1947 жылы 10 ақпан күні, Шелек ауданы, Тескенсу селосында туылды.
1955 жылы Қорам орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданды. Кейін Кеген ауданы, Алғабас ауылында көшіп келгендіктен Алғабас жеті
жылдық мектебін 1962 жылы бітірді. 1962-65 жылдары Жалаңаш қазақ орта мектебінде орта білім алады. 1965 жылы Алматы қаласындағы қазақтың мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында экономика факультетіне оқуға түсті. 1970 жылы ауыл шаруашылығының жоғары білімді экономист мамандығын алды. 1970 жылы Алғабас жылқы заводында есепші, бас экономист қызметтерін атқарды. 1973 жылы наурыз айында Кеген ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық – жоспарлау бөлімінің бастығы, бастықтың орынбасары болып істеді. 1973 жылы қараша айында Кеген аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.
жылдары Еңбекшіқазақ ауданы Ильич атындағы колхоз басқармасының председатель, 1980-86 жылдары Кеген ауданы Жылыса қой совхозының директоры, Кеген ауданы ауылшаруашылығы басқармасының бастығының бірінші орынбасары, Іле ауданы ауылшаруашылығы басқармасының экономикалық-жоспарлау бөлімінде, Талғар аудандық статистика басқармасының бастығы, "Агро" ассоциацияның бас маманы қызметтерін атқарды.
1991 жылы сәуір айнан Кеген ауданы, Ә.Жүнісов атындағы совхозының директоры, 1995 жылы Кеген ауданының әкімі болды.
1997 жылы Кеген, Райымбек аудандары қосылғаннан соң Райымбек ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 1998 жылы маусым айынан Ұйғыр ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2002 жылдың шілде айынан Райымбек ауданының әкімі.
Сары
Сүйерқұл Сүйменді
Досалы Шоған Қожбанбет Жарты
(Таубұзар)
Шақаның әйелі Шапырашты, Қарасай батырдың Айтолым деген әрлі қызы екен. Үйленгеніне аз уақыт өткен соң Шақа дүниеден қайтады. Батырдың қызы Айтолымды тете немересі Төлеске қосады. Оны төркіндері де қош көреді. Айтолым анамыз Төлестен Байсейіт батырды туады. Ақылды ана төркіндеп туған сіңілісі Бөкекке құда түседі. Қарасай батыр бұл қадамының жөнін сұрағанда Айтолым.
"Әке тілегімді қабыл алыңыз. Төркіндеген жолым болсын.Төлестің қарызынан құтылайын. Ол әлі жас. Есік көрген белін жылытқанымен, көңілін жылытпайды" – деген екен. Тілеген қабыл алады. Бөкекті той жасап, ата жолымен ұзатады. Құдай қош көрген шығар Бөкек анамыз Бәймен, Биеке, Құсық (Байсейіт) Есенаман деген төрт ұл туады. Сонымен Төлестен бес ұл. Бес рулы ел.