Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет21/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   110
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушылар алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Көрме ұйымдастыру.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Оқушылар ермексаздан жасаған жұмыстарын көрмеге ұсынады.



Мұғалім оқушыларды
«жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды: «Дұрыс, келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1–10 балдық жүйе және оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Оқушылар өзара бірін-бірі бағалайды.









Қысқамерзімді жоспар. №6 сабаққа арналған ұсыныстар



Блок:

Бейнелеу сауаттылығы негіздері

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Сиқырлы кілем» – фетр материалынан жасалған аппликация.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

2.1.5.1 әртүрлі тәсілдер мен техниканы қолдана отырып, сәндік-қолданбалы өнер материалдары мен құралдарын қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Ұлттық кілем жасау өнерімен танысу. Тіктөртбұрышта ою-өрнекті орналастыру әдістерін зерттеу. Ою-өрнек шаблондарын қолдану.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы. Қызығушылықты ояту.
5 минут

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.
Сыныптастарының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық.
Сәндік қолөнермен танысып, Бұйымды бірге жасайық.

Сәлемдеседі. Тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді: Сәндік-қолданбалы өнер дегеніміз не?


Сәндік-қолданбалы өнерге қандай бұйымдар жатады? Сәндік-қолданбалы өнерге қандай материалдарды қолдануға болады?

Психологиялық ахуалға берілген өлең шумақтарын мұғаліммен бірге қайталап, айтады.



Оқушыларды қол шапалақтау арқылы бағалау




Интербелсенді тақта.
Құрал-жабдықтар: фетр мата, желім, қайшы

Жаңа сабаққа кіріспе

10 минут




(Ұ) Талқылайық!
Ұлттық кілем жасау өнерімен танысу. Ата- бабаларымыз көшпелі өмір салтын ұстанса да, өздерінің алтын шаңырағын таза, ұқыпты, сәнді етіп ұстаған. Кілемді жерге жайсаң – төсеніш, қабырғаға ілсең – сән. Ол – қазақ халқының көне заманнан бері келе жатқан дәстүрлі үй мүлкінің ішіндегі көріктісі. Құнды бұйым – кілем өндіру үрдісі екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады. Біріншісі – қолмен кілем тоқу, екіншісі – машинамен кілем тоқу. Қолмен кілем тоқу ағаштан жасалынған тоқыма станоктарында атқарылады. Қолмен тоқылған кілемдер өте берік болып, кейде жүз жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады. Кілемнің бірнеше түрі бар.
Түкті кілем. Бірнеше қабаттан тұрады, оның негізгі арқауы – жекелеген жіптер және бір-біріне тығыз орналасқан түйіндер. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылады да, ол қалың түк құрап, әлгі түйіндерді көрсетпей жауып тұрады.
Тықыр кілем. Ол – бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылатын бұйымдар.
Аралас кілем. Оның түгі қырқылмайды, кейде шеберлер түгінің жартысын қырқып, аралас кілем етіп шығарады.
Тері кестелі өрнек кілем. Ол – тоқыма емес, яғни түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілем, тұскиіз, ою-өрнек салынған тері кестелі өрме кілем.




Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды.
Ою-өрнек түрлерімен танысады, неге ұқсайтынын айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет