Бәйдібек Баба- алып



бет90/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   415

Нүсіпбекұлы Ақай – ғалым


/1909 1983ж/
Алматы облысы, қазіргі Райымбек /Кеген/ ауданы Жалаңаш селосында ашылған мектептен сауатын ашқан. 1926 ж. Талғар қаласындағы ауыл шаруашылық техникумына түсіп, үздік бітірген соң сол техникумда ұстаздық қызметке қалды. 1933 ж. Талғар ауыл шаруашылық техникумына директор болды. Содан облыстық партия комитетіне қызметке ауыстырылды. 1934 ж. Москва қаласындағы Шығыс халықтарына арналған университетке оқуға жіберілді.
1937 ж. Қазан айында Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетіне мәдени – ағарту бөліміне меңгеруші болып тағайындалды.
1939 ж. Семей обл., Семей қаласында институтқа ұстаздық етті. Неміс
– фашистері Кеңес Өкіметіне соғыс ашқанда Панфилов дивизиясының құрамында 1946 ж. дейін ел намысын қорғады.
1947 ж. Алматы қаласы Абай атындағы университетте /институтта/ ұстаздық ете жүріп, тарих факультетін сырттай оқып бітірді. 1948 ж. тарих ғылымының кандидаты, 1950 ж. тарих ғылымының докторы


болды. 1960 жылдан Республика Ғылым Академиясындағы тарих, археология және этнография ғылыми зерттеу институтының директоры қызметін атқарды. Осы жауапты жұмысты 25 жыл басқарды. 200 өте құнды ғылыми еңбегі жарық көрді. 2 кейіннен 5 том болып жарық көрген қазақ тарихына басшылық жасады. Белсенді авторы болды. Ақайдың тікелей мектебінен Республика Ғылым Академиясының толық мүшелері: Ғ. Ф. Дахшелейгер /марқұм/, Р.Б. Сүлейменов /марқұм/, М.Қ. Қозыбаев /марқұм/, М.Х. Асылбеков, Т.Б. Балақаев, К.Нұрпейісов, Л.Л. Пеназина, П.С. Белак ғылым кандидаттары: Н. Е. Едігенов, Н.Г. Пан, Қ. Оразов т.б. дәріс алып, халқымызды әлемге танытатындай ғылыми еңбектер жазды.
А.Нүсіпбеков Кеңес Одағының барлық жоғарғы оқу орындарында, 1968 ж. Токионың Басада университетінде, 1969 ж. Венгрияның Ғылым академиясында қазақ халқының тарихынан дәрістер оқыды. Ол қазақтың ғұламалары: Қ. Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Х.Марғұлан, Ғ.Мүсірепов, С. Байшов, С. Бейсенбаев, Б. Момышұлының сыйлас досы болды.
Өмірінің соңғы сәтіне дейін халқының болашағы үшін еңбек етті. Академик А. Нүсіпбековтың зираты Кеңсай мұсылмандар зиратында.
Мемлекеттік медаль, ордендермен марапатталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет