Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет24/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   110
Білгенге маржан.
Жалпы қағазды кітап шығаруға қолданумен қатар ұлы суретшілер оны сурет салуға пайдаланады. Кейін келе суретші-конструкторлар, дизайншылар түрлі қағаздан әдемі заттар мен бұйымдар жасауды ойлап тапты. Жапон елінде қағаз пластикасы пайда болды, ол «оригам» деп аталады.
Қағаз пластикасымен жұмыс істеу үшін ең алдымен қағазды дұрыс бүктеу, қаттау және ию тәсілдерін меңгеру керек. Жұмыс істеуге өте қолайлы болып келетін түрлі түсті қағаздарды пайдаланған жөн.
Қағаздан әртүрлі бұйымдар жасауды сендер 1-сыныптан бастап үйреніп келесіңдер. Қағаздан жеке-дара қарапайым заттарды жасап үйрендіңдер. Енді солардың күрделі түрлеріне көшеміз. Қағазды бүктеу, орау, июдің бірнеше қайталанып келетін түрлерін көреміз. Жұмыс істеу кезінде өте ұқыпты, мұқият болмасаңдар, шатасып қалуларың мүмкін. Сондықтан әрдайым бүктейтін орындар мен қағаз орамдарды белгілеп отырған дұрыс. Қағаздан жасалатын бұйымның көлемдік жағына байланысты қағаз ішке қарай немесе кері бүктелуі мүмкін. Ал кейде қағаз орамы бірнеше рет қайталанып келуі де ықтимал. Сондықтан бүктеу
тәсілдерінен шатаспау үшін, оны қарындашпен үзік сызықтар арқылы белгілеген дұрыс.

Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды.
Дизайн өнері туралы ақпарат алады, түрлерімен танысады. Қағаз пластикасы ұғымымен танысады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.
Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Дескрипторы:

  • Берілген ақпаратты түсінеді.

  • Дизайн ұғымын біледі.

  • Дизайн түстерін дұрыс айта алады.

  • Қағаз пластикасы техникасымен бүктей алады.

Интербелсенді тақта. Презентация.




Сабақтың ортасы.
Мағынаны ашу.
20 минут






https://qrmedia.kz/ rfVoq



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет