Бейнелеу өнері алматыкітап баспасы 2023



бет35/110
Дата27.11.2023
өлшемі6,48 Mb.
#130277
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110
Мұғалімнің түсіндіруі. Гуашь – суда еритін қоймалжың бояу түрі. Қылқалам – кескіндемеші-суретшінің қолындағы ең басты құрал. Қылқаламмен жұмыс істеудің көптеген тәсілі бар. Соның бірі – бояуды баса жағу. Гуашь бояулары қағаз бетіне қоймалжың болып түседі, гуашь туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Табиғатқа серуендеуге шығамыз. Күз – жылдың тамаша мезгілі. Айнала қандай әдемі! Айналамызда сан алуан түстер кездеседі. Олар сенің көңіл күйіңе өз әсерін тигізеді. Біз күзгі жауыннан кейінгі саябақтың суретін кезеңдерімен орындаймыз.


(ЖЖ) Практикалық жұмыс.
Суретті неге сулы қағазға салады? (Кейде анық емес, көмескілік қажет болады). Қағазды аздап ылғалдауды үйрету. Қағаз тым сулы болса, сурет шықпауы мүмкін. Сондықтан мақтаны таза суға малып алып, сығып, қағаз бетіне түгел немесе кейбір бөліктеріне жүргіземіз. Осылай қағаз әзір болады. «Саябақ» қандай өзгерістерге ие болады?
Сурет салатын парақ дайын болғанша, сұрақтарға жауап беру. (Жел тұруы, ағаштар қозғалады).
Бейнематериалды қарап, көрсетілген кезеңдер бойынша орында. Оқушылар гуашь бояуын қолдана отырып, кезеңдермен көрсетілген суретті орындайды.
Сурет салу дәптерін тігінен қойып, дайындап ал.
Жай қарындашты алып, көкжиек сызығын сыз. Саябақ жерін, көшені, ағаштардың орналасуын белгілеп, суретін сал.
Дайын болған суреттің композициясының дұрыстығын тексер. Қылқаламды суға малып, аспанды ашық көк түспен бояп, кепкенін күт.
Аспанның түсі кепкеннен кейін, ағаштардың жапырақтарын сары, жасыл, қызыл, күлгін, қызғылт сары түстермен бірінің үстіне бірін араластыра жағып боя.
Жерді сары, қызғылт сары, жасыл түстермен бояп, кепкенін күт.
Жер бетіне көшенің оң және сол жақ бетіне ағаштарды қара түспен салып, перспективалық тәсілмен орналастыр.
Көше бойына шамдардың суретін сал, орындақтарды орналастырып, боя.
Кепкенін күт.
Салған суретіңді достарыңмен бөліс, көрмеге ұсын.
Мұғалім әр оқушыға жекелей көмек көрсетіп, бағыт-бағдар береді.

Оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.


(Ө) Түсіндіру барысында өз жауаптарымен мұғалімге көмек беріп отырады.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар бізді қоршаған орта түрлі түсті, әрбір заттың өзіне тән түсі бар деген қорытынды шығарады.

Сурет салу дәптерін тігінен қойып дайындайды.


Жай қарындашты алып, көкжиек сызығын сызады. Саябақтың жерін, көшені, ағаштардың орналасуын белгілеп, суретін салады.
Дайын болған суреттің композициясының дұрыстығын тексереді.
Қылқаламды суға малып, аспанды ашық көк түспен бояп, кепкенін күтеді.
Аспанның түсі кепкеннен кейін ағаштардың жапырақтарын сары, жасыл, қызыл, күлгін, қызғылт сары түстермен бояуды бірінің
үстіне бірін араластыра жағып, бояйды.

Оқушылардың жауабын толықтыру


Дескрипторы:

  • Түс түрлері мен элементтерін атайды.

  • Сызықтық перспективасын есекере отырып, бейнелей алады, қағазға саябақты салуды біледі.

Көмек қажет еткен оқушыларға көмек беру


Оқушылар сыныптастарының суреттерін тамашалап, өздерінің
«жұлдызшаларын» ұнатқан суретінің

Презентация.
Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар: жай қарындаш, өшіргіш, гуашь, су құятын ыдыс, қылқалам, жұмыс дәптері.




https://www.youtube.com/watch?v=t ObAYSGANBY






Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия
8 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет