Бәйдібек Баба- алып



бет98/415
Дата30.08.2022
өлшемі3,29 Mb.
#38307
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   415

Нүсіпұлы Ерғали - ғалым


1941 жылы Алғабас ауылында дүниеге келді. 1958 жылы мектепті күміс медальмен бітіріп, Қазақ политехникалық институтының геология-барлау факультетіне оқуға түседі. Ол институтты 1965 жылы "Пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері" мамандығы бойынша бітіреді.
1964-1997 жылдары Қазақ политехникалық институтында /1994 жылдан Қазақстан ұлттық техникалық университеті /ассисент, аспирант /1969-1973/, доцент /1983-1992/, кафедра меңгерушісі /1990- 1994/, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор /1992-1997/ қызметін атқарды.
1969-1973 жылдары Ленинград тау-кен институтының аспирантурасында оқып, 1973 жылы диссертация қорғап, геология- минерология ғалымдарының кандидаты атағына ие болды. Ол геология-минералогия ғалымдарының докторы /1998/, профессор /


1995/, Қазақстан Шығармашылық академиясының мүше- корреспонденті /1994/, Халықаралық Минерал ресурстары академиясының академигі /1997/, Ресей табиғи академияының академигі /1998/ атанды.
200-ден аса ғылыми мақаланың, 6 кітаптың /монографияның/, көптеген геологиялық, геофизикалық және экологиялық карталардың авторы.
Қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университетінің ректоры Е.Нүсіпұлы "Құрмет" орденімен марапатталған.

Нұрғожаев Жақыпжан - журналист


1946 жылы Кеген ауданындағы Тасбұлақ ауылында туған. Осы ауылда мектеп бітіргеннен кейін бірнеше жыл бастауыш мектепте мұғалім болып еңбек етті. Армия қатарынан келгеннен кейін Қазақтың Әл-Фараби атындағы Ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсті. Оқи жүрп Алматы облыстық "Жетісу" газетінде жұмыс істеді. 1974 жылдан республикалық "Лениншіл жас" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1982 жылы Шелек аудандық "Еңбек туы" газетінде редактор қызметін атқарды. 1987 жылдары "Журналист" фотостудиясында директор, 1997 жылы Қазақстан Журналистер одағының ұсынысымен Баспасөзге көмек көрсету қорының президенті болды. Жақыпжан Нұрғожаев 1998 жылдың қаңтар айынан бері облыстық "Жетісу" газетінің редакторы қызметінде. Ол Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иесі. Журналист-публицист.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   415




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет