Байланысты: Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра
27.Әңгіме әдісі және оны химияны оқытуда пайдалану. Әңгіме өткізудің әдістемелік ережесі мен амалдарын түсіндіріңіз. Әңгіме әдісі – оқытудың диалогтық,ауызша баяндау әдісі.Әңгімелесу әдісінде мұғалім оқушыларға өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгергендігін тексеруге және жаңа сабақты түсінуіне жағдай жасалған, алдын-ала мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесін қояды.Әңгімелесу әдісі оқушылардың мұғалім қойған сұрақтарына өз бетінше ізденіп, жауап беріп, жаңа білімді жинақтауына көмектеседі. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Әңгімелесу әдісі оқушылардың шығармашылық, танымдық деңгейіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Олар: жаңа сабақты ұйымдастыру,жаңа білімді қалыптастыру,жинақтау,жүйелеу және бекітуші әңгіме.Әңгіме әдісінің артықшылықарына тоқталсақ:ой мен тілді дамытуға; ойлау мен танымдық қызыметінің белсенділігін арттыруға;оқушылырдың білім деңгейін анықтауға;оқушылардың қабілеттеріне диагностика жасауға әсерін тигізеді.Бұл әдістің артықшылығымен қатар кемшіліктері де бар:көп уақытты талап етеді;қауіптілігі оқушы қойыл,ан сұраққа қате жауап беруі мүмкін,ал басқа оқушылардың есінде қате жауап еріксіз қалып қоюы мүмкін.
28.Химияны жоғары ғылыми деңгейде оқытудағы атомның құрылысы туралы ұғымның маңызын түсіндіріңіз. Үлкен және кіші периодтағы элементтер атом құрылысының көлемі, химиялық элементтердің тереңірек ұғымы және ашылуы, изотоп туралы түсініктерді қалыптастыру әдістемесін сипаттаңыз.
Периодтық заң және атом құрылысы – химияның ең негізгі ұғымдары болып табылады.Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалдары элементтер және олардың қосылыстары қасиеттерінің периодты түрде өзгеретіні және оның себептері жөнінде үғым қалыптастырады. Химиялық әрекеттердің жүру заңдылықтарын терең түсінуге жәрдемдеседі, бейорганикалық және органикалық химияның негіздерін саналы меңгеруге көмектеседі.
Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуында периодтык заң және атом құрылысының маңызы зор. Басқа ғаламшарлар мен жердің, жердегі тірі табиғат пен өлі табиғаттың материалдық бірлігіне оқушылардың көзі жетеді. Бұларда кездесетін заттардың барлығы санаулы ғана химиялық элементтердің қосылыстары болып табылады.
Период бойынша атом радиусы солдан оңға қарай кемиді. Мұны ядро заряды артқанда электрондардың тартылу күшінің өсуімен түсіндіреді. Кіші периодтар элементтерінің рет нөмірі артқан сайын атом радиустары кішірейіп, кейінгі атомның сыртқы қабығындағы электрондар саны көбейгенде, олардың өзара ығысуының күшеюінен атом радиустары ұлғая бастайды. Ең үлкен радиус периодтың басында орналасқан сілтілік металға тән. Осындай заңдылық иондар радиусының өзгеруінен де байқалады. Үлкен периодтардың жұп қатарларында (төртінші, алтыншы, сегізінші және оныншы) тек металдар тұр және бұл қатарлардағы элементтердің қасиеттері аздап қана өзгереді. Үлкен периодтардың тақ қатарларындағы (бесінші, жетінші, тоғызыншы) элементтің қасиеттері қатардағы типтік эдменттердегі сияқты солдан оңға қарай өзгереді.
Химиялық элементтер — ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі. ЛИТИЙ-1817ж. А.Арфедсон ашты.НАТРИЙ мен КАЛИЙДІ-1807 ж. Г.Дэви ашты.РУБИДИЙ мен ЦЕЗИЙДІ-1861 ж. Р.Бунзен ашты.БЕРИЛЛИЙ-1798 ж. берилл минералынан француз химигі Л. Воклен тапты. Металл күйінде алғаш рет неміс химигі Р. Влер алды.МАГНИЙ- 1808 ж. ағылшын ғалымы Г.Дэви ашты.КАЛЦИЙ-1808 ж.ағылшын ғалымы Г.Дэви ашты.
Изотоптар - бұл бірдей протон саны бар атомдар , бірақ нейтрондардың әр түрлі сандары. Басқаша айтқанда, әр түрлі атомдық салмақтары бар. Изотоптар - бұл бір элементтің әртүрлі формалары.