Бекітемін Физика кафедрасының меңгерушісі Косов В. Н. 2019 ж. «Атом, атом ядросы және қатты дене физикасы»


Құрылғының құрылымы және жұмыс істеу принципі



бет8/34
Дата16.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#140050
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
5 АТОМНАЯ ФИЗИКА КАЗ лаб 2019 дайын

Құрылғының құрылымы және жұмыс істеу принципі



  1. Құрылғының жұмыс істеу принципі анод-тор кернеуі тұрақты болған кезде газға толтырылған шамның анодтық тоғының катод-анод кернеуіне тәуелділігін осциллогроф экранында алып, сипаттамалық нүктелерде кернеуді өлшеуге негізделген.



Ескерту: ВАС-дағы құлаулардың идеалды болмауына (теориялық қисықпен сәйкес келмеуіне) әкелетін бірнеше себептер:
1. Катод төңірегіндегі аумақта кеңістіктік зарядқа, термоэмиссиондық катод температурасының жоғары болуына байланысты энергия бойынша электрондарды жан-жаққа лақтыруы;

  1. Қозу қимасының электрон энергиясына тәуелділігі. Атомның қозу энергиясына жақын электрондардың энергиясы кезінде теріс ион түзе отырып атомның электронды уақытша қармау ықтималдылығы жоғары болады. Осыдан кейін электрон өздігінен ажырап, атом негізгі күйге қайта келеді.

  2. Бөгеуші өрісті өту кезінде серпімді соқтығысу кезіндегі өзгеріп отыратын жылдамдық үлес қоспайды, тек электрон жылдамдығының бойлық құраушысы ғана үлес қосады.

  3. Катод пен анод және катод пен тор арасындағы контактілік потенциалдар айырымы бар болуы. Контактілік айырым электронның катодтан шығу жұмысы анодтан шығу жұмысынан аз болуынан пайда болады.

  4. Электрондардың өзі жасайтын кеңістіктік потенциал. Электрондар тығыз орналасқан аумақта оның әсері максималды болады, бірінші ретте катод маңында бірінші максимум болады.




  1. Құрылғы құрамына зерттеу объектісі мен өлшеуіш құрал кіреді. Зерттеу объектісі штативте орналастырылады және өлшеуіш құралмен кабель арқылы жалғанады. Қондырғының сыртқы көрінісі 3-ші және 4-ші суреттерде көрсетілген.


3-сурет. Эксперименттік қондырғының сыртқы көрінісі





4-сурет. Эксперименттік қондырғыны жалғау схемасы


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет