Қиын сәтте халқына қорған болған халық батыры. Зираты өз атымен аталатын Түменбай бұлағында.
Жаркент уезі, Кеген елді мекенінде Кеген өзенінің күншығыс жағасында, Сарытаудың етегіндегі бұлақ басында туған. Кейін сол бұлақ Түменбай бұлағы атанып үлкен кеңшараға айналды.
Түменбай Орынтайұлы болашақты болжайтын әулие, әрі сарбаз ұстаған қолбасшы батыр болған. Тұрған жерін жоңғар ойраттарынан азат ету жолында ерен ерлігімен көзге түскен.
Батыр дүниеден қайтқанда қазіргі тұрған зиратты тұрғызу үшін ел Кеген өзенінен, 2 шақырымдай жерден шелек, мес, дүңгіршекпен су тасып қатты қиналған. Ел шаршап жатып, ертемен тұрса зират жанындағы жылғадан бұлақ ағып жатқанын көреді. Әулиенің құдыреті еді ол. Табиғат кез-келген пендесіне иій бермейді. Су жоқ жерден жайдан-жай су да шықпайды. Содан бастап Түменбай батыр бұлағы атанған. Кешегі кеңестік саясат халықтың арғы тегін ұмыттыру мақсатында барлық жағымпаз жандай шабына халық данагөйлерін жамандатып, жұмыс істетті. Соның нәтижесінде Түменбай әулиенің әулиелігі мен батырлығын айтқызбай, ел басқарған азаматтар оны қорғаудың қорыққандығының нәтижесінде "Түменбай бұлағы" деумен шектелген.
СЕРІК СҰЛТАНҒАЛИҰЛЫ –
РеспубликаЕңбегісіңіргенсәулетші
1953 жылы 17 сәуірде Райымбек ауданы Жалаңаш селосында туған. Текес селосындағы 10 жылдық мектепті бітірген. Алматыдағы политехникалық институтқа түсіп Сәулетші мамандығын алды. Алматы қаласындағы Түрксіб ауданының бас архитекторы. Алматы қалалық атқару комитетінде Алматы қалалық үйді есепке алу және бөлу басқармасында басшылық қызметінде болды. Алматы қаласындағы үйді бөлу департаментінің бастығы және Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Серік
Сұлтанғалиұлы қай жұмысты істемесін. Ол өзінің іскерлігімен Алматы қаласын Сәулетті құрлыс салуға өз үлесін қосқан азамат. 1994 жылдан бері "Айсель Казахстан" компаниясын басқарып келеді. Бұл компания Қазақстандағы аты аңызға айналған ірі құрлыс мекемелерінің алдында келеді. Серік Сұлтанғалиұлының басшылығымен жасалған Астана қаласындағы құрлыстар, Алматыдағы Опера Балет театры, Шамалғандағы Ақтаудағы Мұсыман мешітінің Әлмерек бабаның кесенесіндегі комплекс т.б. құрылыстар салуда белгілі сәулетші айтулы азамат халық үшін, ел үшін аянбай еңбек етіп, мұң мұқтажына жәрдемдесіп көмектесіп жүрген ірі тұлға. Ол жоғарыдағы атқарған игілікті істері үшін Президенттің Жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталады.