ФРАНК-ГЕРЦ ӘДІСІМЕН ГАЗ АТОМЫНЫҢ ҚОЗУЫН ЖӘНЕ ИОНДАЛУ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕУ
Жұмыстың мақсаты: Атомда дискретті энергетикалық деңгейлердің бар екенін эксперимент жүзінде тексеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: Франк-Герц әдісімен резонанстық потенциалды анықтауға арналған құрылғы ФПК-02.
Қысқаша теориялық кіріспе Атомдағы электрондардың қозғалысы классикалық физиканың принципіне бағынбайды және атом қасиеттерінде «кванттық» заңдылықтар пайда болады. Жеке алғанда: энергиялары мұндағы «энергетикалық деңгейлердің» дискреттік жиынын құрайтын атом ерекше кванттық күйлерде болуы мүмкін.
және кванттық күйлер арасында ауысулар секірмелі түрде жүреді және энергияның дискретті бөліктерінің жұтылуы немесе шығуымен бірге жүреді. Егер ауысу электромагниттік шашыраумен қатар жүрсе, онда энергиясы
(1)
бір фотон шығарылады.
Бұл қағидалар алғашқыда постулат ретінде тұжырымдалған болатын және кейіннен кванттық механика шеңберінде терең теориялық анықтама берілді. Франк-Герц тәжірибесі – атомда дискретті энергетикалық деңгейлердің бар екенін тікелей дәлелдейді. Ол өз заманында кванттық көріністерді қалыптастыру үшін маңызды роль атқарды.