Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет186/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Есептер мен жаттығулар.
1. Зертханада сутек алу үшін мырыш пен 1 көлем қышқыл (ρ=1,84г/см3) мен 5 көлем судан дайындалған H2SO4 ерітіндісі пайдаланылады. Осы қышқыл ерітіндісінің ω(%) қандай? Жауабы: 26,9%.

2. Суперфосфат алу үшін 65%-дық H2SO4 ерітіндісі қолданылады. Осы ерітіндінің 1 м даярлау үшін қанша 92% H2SO4 ерітіндісі және су қажет? Жауабы: 706,5 кг, 293,5 л (Н2О).

3. Тығыздығы ρ=1,049 г/см3 1 л 10%-дық HCl ерітіндісін даярлау үшін қанша көлем 37%-дық (ρ=1,19 г/см3) HCl ерітіндісі және су керек? Жауабы: 238 мл, 766 мл.

4. Көлемі 2 л 60%-дық (ρ=1,5 г/см3) және 3 л 14%-дық (ρ=1,1 г/см3) күкірт қышқылы ерітінділері араластырылған. Түзілген ерітіндінің пайыздық концентрациясын (ω%) анықтаңыз. Жауабы: 35,9 %.

5. Күкірт қышқылы ерітіндісінің ареометрмен өлшенген тығыздығы 1,105 г/см3. ерітіндінің ω%, СМ, СН, СМл концентрацияларын табыңыз. Жауабы: 15ω%, 1,69 м, 3,38 н, 1,8 мл.

6. Массасы 50 г мыс купоросын (CuSO4∙5H2O) 450 г суда еріткен. Түзілген ерітіндідегі CuSO4 массалық үлесін есептеңіз. Жауабы: 6,4 %.

7. Массасы бойынша 8% -дық CuSO4 ерітіндісін даярлау үшін 25 г мыс купоросын (CuSO4∙5H2O) қанша грамм суда еріту керек? Жауабы: 175 г.

8. Массасы бойынша 10% -дық Nа2SO4 ерітіндісін даярлау үшін 800 г суда Nа2SO4 ∙ 10H2O қанша еріту керек? Жауабы: 234,6 г.

9. Көлемі 300 мл 0,2 м ерітінді даярлау үшін қанша грамм NaNO3 керек? Жауабы: 5,1 г.

10. Көлемі 500 мл 0,25 н ерітіндіде қанша г Na2СO3 барын есептеңіз. Жауабы: 6,63г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет