«Ойын түрлері» апталығы «Дидактикалық ойындар» Тобы: «Айшуақ»
Күні: 03.11.2022ж
Тақырыбы: «Дауысынан таны»
Мақсаты: түрлі материалдардан жасалған заттардан, сонымен қатар, ақырын және қатты дыбысталатын әртүрлі тембірлі музыкалық ойыншықтардан шыққан түрлі дыбыстарға балалардың назарын аудару. Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін қалыптастыру дауыстарды ажырата білуге дағдыландыру.
Көрнекілік: Аудио дискі.
Ойын барысы: Тәрбиеші аудио дискіні қосады. Балалар тыңдап отырып дискідегі дауысты ажырата білу керек.
Ойын шарты: Дөңгелене отырып, ғажайып қалтадан үй жануарларын алып, алған жануардың дене мүшелерін атату, олар туралы мейірімді сөздер айту.
Балалар малдың төлдері қандай? (әдемі, сүйкімді.)
Қалай еркелетеміз? (ботақан, қошақан.)
Төлдер қалай ойнайды. (секіреді, жүгіреді.)
Мен өлең оқимын, сендер қандай төлдер екенін айтып, қимыл іс-әрекет арқылы көрсетесіңдер.
Шөре, шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдеме құлағың,- деп нені атаймыз?- Лақты.
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.- Бұл не?- Бота.
Әукім- әукім, әукешім,
Қасиыншы әукешін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.- Бұл не?- бұзауым.
Қырау-қырау құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.- Бұл не?- құлыншақ.
Балалар әжелерің, аталарың еркелеткенде қандай сөздер айтады?- құлыншағым, қошақаным, ботақаным т.б.