Бәйдібек Баба- алып


Машкеев Әукен Қиясұлы – ғалым



бет97/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   415

Машкеев Әукен Қиясұлы – ғалым





1933 жылдың 19 –шы қазанында

Кеген ауданының

Қарабұлақ

ауданында дүниеге келген.

Дәрігер-педиатр,

медицина

ғылымдарының докторы, профессор.
Әукен Қиясұлы 1964 жылдан бері

Қазақтың ғылыми

зерттеу

педиатрия институтында қызмет етіп келеді. 1966-1981 жылдары
институт директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1985-1992 жылдары директор, 1992 жылдың желтоқсан айынан 1994 жылдың қазан айына дейін денсаулық сақтау министрлігінің орынбасары болды. Одан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына ауысты.
Ә. Қ. Мәшкеевтің 150-ден аса ғылыми – зерттеу мақалаларымен екі монографиясы бар. Ашқан үш жаңалығы, екі патенті медицина ғылымына қосылған айтулы үлес болып саналуда. Оның басшылығымен 8 кандидаттық, 4 докторлық диссертация қорғалды. "Денсаулық сақтау үздігі" белгісімен, "Құрмет белгісі" орденімен "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған. 1998 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" атағы берілді.

Ниязбеков Әужан Әнәпияұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстаз


Әужан Әнәпияұлы Ниязбеков 1903 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Суықтоғай ауылында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Он жасына дейін ауыл молдасынан арабша оқып, сауатын ашты. 1913-16 жылдары Подгорное станциясындағы 2 кластық орыс бастауыш мектебінің 3 сыныбын бітірді. 1916 жылы ұлт – азаттық қозғалысы басталған тұста байларға жалданып, мал баққан. Әужан Әнәпияұлы 1921 жылы оқуын қайта жалғастырып, алдымен дайындық курсқа, содан соң Қазақстан топырағындағы тұңғыш жоғарғы оқу орыны – Қазақ ағарту институтын /Казинпрос/ бітірген алғашқы 12 түлектің бірі болып бітіреді. Ол өзінің ұстаздық еңбек жолын 1924 жылдан бастайды. 1927-1932 жылдары Жаркент, Еңбекшіқазақ аудандарында оқу бөлімінің меңгерушісі, мектеп директоры болып істеген. 1932-34 жылдары Қазақ Оқу Комиссариатында инспекторлық қызмет атқарып, 1934 жылы Қарақарлы округтік оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне жіберіледі. Ал, 1936 жылы Оқу Комиссариатына қайта шақырып, басқарма бастығы, ағарту халық комиссарының орынбасары болып


тағайындалады. 1939 жылдан 1940 жылға дейін Алматыдағы Жамбыл атындағы №18 мектеп директоры болып істеді, ал 1940 жылдан 1944 жылға дейін Нарынқол ауданы, Қаратоған ауылындағы орталау мектептің директоры болып істеді. 1944 жылдан 1962 жылға дейін Кеген ауданындағы Құрметі – Саты орта мектебінің директоры болды. 1970 жылдан алдымен республикалық мәні бар дербес пенсия, 1987 жылдан Одақтық мәні бар дербес пенсия тағайындалды. 1921 жылдан комсомол, 1925 жылдан партия мүшесі. Көптеген аудандық, облыстық, республикалық конференцияларға делегат болып сайланған /23 рет/. Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумының 1959 жылғы 30 сәуіріндегі Жарлығымен құрметті атағы берілді. Сонымен қатар Ә.Ә. Ниязбеков Қазақ ССР-і Жоғары Советінің Құрмет грамоталарымен, Үкімет наградаларымен марапатталған. Ә.Ә.Ниязбеков 1989 жылы сәуірдің 28 күні Алматы қаласында дүниеден өтті. Қазіргі Кеңсай зиратында.
Ә.Ә.Ниязбековтің ұзақ жылдары бойы халқына сіңірген ұзтаздық еңбегі ескеріліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 шілдедегі №897 қаулысымен Кеген ауданындағы Құрметі орта мектебіне Ә.Ә.Ниязбековтің аты берілді. Сонымен қатар, Саты ауылында Ә. Ниязбеков атындағы көше бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет