Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет105/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Абдрахманова А.Т. Конфликтология: оқу-әдістемелік құралы. - Алматы: 
Эверо, 2014. - 129 б 
2. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері: екі томдық оқу құралы. - 2-ші 
басылымы. - Алматы: Қарасай, 2012 
3. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық. - Алматы: Қазақстан, 2007. 
4. Жексембекова В.А. Саяси модернизация процесі және қазіргі кезең. Оқу 
құралы. – Алматы, 2006 
5. Жумасултанова Г.А., Көшербаев Д.Б., Булумбаев О.Р., Жұмағұлов Е.Т., 
Искаков Е.Р. Саясаттану. Оқу-әдістемелік құрал (барлық мамандықтар үшін) - 
Қарағанды: «Идилия» баспасы, 2017. 
6. Қаңтарбекова Г. Ұлтаралық қатынастарды зерттеу бағыттары // Саясат, 
2003 № 4. 
7. Мейірманов С. Т. Саясат теориясы: оқу құралы / С. Т. Мейірманов. - 
Алматы: Эпиграф, 2016. - 335 б. 
8. Медеубаева Ж.М. Халықаралық қатынастар теориясы: оқу құралы. - 
Алматы: Эверо, 2014. - 180 б. 
9. Саяси түсіндірме сөздік: аңықтамалық басылым / ред. М. Әшімбаев. - 
Алматы: Жүйелі зерттеулер ин-ты, 2007. - 615 б. 
Өзі-өзін тексеруге арналған сұрақтар

1. Саяси конфликттің анықтамасы қандай? 
2. Саяси конфликтің қызметтері мен түрлерін атаңыз? 
3. Саяси конфликтер мен дағдарыстарды реттеу жолдарын атаңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Дәріс 30. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар 
Дәріс жоспары: 
1. Әлемдік саясат және сыртқы саясат түсінігі мен мәні. 
2. Халықаралық қатынастардың теориялық негіздері. 
3. Қазіргі замандағы геосаясат және жаһандық мәселелер. 
1 сұрақ.
Бұл тақырыпта кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. 
Олар – сыртқы саясат, халықаралық, әлемдік саясат, халықаралық қатынастар. 
Олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. 
Әлемдік саясат
халықаралық қатнастардың өзегін құрайды. 
Сыртқы саясатқа
жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген 
іс-әрекеттері жатады.
Халықаралық саясатқа
мемлекеттік не таптық мүдделерді жүзеге асыруға 
бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б., арасындағы саяси 
қатынастар кіреді. Оны тағы 
әлемдік саясат
деп атайды.
Халықаралық қатынастар
деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік 
жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық
құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске 
асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара 
қатынастардың жиынтығын айтады. 
Қандай да болмасын елде жұретін саяси үрдістер әлемдік саясатпен тығыз 
байланысты болады, себебі ешбір ел әлемде жалғыз емес.
Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері 
өзара байланысып біріне-бірі күшті ықпал жасап отырды. 
Ұлттық мемлекеттер шеңберінен тысқары жүргізілетін, әлемдік мәселелерді 
реттеуге, немесе оларға ықпал етуді мақсат тұтатын саясат келесідей 
категориялардан тұрады. 
1. Сыртқы саясат – мемлекеттің, немесе жеке халықтың сыртқы саладағы 
қызметі. Бұл саясат мемлекеттің басқа мемлекеттермен байланыс жасау, немесе 
жасамау деңгейін сипаттайды. Сыртқы саясат мемлекеттің өмір сүруіне 
қолайлы сыртқы жағдайларды жасауды көздейді. Әлемдік қауымдастықтан 
ұлттық мемлекеттің орнын табуына ықпал етеді.
2. Халықаралық саясат – мемлекеттердің халықаралық аренада бірлескен 
қызметі болып табылады. Саясаттың бұл саласы мемлекеттерді оларға ортақ 
мәселелерді бірлесіп, келісімдер арқылы шешу жолдарын көрсетеді. 
Халықаралық саясаттың елдер мен халықтар арсындағы өзара тәуелділіктің
шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті талап ететін мәселелердің 
көбеюіне байланысты маңызды арта түседі. 
3. Мемлекетаралық саясат – жекелеген мемлекеттердің арасындағы 
қатынастар жүйесін белгілейді. Бұл саясат мемлекеттердің органдарының, 
қызметтерінің және өкілдерінің (президент, парламент, үкімет, сыртқы істер 
министрілігі, кеден т.б.) екі мемлекетке ортақ мәселелерін өзара келісіп 
шешулерінің жолдарын анықтайды.


4. Ұлттық мемлекет үстіндегі саясат (наднациональная политика) – 
жекелеген мемлекеттердің өздерінің кейбір егеменді құқықтарын өз еріктерімен 
халықаралық ұйымдарға беруімен сипатталады. Мысалы, мұнай бағасын 
халықаралық нарықта реттеу құқығы. Сыртқы, әлемдік саясаттың бұл бағыты 
Қазақстандық саясаттану ғылымында әлі зерттелген жоқ. 
5. Мультиұлттық саясат - бірнеше, немесе одан көп мемлекеттерден 
құралған біріккен саясат субъектілерлінің халықаралық қатынастарға ықпал 
етуі (ЕЫҚҰ, ЕО, ШЫҰ, БРИК). Бұл саясаттың субъектілері ұлттық 
мемлекеттер болып табылады. 
6. Трансұлттық саясат – мемлекеттік емес саясат акторлары мен 
субъектілерінің: партиялар, кәсіподақтар, әлемдік діндердің ұйымдары, 
халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, трансұлттық корпорациялардың т.б. 
халықаралық. 
Мемелекетттердің сыртқы саясаттарының және олардың халықаралық 
қатынастарының денгейлері, бағыт-бағдарлары және жағдайлары көптеген 
себептерге байланысты. Мысалы: мемлекеттер күшінің арақатнасы мен 
арасалмағы; әскери қуаты; күш тендігі; қазір ол сыртқы саясаттың құралығана 
емес, мақсатына айналды; сонымен бірге ішкі саясаттың даму денгейі жәнге 
ұлттық мүдде мен ұлттық қауіпсіздік. 
Мемлекеттердің сыртқы саясаттарының қалыптасуына әр түрлі жағдайлар 
әсер етеді: 1) ішкі дамуы, 2) сыртқы қатерлер, 3) қарымқатнастардың денгейі, 4) 
географмалық жағдайлар т.б. аренада қызмет етуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет