Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Қайтымды және қайтымсыз реакциялар



бет79/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   273
Қайтымды және қайтымсыз реакциялар.

Химиялық тепе-теңдік
Барлық химиялық реакциялар қайтымсыз және қайтымды болып екіге бөлінеді. Қайтымсыз реакциялар аяғына дейін, реакцияға түскен заттың біреуі біткенше реакцияласады. Қайтымды реакциялар аяғына жетпейді. Оны аяғына дейін жеткізу үшін реакциядан түзілген заттарды қайта реакцияласпауы үшін бірінен-бірін бөлу керек. Қайтымды реакцияда тура реакция мен кері реакцияның жылдамдықтары теңескен күйді химиялық тепе-теңдік дейді. Мысалы:

А + В С + D.

Тура реакцияның жылдамдығы υ1=k1[A]·[B], ал кері реакцияның жылдамдығы υ2=k2[С] [D].



Химиялық тепе-теңдік туғанда тура реакция мен кері реакцияның жылдамдықтары тең υ1=· υ2. Ендеше k1[A] [B]=k2[С] · [D] немесе .

Егер k1 және k2 мәндерін k мен ауыстырсақ тәуелділігін табамыз.

Мысал үшін сутек пен азоттан аммиактың түзілуін қарастыралық:



N2 + 3N2 2NH3

немесе .

Енді тепе-теңдік туғаннан кейін азоттың, не сутектің, не екеуінің де концентрацияларын арттырсақ, онда аммиактың да концентрациясы артады. Концентрация жағдайын өзгертуден тепе-теңдіктің ығысуы туады. Оны Ле -Шателье принципі (1887ж.) дейді.

Біздің жоғарыда келтірген мысалымызда

экзотермиялық

N2 + 3H2 2NH3 + 22 ккал

эндотермиялық

Сыртқы қысымды кеміткенде тепе-теңдік жүйедегі молекулалардың жалпы саны көбейетін реакция бағытына қарай ығысады, біздің мысалымызда тепе-теңдіктің сол жағында 4 молекула, оң жағында 2 молекула, демек, сыртқы қысым күшейгенде тепе-теңдік оң жаққа, яғни, аммиак түзілу бағытына қарай ауысады және керісінше болады:

қысым артқанда

N2 + 3H2 2NH3.

қысым азайғанда

Егер тепе-теңдіктің екі жағында молекулалар саны бірдей болса, мысалы, СО + Н2О СО2 + Н2 қысымды өзгертудің тепе-теңдікке ешбір әсері болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет