтардан тұратын он төрт кітабы мен кітапшалары жарық көрген.


БАТТАЛХАНОВ ЕРБОЛАТ – ҒАЛЫМ


1950 ж. 21 мамырда Ұйғыр ауданы Үлкен Дихан елді мекенінде туған. 1957 ж. Шонжы орта мектебінде оқып орта білім алған.


1967 ж. Талғар қаласында орыс мектебін бітірген. 1972 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, жоғарғы білімді тарихшы мамандығын алған. 1976 ж. ғылым диссертация қорғап, тарих ғылымының кандидаты болды. 1976 ж. Алматы теміржол, транспорт институтында ұстаздық етті. 1980-82 ж. Орталық Партия Комитетінде нұсқаушы. 1983-91 ж. Алматы облысы Қалалық Партия Комитетінде қызмет атқарды. Ғылым докторы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет