Бәйдібек Баба- алып



бет167/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   415
    Бұл бет үшін навигация:
  • ЖАРТЫ

САҚАБЕКОВ АУЖАН – ҒАЛЫМ


1947 жылы Шалкөде ауылында туған. Физика-математика ғылымдарының докторы (1993 ж.) – 1970 жылы ҚазМУ - ды математика мамандығы бойынша бітірген. 1970 - 1971 жылдары Қарағанды политехникалық институтының оқытушысы.


1971 - 1973 жылдары Забайкал әскери округына батерия командирі. 1973 - 1978 жылдары Қазақ политехникалық институның оқытушысы. 1978 - 1981 жылдары ҚазМУ- де аспирант. 1982 - 1987 жылдары Қазақ политехникалық институтының аға оқытушысы, доценті. 1988- 1989 жылдары Математика және механика институтының аға ғылыми


қызметкері. 1990-1994 жылдары Қазақ политехникалық институның доценті. 1995 жылдан лаборатория меңгерушісі. 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ғылыми еңбектері ағылшын, неміс, француз тілдеріне аударылған. 1989 жылы “Кинетикалық тасымалдау теориясының математикалық мәселелері” атты монография авторларының қатарында КСРО-ға мен Чехословакия ҒА-ның біріккен сыйлығының иегері атанды. 1994 ж. Больцман теңдеуіне байланысты күрделі мәселелерді шешкені үшін Дж. Сорос; қорының иегері болды. 1999 ж. “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі” белгісімен марапатталды.


ЖАРТЫ




Албан тайпасының шежіресінде Жарты байдың орны ерекше. Сүйерқұл әулетінің қара шаңырағы осы байдың еншісінде деседі. Тегінде тасқа таңба басқандай анық шежіре еншісінде деседі. Тегінде тасқа таңба басқандай анық шежіре бұрын болмағаны баршамызға белгілі. Кеуделері хат, естіген көргені жатболған зерделі қариялар есте сақтап, тіпті өлең-жырмен шежіре жазып, бізге үлгі-өнеге қалдырған.
Соны бүгінгі көргенін бейне таспаға түсіретін, ой жүгіртіп әуреленіп жатпай компьтерге қол созатын заманың иелеріне хатқа түсірейік деп шештік.
Қолға түскен Жарты бай ұрпағының бар шежіресін анықтауға тырыстық.
Жарты дүниеге нысаналы, ырысты, бақытты болып келген екен дейді жұрт. Дәл қазірде Албан атаның ұрпағы алпыс руға жетіп жығылады. Солардың бәрі: “Жарты аман болса жалпы ел аман, Жартыға болса – жалпыға болады” – деген екен. Лайым солай болсын?!
Ру деген “Руй” көне парсы сөзі мағынасы түр-тұлға, бет-әлпет келбет дегенді білдіреді. Ертеде арғы тегі бір атадан өрбіп-өскен біз секілді туысқандар шамамен он буынға жетсе дербез ру болған. Бұл туралы басқа рулардың қатысуымен бас қосқан бүкіл тайпаның жинында жария етілген. Онда рудың өз алдына ұраның, таңбасын белгілеген қазақтар ақбоз жылқы сойып, қыз алып, қыз беретіндерін


салтанатпени атап өткен. Бұл өскен, өнген, өркениетті елдің жақсы дәстүрі болып есептеледі.
Албан шежіресінде, Албаннан Шыбыл-Сары. Сарыдан: Сүерқұл, Сүйменді тарайды. Сүйерқұлдан: Досалы, Шоған, Қожанбет Жарты тарайды. Қазір осылардың әр қайсысы сол ата дәстүрінен асып кетті. Басқа емес, еңшісі ортақ Қожанбет батыр (атақты халық батыры Найман Қабанбайдың туған нағашысы) мен жарты байдың өз құдалы жегжат болатын дәрежеге жетті.
Жарты шежіресін жазғандар: белгілі ғалым, академик Т.Жанұзақұлы, шежіресі Ж.Айдарханұлы Шуғайып Бәйсейтұлы белгілі қаламгер Жанболат Ауыпбайұлы, шежіреші Ж.Жарқынбекұлы.
Жартының елдік ұраны – Жартыбай. Жартыбайдан үлкен төрт әулет тартайды. Әулет – бір ру тармағынан өскен ұрпақ. Қан араластырылмаған ағайындар. Олар Солтангелді, Таңатар, Еспер, Қанай енді осы Солтанкелді әулетінің үш түрлы нұсқасы бар. Алғашқысында Солтанкелдіден: Жүзбасар, Өтес, Қайдауыл десе Т.Жанұзақұлы “Бектемір, Түгел” деп екеуінің ұрпағын ғана (жазады, таратады)
Ал Еспер әулеті үш түрлы сабақталады. Мәселен Есперден: Байғұлақ, Марал, Көшкінбай, Қозыбағар, Мамырбай деп Ж.Айдарханұлы тарқатса Т.Жанұзақұлы жоғары аталған ұрпақтан
Қанайдан: Құлпан, Кеншім.
Енді жалпы Жарты ба дың ұрпағын төмендегідей шежірелеп көрелік.
Жартыдан: Айдабол. Одан Әзет, Нәзет.
Әзеттен: Солтанкелді, Таңатар.
Нәзеттен: /Кей жерде Мәзет деп жазылған/ Еспер Қанай. Екінші бір шежіреде Жартыдан: Айдабол /кейде Ербол дейді/
Одан: Әзет, Мәзет. Мәзеттен: Бөлшек, Борық. Бөлшектен: Қанай. Борықтан: Еспер деп сабақтайды.
Тегі сөз реті келгенде, жоғарыда үш түрлі таралым бар деген едім, соның үшіншісін назарларыңызға ұсынайын.
Ол Жүнісбек Қожа Шайхисламұлының шежіресінен /Сағат Дабайұлы көшірген/ алынған нұсқа. Жүсіпбек Қожа XVIII-ғасырдың аяғында Сырдария жақтан келіп Албан, Айт руының Қалыбек батыр /Қалыбек ұраны болған тарихи тұлға Сүйіндік би, Әлмерек Абыздың


замандасы/ ауылына бауыр басқан білімді адам. Қалыбек батырдан таралатын Бауысбайдың /Жетісудың жететі атанған Жетен батырдың түп атасы/ Сады бидің қызына үйленген. Әдебиет зерттеушілері Жүсіпбек қожа Шайхисламұлын атақты “Ләйлі Мәжмүн”, “Мұңлық Зарлық”, “Қыз жібек”, т.б. жыр-дастанды жазып елге таратушы деген мағлұмат айтады. Осы ғұлама Жүсіп -Қожа 1929 жылдары Жалаулы тауының етегіндегі Қалыбек батыр әулетімен бірге Қытайға өткен. Ол жерде де Албандармен бірге болған. Сол кісінің шежіресінде Жарты байдың Әзетінен өскен ұрпақта төмендегідей таратады. “Таңатардан: Құл /үлкен анамыздан жалғыз/ Тілеуберді, Жақас, Оразбай, Өтеулі, Өтебай.
Құлдан: Барлыбай, Сырлыбай. Тілеубердіден: Қожагелді, Арал, Қошқар, Бұхар. Жақастан: Атан, Топай, Өтей, Құшік. Оразбайдан: Байту, Байтума. Өтеуліден: Қапсала, Қотыр, Шотыр. Өтебайдан: Меңлібай, Жаулыбай” дейді.
Ал біз “Меңлібай мен Байту” бірге туған деп сабақтаймыз.
Сенікі дұрыс оның шежіресі бұрыс деп кесіп айту қиын. Кейбір біледі ау деген азаматтармен пікірлессем, әр қайсысы өз дәлелін ұсынады. Бәрін сарылай келе төмендегідей нұсқаны алдым. Көппен бірге адасқанның айыбы жоқ.
Албанның әр бір руларымен аталары, атақтыларынан шыққан белгілі би, болыстар мен батырлар, күйшілер мен әншілер сияқты, Жарты руларынан да белгілі адамдар бар. Өкінішке орай Елу жылда ел жаңа дегендей, олардың көпшілігінің өмір тарихы, өнердегі жолы жайлы дерек жоқтың қасы. Кезінде хатқа түсіп, ұқыпты түрде жазып, оқып отырмағандықтан келесі ұрпақтарға жетпей есімдер ел зердесінен шыға бастаған. Әсіресе әміршіл әкімшіл кеңес дәуірінде, оның алғашқы жылдарында, бай мен бек би мен болыс халыққа ықпалы күшті шешендер мен өнерлер қуғынғы түсіп алды ит шеккенге айдалып қалған тектілер көрші мемлекетке қашып қоныс аударады. Ал архивте сақталған материалдыр болса оны жинап теріп дерек көздерін құртуға тырысты. Сондықтанда біз жазба анықтамамыз дәлелдемізден айырылып қалдық. Бала кезімде естіген көкірек көзі ашық қариялар атқан әңгімелерді еске салып отыру парызым деп санаймын. Мен оны Қосай шешенің шежіреші Қабылбек Сауранбаевқа атқан әңгімесінен тындаған едім. Жарты руында Қанай,


Жаңқара, Байтора атты батырлар болыпты. Қазіргі Есік қаласының шығыс қатпалындағы Қаракемер деген жерде Қанай батыр тоғаны деген әңгімені Қазақ радиосында қызмет істеп жүргенімде анықтағанмын. Ал Байторы деген есімді, оның Найманның Матай руы көшіп қонып жатқанда айтатын еді. Кейін Қазыбек Бек Туасарұлының “Түп тұқиянымынан өзіме шейін” деген кітабынан кездестірдім. Ал Жартының Жаңқара батыр туралы аңызының 1997 жылы 20 тамызда шыққан Жетісу газетінен оқыдым.
Қосай қарияның айтуында Жарты руында елі сөзіне тоқтаған Түлкібай, Сауранбай деген болыстар өтіпті. Бекен би, Қосай би, Асылбек би, Ақын жырау, шежіреші, атақты әнші Әбдіманап Күнтубай туралы қызықты қызықты әңгімелер зердесінде. Ертеңгі өсер ұрпағымыз уақыттың қатпарында қалған аталарымыздың еңбегін жараққа шығарар. Сатай би 1860 жылы туып, 1908 жылы қайтыс болыпты. Осы кісінің асында бүкіл Албан жиналып атақты биді еске алғаны жайлыда Қосай шешеннен әңгімелейтің еді. Бұл күнде осы тегі жақсы әулеттің ұрпақтары, қазақ деген халықтың туын көтеретіндей дәрежеде. “Жақсының ұрпағыда жақсы болады” деп халық бекер айтпаған ғой
/Досан Жанбота/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет