Бекітемін Физика кафедрасының меңгерушісі Косов В. Н. 2019 ж. «Атом, атом ядросы және қатты дене физикасы»


Қондырғы құрылысы мен жұмыс жасау принципі



бет11/34
Дата16.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#140050
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
5 АТОМНАЯ ФИЗИКА КАЗ лаб 2019 дайын

Қондырғы құрылысы мен жұмыс жасау принципі
Қондырғы жоғарғы мектептердегі инженерлік техникалық мамандықтарға «Кванттық физика» курсы бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған. Қондырғы бөлшектердің ауада жүріп өткен жолының ұзындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Құрылғы детектор блогынан және өлшеу құрылғысынан тұрады (3-сурет). Детектор блогында альфа-бөлшекті санағыш, санағыштың қоректендіру көзі және санағыш импульстарын нормалау құрылғысы орналасқан. Онда сәулелену көзін ұстағышты орнатуға және әрі бері жылжытуға арналған рельс жолы да орналастырылған. Өлшеу құрылғысы алдын-ала тағайындалған уақыт аралығында детектор блогындағы импульсті санағышқа жеткен бөлшектердің санын тіркейді және детектор блогын қоректендіреді.

3-сурет. Қондырғының сыртқы көрінісі

Үлгіні ұстағышты қондырғыдан бөлек сақтауға мүмкін болу үшін оны жеңіл алынатын етіп жасаған. Қондырғыда қолданылатын радионуклидті - сәулелену көзінің параметрлері:





Сәуле көзінің түрі

жабық

Сәуле көзінің сыртқы өлшемдері:




диаметрі, мм

35-1

қалыңдығы, мм, артық емес

5

активті бөліктің ауданы см2, артық емес

1

радио нуклидтің түрлері

(плутоний)

Сәуле көзінің максимал активтілігі, Бк, артық емес



Альфа-бөлшекті санағыш ретінде Гейгер-Мюллер санағышы қолданылған. Қалыптастырушы корпусынан зерттеу объектісін өлшеуіш құрылғыға қосуға арналған разъемы бар кабель шығарылған. Детектор блогы сәуле көзімен біріге отырып, санағыш көмегімен - бөлшектерді тіркеп, өлшеуіш құрылғы жұмысы үшін шығысқа амплитудасы мен ұзындығы нормалданған кернеу импульстерін береді. Импульстардың саны санағыш әсер ететін бөлшектер санына тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет