Зерттеу объектісі криптонмен толтырылған ПМИ-2 монометрлік шам негізінде жасалған. Шам темір корпусқа орнатылған, оның түбінде штативке бекітуге арналған тіреуіш бар.
Өлшеуіш құрал құрылымдық аяқталған бұйым түрде орындалған. Корпустың алдыңғы панелінде басқару органдары (НАКАЛ, ГРУБО және ТОЧНО тұтқалары), катод-тор кернеуінің индикатор таблосы және осциллогрофты және оның синхронизациясын қосуға арналған шығыстар орналасқан.
Өлшеуіш құралдың артқы бөлігінде желілік ажыратқыш, желілік сым, сақтандырғыш, жерге орнату клеммасы және зерттелу объектісін қосуға арналған қоспа орнатылған.
Құрылғы келесі түрде жұмыс істейді.
Зерттеу объектісіне генератордан шамамен амплитудасы 40 В импульс беріледі. Сонымен қатар зерттеу объектісіна шамның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін реттелетін қыздыру қылының кернеуін (напряжение накала) және бөгегіш кернеу (запирающее напряжение) беріледі. Шамның анодтық тоғы өлшеуіш құрал арқылы токқа пропорционал кернеуге түрленеді және ол осциллографтың кірісіне беріледі. Осциллограф экранында анодтық токтың катод-анод кернеуіне тәуелділігі бейнеленеді.
Өлшеуіш құрал осциллограф экранында маркерді қалыптастырады, маркерді ГРУБО және ТОЧНО тұтқалары арқылы осциллограф экранында жылжытуға болады. Бейнеленген графиктің бізді қызықтыратын нүктесіне маркерді апарған кезде, түпкілікті кернеу мен лездік ара тәрізді кернеу сәйкестендіріліп, кернеуді сандық өлшеуіш көмегімен кернеуін өлшеуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың орындалу тәртібі Осциллографта 5 ms/дел жазбасы мен 0,5 В/см күшейткішін орнатыңыз.
Осциллографты қосыңыз, « ↔ », « ↕ » тұтқалары арқылы сәуле жазбасын экранның ортасына орналастырыңыз.
Өлшеуіш құралды қосыңыз. Осы кезде зерттеу объектісі жарықталуы тиіс. Шамның жұмыс режимін орнату үшін оны қосылған күінде кем дегенде 10 минут ұстау керек.
Экранда орнықты сурет алу үшін осциллографтың синхронизациясын реттеңіз.
Ескерту:осциллограмма бұрмаланған жағдайда өлшеуіш құралдың НАКАЛ тұтқасы арқылы түзетіңіз. ГРУБО және ТОЧНО тұтқалары арқылы осциллограммадағы маркерді жылжытыңыз. Маркердің сол жақ шетін сипаттамалық нүктелерге (минимумдармен немесе максимумдармен) келтіре отырып, өлшеуіш құралдың индикаторы арқылы кернеуін өлшеңіз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін қондырғыны желіден ажыратыңыз.
Қондырғының жұмыс істеу режимі үздікті – әр екі сағат жұмыстан кейін 10-15 минут үзіліс жасайды.
Тапсырма: Максимумдар арасындағы кернеудің айырмасын табыңыздар және формуласы бойынша атомның қозу энергиясын анықтаңыздар.